Жалпы металлургия



бет3/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

Дәріс 1. Кіріспе дәріс




Жоспар


  1. Қара және түсті металдар мен қорытпалардың классификациясы

  2. Отынның жалпы сипаттамасы


  3. Отынның классификациясы


  1. Қара және түсті металдар мен қорытпалардың классификациясы



Металлургия дегеніміз ғылым жəне техникалық аудан, айналысатын жұмысы кеннен жəне шикізаттың басқа түрінен метал алу. Олу кен -металлургиялық өндірістің бір бөлігі, оған кіретіндер геология тау-кені, кенді байыту, металлургия жəне металл өңдеу.
Өндірістік топтауға қарағанда барлық металдар екіге бөлінеді: қара жəне түсті.
Қара металдарға жататындар темір оның қорытпасы, марганец жəне хром, оларды өндіру болат жəне шойын металлургиялық өндірісімен байланысты. Барлық қалғандары түсті металлдар.
Түсті металлдар бес топқа бөлінеді: ауыр, аз, жеңіл, асыл, сирек.
Ауыр металдарға жататындар: Сu, Ni, РЬ, Zn, Sn. Бұл металдардың бұлай аталуы, оларды үлкен масштабта өндіруге жəне пайдалануға байланысты.
Аз металдар: Ві, Аs, Sb, Сd, Нg. Бұлар табиғи ауыр металдардың қосалқысы болып табылады, өндіруі аз мөлшерде.
Жеңіл металдар: АІ, Мg, Ті, Na, К, Ва, Са, Sr. Олардың өндірісі өте аз мөлшерде.
Асыл металдар Аu, Аg, Рt, платиноидтар, палладий, родий, рутений, осмий, иридий. Бұлар қоршаған ортаға, темір рудаға мықты тұрақты.
Сирек металлдар көптеген классқа бөлінеді, олар топқа бөлінеді.
а) қиын балқитындар: W, Мо, Та, Nb, Zn, V.
б) жеңіл сирек Lі, Ве, Rb, Сs.
в) шашылған металдар Са, Іn. ТІ, Gе, Нf, Rе, Sе, Те.
г) сирек жерлік металдар: скандий Sе, итрий Y, лантан Lа, пантаноидтар (Се, Рг,Nd, Рm, Sm, Еn, Сd, т.б)
д) радиоактивті металдар: радий Rа, уран U, торий Тһ, астиний Ас жəне трансуранды элементтер.
Бүкіл әлемде темір мен оның қорытпаларын табиғи шикізаттан тікелей алудың нэтижелі тәсілдерін табу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Мұндай процестерді домнадан тыс, тікелей, металдау процестері деп атайды. Қазіргі уақытқа дейін рудаларды тікелей тотықсыздандырудың бірнеше тәсілдері жасалған және қолданылады.
Қолданылуы бойынша темір металдар арасында ерекше орынға ие. Темірмен және оның қорытпаларымен материал мәдениетінің дамуы, қоғамдық өндірістің барлық саласындағы техникалық прогресс тығыз байланысты. Қара металмен қатар қазіргі заманғы өндірісте түсті металл да маңызды мәнге ие. Өндірісте түсті металды қолданудың артуы, темір негізіндегі қорытпалар иеленбейтін, ерекше физика-механикалық және басқа қасиеттерімен байланысты.
Қара металлургияның негізгі өнімдері:
- илем, сонымен қатар дайын, ыстықтай иленген және суықтай иленген, құйма кесектен жасалған құбыр, құйма кесектен жасалған соғылма, рельс;
- одан әрі қайта балқыту бұйымдары: ақ қаңылтыр, биметалл, мырышталған қаңылтыр, пластмасса және басқа қаптамалы қаңылтырлар, иілген бейіндер, рельсті бекітпелер, сортты калибрлеген болат және т. б.;
- өнеркәсіптік мақсаттағы метиздер (сым және одан жасалған бұйымдар, бекітгіе, суықтай иленген таспа);
- болат кұбырлармен қатар суықтай иленген, пісірілгендер және баллондар, т.б.;
- шойын құбырлар;
- болат құйма;
- шойын құйма, сонымен қатар құйма қалыптар, біліктер мен және фитингтер.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет