Жалпы педагогика жəне информатика кафедрасы Физика, математика, информатика, шет тілі: 2шт, тарих


Психология ғылымының зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет42/99
Дата15.02.2024
өлшемі0.87 Mb.
#491743
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   99
Жалпы психология және тұлғаның дамуы ...

Психология ғылымының зерттеу əдістері. 
Психология əдістері. Ғылым сипаттамасы тек қана оның пəнін анықтаумен 
шектелмей, олардың əдістер аймағында қарастырады. Əдістер дегеніміз ғылымның 
пəндік мазмұнын анықтаудың түрлі тəсілдері. Ғылым əдістері жаңа заңдылықтарды 
зерттеп, ашу барысында психологиялық зерттеулерді құру принциптерін негізге алады. 
Психологиялық зерттеулерді құру принциптері. 
1. Психикалық құбылыстарды зерттеудің объективтілігі - бұл принцип кез-келген 
психикалық құбылысты қандай болса да сол күйінде қарау жəне жан-жақты зерттей 
отырып алынған фактілердің барлығын назардан тыс қалдырмай жинақтау, талдау, 
дəлелдеу. 
2. Психикалық құбылыстарды дамуы барысында зерттеу принципі – адамның
психикалық құбылыстарының қалыптасып болғаны ғана емес толықтай даму 
барысында зерттеу. 


3. Жеке адамды анализдік – синтездік зерттеу принципі – жеке адамды терең, жан-
жақты зерттеу, танымдық, эмоциялық, ерік-жігерлік процестердің жеке жақтарын, 
жеке қасиеттерді зерттеу, адамның тұтас психикалық бейнесіндегі өзара 
байланыстары мен өзара шарттарын қарау. 
Анализдік зерттеу психиканың элементтерін жеке адамның өмірі жəне қызметінің 
əр түрлі жағдайында тануға мүмкіндік береді, ал синтездік зерттеу барлық жеке 
психикалық көріністердің өзара байланысын анықтауға жəне белгілі бір адамды толық 
сипаттайтын тұрақты қасиеттерді табуға көмектеседі. 
Зерттеу əдістері қандай да бір əдіснамалық талаптарға сай болады. 
Ғылыми - психологиялық зерттеулерге қойылатын талаптар; 
1. Құбылыстардың сыртқы көрінісі мен олардың ішкі табиғаты арасындағы толық 
сəйкестігін таба білу; 
2. Психикалық құбылыстарды зерттеуде психо-физиологиялық принциптерді де 
негізге алу; 
3. Психологиялық зерттеулердің, негізінен, адам əрекетін əлеуметтік-тарихи 
талдау нəтижелерін ескеру; 
4. Психологиялық заңдылықтарды адамның психикасы, іс-əрекеті жəне оларды 
қозғаушы күштердің үздіксіз дамуы процестерін нақтылау; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет