Жалпы металлургия



бет12/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

Кендерді ұсақтау

Ұсату- сұрыптау фабрикалары сапасы жоғары темір кендерін, жанартас, көмірдің кейбір түрлерін, сондай-ақ,апатит, фосфарит сияқты тау-кен шикізатын байыту үшін қолданылады. Қосарлы əдіс көп минералды кендерді өңдегенде қолданылады. Мысалы,қалайы вольфрам т.с.с. кендер.


Ұсату схемалары.
Ұсату операциялары пайдалы қазбаларды майда ұнтақтауға дайындау процесі ретінде, сондай-ақ, сепкілдігі ірі кендерді байыту үшін қолданылады.
Ұсату-сұрыптау фабрикалары үшін ұсату процесінің өзіндік жеке маңызы бар. Əдетте, ұсату схемасы елеу процесімен бірге жүргізіледі. Мұндай жағдайда ұсатқышқа елеуіштің тор үстіндегі өнімі түседі. Ұсату операциясы елеу процесімен бірге ұсату сатысы, ал ұсату сатылыры бірігіп ұсату схемасы деп аталады. Ұсату сатыларын төрт түрге бөлуге болады: А-алдын ала елеу, ұсату жəне бақылау елеу операциялар; Б-алдын ала елеу жəне ұсату операциялары; В- ұсату жəне бақылыау елеу операциялары; Г-ұсату операциясы.
Ұсату схемалары бір, екі, үш жəне онан да көп сатылардан тұрады.
Ұсатудың тиімді жəне оңтайлы схемасын таңдау үшін төмендегідей мəселелерді шешу қажет: ұсату сатыларының саны; ұсатудың əр сатысында алдын ала жəне бақылау елеу операцияларының қажеттілігі.

Кесте 5 - Кен байыту фабрикаларындағы кеннің ең ірі кесегі.



Фабриканың кен бойынша өнімділігі

Кесектің ең ірісі, мм.мың т/ж.

Ашық өндіріс

Жер асты өндірісі

аз -

500-ге дейін

500 - 600

250 -350

орташа

500 -3000

700 -1000

400 - 500

үлкен

3000 - 9000

900 -1000

600 - 700

өте үлкен

> 9000

1200

-

Ұсату сатыларының саны ұсатылатын заттың бастапқы жəне ақырғы ірілігімен анықталады.


Ең ірі кен ашық түрде өндірілгенде жəне өнімділігі жоғары болғанда, ал ең майда кен жер асты өндіріліп, кеніш өнімділігі төмен болғанда алынады. Кеннің ең ірі кесегінің мөлшерін өндірістің тау-кен бөлімі жобалайды. Майда ұнтақтауға түсетін кен ірілігі ұсату жабдықтары мен ұсатудың технологиялық схемасына байланысты;
білікті диірмен үшін ……. ….15-20 мм
шарлы диірмендер үшін ……10-15 мм
Егер кен өте бос, сазды жəне ылғалды болса, білікті диірменге түсетін
ірілікті 20-25 мм-ге дейін көтеруге болады.
Кеннің бастапқы жəне ұсатудан кейінгі ірілігі белгілі жағдайда, ұсатудың жалпы дəрежесі:

мұнда S-жалпы ұсату дəрежесі; D жəне d-бастапқы жəне ұсатылған кен ірілігі, мм.
Ұсатудың жалпы дəрежесі жеке ұсату дəрежелерінің көбейтіндісіне тең. Ірі, орта жəне майда ұсату ұсатқыштары бір рет ұсатудан кейін төменгідей ұсату дəрежелерін алуға мүмкіндік береді: ірі ұсату ұсатқышы –5-ке дейін;
Бақылау елеусіз істейтін орта ұсатудың конусты ұсатқышы – 6-ға дейін;
елеуіштен тұйық циклде істесе – 8-ге дейін; майда ұсатудың конусты ұсатқыштары (бақылау елеусіз) – 3-5-ке дейін тұйық циклде – 8-ге дейін.
Smin=12,5 көрсеткішті бір сатылы ұсату нəтижесінде алу мүмкін емес, сондықтан майда ұнтақтау алдында ұсату сатысы екіден кем болмау керек.
Ең жоғарғы ұсату дəрежесі Smin=120 тек үш сатылы ұсату схемасы нəтижесінде алуға болады, мысалы,



Олай болса, майда ұнтақтауға кенді дайындау үшін ұсату сатысының саны екеу немесе үшеу болу керек (ұсату схемасын таңдаудың бірінші ережесі).


Адын ала елеу операциясы ұсатқышқа түсетін заттың мөлшерін азайту жəне оның ұсату кеңістігінде қозғалысын жақсарту үшін қолданылады. Кеннің ұсатқыш ішінде еркін жылжып отыруы, əсіресе, орта жəне майда ұсату үшін қолданылатын конусты ұсатқыштар үшін өте маңызды. Олар кен ұнтақтарымен оңай тығылып қалып отырады. Ұсату схемасына алдын ала елеу операциясын енгізу күрделі шығын мөлшерін ұлғайту мен қатар, ұсату цехының схемасын күрделендіреді. Сондықтан, елеу операциясын кен құрамында майда класс көп жəне ылғалды болған жағдайда ғана қолдану қажет. Көп жағдайларда, ірі ұсату алдында алдын ала елеу операциясы қолданылмайды. Орта ұсату алдында елеу операциясы көп жағдайда қолданылады, ал майда ұсату алдында алдын ала елеу тұрақты түрде қолданылады.
Қазіргі кезде, ұсатудың үшінші сатысында алдын ала елеумен қатар бақылау елеу операциясы қолданылады.
Ұсату схемасын таңдаудың екінші ережесі:
а) бірінші ұсату сатысы алдында елеу операциясы сирек қолданылады; қолдану үшін оны тиянақты түрде негіздеу қажет;
б) орта ұсату сатысы алдында елеу операциясы дерлік барлық жағдайда қолданылады;
в) майда ұсату алдында елеу процесі барлық жағдайда қолданылады.
Ұсату өнімдерінің ірілік сипаттамасы ұсату схемасын жəне ұсатқыштар мен елеуіштерді таңдау үшін қажет. Бақылау елеу операциясының мақсаты ұсатқышқа артық өнімді (кен ірі кесектерін) қайтару болып табылады.
Қаттылығы орташа кенді майда ұсату конусты ұсатқышта жүргізілгенде (бақылау елеусіз) артық өнім шығымы 65 % -ке жетеді, ал ұсатылған кеннің шартты ең ірі кесегінің мөлшері кен шығатын саңылаудан 4,5 -5 есе үлкен.
Қаттылығы жоғары кенді ұсатқанда артық өнім шығымы 85 %, ал ұсатылғанкеннің шартты ең ірілігі 5,5 еседей жоғары.
Білікті жəне шарлы диірмендер үшін оңтайлы болып саналатын ірілігі 10-20 мм болатын ұсатылған өнім алу үшін майда ұсату операциясын елеу операциясымен тұйық түрде жүргізген дұрыс. Ұсату процесінің соңғы сатысын бақылау елеу операциясымен бірге жүргізу бірқатар қиыншылықтар туғызады: елеуіштердің, конвейерлердің, кентүсіргіштердің саны өседі. Цехта қосымша кен қабылдайтын жабдықтар пайда болады, олар ауаның шаңдануын ұлғайтады.
Мұның бəрі шығын мөлшерін ұлғайтумен қатар, цехтың конструктивті шешімдері мен пайдалану жұмыстарын күрделендіреді. Сонымен қатар, диірменге түсетін кен кесегі ірі болған сайын ұсату мен майда ұнтақтаудың жалпы өзіндік құны жоғары болады. Олай болса, жоғары да келтірілген деректерге сүйене отырып, ұсату схемасын таңдаудың үшінші ережесін анықтауға болады: білікті жəне шарлы диірменнің жəне жалпы ұсату-ұнтақтау жұмысының экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету үшін, ұсату процесінің нəтижесінде оңтайлы ірілік алуға мүмкіндік беретін ұсатудың соңғы сатысында бақылау елеу операциясын қолдану қажет. Майда, ылғалды, немесе қатты шаңданатын класты дайын өнім түрінде бөліп алу екінші, үшінші ұсату саты ұсатқыштарының, сондай-ақ, цех бойынша жабдықтарды пайдалану жəне тасымалдау механизмдерінің жұмысын жақсартады. Бұл схемада ең ыңғайлы жобалық шешім елеуіштерді ұсатқыштардың астына орналастыру болып табылады. Бұл жағдайда конструктивті шарт бойынша бір ұсатқышқа бір елеуіштен келу керек.
Байыту фабрикасының өнімділігі үлкен жəне кен қатты болған жағдайда ұсатылған кен құрамында жалпақ пішінді ірі кесектер көп болады. Ондай кесектерді ұсату үшін ерекше ұсату схемалары қолданылады.
Ылғалды жəне сазды кендерді ұсатқанда орта, майда ұсату ұсатқыштары, елеуіштер тез тығылып қалып отырады. Соған байланысты, кенді жуып отыруға тура келеді.
Елеуіш үстінде жуылып алынған майда өнім механикалық спиральды сұрыптағышта қойылтылып, майда ұнтақталған кенге қосылады, ал сұрыптағыштың ағызындысы қойылтқышқа түсіп, алынған ағызынды қайтарымды су ретінде пайдаланылады. Қойылдырғыштың тұнбасы ұнтақтау циклына түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет