Жеке адам мотивтері. Адамды əрекетке келтіруші күш – қажетсіну.
Психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама беріледі: мотив – бұл адам санасында
қаланып, оны белгілі-бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін əрекетке итермелеуші себеп
күш. Ал кең мəнінде мотив - шындыққа сай заңдылық ретінде ықпал жасап, объектив
қажеттілік түрінде көрінетін болмыс. Ал мотивтік əрекет қылық пен іс-əрекетті
психикалық реттеудің ерекше түрі (Р.Г.Агеева). Қорыта айтқанда адамның əрқандай
əрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты. Адамның қалаған іс-əрекетінің
негізінде оны іс-əрекетке ынталандырушы мотив жатыр. Мотив құрамы іс-əрекеттің бір
бөлігі емес, жеке адамның мотивтік қажетсіну аймағы деп аталатын күрделі жүйенің
ажыратылмас бірлігі. Мотивтік – қажетсіну аймағы жеке адамның өмір бойы қалыптасып,
дамып барушы барша түрткілерінің жиынтығы аңдатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы,
өмірлік жағдайларға байланысты түрленіп, дамуда болады. Солай да болса, кей мотивтер
біршама тұрақты, басымдау келіп, адам өмірінің бағыт бағдар өзегіне айналады.
V. Таным процестері. 5.1.Түйсіну процесі Түйсіну тірі материяның жалпы биологиялық қасиеті сезгіштіктің ең маңызды
көрінісі. Ол организмнің сыртқы ортамен психикалық байланыс орнататын бастапқы
формасы немесе танымның алғашқы санасы.
Айналаны танып білу түйсін процесінен басталады. Түйсіну процесінде
психиканың танымдық, эмоциялық жəне реттегіштік жақтары ажырамастай тығыз
байланыста.
Түйсін дегеніміз - заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне
тікелей əсер етуінен пайда болған мидағы бейнелері.
И.П.Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіндердің пайда болуын нализатор
(талдағыштар) аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Анализаторлар үш
бөліктен құралады. Олар:
1. ішкі сезім мүшесі
2. бөлігі миға таралатын жүйке талшықтары
3. бөлігі мидағы түрлі жүйке орталықтары.
Ғасырдың орта кезінде неміс ғалымдары Э. Вебер мен Г. Фехнер тітіркендіргіштің
күшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдады.Мұны
түйсіктің психофизикалық заңы деп атады.