Жалпы педагогика жəне информатика кафедрасы Физика, математика, информатика, шет тілі: 2шт, тарих


Психологияның негізгі мақсат міндеттері



Pdf көрінісі
бет41/99
Дата15.02.2024
өлшемі0.87 Mb.
#491743
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99
Жалпы психология және тұлғаның дамуы ...

Психологияның негізгі мақсат міндеттері. 
- психологиялық құбылыстардың мəні мен заңдылықтарын түсіндіру 
- психикалық құбылыстарды басқара білу 
- психологиялық білімдерді тəжірибенің қандай саласында болмасын қолдану жəне 
адамға əруақытта нəтижелі жақтарын қарастыру 
- барлық салада да психологиялық қызметті дамыту 
- психодиогностика
психокоррекция, 
психотерапия, 
психопрофилактика, 
психологиялық кеңес, психотренинг, психогигиеналық жұмыстарды дамыту жəне 
жүргізу, қолдану. 
- адам өз психологиясының дамуы барысында жеке басына тəн қасиеттер туралы 
танып біліп, күнделікті өмірде адам өзін-өзі басқару мен жеке басы қасиеттерін 
дұрыс бағалап, дамытуға үйрету. 
Психология ғылымы салалары. Қазіргі кезде психология ғылымы көп салалы 
ғылыми пəндермен 40-тан астам салаларға бөлінеді. Бұл жіктелуде негізгі ескертетін 
жағдайлар: 
1. 
пəннің зерттеу объектісі 
2. 
адамның іс-əрекет түрлерін негізге алады 
3. 
адамның əлеуметтік ортаға қатысы. 
Күнделікті өмірмен үнемі байланысты ең үлкен салаларын мысалға келтірейік. 
Жалпы психология – адамның барлық психикалық құбылыстарының заңдылықтарын
зерттейді.Əлеуметтік психология, жас ерекшелігі психологиясы, педагогикалық 
психология, еңбек психологиясы, арнаулы психология, медициналық психология, əскери 
психология, спорт психологиясы, заң психологиясы, салыстырмалы жəне т.б. 
психологиялық салалар. 
Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы. 
XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір саласы 
болып келді, сондай-ақ бұл жаратылыстану, медицина, əдебиеттану ғылымдарымен 
байланыста дамыды. Психология таным теориясы мен диалектика, ғылым тарихының 
көптеген салаларымен жəне тарих, əдебиет, лингвистика, география, антропология, өнер 
ғылымдары мен де байланысы өте зор. Педагогика ғылымы да оқыту, тəрбие процесінде 
психологиялық заңдылықтарды негізге алу барысында тығыз байланысты. 
Адам тану ғылымдарында психология ғылымы жетекші орында жəне көптеген ғылымдар 
саласымен тығыз байланыста дамуда.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет