Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет18/19
Дата08.06.2016
өлшемі1.78 Mb.
#122928
түріАнықтамалық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Шипин О. Аманкелді батыр.-Алматы: ҚМКӘБ.Д942;

Шипин О. Торғай атырабында: Таңдамалы өлеңдер.-Алматы: ҚМКӘБ.1948;

Шипин О. Халық атынан: Өлеңдер-Алматы:ҚМКӘБ.1950;

Шипин О. Екі дастан. – Алматы: ҚМКӘБ, 1950; 1957;

Шипин О. Өмір өрнегі.-Алматы: ҚМКӘБ. 1952;

Шипин О. Жеткіншек: Өлеңмен жазылған әңгіме.-Алматы: ҚМКӘБ., 1953;

Шипин О. Туған жер.-Алматы: ҚМҢӘБ. 1955;

Шипин О. Тың үстіндегі ту: Өлеңдер мен дастандар.-Алматы: ҚМКӘБ., 1957;

Шипин О. Таңдамалы шығармалар: Өлеңдер мен дастандар. –Алмат:ҚМКӘБ.1961;

Шипин О. Аманкелді батыр: Дастан.-Алматы: Жалын, 1985;

Шипин О. Дастандар. /Қүраст. С.Әсіпов, Б.Бекбаев.-Алматы: Жазушы, 1989.

***
Шипин Омар (1879-1963). //Қазақ әдебиеті -Алматы, 1999.- 693- 694 б.

Шипин Омар (1879-1963). //Советтік Қазақстан жазушылары.-Алматы,1987.-700-

701 б.

Ергөбек Қ. Халық жырының ақберген ақсақалы. (Омар Шипин). //Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар.-Алматы, 2003.-283-290 б.

Шипин Омар. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-341-342б.

Шипин Омар. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 555-556б.

Шипин О. //Қазақстан Ұлттық энциклопедия.-8том.-Алматы,-2005.-514б.




ШОЙБЕКОВ ҮСЕН

(1937)

Шойбеков Үсен 1937 жылы 5 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданыңың Тассай ауылында туған. Жазушы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1967-87 жылдары облыстық халық ағарту бөлімінде инспектор, әдіскер, мұғалімдер білімін жетілдіру институты директорының орынбасары, директор қызметтерін атқарды. 1987 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы өлеңдері 1958 жылдан бастап жариялана бастады. Кейіннен «Сұсты күндер» (1978), «Бейбіт күндер» (1981) сынды әңгімелер мен повестер жинақтары сондай-ақ, әқімшілік, әміршілдіқ жүйенің барынша дәуірлеп тұрған шағындағы халқымыздың хал-жағдайын суреттеп, «тоқырау»кезінің бет-бейнесін ашып көрсете білген «Парыз» (1986), «Жұт» (1990), «Құрбандар» (1991) атты романдары жарық көрді. Жазушы «Парыз» романында қазіргі ауыл өмірінің болмыс-келбетін жетек көрсете отырып, қешегі тақырау дәуірінде етек болған мемлекет мүлкін талан-таражға салушы жемқорлармен күресті баяндайды. «Жұт» романында автор қейіпкері әлеуметтік әділеттік үшін қиындықтарды жеңеді. Үсен Шойбековтың шығармалары оқырманды бірден баурап алады, тілі шұрайлы, әсерлі оқылады.


ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Шойбеков Ү: Сұсты күндер: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1978.-І35б. Шойбеков Ү. Бейбіт күндер: Повесть және әңгімелер.-Алматы: Жалын, 1981.

Шойбеков Ү. Парыз: Роман.-Алматы: Жалын, 1986.

ІІІойбеков Ү. Жұт: Роман: Жалын, 1990.

Шойбеков Ү. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-342б.

Шойбеков Ү. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 556б.


ШУХОВ ИВАН

(1906-1977)
Шухов Иван 1906 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов станциясыңда туғаң. Петропавл педагогика техникумында, Омбы жүмысшы факультетінде, Мәскеудегі Әдебиет институтында оқып, бітірген. 20-шы жылдары баспасөз бетіңде И. Шухов журналист-очеркист ретінде көрінді. 1934-37 жылдары Солтүстік Қазақстан облысындағы Пресновка ауданындағы «Ударник» газетінің редакторы, 1963-74 жылдары аралығында « Литературный Казахстан» альманағының (қазіргі «Простор») бас редакторы болды.

Шығармалары 1926 жылдаң жариялана бастады. «Өшпенділік» романында (1931) әлеуметтік, саяси-экономикалық, адамгершілік мәселелері көтеріліп, орыстар мен қазақтардың жаңа заман орнатудағы жолын, еңбегін, халықтар достығын, ескінің тозып, жаңаның озуын шынайы баяндайды. «Қасірет белдеуі» романы (1931) қазақ, орыс халықтарының Қазан көтерілісіне келу жолдарың суреттеуге арналған. Шухов шығармашылығына М. Горький зор баға берген, жазушының қазақтар өмірі тым қатал, әрі нанымды етіп суреттелгеніне баса назар аударған. Солтүстік Қазақстандағы коллективтендіру тақырыбы «Отан» (1936) романында жалғасын тапқан. «Майдандағы армия» романында (1940) қөтерілген тарихи оқиғалар 1-ші дүниежүзі соғыспен Қазан тоңкерісі, Азамат соғысымен,«Алтын алқап» кітабы (1957), «Американың күндері мен түндері» (1960), «Югославия күнделігі» (1963) т.б. очерктер жинағы, «Туған ел және жат жер» деген прозалық топтамасы (1968), «Пресновка әсерлері» атты өмірбаяндық повестер шоғырының апғашқы болімі («Қоқырау», 1970), «Қара шеңбер» әңгімелер жинағы, «Қазақстан желі отіңде» очерктер жинағы (1931), «Комескі ои» пьесасы (1933) т.б. жарық көрді. Көркем аударма саласында жемісті еңбек етіп, С. Мұқановтың «Ботакөз», «Өмір мектебі» романдарын, М. Әуезовтің, Ғ. Мүсіреповтің, Ғ. Мұстафиннің, Ә. Әбішевтің бірқатар шығармаларын орыс тіліне аударды. Шуховтың көптеген туындылары КСРО және шетел халықтарының тілдерінде басылды. «Өшпенділік» (1935), «Қасірет белдеуі» (1972) романдары қазақ тіліңде жарық көрді.

«Халықтар достығы» орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен 2 рет және медальдарымен марапатталған. Алматы қаласындағы бір көше, №53 мектеп, Петропавловск қаласындағы бір көше мен орталық қалалық кітапхана, Пресновск станциясындағы мектеп И.П. Шухов есімімен аталады.

Жазушының туған жерінде әдеби-мемориалдық музей-үй ашылған.


* * *
Шухов Иван. //Қазак совет энциклопедиясы: 12 томдық.- Алматы, 1978.- Т12. Шухов И.-Б.297

Шухов И. //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы: Жазушы, 19І7.-704-705б.

Шухов И. //Қаз. ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия.-Алматы: Қаз.сов. энциклопедиясы, 1989.-

Т.4. тіл, әдебиет, фольклор, өнер, архитектура.- 720б

Шухов И. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы: Қазақстан даму институты, 1999.- 697

Шухов И. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-343б.

Шухов И.. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 559б.

Шухов И. //Қазақстан Ұлттық энциклопедия.-8том.-Алматы,-2005.-567б.




Шүкіров Зейнолла
(1927 -1970)
Зейнолла Анафияұлы Шүкіров 1927 жылы 16 ақпаңда Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген селосында дүниеге келген. Бастауыш мектепті бітірген жылы қатты ауырып қалады. Көпгеген айлар, жылдар төсек тартып ауруханада төсекке таңылып көп жатты. Бірақ ауру оның жігерін сындыра алмады.Зейнолла Шүкіровтың өмірге, адамдарға деген махаббаты шексіз болатын алдағы өмірге ұмтылысы, шыдамдылығы мен шымырлығы бойында мол болатын. Өз қасіретімен күресе отырып, адамдардың бақытты болуына кедергі болатын келеңсіздіктермен жазушы әрі ақын ретінде күресті. Ақынға ер мінезді батырлық қасиеті, күш жігері мол жандар жанына жақын тұтатын, ал поэмасын Николай Островскийге арнап жазуы бекер емес. Өзінің үлкен жүрегімен ерлікке толы қайсар ғұмырын Зейнолла Шүкіров халыққа еңбек етуге арнады.

Асыр сап Арал, толқыған Байқал-

Сыры көп шертер, толғанып айтар;

Аңсаймын самал Оканың лебін,-

Сәулетті шексіз Отаным менің!

Көрікті қалаң, көкорай бақшаң,

Қалың мал қырқа, қырыңды басқан,

Кавказды кездім, Сахалиндемін,-

Бәрі менікі,

Отаным менің!

Зейнолла Шүкіровтің ақындық және адамдық кредосы осы. 1955 жылы «Казгослитиздаттан» шыққан оның ең бірінші «Менің достарым» атты жинағы болды, одан кейін «Теңіз әні» (1960), «Арал дәптері» (1962), «Жүрекке әмір жүрмейді» (1963), «Алау» (1966) атты өлең кітаптары шықты. Зейнолла Шүкіров прозаик ретінде балаларға арнап әңгімелерде жазды. Олар: «Тоғысқан тағдырлар»(1961), «Ғажайып құмыра» (1965). «Сырлы дүние» (1966) деген повестер жинағын шығарды.

ШЫҒАРМАРЫ:

Шүкіров З. Менің достарым:Өлендер.-Алматы,ҚМКӘБ,1955 Шүкіров З. Теніз жыры:өлендер.-Алматы,ҚМКӘБ, 1960. Шүкіров З. Арал дәпреті: Өлеңдер. - Алматы., ҚМКӘБ, 1962. Шүкіров З. Жүрекке әмір жүрмейді: Өлеңдер, поэма.- Алматы, ҚМКӘБ,

1963.

Шүкіров З. Алау: Өлеңдер.- Алматы, Жазушы, 1966. Шүкіров З. Сырлы дүние: Хикаялар.- Алматы, Жазушы, 1966. Шүкіров З. Ізгілік іздері: Әңгімелер.- Алматы, Жазушы, 1967. Шүкіров З. Арал толқыңдары: Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар. -Алматы, Жазушы,1969. Шүкіров З.. Жас жесір: Повесть.- Алматы, Жазушы, 1969. Шүкіров З. Сағыныш: Өлеңдер.- Алматы, Жазушы, 1970. Шүкіров З. Жас жесір: Таңдамалы повестер мен әңпмелер.-Алматы, Жазушы, 1973. Шүкіров З. Адам-Жер-Ана: Өлеңдер.-Алматы, Жазушы, 1974.


Шүкіров З. Н.Саршатамыз:Повесть.- Алматы, Жазушы, 1975. Шүкіров З. Ғажайып құмыра: Әңгімелер. -Алматы, Жалын, 1982. Шүкіров З. Өткелдер: Роман.- Алматы, Жазушы, 1983. Шүкіров З. Отты өткелдер: Роман.-Алматы, Жазушы, 1983. Шүкіров З. Ақ сазан: Әңгімелер.-Алматы; Жалын, 1988. Шүкіров З. Сыр бойы: Тарихи ұлы әңгіме.- Қызылорда; Тұмар, 2002. Шүкіров З. Жанқожа батыр: Тарихи роман.- Жұлдыз - 2002.-№ 3. 33 -81б.
* * *

Тебегенов Т. Менде де сол бір беймаза қазақ қаны бар...//Таң-Шолпан.-2008.-№1.-149-166б.

Нұрпейісов Ә. Зейнолла дос //Айқын.-2012.-7қыркүйек.-6б.

Шүкіров З. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-344б.

Шүкіров З. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 560б.
Щеголихин Иван

(1927-2010 )
Щеголихин Иван Павлович 1927 жылы 1 сәуірде Қостанай облысы, Қарабалық ауданыэ Ново-Троицк селосында дүниеге келді. Алматы Мемлекеттік медицина институтын (1956 ), А. Горький атыңдағы Әдебиет институтының 2-ші курсын (1959 жылы сырттай) бітірген дәрігер. 1950-1953ж.ж. түрмеде болған, Хакассиядағы малибден кендерінде жұмыс істеген, 1953 жылы оған рақымшылық жасалды; АММИ-ты бітірген соң СЭС-тың санитарлық дәрігер болып жұмыс істеді (1956-1957жж.) «Советский Казахстан» журналының редакторы, проза бөлімінің меңгерушісі, Қазақстаңдағы «Медицинский работник» газетінің меншікті тілшісі болып; Қазақстан жазушылар одағының әдебиет кеңесшісі, меңгерушінің орынбасары, проза бөлімінің орынбасары; «Простор» журналының деректі проза бөлімшесінің меңгерушісі, шығармашылық жұмыста болған (1957-1994жж.); Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қарулы күштер және қауіпсіздік Комитетінің мүшесі (1996 қаңтар-1998 қаңтар); 1998 жылдың сәуірінен 2002 жылға дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты (Президенттің тағайындауымен), Халықаралық істер, қарулы күштер және қауіпсіздік Комитетінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекетік саясат бойынша Ұлттық Кеңесіның мүшесі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 13 шақыруының депутаты (Алматы қаласынан). Алматы қаласынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттыгыне (екі жылға) сайланган, ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат (1997 ж.).

«Парасат» орденімен (1994ж.) ҚазССР Жоғарғы Кеңес Президиумның Құрмет грамотысымен «Қазақстанның халық жазушысы» медалімен марапатталған.

И.П. Щеголихиннің алғашқы «В одном институте» (1958) үлкен повесі «Советский Казахстан» журналында жарияланған. Өз повесінде ол өзінің үзаққа созылған студенттік кезеңі мен бұралаң жастық шағымен қоштасқан деуге болады,ал шындығынде повесть өміршендігімен ерекше. «Снега метельные» (1977)-бұл тың жерді игерумен адамдар туралы жазылған алғашқы көркем кітаптардың бірі.Тың жерді игеру енді ғана басталған шақтары ізі суымай жазылған шығарма. «Дефицит» (1991) романы- бұл сауда жұмысшылары туралы емес, бұл роман ұяттың, әдептіліктің, батылдықтың жетіспеушілігі туралы.

Щеголихин өзі жетік білетін дүние туралы жазды. И. Щеголихинің «Должностные лица» романы(1998)-бұл кәділегі роман емес - бұл айлакерлік физиологиясының, ұрлау технологиясының романы деуге болады. Жанры бойынша «Должностные лица» (1993) романы Илья Штенплердің «Завод», «Универмаг»,«Таксопарк»сияқты,ал батыс жазушылардан- Артур Хейлидің «Азропорт», «Отель» және т.б. романдарына ұқсас. «Старая проза» романында (1990)мәдениет сферасының қирау кезеңі және әкімшілік сфераның даму процесі туралы жазылған. И.П. Щеголихиннің басқа да шығармалары жұртшылық назарын аударып келеді: «Слишком доброе сердце», «День Лазаря», «Год обезьяны», «Желтое колесо» және т.б. Ол Сәкен Сейфуллін, Мұхтар Әуэзов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, т.б. шығармаларын орыс тіліне аударған.


Щеголихин И. //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-346б.

Щеголихин И. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 562б.

Щеголихин И. //Қазақстан Ұлттық энциклопедия.-8том.-Алматы,-2005.-465б.

Ыдырысов Қабдікәрім

(1928-1978)
Қабдікәрім Ыдырысов белгілі қазақ ақыны, 1928 жылы 27 тамызда.
Павлодар облысы, Краснокут ауданы, Октябрьдің 25-жылдығы атыңдағы совхозда дүниеге келді. 1962 жылы ҚазПИ-ді бітірді. 1948- 52 жылдары Павлодар облыстық атқару комитетінің нүсқаушысы, аға нұсқаушысы болып, жұмыс атқарды.1952-57жылдары «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісінің қызметін атқарды.1957-61жылдар арасында «Жазушы» баспасының аға редакторы, одансоң 1961-65 жылдары «Қазақәдебиеті» газетінің хатшысы болып, 1965 -1978 жылдары Жазушылар одағының хатшысы қызметін атқарцы. 1972 жылы Мемлекеттік кітап палатасының директоры болды, сол жерде 1975 жылға дейін жұмыс істеді. 1975-78 жылдары «Жалын» баспасын басқарды. 1978 жылдың 22 қараша күні қазақтың белгілі ақыны өмірден өтті. «Өмір гүлі» деп аталған алғашқы өлеңдер жинағы 1955 жылы шықты.
Қабдікәрім Ыдырысов «Жасырынбақ» (1962), «Әр қашан күн сөнбесін»
(1965), «Алға, балақай» (1980) сияқты кітаптары кішкентайларға арнап
жазылған болатын. Оның «Ертіс толқындары» (1959), «Шуақты күндер»
(1969), «Қолыңды бер, достым» (1973), «Армысың, Арабстан!» (1975),
«Пути-дороги» (1977), «Я расту» (1976), «Доброе сердце» (1977) және
т.б. ақындық жинақтары бар. Қабдікәрім Ыдырысовтың барлық
туындылары патриотизм, батырлық пен батылдыққа, достық пен
махаббатқа үйретеді. Қ. Ыдырысовтың көптеген өлеңдеріне ән жазылған. Қабдікәрім Ыдырысов М.Лукоеиннің «Свет над Волгой» өлеңдер
жинағын «Тропка Олеся Гончара» романын, И.Куприяновтың «Звезда
Вьетнама» және Ф.Г.Лорканың «Священные женщины» драммалары,
А.С.Пушкинің, М.Ю.Лермонтовтың, Т.Г.Шевченконың бірқатар өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
ШЫҒАРМАЛАРЫ:

Ыдырысов Қ. Әке жолы: Поэма.- Алматы: Казмемкөркемәдеббас, 1963.

Ыдырысов Қ. Әрқашан күн сөнбесін.- Алматы: Жазушы, 1965.

Ыдырысов Қ. Батыр ағай.- Алматы: Жазушы, 1971

Ыдырысов Қ. Ел жатса да, Ерекең жатпайды: Әзіл, сықақ әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1970. Ыдырысов Қ. Ертіс толқыны: Өлеңдер.- Алматы: азмемкөркемәдеббас,

1959.


Ыдырысов Қ. Жасырынбақ.-Алматы: Казмемкөркемәдеббас, 1962. Ыдырысов Қ. Жолыққан жолдар.-Алматы: Жазушы, 1971. Ыдырысов Қ. Қайдасыңдар, достарым: Ән-өлеңдер.-Алматы: Өнер,

1986.


Ыдырысов Қ. Қимас дәурен: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы, 1981. Ыдырысов Қ. Қиял көзі: Өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1977. Ыдырысов Қ. Ойнайық та ойлайық.- Алматы: Мектеп, 1973. Ыдырысов Қ. Ол кезде он үште едік.- Алматы: Казмемоқупедбас, 1965. Ыдырысов Қ. Өмір гүлдері.-Алматы: Жазушы, 1955. Ыдырысов Қ. Саяхатта. Балаларға арналған поэмалармен өлеңдер.- Алматы:Казмемкөркемәдеббас,1959. Ыдырысов Қ. Таңдамалы.- Алматы: Жазушы, 1978. Ыдырысов Қ. Тастар да сөйлейді.- Алматы, Жазушы, 1968. Ыдырысов Қ. Шуақты күндер:Өлендер.-Алматы: Жазушы,1969.
***

Бекхожин Қ. Бұл күнде жырдың бесті жүйрігісің. // Әдебиет айдыны.-

2008.-7тамыз.-4-5б.

Әлімбай М. Хас талант, қажырлы қайраткер Қабдыкәрім //Әдебиет айдыны.-2008.-10қазан.-4б.

Ыдырысов Қ. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-348б.

