Жалпы металлургия


Отынның жалпы сипаттамасы



бет4/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

Отынның жалпы сипаттамасы


Жердегі жылу энергиясының негізгі көзі – Күн, бірақ оның сәулелі энергиясы аз пайдаланылады. Желдің, су қозғалысының энергиясы, атомдық энергия үлкен мөлшерде қолданылады. Дегенмен, жылу энергиясының басты бөлігі, қазбалы отындарды (көмірді, шымтезекті, мұнайды, табиғи газды) пайдалану нәтижесінде алынады. Өнеркәсіптік қондырғыларда жылу өндірудің келесідей әдістері бар: жанатын отынның химиялық энергиясынан жылу өндіру; электр энергиясынан жылу өндіру; бастапқы материалдардың жанғыш компоненттерінің тотығуынан жылу өндіру. Заманауи металлургиялық жылу агрегаттары энергияның үлкен мөлшерін пайдаланады. Қолданылатын энергияның негізгі түрлері – жылулық және электрлік, шикізат материалдарының химиялық энергиясы салыстырмалы аз көлемде пайдаланылады.Жануы кезінде жылудың үлкен мөлшерін бөлетін және энергетикалық, өнеркәсіптік, жылытқыш қондырғыларда жылу энергиясын алу көзі ретінде пайдаланылатын жанғыш зат отын деп аталады. Тағайындалуы бойынша отын энергетикалық және технологиялық болып бөлінеді. Технологиялық отынға жылу көзі ғана емес, технологиялық процестің компоненттері де бола алатын отын түрлері, ал энергетикалыққа – берілген технологиялық процесті жүзеге асыру үшін қажетті, энергияның жұмысшы түрі ретіндегі тек қана жылу көзі болатын отын түрлері жатады. Жылу бөле жүретін реакцияның типіне қарай, отын органикалық және ядролық болып бөлінеді. Органикалық отындарда жылу оның жанғыш құрамдастарының оттегімен тотығуының химиялық реакциясы, ал ядролық отындарда – ауыр элементтер (уранның, плутонидің және т.б.) ядроларының ыдырауы (бөлінуі) нәтижесінде бөлінеді. Біз өнеркәсіп пен энергетикада қолданылатын органикалық отынды қарастырамыз. Отынның жалпы сыныптамасы 1 – суретте келтірілген.





Сурет 1. Отынның жалпы сыныптамасы
Органикалық отын қазбалы табиғи және жасанды болып бөлінеді. Қазбалы табиғи отын – бұл, миллиондаған жылдар бұрын болған өсімдіктер мен микроорганизмдердің биологиялық және химиялық түрленуінің өнімі. Ол жер қойнауында шоғырланған.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет