Жалпы металлургия


Магний және оның сипаттамасы



бет39/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

2 Магний және оның сипаттамасы

Алғаш рет магнийді Г. Деви 1808ж. магний тотығынан бөліп алды. Келесі жылдары көптеген зерттеушілер магнийді магний хлоридін натрий немесе калий буларымен тотықсыздандыру арқылы алған. өткен ғасырдың алыпсыншы жылдарында Францияда үлкен емес зауыттар жұмыс істеді. 1830ж. М. Фарадей бірінші болып магний хлоридін электролизге ұшыратып электролиттік магнийді алды. XIX ғасырдың аяғына қарай магний өндірісінің электролиттік əдісінің технологиясы жасалынды жəне оның өнеркəсіптік меңгеру алдымен Германияда, кейін басқа мемлекеттерде басталды. Қазіргі уақытта шет елдерде магнийдің шамамен 80% жəне КСРО-да магнийдің барлығы хлоридті балқымалардың электролизі арқылы алады.


Магний жер қыртысында көп таралған элементтер тобына жатады; ол оның массасынан 2,35% құрайды. Химиялық жоғарғы активтілікке байланысты магний табиғатта тек қана байланысқан түрінде кездеседі.

Кесте 10 – Магний минералдарының таралуы





Кальций. Физикалық қасиеттері


Кальций ақ түсті, жеңіл (р=1,55 г/см3), сілтілік металдардан қаттырақ зат, t°балқу = 851°С, керосиннің астында сақталады.
Ат. н. 20; ат. м. 40,08; балқу t 842°С; қайнау t 1495°С тығыздығы 1,55 г/см2. Кальцийді 1808 жылы ағылшын ғалымы Г.Дэви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл металл, белгілі изотоптары 14, табиғи изотоптары 6. Негізгі минералдары: кальцит, ангидрит, гипс, флюорит, апатит, т.б.

Химиялық қасиеттері:


Кальций белсенді металл болғандықтан көптеген реакцияларға түседі.

Жай заттармен


  1. Са + Н2 = СаН2 кальций гидриді

  2. Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді

  3. 2Са + О2 = 2СаО кальций оксиді

  4. 6Са + 2N2СаN кальций нитриді

  5. Ca + 2С =СаС2 кальций карбиді

Күрделі заттармен


  1. Ca + 2НОН = Са(ОН)2 + Н2

  2. Ca + 2HCl=СаСl2 + Н2

Осы реакциялардың барлығында кальций - тотықсыздандырғыш.
Оттекпен оңай әрекеттесіп, қыздырғанда жанады. Металлоидтармен тікелей әрекеттеседі. Кальций металын өнеркәсіпте екі жолмен алады:

  1. электролиз әдісімен алу үшін балқыған Кальций хлориді (CaCl2) арқылы тұрақты ток жіберіп, катодта таза Кальций металын алады;

  2. екінші әдіс Al не Mg ұнтағының әктаспен аралас қоспасын вакумда 1100 – 1200°С-та қыздыру арқылы алады. Калций көмегімен уран, торий, ванадий, хром, цирконий, бериллий, тантал сияқты қиын балқитын, сирек те шашыранды, ілеспе металдарды тотықсыздандырып өндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет