Жалпы металлургия


Мырыштың сульфатты ерітінділерін қоспалардан тазарту



бет37/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

Мырыштың сульфатты ерітінділерін қоспалардан тазарту. Мырыштың электролиз процесінің жақсы жүруін қамтамасыздандыру үшін күйіндіні сілтілеу нəтижесінде алынған ерітінділерді қоспалардан тазарту қажет. Электролиз процесінің жүруіне қоспалардың əсері əртүрлі. Кейбір қоспалар тоқтың шығынын төмендетеді (Cu, Ni, Co, Sb, As, Ge), басқалары электролиттің кедергісін жоғарылатады (Na, K, Mg, Al), ал үшіншілері анодтардың коррозиясын тұғызады (Cl). Cd, In жəне Ga сияқты элементтерді асыл металдар ретінде бөліп алады. Сонымен қатар барлық электрлі оң қоспалар катодты мырыштың тұнбасын ластайды.
Фтор мырыштың тұнбасымен алюминий катодының бір-біріне жабысуын тұдырады. Тазарту əдісіне қарай барлық қоспаларды келесідей топтарға бөлуге болады: 1) Fe, Al, Cu, As, Sb, SiO2, Ge, In, Ga; 2) Cu, Cd, Co, Ni, Tl; 3) Cl, F, Co, Ni; 4) K, Na, Mg, Mn.
Бірінші топта көрсетілген қоспалар ерітіндіден бейтарап сілтілеу сатысында гидролиз, адсорбция, немесе коагуляция əдістерімен шығарылуы мүмкін. Мыс гидролиз əдісімен жартылай ғана тұндырылады. Екінші топтағы қоспаларды электрлі терісірек металдармен электрхимиялық ығыстыру нəтижесінде бөліп алады (мырыш шаңымен цементациялау). Осы жолмен мышьяк қосылыстары бар болғанда кобальт пен никельді тұндыруға болады. Үшінші топтағы қоспаларды химиялық тазарту əдістерін қолдану нəтижесінде сулы ерітінділерде ерімейтін қосылыстар түрінде шығарады, ал төртінші топтағы қоспаларды бөліп алу үшін айналу циклынан ерітіндінің бір бөлігін шығарып отырады. Ерітіндінің бұл бөлігін қайнау қабатта буландырып тауарлы мырыш купоросын алуға болады.


Әдебиеттер: нег. 2 [353-430], [518-520], қос. 3 [140-157, 291-305]
Бақылау сұрақтары:



  1. Ауыр түсті металдар металлургиясы

  2. Мыс металлургиясында күйдіру процесі

  3. Қорғасын металлургиясындағы күйдіру

  4. Мырыш концентраттарын күйдіру



Дәріс 10. Жеңіл металдар өндірісі (алюминий, магний, кальций, литий)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет