Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. «Ұйғыр әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет65/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   246
74-132

2-тарау. «Ұйғыр әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


1-параграф. «Ұйғыр әдебиеті» оқу пәнінің мазмұны
4. «Ұйғыр әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты;
2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. «Ұйғыр әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
6. Әрбір кіші бөлім ішінде рет-ретімен ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және білім алушылардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оларды оқытудың келесі кезеңдері туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.
7. Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады: «мәтінді түсіну және жауап беру», «мәтінді талдау және түсіндіру», «бағалау және салыстырмалы талдау».
8. Мәтін бойынша түсіну және жауап беру" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) терминдерді түсіну;
2) көркем шығарманы түсіну;
3) жатқа оқу және дәйексөз келтіру;
4) жоспар құру;
5) қайталау;
6) сұрақтарға жауаптар.
9. Мәтінді талдау және түсіндіру" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) жанр;
2) тақырып және идея;
3) композиция;
4) эпизодтарды талдау;
5) кейіпкерлердің сипаттамасы;
6) әр түрлі нысандағы туындының көркемдік әлемі;
7) автордың көзқарасы;
8) Көркем-бейнелеу құралдары;
9) шығармашылық жазу.
10. «Бағалау және салыстырмалы талдау» бөлімі мынадай бөлімдерден тұрады:
1) көркем шығарманы бағалау;
2) көркем шығарманы басқа өнер түрлерімен салыстыру;
3) әдебиет туындыларын салыстыру;
4) пікірлерді бағалау
11. 10-сыныпқа арналған «Ұйғыр әдебиеті» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну; әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың әртүрлі композициялық ерекшеліктерін талдау; автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісі; шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін ашу;көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс жазу; ұйғыр әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау;
3) бағалау және салыстыру: шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап,бағалау; көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру; шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, әдеби сын жазу.
12. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Т. Тохтәмовтің «Назугум» романы;
2) Д. Ясиннің «Гүлмәт бовай монологи» балладасы;
3) Һ. Абдуллиннің «Жутдашлар» романы;
4) С. Мәмәтқуловтің «Яғач нан», «Мәрәмханович» өлеңдері;
5) Һ. Абдуллин. «Улуқ язғучи билән учришиш»;
6) М. Обулқасимовтің (Алмасбәк) «Қазағим-қандаш елим, қериндишим!» шеири;
7) Ж. Розахуновтің «Достлуқ риштилири», «Чайқалмисун чаңириғи өйүңниң» өлеңдері;
8) М.Зулпиқаровниң «Янартағ» романы.
13. 11-сыныпқа арналған «Ұйғыр әдебиеті» оқу пәнінің базалық мазмұны:
Түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер мен дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру;
Анализ және интерпретация: әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау;шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы; шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын ашу; әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс жазу; әлем және ұйғыр әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау;
Бағалау және салыстыру: шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау; шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
14. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Һ.Абдуллиннің «Турпан тәвәсидә» және «Тәғдир» романдары;
2) А. Дөләтовтің «Хошлишиш алдидики ой» өлеңдері;
3) Й. Илиястың «Еғир тиниқлар» романы;
4) М. Обулқасимовтің (Алмасбәк) «Сән кимниң әвлади, ойлан бурадәр!»;
5) З. Сәмәдийдің «Жиллар сири» романы;
6) Ә. Һашировтің «Нур ана» повесті;
7) Р. Розиевтің «Сениңдин алдим» өлеңі;
8) И. Жәлиловтің «Ғулжа ямғури», «Тәбиәт жиғиси» өлеңдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет