Айтылым. Берілген суреттерді тірек сөздердің көмегімен сипаттаңыз (әр білім алушыға 2 минут). [10]
«Ұлы дала табиғаты»
Тірек сөздер :саяхатшылар, қорықтар, көлдердің бірі, ұлттық саябақ, «Әнші құм», жануарлар әлемі, табиғаты
Жазылым
Балл
|
Мазмұны (5 балл)
|
Тіл сапасы (5 балл)
|
5
|
Өте жақсы
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.
|
Өте жақсы
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
|
4
|
Жақсы
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.
|
Жақсы
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
|
3
|
Қанағаттанарлық
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.
|
Қанағаттанарлық
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
|
2
|
Төмен
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі
және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
|
Төмен
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.
|
1
|
Өте төмен
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.
|
Өте төмен
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.
|
Достарыңызбен бөлісу: |