Жалпы педагогика жəне информатика кафедрасы Физика, математика, информатика, шет тілі: 2шт, тарих



Pdf көрінісі
бет44/99
Дата15.02.2024
өлшемі0.87 Mb.
#491743
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   99
Жалпы психология және тұлғаның дамуы ...

Ежелгі психология.
Адамдар өздері тіршілік ететін ортамен айналадағы заттар мен 
құбылыстарды өзіндік жан болады деген. Мұндай ұғым анализм (латынша “анима” – жан 
деген сөз) деп аталады.
Ежелгі грек жұртының ғұламалары – Гераклит (б.з.д. VI ғ.) Демокрит (б.з.д. V ғ.) жан 
табиғаттың бір бөлігі, ол сол табиғат заңына бағынбайды деген пікірді қолдады Демокрит 
психиканы (жанды) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонда жан 
туралы алғашқы ілім – психиканы адам пəнінің қасиеті деген материалистік түсінік 
дамуымен қатар Платонның (б.з.д. 427 –347 ж.ж.) жан мəңгілік нəрсе, ол өлмейді
өшпейді деген идеалистік бағыты дамыды. 
Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель 
(б.з.д. 384 – 322 ж.ж.) психологиялық ой-пікірді табиғи негізде түсіндіріп, психика туралы 
ілімді тереңірек зерттеп “Жан туралы” деген еңбек жазды. 
Гераклит пен Демокриттің, Платон мен Аристотельдің жан туралы көзқарастары 
психологиялық ілімнің дамуына ғылыми негіз болды. 
Сонымен қатар ежелгі психологияда Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций (б.з.д.I ғ.), 
Гален (б.з.д.II ғ.) жан туралы ілімнің табиғи негіздерін қарастырса, грек ойшылы Сократ 
(б.з.д.470-3 99 ж.ж.) адам жаны тəніне тəн жəне ол ақыл-ой арқылы реттеліп отырады 
деген түсініктер жасаған. 
Орта ғасырдағы жан туралы ілім. Орта ғасырда Аристотельдің жəне басқа да 
ғалымдардың идеалары, ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері жаңа сипат алып, аты əлемге 
əйгілі Əбу Насыр əл – Фараби (870 – 950 ж.ж.), жəне Əбу Али ибн Сина (980 – 1037 ж.ж.) 
Ибн Ронед (1116 – 1198 ж.ж.) жəне т.б. орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы 
адамның жан дүниесі жайындағы ілім дами түсті. 
Араб ғалымы Ибн əл – Хайсам (965 – 1039 ж.ж.) Иранның дəрігер ғалымы Закария Рази 
(865 – 925 ж.ж.) еңбектерінде адам дүниесі жайлы сол кезеңдегі ғылыми жетістіктерге 
сүйеніп тəжірибелік жақтары мен психофизиологиялық идеаларын ұсынды. Психология 
ғылымының тарихында ғасырдың алатын орны ерекше. 
Бұл кезеңде Европа ғалымдары да психология ілімі жайында жаңаша пікір көзқарастарды 
дамытып ғылымда тəжірибелік зерттеулерге негіздеді. Психологиялық ілімді дамыту 
жолында мұндай көзқарастарды қолдағандар: ағылшын ғалымы Френсис Бэкон (1561-
1626 ж.ж.) Декарт (1596-1650 ж.ж.) Т. Гоббс (1588-16189 ж.ж.), Б. Спиноза (1632-1677 
ж.ж.)Г.Лейбниц (1646-1716 ж.ж.) Дж. Локк (1632-1704 ж.ж.) т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет