Жалпы металлургия


Отынның химиялық энергиясынан жылу өндіру



бет7/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

Отынның химиялық энергиясынан жылу өндіру. Отын деп жануы үлкен мөлшерде жылу бөлумен жүретін жəне келесі талаптарға жауап беретін затты атауға болады: 1) олардың қоры ұзақ уақыт алуға жəне қолдануға экономикалық тиімді болатындай жеткілікті болуы қажет ; 2)тұтынушыларға тасымалдануы жəне жеткізіліп бөлінуі механикаландыру мен автоматтандыруға көнікті болуы керек; 3) жану өнімдері жану аймағынан жеңіл бөлініп кетуі қажет; 4) жану өнімдері қоршаған ортаға, адамға жəне технологиялық жабдықтарға зиянды болмауы керек; 5) жану процесін бақылау жəне басқару мүмкіндігі болуы қажет.
Отынның сыныптамасы:
– агрегаттық күйі бойынша отын қатты, сұйық жəне газ тəріздес болып бөлінеді;
– алынуы бойынша– табиғи жəне жасанды;
– тағайындалуы бойынша – энергетикалық жəне технологиялық.
Отынның қасиеттері:
– Отынның химиялық құрамы. Элементарлық талдау нəтижелері бойынша отында келесі массаларды бөлуге болады: органикалық (С, Н, О, N), жанғыш (С, Н, О, N, S), құрғақ(С, Н, О,N, S, А). Сұйық жəне қатты отындарға кіретін барлық компоненттердің жиынтығы жұмысшы массадеп аталады(С, Н, О, N, S, А, W). Қандайда бір элементтің əртүрлі массадағы мөлшері келесі индекстермен белгіленеді: “о” – органикалық масса, мысалы Со, “жан” – жанғыш масса,мысалы Сжан, “қ” – құрғақ масса, мысалы Nқ, “жұм” – жұмысшы масса, мысалы Нжұм. Жұмысшы отынның құрамы, %, келесі түрде жазылады:

Cжұм+ Hжұм+ Sжұм+ Nжұм+ Oжұм+ Aжұм+ Wжұм= 100%


Қатты жəне сұйық отындар үшін бір массадан екіншісіне құрамды қайта есептеу төмендегі теңдеулер бойынша орындалады, %:


Хо= Хжан(100/100 – Sжан);


Хжан= Хқұр(100/100 – Ақұр);
Хо= Хқұр(100/100 – Sқұр- Ақұр);
Хқұр= Хжұм(100/100 – Wжұм);
Хо= Хжұм(100/100 – Sжұм– Ажұм- Wжұм);
Хжан= Хжұм(100/100 – Wжұм- Ажұм),

мұндағы Х- сəйкес индекспен белгіленген массадағы отынның кез– келген элементі.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет