Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет8/76
Дата03.05.2024
өлшемі2.31 Mb.
#500424
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
5 класс Т2

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл



Білім алушы

Әдеби шығармаларды түсінеді, тақырыбын анықтайды;



1

Мәтінге тақырып қояды.

1

2

Кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіреді.

1


Жалпы, жалқы есімдерді ажыратады, жалғауларды дұрыс жалғайды.

3

Мәтіннен 4 жалпы есімді анықтайды.
1 жалпы есім
2 жалпы есім
3 жалпы есім
4 жалпы есім



1
1
1
1



Белгілі бір оқиғаны сипаттай отырып эссе жазады;

4

Мәтін көлемін сақтайды (50-60 сөз);

1

орфографиялық нормаға сай жазады;

1




мәтіндерге жалпы есімдерді тиімді қолдана алады.

1

Барлығы




9


«Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________________________________________________



Бағалау критерийі




Оқу жетістігі деңгейі




Төмен

Орта

Жоғары

Әдеби шығармаларды түсінеді, тақырыбын анықтайды;



М әтінге сай тақырып қоюда, әдеби шығармаларды түсінуде қиналады.

Мәтінге сай тақырып қоюда, әдеби шығармаларды түсінуде қателіктер жібереді.

Әдеби шығармаларды түсінеді, тақырыбын анықтайды;



Жалпы, жалқы есімдерді ажыратады, жалғауларды дұрыс жалғайды.

Ж алпы, жалқы есімдерді, жалғауларды ажыратуда қиналады.



Жалқы, жалпы есімдерді ажыратуда қателіктер жібереді.



Мәтіндегі жалқы, жалпы есімдерді анықтайды.



Белгілі бір оқиғаны сипаттай отырып эссе жазады;

Белгілі бір оқиғаны сипаттай отырып эссе жазуда қиналады.



Белгілі бір оқиғаны сипаттай отырып эссе жазуда қателіктер жібереді.



Б елгілі бір оқиғаны сипаттай отырып эссе жазады;

«Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа



Оқу мақсаты:

5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау;
5.4.2.1 Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды,
табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу;
5.5.1.1 Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау.

Бағалау критерийі:

Білім алушы
• әдеби шығармаларды түсінеді, тақырыбын анықтайды;
• белгілі бір оқиғаны сипаттай отырып эссе жазады;
• жалпы, жалқы есімдерді ажыратады, жалғауларды дұрыс жалғайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану. Жоғары деңгей дағдылары.



Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай тақырып қойыңыз.


____________________
Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып:
- Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, - деген шарт қойыпты.
Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты.
Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:
- Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, - деп жан-жағына қарайды.
- Ендеше, іше ғой, - дейді аңдар аңтарылып.
Қоян ұзыннан-ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп:
- Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер! - деп, бас-басына көрсетіп шығады.
Сөйтіп, қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шыққанша, қазандағы су суып қалады. Сол кезде қоян суды басына бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Шошынған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмады.
Ал алданған арыстан патша қоянға көп-көп сыйлықтар бергізіп:
- Міне, нағыз ер! - деп мақтапты.
(135 сөз)
https://bilim-all.kz/article/1803


2 -тапсырма. Мәтіндегі кейіпкерлер мен олардың әрекетін ( ) арқылы сәйкестендіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет