Бақылау сұрақтары
1. Электр доғалы пеш жұмыстық кеңістігінің негізгі бөліктерін атаңыз.
2. Пеш бөліктері қандай оттөзімді кірпіштерден қаланған?
3. Электр доғалы пеш қаптамасының пішіні қандай?
4. Электр доғалы пештің жұмысын сипаттаңыз.
5. Негізді электр доғалы пеште болат қорытудың қандай технологияларын білесіз?
6. Көміртекті шикіқұрамды тотықтыру әдісімен болат қорытудың классикалық технологиясы қандай сатылардан тұрады?
7. Негізгі шикіқұрамдық материалдарды атаңыз.
8. Шикіқұрамдық материалдарды пешке тиеу қалай жүргізіледі?
9. Шикіқұрамдық материалдарды жоғарыдан тиеу пештері қалай жіктеледі?
10. Шикіқұрамның балқу кезеңінде қандай физика-химиялық үрдістер орын алады?
11. Шикіқұрамды балқытуды тездету шараларын атаңыз.
12. Тотықтандыру кезеңінің негізгі міндеттері қандай?
13. Тотықсыздандыру кезеңінің негізгі міндеттері атаңыз.
14. Электр доғалы пеш балқымасын оттегісіздендіру тәсілдерін сипаттаңыз.
15. Пеш балқымасының фосфорсыздану және күкіртсіздену үрдістері.
16. Электр доғалы пеш балқымасын қосындылаудың ерекшеліктері.
Дәріс 8. Ферроқорытпа өңдеу
Жоспар
Ферроқорытпа түрлері және оларды тағайындау
Ферромарганец өндірісі
Ферросилиций өндірісі
Феррохром өндірісі
1. Ферроқорытпа түрлері және оларды тағайындау
Ферроқорытпалар - бұл темір кремниймен, марганцпен, хроммен, вольфраммем жəне басқа да элементер қорытпалары, өндірісте оларды болаттық лигерлеу жəне қасиетін арттыру үшін қолданады. Таза болат металынан қарағанда темір қосылған болат қорытпасы төменгі температурада тез ериді жəне пайдалы. Себебі таза техникалық металлға қарағанда болат қоспасы арзан болады.
Ферроқорытпа алу үшін шикізатта кендер немесе концентраттар болу керек. Негізгі болат өндірісі - ферросилиций, ферромарганц; силикомарганц жəне феррохром – кендерді пайдаланады, сонымен бірге ондағы тотық элементтерде тотықсыздану жоғары. Ферровольфрамды, ферромолибденді, феррованадиді, ферротитанды жəне басқада кендерді өндіру кезінде болат қорытпаларын немесе аз концентрациямен оған қоса пайдалы элементтермен байытады, құрамында жоғарғы негізгі сілтілік элементті ала отырып.
Ферроқорытпаларды сəйкес металдардың тотықтарын тотықсыздау нəтижесінде алады. Əрбір қорытпаны алу үшін сəйкес келетін қайта өңдеу мен жағдайды жасауды, өңделіп жатқан жетекші элементтен жоғары көлемде қамтамассыз ету үшін таңдау қажет [1,3].
Ферроқорытпа өндірісінде негізгі күшті ферроқорытпа ферромарганец жəне кремний ферроқорытпасын алуға жұмсау керек, өйткені дүние жүзілік сауда нарығында олар бақталаса алуы үшін, сонымен бірге жоғарғы сапалы легірлі болаттың əр түрін алу өндірісте өндіру үшін Қазақстанда легірлі шикізат көздерінің ірі жəне əр түрлі кен орындарының көптігі. Балқыма мен үстемдігінің өндірісі үшін нақты база болып есептелінеді, энергетикалық жəне өнеркəсіптің қуаты үшін, оны қайта өңдеуге жəне ғылыми техникалық потенциалды металдық болат пен балқыма үшін қолданады. Қазіргі кезде зерттеу кезенінде негізгі жаңа технология мен қазуды жүзеге асыруда сапалы болат пен балқыма алу үшін шикізат көзіннің мəселесі ішіндегі негізгілері мыналар:
ферроқорытпаның кіші тобын балқыту техникасы, құрамында 75% титан бар ферротитанды магнийтермиялық əдіспен вольфрам мен құрамында молибден кен орыны тиімді байыту сұлбасын сызу жəне жүзеге асыру;
жетіспейтін балқымалардың өндірісі, мысалға ферровольфрам мен ферромолибден:
əртүрлі балқымалар мен үстемдегіштердің технологиясы титанға, магниге, вольфрамға, молибденге, цирконий и бериллиге негізделген;
үлкен стратегиялық мəнге ие хромдық, марганцті жəне темір-марганц кендерді байыту мен алу жолының техникалық схемасы жетекші элементтерді жоғарғы максимальды дəрежеде алу, сонымен бірге СЖМ да;
кешенді балқыма мен үстемдегіштердің құрамында барий мен бор балқымалардың технологиясы;
жоғарғы легірлі тат баспайтын маркасының өндіруді ұйымдастыру үшін кешенді жоспарлы түрде жұмыс істеу, құрамында никель бар балқымамен жекеменшік өндіріс құру керек;
кешені балқыма мен үстемдегіштердің қорытпасы техникалық жолмен алу активті элементтермен (Са, Ва жəне т.б.), бірге шикізатын алу.
Достарыңызбен бөлісу: |