Ыдырысов Қ. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 563-64б. Ыдырысов Қ. //Қазақстан Ұлттық энциклопедия.-8том.-Алматы,-2005.-461б.



Ысқақов Бақтыкерей (1945)
Бақыткерей ЬІсқақов (Қыпшақ) 1945 жылы 9 мамыр айыңда Торғай облысының (Бұрынғы Қостанай) Арқалық ауданындағы «Қайынды» совхозында туған. 1963жылы А.Иманов атындағы совхоздың «Жаңа ауыл» орта мектебін бітіргеннен кейін 1963 жылға дейін Аманкелді және Арқалық аудандарында шофер болып енбек еткен.1968 жылы Қазақтың Мемлекеттік Абай атындағы педағогикалық институтының тіл-әдебиет факультетіне түсіп, оны 1972 жылы бітіргеннен соң Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, 1975 жылы Баспа комитетінде аға редактор, 1976 жылы «Жалын» баспасының балалар редакциясында редактор болып істеген. 1979 жылдан бері «Жазушы» баспасының поэзия бөлімінде қызмет істеп келеді. Б. Ысқақов өлеңдері облыстық және республикалық газет, журналдарда 1962 жылдан жариялана бастады. Алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Көктем тынысы» атты жастар жинағына енді.Ол татар ақыны М. Хұсайынның «Сүйемін сені», монғол ақыны Ж. Дашдондогтың «Күншуақ» атты өлең кітаптарын аударды. Сондай-ақ, Т. Шевченко, Тоқтағүл, М. Исаковский, Б. Слуцкий, В. Кулемин, Я. Козловский, О. Фокина, М. Познанская т.б. совет ақындарының өлеңдерін аударуға қатысты. Бақыткерей Ысқақовтың өлең-жырлары, орыс, татар, қырғыз, үйғыр тілдеріне аударылды.

ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Ысқақов Б. Бес тас: Өлеңдер.- Алматы: Балауса,1993. Ысқақов Б. Бүлттағы бұлақ: Өлендер, балладалар.- Алматы: Жазушы, 1992. Ысқақов Б.Бұлттартаудан тарайды: Жыр жинағы.-Алматы: Жазушы, 1989. Ысқақов Б. Ғашық жүрек: Өлендер.-Алматы: Жалын, 1977. Ысқақов Б. Маржан тұма: Өлендер мен поэма. – Алматы: Жалын, 1982 Ысқақов Б. Найзағай жарқылы: Өлеңдер, балладалар, толғау, поэма. – Алматы: Жалын,1986. Ысқақов Б. Тәкаппар таулар: Өлеңдер.-Алматы: Жалын, 1979. Ысқақов Б. Тойтөбе: Жыр, дастандар.-Алматы; Жазушы, 1996. Ысқақов Б. Ханталапай. (Қазақ балаларының үлттық асық ойыны).-Алматы:Айқап,1993. Ысқақов Б. Шыршалы шық: Поэмалар мен өлеңдер.-Алматы: жазушы,1982.

* * *


Тұрғынбекұлы С.Бақыткерей баспалдақтары//Қазақ әдебиеті.-2010.-29қазан.-11б. Мәдібаева Қ. Өлен өзегіндей өмір //Ана тілі.-2010.- 9желтоқсан.-10б. Ысқақов Б. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-351б.

Ысқақов Б. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 566б.


Ысқақов Қалихан (1935)
Ысқақов Қалихан 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Қатон- қарағай ауданы, Топқайың ауылында туылды. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін, Кинематография бойынша СССР Мемлекеттік Комитеті жанындағы сценаристердің Жоғарғы курстарын бітірді. Сегіз жыл ішінде республиканың әр түрлі мерзімді баспасөздерінде жұмыс істеген. Әдебиетке алпысыншы жылдардың басында келді. «Досым туралы», ((Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны», «Қоңыр күз еді» және «Тұйық» атты повесть жинақтарын шығарған. Кейбір повестері жеке кітаптары орыс, (Мәсекуде), татар, тәжік тілдерінде шыққан.

«Қоңыр күз еді» - бұл оның ең бірінші жинағы, оған әңгімелер мен повестер енген. Олар көбінесе соғыс жылдарында өткен жастық шаққа арналған. Естеліктер қазіргі қазақ ауылының өмірі мен кезектесіп суреттеліп отырады. Оқырман шығармада Ұлы Отан соғысы жылдарында ержетіп, ауыртпалықты үлкендермен бірдей көтерген, сөйтіп тылда фашизмге қарсы жеңіс жолында күреске түскен қыздар мен жігіттердің өміріне куә болады. Қалихан Ысқақовтың соңғы шығармаларының бірі - бүл «Ах, этот хромой мир!» повесі, оның әр жолынан қазір өмір сүру қиыңдап барады, бірақ одан да қиынырақ болады. Күліңдер, адамдар, осы өмірдегі бар жақсылықты көріп, езулеріңнен күлкі кетпесін. Бүгін әзілсіз өмір сүруге болмайды,- дейді. Бұл шығарма «өтпелі кезеңде» дүниеге келген. Қ.Ысқақовтың сценариімен толық метражды көркемфильмдер түсірілген: « Жаз ортасындағы қар», «Мың шақырым жол» А.П.Чеховтың, И. Буниннің таңдамалы әңпмелерін А.Куприннің, Л. Толстойдың және т.б. повестерін қазақ тіліне аударды. Қ.Ысқақов жиырмадан аса пьеса жазған, Ә. Таразимен бірлесіп «Әжемді іздеймін», «Апа - апатай», «Жәке - жәкетай», «Өмірбаян» т.б. пьесалары республикалық театр сахналарында көрсетіліп жүр. Қ.Ысқақовтың драматургиядағы ең әйгілі шығармалары - «Таңғы жаңғырық». Бүл пьеса М. Әуезовтың «Қараш - қараш оқиғасы» желісімен жазылған. Қазақтың белғілі жазушысы Қалихан Ысқақовтың соңғы шығармаларының бірі - «Қыл көпір» пьесасы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының үлкен сахнасында қойылып жүр. Драма, қазіргі заманға лайық өзекті мәселелерді көтереді.

Осынау қиын да қитұрқы замаңдағы жастары біразды алқымдаған жандардың тіршілігі, жанкешті күнкөріс қамы көрсетіледі. Ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас қайшылығы. Әке мен бала байланысы, соншалықты жаныңа жақын дүниелер. Қариялардың өмір соққысына төтеп беруғе тырысқан тырбаныстарына қарап жүрегіңе қайғы ұялайды. Көмек қолын созар ешкім жоқ. Қандай қиналыс күйін кешее де, олар тіпті балаларына сыр шашып, шағымданбайды. «Бәрі де жақсы» деп еріксіз еріндері күбірлейді. Ал сана - сезімі шындықты айтқысы келеді. Дегенмен, бал - шаға әке-шешесінің жағдайын калайша сезінбейді, санасына неліктен жетпейді. Ұят атты сезім олардың санасында бар ма екен?! Қарт әке-шешелерін қатал өмір талқысына қалайша қалдырып кетті? Ондай сезімсіз, түйсіксіз, тасбауыр баланың бар болғанынан жоғы артық шығар дейсің. Осындай ауыр ойлар, әке мен бала тіршілігі сахна төрінде шынайы қойылған көрініс бойына жаныңды жейді.

Қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін 1937 жылы Қалихан ЬІсқақов Қазақстак Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.

* * *
Ысқақов Қ.Таңдамалы: 2 томдық:

1.т.: Тұйық: Роман; Қоңыр күз еді: ІІовесть.


2.т.: Бұқтырма сарыны: Повесть.-1997.

Ысқақов Қ. Ақсу - жер жаннаты: Роман.-Алматы: Жазушы, 1989.

Ысқақов Қ. Бұқтұрма сарыны: Повестер.- Алматы, Жазушы, 1970.

Ысқақов Қ. Жарық дүние: Пьесалар жинағы.-Алматы: Өнер,1983.

Ысқақов Қ. Кейінгі үрпақ келешекке кепіл болама?.-Алматы: Білім, 2003.

Ысқақов Қ. Күреңсе: Повестерэ әңгімелер, эссе, портреттер.-Алматы:

Сөздік-Словарь, 2001.

Ысқақов Қ. Қоңыр күз еді: Роман. Повестер.-Алматы, Жазушы,1983.

Ысқақов Қ. Менің ағаларым: Повесть - новеллалар. Алматы., Жазушы,

2003.


* * *

Ысқақов Қ // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-349-350б.

Ысқақов Қ. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 565б.

Юровская Ольга (1939)
Ольга Федоровна Юровская 1939 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 1961 жылы Семей қаласындағы Кружной атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген. « Приыртышская правда», «Знание коммунизма» облыстық газеттерінде әдеби қызметкер болып, Шығыс Қазақстан облыстық радио және телевидение комитетінде редактор, «Қазақстан» баспасында корреспеңдент, «Вечерняя Алма - Ата» газетінде

ғылыми бөлімінің меңгерушісі болып қызмет жасады. «Вся в этой же галактике» (1969), «Открытию ровно» деректі повесінің (1969)э «Лелька» (1971) повестерінің «Дана мне радость»


(1977) лирикалық жинағының «Ходите чаще по земле» (1979), «Ливень» (1983), «Входи и здравствуй» (1987) атты әңгімелердің авторы. 80-ші жылдары ақын, жазушы О. Юровская Қазақстан Республикасынан жақын шетелге көшіп кетті.
* * *

Юровская О. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық: -2004.-355б..

Юровская О. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.-2005.- 357б.

Ізтөлин Баймағамбет

(І899 -1921)

Ізтөлин Баймағамбет Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданында дүниеге келген. 14 жасында жәдидтер мектебіне түседі. Бүл жерде оқудың жаңа жүйесі қолданылған. 1916 жылы Баймағамбет тыл жұмыстарына ауысты, бірақ ол жерден кәмелетке толмағандықтан босатылады да Пресно-горьковская станицасындағы орыс мектебіне түседі. Бір жыл оқып, ол Троицк қаласындағы «Уәзифа» медресесіне түседі. Осы жерде Б.Ізтөлин жасырын большевиктермен танысып, революциялық үңдеулерді таратады. Троицк қаласынан Баймағамбет өз атамекені Петропавлск қаласына оралады да, 1919 жылы Колчаковшылдарды қуғаннан кейін Коммунистік партия қатарына кіреді, уездің ревкомында жүмыс істейді, ревком оны уездік халық ағарту бөліміне жұмысқа жібереді, ол бар күші мен білімін халықтың білім алуына жұмсады. 1920 жылы Калчаковшылдардың қалдықтары бүлік шығарады, соған қарсы күресіп, жас ақын мерт болады. Өлең жазуды Баймағамбет Ізтөлин медреседе оқып жүргенде үйренген. Ол «Өмір» (1916), «Ана торпақ» (1916), «Жәкі мен құла ат» (1915), «Айым мен Күнім» сияқты туындылардың авторы. 1917 мен 1920 жылдар арасында жазылған туындыларын Б. Ізтөлин қала мен ауылдағы таптық күрестерге арнаған. «Күн мен түн» өлеңінде ол түннің бейнесінде халықтың қиын қараңғы өмірін, ал күн шығуымен жаңа өмірдің жақсылығын жеткізеді.

Ақынның көптеген өлеңдері жарыкқа шықпады. Ақгвардияшыл бандылар Б. Ізтөлинді өлтіріп, оның қолжазбаларын өртеп жіберген..

Қазақтың әйгілі жазушысы Сәбит Мұқанов өзінің «Өмір мектебі» трилогиясында Б. Ізтөлиннің бейнесін жарқын бейнелеген.

* * *
Ізтөлиннің. Б. Таңдамалы шығармалар.-Алматы: Жазушы, 1972,

Ізтөлиннің. Б. Таң сәулесі: Өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1981,

Ізтөлиннің. Б. Назым: Шығармалары.- 2 бас.- Алматы: Жазушы, 1982.

Ізтөлиннің Б. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық: -2004.-353б..

Ізтөлиннің Б. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.-2005.- 568б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет