Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Ұығыр әдебиеті» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту ұйғыр тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Ұйғыр әдебиеті бағдарламасының мақсаты –.шығарманың әлеуметтік-тарихи және рухани-эстетикалық аспектілерін ескере отырып, идеялық-көркемдік мазмұнын талдай алатын, сауатты, сыни тұрғыдан ойлайтын оқырманды тәрбиелеу арқылы өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге дайын адамның рухани құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету
3. «Ұйғыр әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) «Ұйғыр әдебиеті» бағдарламасы білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылған;
2) Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясы негізінде патриотизмді, азаматтықты, белсенді өмірлік ұстанымды көркем әдебиет құралдарымен тәрбиелеу
3) қазіргі әлемнің жаһандануы жағдайында әдебиеттің рухани мұра ретіндегі құндылығын түсінуді қалыптастыру
4) сыни талдау, салыстыру, жалпылау дағдыларын жетілдіру, ұқсастықтар мен себеп-салдарлық байланыстарды орнату, құбылыстарды жіктеу, туындыларды талдау негізінде логикалық және сыни пайымдаулар, тұжырымдар мен қорытындылар құру;
5) әрбір білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оқудың рухани және зияткерлік қажеттілігін қалыптастыру, мәтінді сыни оқу және түсіндіру дағдыларын жетілдіру;
6) тарихи және рухани-эстетикалық аспектілерін терең түсіну, талдау негізінде коммуникативтік дағдыларды дамыту;
7) зерттеу мәдениеті саласында құзыреттілік көрсете отырып, ауызша немесе жазбаша түрде шығарма, әдеби-сын мақалалардың мазмұнын бағалау дағдыларын жетілдіру;
8) әдеби құбылыстарды контекстік тұрғыдан қарастыру, әдеби фактілерді салыстыру, ұқсастықтар жасау, әдеби параллельдерді құру қабілеттерін жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |