Жалпы педагогика жəне информатика кафедрасы Физика, математика, информатика, шет тілі: 2шт, тарих


Психологиялық зерттеу əдістері түрлері



Pdf көрінісі
бет43/99
Дата15.02.2024
өлшемі0.87 Mb.
#491743
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   99
Жалпы психология және тұлғаның дамуы ...

Психологиялық зерттеу əдістері түрлері. Психологиялық зерттеу ерекшеліктеріне 
байланысты зерттеу əдістері 4 топқа бөлінеді. 
1. Ұйымдастыру əдістері. 
а) өзара салыстыру əдісі – мысалы: əртүрлі топты, жасы, қызметі, іс-əрекеті, білімі, т.б. 
бойынша салыстыра зерттеу.ə) лонгитюд əдісі – бір адамды немесе адамдар тобын ұзақ 
уақыт аралығында қайталап зерттеу.б) комплекстік əдіс – зерттеуге əртүрлі ғылымдар 
өкілдері қатысып, бір объектіні жан-жақты, əртүрлі құралдармен зерттеу. Мысалы: 
физиологиялық, психологиялық, əлеуметтік жағынан зерттеу. 
2. Эмпирикалық əдістер. 
а) бақылау жəне өзін-өзі бақылау. 
ə) эксперименттік əдіс-лабораториялық, табиғи жəне қалыптастырушы. 
б) психодиагностикалық əдіс – тест, анкета, социометрия, сұрақ-жауап,
интервью, əңгімелесу, іс-əрекет нəтижесін талдау, өмірбаянмен танысу. 
3. Деректерді өңдеу əдістері. 
а) сандық – статистикалық. 
ə) сапалық – алынған материалды топтау, жүйелеу, жіктеу, салыстыру, 
психологиялық анықтама, мінездемелер жазу. 
4. 
Реттеу – түзету əдістері.( Интерпретациялық əдіс) Аутотренинг, топ тренингі
психотерапеялық əдістер, коррекциялық, оқу-үйрету əдісі.
II. 
Психология ғылымының даму тарихы. 
2.1. Психология ғылымының даму тарихы.
Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдарымен бірге дамуы. 
Ерте заманнан бастап адам баласының назары ақыл-ойы айналасындағы дүниенің сырын 
танып білумен бірге өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл-ойы, іс-əрекеті мен тіршілік 
бейнесінің құпия сырларын білуге ұмтылған. 
Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тəнімен жанының 
сырын білуге мəн берілді Пəн атының өзіде грек тілінен аударғанда психология – жан 
туралы ғылым (псюхе-“жан”, логос-“ғылым”) дегенді білдіреді. Кең тараған түсініктерге 
жүгінсек, алғашқы психологиялық көзқарастар діни ұйымдарға байланысты. Ежелгі грек 
философтарының алғашқы тұжырымдары діни – мифологиялық көзқарастарға қарсы
дами бастады. Осыдан жан туралы зерттеулер мен түсініктер психология пəні дамуының 
алғашқы кезеңі болуы да психология “жан” туралы ғылым деп танылды. Əр тарихи 
дəуірде ғылымдар бұл сөз мағынасын түрліше түсіндірді. Психика мəніне байланысты 


көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзекті мəселесін материя мен сана, 
заттың жəне рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тəуелді болды. Осы мəселенің 
шешімін табуда бір–біріне қарсы философия бағыттары – идеализм мен материализм 
пайда болды. Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетінше жасайтын, материяға 
тəуелсіз, белгісіз бір зат деп қарастырды.Ал материалистік танымда психика – туынды, 
материяға тəуелді құбылыс. 
Ертедегі Қытай медицинасы мен ежелгі Үндістан дəрігерлері адамның тəні мен 
психикалық тіршілігінде қан айналу процесінің жəне жүрек қызметі мен организмдегі 
түрлі сұйықтықтардың құрамына байланысты пайымдаулары келесі дəуірлерде Вавилон, 
Мысыр, Қытай, Үндістан жəне ежелгі Шығыс елдерінде жалғасты. Бұл түсініктер адам 
психикасының даму туралы заңдылықтардың бір арнаға бағыттала бастағанын көрсетеді. 
Осындай тарихи жағдайлар адамның жан дүниесіне қатысты мəселенің ерте кезде де 
адамзат мəдениетінің, дүниетанымы мен білімінің философиялық жүйесін, табиғат 
жайындағы мəліметтер мен адам психикасының өзіндік сипаттарын білдіретін ізденістер. 
Психология тарихын зерттеген ғалымдар бұл пəннің практикалық маңызы мен ғылыми 
білімдер жүйесінде алатын орнын оның философия мен жаратылыстану ғылымдарынан 
бастама алғандығын түсіндіреді. Бұл – объективтік шындық жəне ғылыми тұжырым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет