Организмнің ішкі ортасы дегенініміз :
Бір торшалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан өзіне қажетті заттарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал адам мен жоғары сатыдағы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды, ал торшалары сыртқы ортамен тікелей жанаспайды, арнаулы ішкі ортамен қоршалады. Ішкі ортаға қан, торшааралық (ұлпалық) сұйық және лимфа (сөл) жатады. Торша өзіне қажетті заттарды осы ортадан сіңіріп, қажетсіз заттарды сол ортаға бөледі. Бірақ қан тамырлардан шықпайды да, торшалармен тікелей жанаспайды. Организм торшалары қан құрамынан пайда болатын торшааралық сұйықпен ғана жанасады, сол себепті қанды шартты түрде ғана организмнің ішкі ортасы, ал лимфа мен ұлпа аралық сұйықты шын мәнісіндегі ішкі орта деп санайды.
Қан және оның қызметтері.
Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа. Ол ұлпалық сұйық, лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасын құрайды, денеде көп қырлы қызмет атқарады, солардың арасында бастылары:
- тасымалдаушы қызмет- қан торшаларға қорек жеткізіп, олардан алып шыққан алмасу өнімдерін бөлу мүшелеріне (бүйрек, тер бездері, өкпе т.б.) тасымалдайды. Қанмен денеге гармондар таралып, ұлпаларға оттегі жеткізеді, торшалардан көмір қышқыл газ алынып кетіледі.
-қорғаныстық қызмет. Қанның ақ түйіршіктері фагоциттік белсенділік көрсетеді (торшалық иммунитет) және лимфоциттер бөлген антиденелер бөгде заттарды жойып отырады (гуморальды иммунитет);
- жылу реттеуші қызмет. Толассыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Қанның жәрдемімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді;
-байланыстырушы (коррелятивтік) қызмет . Әр түрлі мүшелер мен торшалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездері бөлген гармондарды тасымалдап, қан организм торшаларын, ұлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады.
Қан сұйық ұлпа, оның құрамы.
Қан әртүрлі торшалар жиынтығы болып табылады. Ол сұйық зат- плазмадан және қан түйіршіктерінен (торшаларынан ): қызыл түйіршіктерден (эритроциттер), ақ түйіршіктер (лейкоциттер) және қан табақшаларынан (тромбоциттер) тұрады. Қанның жалпы мөлшерінің 55-60 %-ын плазма, 40-45 % -ын қан торшалары құрайды.
Дененің жалпы массасының шамамен 6-8%-ы қаннан тұрады. Ересек адам организмінде 4,5-6 л қан болады. Қанның жалпы мөлшері жасқа, жынысқа, физиологиялық күйге т.б. байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: жаңа туған төлдерде, еркек және буаз малда қанның мөлшері көбірек, ал семіз малда- азырақ болады.
Плазма және қан сарысуының ұқсастық пен айырмашылық.
Плазма да, сарысу да қанның сұйық бөлігі. Плазма сарғыш түсті сұйық зат. Оның түсі құрамында бояғыш затардың (лютеин, каротин, ксантофил) болуына байланысты. Плазманың құрамында 90-92 % су , 8-10% құрғақ зат болады. Құрғақ заттың 6-8%-ы белоктардан тұрады. Плазма белоктары альбумин, глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді. Қан плазмасы құрамында несепнәр, зәр қышқылы, пурин негіздері, креатин, амин қышқылдары, аммиак сияқты белок алмасуының қалдық өнімдеріболады. Бұл қосылыстарды қалдық азот
деп атайды. Оның қандағы мөлшері белок алмасуының қарқыны, физиологиялық жағдайына байланысты өзгереді.
. Плазма құрамында көмірсулар , липидтер және минералды заттар (0,9) болады. Қан құрамындағы белоктарға пропердин мен ферменттер жатады. Пропердин вирус белоктарымен байланысып, оларды залалсыздандырады, бактерияларды өлтіреді, сондықтан ол кейбір ауруларға қарсы күресудің туа пайда болған факторы болып саналады.
Қанға ұйытпайтын зат қосып тұрғанда бөлініп шыққан сары түсті сұйықты қан плазмасы деп атайды. Ал қан ұйығаннан кейін бөлінген оның сұйық бөлігін қан сарысуы деп атайды. Қан сарысуы құрамы мен қасиеттері жағынан плазмаға ұқсас, тек оның құрамында фибриноген белогы ғана болмайды
Эритроциттердің қызметі.
Эритроциттер адам мен сүтқоректілерде ядросыз, екі бүйірі қысыңқы,
дөңелек табақша пішіндес торшалар. Олардың негізгі қызметі оттегі мен көмір қышқыл газды тасымалдау, демек тыныс алу процесін қамтамсыз ету. Эритроциттердің негізгі қызметі олардың құрамында гемоглобиннің болуымен және пішінін ерекшеліктерімен байланысты.
Эритроциттер сүйек кемігінде түзіліп, бауыр мен көк бауырда бұзылады. Олар есеппен 120 күн тіршілік етеді. Эритроциттер бұзылғанда гемоглобин бөлініп, ол гем мен глобинге ажырайды. Гемнен бөлінген темір гемоглобин түзұ үшін пайдаланылады. Ал темірдің артық мөлшері қанның арнаулы белогымен қысылып ферритин мен гемосидеринге айналады да, темір қоры ретінде бауырда, көк бауырда, аз мөлшерде ащы ішектің кілегей қабығында жиналады.
Лейкоциттердің қызметі.
Лейкоциттер- ақ түсті, ядролы, ірі торшалар. Олардың қандағы жалпы саны эритроциттер санынан 600-800 есе кем болады да, организмнің физиологилық күйіне байланысты көп шамада айытқып отырады. Қабыну процесі, жұқпалы аурулар лейкоциттер санын көбейтеді.
Лейкоциттер түйіршікті және түйіршіксіз болып бөлінеді. Түйіршікті лейкоциттерге базофилдер, эозинофилдер және нейтрофилдер, ал түйіршіксіз лейкоциттерге - моноцит және лимфоцит жатады.
Организмде лейкоциттер қорғағыш қызмет атқарады. Оларға фагацитоз құбылысы тән және лейкоциттер әр түрлі денелер түзуге , организмде бөгде белоктарды залалсыздандыруға қатысады.
Тромбоциттің қызметі.
Тромбоциттер- ядросыз, майда, нәзік, өте тез бұзылатын торшалар. Қанның 1мм мөлшеріндегі олардың саны 200 - 400 – мың , тіршілік мерзімінің ұзақтығы 2-5 күн . Олар сүйек кемігінде түзіліп, көк бауырда бұзылады. Бұл торшалар қанның ұю процесіне қатысады.
Тромбоциттерге ерекше қасиеттер тән, атап айтқанда жабысқақтық (адгезия) және желімденгіштік (агрегация). Организм жарақаттанып, тамыр қабырғалары зақымданса олар жарақаттанған қан тамырлары қабырғасына жабысады да, бір- бірімен желімдене бастайды. Тромбоциттердің тамыр қабырғасына жабысуына зақымданған беткейдің теріс зариядының оң зариядқа алмасуы да себепкер болады.
Тромбоциттердің фосфолипидтерден түзілген екі қабатты қабығы болады. Осы қабықта олардың барлық қызметін қамтамасыз ететін құрылымдар (тромбин, адреналин, АДФ сияқты заттардың сигналдарын қабылдайтын рецептор, өсінділер т.б.) орналасады. Тромбоциттер бұзылғанда олардың денесіндегі ретрактозим, серотонин, антигепарин, антифибринолизин т.б. бөлінеді де, ұйықтың пайда болуына қолайлы жағдай туындайды.
Қанның осмостық қысымының маңызы.
Осмостық қысым деп жартылай өткізгіш жарғақтан еріткіштің (су) өтуіне жұмсалатын күшті айтады. Организмде қан тамырларының қабырғасы осы жартылай өткізгіш жарғақтың қызметін атқарады. Оның іш жағында қан, сыртқы жағында торшааралық сұйықтық жатады.
Қанның осмостық қысымының деңгейі оның құрамындағы электролит иондарының , белок молекулаларының мөлшерімен байланысты қалыптасады. Қанның бұл көрсеткіштерінің тұрақты болғандықтан оның осмостық қысымы да тұрақты- 7,8-8,1 атмосфера аралығында сақталады. Осмостық қысымның тұрақылығын реттеуде әр түрлі бөлу мүшелері (бүйрек , тер бездері т.б.) маңызды рөл атқарады. Олардың қызмет әрекеттерінің арқасында зат алмасу кезінде организмде түзілген түрлі зиянды ыдырау өнімдері сыртқа шығарылып, осмостық қысымның ауытқуына мүмкіндік берілмейді.Бұл процесте әр түрлі ұлпалардың минералды тұздарды сіңіріп алып, оларды қанға жайлап бөліп отыратын қабілеті де маңызды рөл атқарады.
Қанның осмостық қысымының тұрақтылығының үлкен биологиялық маңызы бар. Дененің кез келген торшаларының (қан түйіршіктері, нерв, ет, эпителий торшалары) осмостық қысымы оларды қоршап тұрған сұйықтың (қан, лимфа, торшааралық сұйық ) осмостық қысымына тең. Сондықтан да торшаны қоршап тұрған сұйықтың осмостық қысымы өзгерсе, онда торшалардағы су алмасу процесі бұзылып, гемолиз (торшаның ісіп, жарылуы), не плазмолиз (торшаның су жоғалтып, бүрісуі) құбылыстары байқалады.
Қанның буферлік жүйесі.
Адам мен жоғары сатыдағы жануарлардың қанының әрекетшіл ортасы әлсіз сілтілік болады (рН- 7,35-7,45). Бұл көрсеткіш Н және ОН мөлшерінің ара қатнасымен анықталады. Артерия қанының рН-7,45, ал вена қанының рН-ы ұлпалардан көмір қышқыл газының сіңірілуімен байланысты 7,35 шамасында сақталады. Зат алмасу процесі барысында қанға көмір қышқыл газдың , сүт қышқылының т.б. қышқыл алмасуөнімдерінің бөлінуіне қарамастан қанның әрекетшіл ортасы тұрақты жағдайда сақталады. Қан құрамында төрт түрлі буферлік жүйе болады.
-
Бикарбонатты буф. жүйе: ол көмір қышқыл мен натрий
бикарбонаттарынан тұрады.
2. Фосфатты б.ж: бір және қос негізді фосфорқышқылды натрийдан тұрады.
3. Белокты б.ж: плазма белоктарынан құралады. Белоктар амфотерлік қасиетінің арқасында ортаның әрекетшіл ортасына қарай не Н, не ОН иондарын бөледі де, қанның сутектік көрсеткішін бір деңгейде ұстайды.
4. гемоглабиндік жүйе; гемоглабиннің К тұзына (КНвО) байланысты. Бұл қосылыс көмір қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл болғандықтан оған өзінің К ионын береді де, Н ионын қосып алып, баяу диссоциацияланатын қышқылға айналады. Қанның сілтілік қасиетінің 75 пайызы осы гемоглабинге байланысты.
Қан әрекетшіл ортаның қышқыл жаққа ығысуынан жақсы қорғалған. Оның себебі сілтілік қордың болуында. Қанның сілтілік қоры деп 100 мл қандағы бикарбонаттар мөлшерін айтады. Қан құрамында қышқылдық және сілтілік эквиваленттер белгілі арақатынаста болады да, қышқыл- сілтілік тепе- теңдік қалыптасады.
Бақылау сұрақтары
1.Қанның плазмасы және сары суы
2..Қанның формалары элементтері.және олардың қызметі.
3.Қан түзілу физиологиясы.Қан түзілуінің реттелуі
4..Эритропоэтиндер,олардың қан түзілудегі маңызы.
5. Қаннң мөлшер салмағы, коллоидтық-осмостық қысым және қанның буферлік қасиеті. 6.Қан құрамындағы жынысқа, жасқа және қан т.үзілу процесіне байланысты айврмашылықтар.
Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
Қанның буферлік жүйесі.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:
1.Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.
2.Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.
3.Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж
Қосымша әдебиеттер:
4.Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.
5.Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.
6.Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.
7.Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.
8.Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.
№ 16 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Қанның ұюы.
Лекцияның жоспары:
Лекцияның мақсаты: Студенттерге қанның ұюы мен таныстыру.
Лекцияның мазмұны: Қанның физикалық қасиетхерінің өзгеріп, сүйық күйден қойырт-пақтанып қатқылдануын үю деп атайды. Қанның ұюы оның маңыз-ды қорғағыш қасиеттерінің бірі. Ол организмді қансыраудан сақтай-ды. Қансырауды тоқтатуға (гемостаз) қан тамырларының қабырғасы, тамыр маңыңдағы ұлпалар, қан плазмасы құрамыңдағы үю фактор-лары, барлық қан торшалары қатысады. Бүл процесте биологиялық белсеңді заттар да маңызды рөл атқарады. Олар физиологиялық өсеріне қарай қанның ұюын жеңілдететін, қанның үюына кедергі жасайтын және үйықты ерітетін заттар болып бөлінеді.
Қанның үюы тізбектелген реакциялардан түратын күрделі про-цесс. Оның мөні қан қүрамындағы фибриноген белогының физика-химиялық қасиеттерінің езгеруінде. Үю процесі барысында фибри-ноген белогынан қышқыл пептид болінеді де, ол ерімейтін белок -фибринге айналады.
Қанның ұю процесі механизмінің негізіне 1871 ж. А.Шмидт үсынған ферменттік теория алынған. Бүл теорияға сөйкес үю процесі үш кезеңде отеді де, плазма қүрамындағы 13 фактор мен тромбоцит факторларының (10-нан астам) қатысуымен жүреді. Плазма факторлары ашылу ретіне қарай номірленіп, рим цифрлары-мен, ал тромбоцит факторлары араб цифрларымен белгіленеді. Егер плазма қүрамындағы факторлардың біреуі жетіспесе, онда қан ұю қабілетінен айырылады (мысалы, \ТИ-фактор жетіспегенде гемофи-лия дерті байқалады).
Қанның үю процесі үш кезеңде орбиді. Бірінші кезең тромбоциттердің белсенділігінің күшеюімен сипатталады. Екінші ке-зеңде плазма қүрамыңдағы факторлардың белсеңділігі артып, үш са-тылы тізбектелген ферменттік процесс жүреді. Үюдың соңғы үшінші кезеңіңде үйық ретракциясы (фибрин талшықтарының тығыздалуы) жүреді (1- схема).
Денедегі жарақат сипатына, зақымданған тамыр табиғатьша қарай үю процесі екі жолмен жүреді: не ол тамыр мен тромбоциттер реакциясымен шектеледі (тамыр-тромбоциттік механизм), не плазма қүрамындағы факторлардың қатысуымен тізбектелген ферменттік процесс басталып, фибрин ұйығы пайда болады (коагуляциялық -үю механизмі).
Тамыр - тромбоциттік механизм қан қысымы томен майда та-мырлар зақымданғанда іске қосылады. Бүл жағдайда тромбоциттер-ден болінген заттардың әсерімен тамыр тарылады, тромбоциттер за-қымдалған жерге жабысып, бір-бірімен желімденеді де, плазма оңай өтетін, тромбоциттерден құралған, борпылдақ тығын пайда болады. Одан өрі тромбоциттердің қайтарымсыз агрегациясы жүріп, олар плаз-маны өткізбейтін біртекті массаға айналады. Тромбоциттерден бөлінген заттардың әсерімен қан тамыры тарыла түседі, 3-фактор - тромбо-цит протромбиназасы арқьглы қанның ағуын тоқтатудың коагуля-циялық (ұю) механизмі іске қосылады. Осыдан кейін тромбоцит ұйығы тығыздалып, қан үйығының ретракциясы нөтижесінде тром-боцит тығыны зақымданған тамырға бекиді, қанның ағуы тиьглады.
Ірі тамырларда тромбоцит үйығы үлкен қысымға шыдамайды, шайылып кетеді. Мүндай жағдайда қанның ағуын тек фибрин үйығы тоқтатады, коагуляциялық механизм іске қосылады. Бүл кезең үш сатыда етеді.
Кезеңнің бірінші сатысында XII, XI, VIII, VII, IX, IV, V - фактор-лар мен тромбоциттердің 3-факторының әрекеттесуі нөтижесінде күрделі процесс жүріп, тромбопластин (ІІ-фактор) пайда болады. Тромбопластин үлпалар мыжылып зақымданғанда да пайда болады, оны үлпа тромбопластині деп атайды.
Үюдың екінші сатысында тромбопластин плазманың IV, V, VI, VII факторларымен әрекеттесіп, тромбоциттердің 1 және 2 факторла-рының қатысуымен К дермендәрісі жеткілікті болған жағдайда бауырда түзілетін бүйығы фермент протромбинге өсер етіп, оны белсенді фер-мент - тромбинге айналдырады.
Зақымдаушы әсер
1-кезең
Тромбоциттврдің Т
активтенуі Ұлпалар мен тамырлар- п
. дың жаракаттануы
Г "оТбодит"?-^-"1 Г ~*~і~^к~^ Г ~&~~~Т~~\?
^_уы_мен _а_д_у_^_ ^аттардаңбөлінуі_ _—*>_ Р__^ _ _ _
Тромбоцит тыгынының пайда болуы
II- кезең 1-саты Ішкі жол сыртқы жол
Плазмалық
факторлардың Плазма факторларының Плазма факторларының
активтенуі I коллагеннің катализдік ұлпа факторларымен
бетімен өрекеттесуі ерекеттесуі
Тромбопластиннің түзілуі
2-саты I ~| , I _і ~ — " "I
I Протромби_ _ ► _ _Громбин_
Тромбиннің түзілуі
3-саты і 1 і __ 1
Фибриноген ,. Фибрин
I 1 І-^->-І I
Фибрин үйықтарының пайда болуы
Қанның үюының үшінші сатысында тромбин ферменті кальций иоңдары мен тромбоциттер факторларының қатысуымен фибрино-ген белогын фибринге айналдырады. Бүл процесс екі сатьща отеді. Алғашқы ферменттік сатыда тромбиннің әсерімен фибриногеннен пептид болінеді де, ерігіш фибрин талшықтары - мономер пайда болады. Екінші полимерлеу сатысында оларға ХШ-фактор мен каль-ций иоңдары әсер етіп, ерімейтін фибрин талшықтары түзіледі.
Қаң үюының 3-кезеңінде тромбоциттер қүрамынан болінетін ректрактозимнің өсерінен фибрин талшықтары тығыздалып, жиы-рьшады - ретракция процесі жүреді. Адамньщ немесе бір түр дарақтарының иммунологиялық белгіле-ріне - эритроциттер қүрамында агтлютиногендердің, плазмада -агглютининдердің болу-болмауына қарай, - ерекшеленетін қан белгілерінің бірлестігін қан топтары дейді. Австрия ғалымы К.Лан-дштейнер (1901) мен чех ғалымы Я.Янский (1907) зерттеулері нәтижесінде эритроциттерде А және В деген екі түрлі агглютиноген-дер (антигеңцер), ал плазмада екі түрлі агглютининдер (антиденелер-жабыстырғыш заттар), - а және р, болатыны анықталған. Қан қүра-мында олар жеке-жеке, қос-қос немесе тіпті болмауы мүмкін. Агг-лютиноген А(В) мен агглютинин а(р) аттастар деп аталады. а агглю-тинин А агглютиногені бар эритроциттерді, ал р агглютинин - В агаготиногені бар эритроциттерді жабыстырады. Сондықтан бір адам-ның қаныңца өр тектес агглютиноген мен агглютинин ғана болады. Адамда олар торт түрлі бірлестікте немесе топта кездеседі: 1(0) топ қанының эритроциттеріңде агглютиногендер болмайды, ал плазма-сында а мен р агглютининдері болады. II (А) топта - агглютиноген А мен агглютинин р, III (В) топта - агглютиноген В мен агглюти-нин а болады. IV (АВ) тобында А және В агтлютиногендері болады да, агглютининдер болмайды. Егер қан қүйғанда донор (қан беруші) қанының эритроциттері реципиенттің (қан қабылдаушы) аттас агглютининімен кездессе, эритроциттер агглютинациясы (жабысу) жүреді. Мүндай қандар сәйкес емес қандар деп аталады.
Қаны /топқа жататын адамға тек /топтың қанын қүюға болады, ал /топ қанын басқа топтардағы адамдардың барлығына қүюға бола-ды. Сондықтан қаны /топқа жататын адамдарды әмбебап донор дейді. Қаны ТУтопқа жататындарға барлық топ қанын қүюға болады, олар-ды әмбебап реципиенттер дейді. Ятоп қанын - Яжәне /Утоптарға, ал 77/топ қанын - Шжәне /Ғтоптарға қүюға болады ( 4- сурет). Қазіргі кезде АбОжүйесінен басқа 200 -ден астам өр түрлі агглютиногендердің болатыны анықталған. Бүл агглютиноген-дерге қарсы дайын агглютинин-дер болмайды жөне организмде түзілмейді, сондықтан оларды ескермейді. Олардың арасында тек бір агглютиноген - резус-факторға (Кһ) ғана коңіл ауда-рады. Дүние жүзіндегі адамдар- дың 85 пайызының қаныңца ре-зус фактор болатын корінеді (резус оң қан, КҺ+), ал 15 пайызында бүл агглютиноген болмайды (резус теріс қан, Кһ-). Теріс резус-фак-торлы адамга оң резус-факторлы қан қүйылса реципиент организмінде қорғағыш денелер - антирезус-фактор түзіледі. Осындай реципиент-ке екінші рет оң резус-факторлы қан қүйылса, дайын антирезус-фактордың өсерімен эритроциттер жабысып, агглютинация процесі жүреді. Теріс резус-факторлы ана оң резус-факторлы бала котерсе де осыңдай қүбылыс байқалады^
Қанның тобы мен резус-фактор белгілі зандылықпен түқьгм куалайды. Мал қанының топтарында әлі күнге дейін белгісіз жәйттер көп. Мал эритроциттеріңде коптеген агглютиногеңдер болады, сондықтан қанды торт топқа біріктіру мүмкін емес. Әрбір топты бірнеше агглю-тиногендер түзеді, сол себептен мал қаны генетикалық жуйеге болінеді. Мөселен, ірі қарада 85 агглютиноген болғаңцықтан оларды 11 гене-тикалық жүйеге боледі. Жылқьща 16 агглютиноген 8 жүйе, қойда -26 агглютиноген 7 жүйе, шошқада 50 агглютиноген 14 жүйе, тауық-та 60 агглютиноген 14 жүйе болады.Қалыпты жағдайда тамырларда қан үйығы пайда болмайды. Оған қан тамырларының ішкі астарлы қабатының (интима) тегістігі, тром-бопластин түзілуінің күрделілігі және қан қүрамында антикоагулянт-тардың болуы себеп. Қанды үйытпайтын заттарды антикоагулянт-тар деп атайды.
Қазіргі кезде қан үюының әрбір кезеңіне өсер ететін антикоагу-лянттар белгілі. Олар үю процесіне қатысатын факторларды не бүзып, не бейтараптап отырады.
Антикоагулянттарға мына заттар жатады:
Гепарин - бауыр торшаларында түзілетін мукополисахарид. Ол тромбопластиннің түзілуін баяулатады, протромбиннің тромбинге,
фибриногеннің фибринге айналуын тежейді. Демек, гепарин қан үюының үш сатысына да өсер етеді.
Антитромбопластиндер (антикефалин, липоидты басытқы) тромбопластиннің түзілуін тоқтатады.
Антипротромбопластин - Хагеман факторының (XII) басытқысы.
Фибринді ерітетін жуйе. Қан қүрамыңда профибринолизин немесе плазмоген деген зат болады. Ол коптеген үлпаларда болатьш фибрино-киназа ферментінің әсерімен белсенді түрге - фибринолизинге (плаз-минге) айналады. Фибрщолизин фибрин талшықтарьш ерітіп отырады.
Қанның үюын басқа жолмен де тоқтатуға болады. Егер үю үстіңце пайда бола бастаған фибрин талшықтарын таяқпен алып тастаса, қан үю қабілетін жоғалтады. Мүндай қанды фибринсіз қан деп атайды. Қанның үюын қымыздық және лимон қышқылды натрий түздары да тоқтатады. Қымыздық қышқылды натрий түзын қосқанда каль-ций иондары түнбаға көшеді де, бос кальций иоңдары болмағандық-тан қан үйымайды. Мүндай қанды оксалатты қан деп атайды. Ал, лимон қышқылды натрий түзын қосқанда кальций иоңдары түзбен қосылыс түзіп, қан үйымайды. Мүндай қан цитратты қан деп аталады. Қанның үюын жасанды антикоагулянттар — дикумарин, пелентан, синкумар сияқты заттар да тоқтатады. Сүліктің сілекей безінен болінетін гирудин деген зат та қанды үйытпайды.
Қан барлық тірі үлпалар сияқты толассыз жаңарып отырады. Организмде арнаулы бірлестік — "қан жүйесі" (Г.Ф.Ланг үсынған термин) қанды түзіп, денеге таратып, оның ескірген болігін бүзып, жойып отырады.
Гемопоэз - қанның түзілу процесі. Қан торшалары арнаулы мүше-лерде түзіледі. Қан түзуші мүшелерге сүйек кемігі, көк бауыр, лим-фа түйіндері жатады. Сүйек кемігінде эритроциттер, түйіршікті лей-коциттер және тромбоциттер түзіледі. Лимфа қүрылымдарыңца лим-фоциттер, ал кок бауырда - моноциттер түзіледі. Үрықтарда эритро-циттер, түйіршікті лейкоциттер, тромбоциттер бауырда түзіледі, ал үрықтық дамудың соңғы сатысыңца бауырдың қан торшаларын түзетін қызметі тоқтап, бүл торшалар тек сүйек кемігіңце түзілетін болады. Қан плазмасын түзуде, оның қүрамын қалыптастыруда ас қорыту жолы маңызды рөл атқарады.
Қазіргі деректерге сөйкес барлық қан торшаларының дамуы бір ғана торша - гемоцитобластан басталады. Сүйек кемігінде гемоци-тобластың бір бөлігі эритропоэтиннің ықпалымен эритроциттерді ондіру жолына, екінші бөлігі лейкопоэтиннің өсерімен лейкоциттерді түзу жолына, ал үшінші бәлігі тромбопоэтиннің ықпалымен тромбоциттерді түзу жолына түседі.
Лимфа өте баяу жылжиды. Мысалы, жылқының мойнындағы лим-фа тамырларында ол минутына 260-300 мм жылдамдықпен ағады. Вена тамырларыңца бұл аралықты қан бір секунд ішінде өтеді.
Үлпааралық қуыстардан шыққан сүйық лимфа тамырларына жи-налып, аумақтық лимфа түйіндерінен өтеді де, көкірек жөне мойын озектері арқылы қуыс веналарға қүйылып, оң жүрекшеде вена қаны-мен араласады.
Лимфа тамырлары денеде дренаждық жүйе қүрып, мүшелерден торшааралық сүйықтың артық молшерін алып шыгады. Лимфа ка-пиллярларының откізгіштігі жоғары болғаңдықтан лимфа жүйесіне әр түрлі богде заттар отіп отырады. Олар биологиялық сүзгі (фильтр) қызметін орьшдайтын лимфа түйіңцерінде сүзіледі де, торлы эндоте-лий торшаларьшың қатысуымен залалсызданады. Лимфа түйіңдерінде лимфоциттер де түзіледі.
Бақылау сұрақтары:
1.Қанның уюы деген не, оның биологиялық мәні неде?
2. Қанның уюының механизмі қандай.
3. Қан топтары деген не және қан қандай негізде топқа бөлінеді?
4. Антикоагулянттар деген не, олардың маңызы қандай?
Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
Гемопоэз деген не, ол қайда журеді.
№ 17 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Жүрек-тамыр жүйесі
Лекцияның жоспары:
1.Жүрек-тамыр жүйесі.
2. Қан тамырларының типтері: артериялар, веналар, капиллярлар, олардың морфологиясы.
3.Жүректің эволюциясы және омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың структуралары.
4. Сүтқоректі жануарлр мен адамның жүрегі.
Лекцияның мақсаты: Студенттерге жүрек-тамыр жүйесі мен таныстыру.
Лекцияның мазмұны: Жүрек басқа тамырлар жүйесі сияқты ұрықтық мезодерманың мезенхимиясынан өте ерте пайда болып, шамамен үшінші аптада созылып, жиырылып қызметке кіріседі. Жүрек алғашкы эмбриондық дамуда эндодерма мен ішкі жапырақша аралығында екі түтікше тәрізденіп басталады. Осы екі түтік ұрық ішегінің бас бөлімінің алдыңғы жағына ығысып, екеуі бірігіп сыңар түтікке айналады. Оның ішкі қабырғасы (эндокард) — мезенхимадан тұрады (мезодермадан шамалы қалыңдау), нәтижесінде жүректің миокард қабаты мен сір қабаты (эпикард пен үлпершегі — перикард) пайда болады.Жүректің түтік тәрізді бастамасының ұшына қараған (каудольды) жағы кеңейіп, веналық қойнау (sinus venosis), ал бассүйекке караган үшы тармакталып артериялык бағана (truncus аrtеrіоrиs) түзеді. Олардың веналык қойнауы денесіндегі веналық қанды қабылдайды. Жүректің түтігі эмбрионалдық даму кезінде тез ұзарып, оның веналық және артериялық бөлімдерінің арасы жіңішкереді. Осы жіңішкерген жерден келешек жүректің жақтаулы қақпақшасы пайда болады. Веналық бөлімдері екі құлақ өсіндісі бар құлақшаға; ал артериялық бөлімі құлақшаның екі жағын қапталдай екі артериялық бағана түзіп, жүректің қарыншасына айналады. Осылай веналық қойнауы, құлақша жақтаулы қақпақшасы (құлақша мен қарынша аралығында), қарыншасы және артериялық бағаналардан түзілген екі бөлімді ұрықтық жүрек пайда болады. Бұл балықтардың жүрегіне ұқсап, қызмет атқара бастайды.Жүректің ішкі жағында бұдан былайғы эмбриондық дамуы нәтижесінде біртіндеп үш перде (septum intertriale) пайда бола бастайды. Олардың бірінші пердесі тез өсіп, құлақшаны екіге бөледі. Бірақ бұл
перде толық жабылмайды. Құрсақтағы нәрестеде сақталатын оң жақ құлақша мен сол жақ құлақшаны қосып тұратын сопақша тесік (foramenovale) қалады. Демек, құлақшадағы қан бір-біріне араласып тұрады. Екінші перде (sерtит аоrtісориlтапаlе) екі артериялық бағана аралығында пайда болып, оларды қолка және өкпе бағана тамырларына бөледі. Үшінші перде қарыншаны екіге бөліп, төменнен жоғары қарай өседі. Бұл бірінші және екінші пердеге келіп қосылады. Оны қарынша пердесі (sерtит іпtеr vепtісиlаrе) деп атайды. Осылай үш перделер бір-бірімен, бірігіп, жүректі оң және сол жақ бөлімге бөледі. Сонда сол жақ қарынша қолқа тамырына жалғасып, оң жақ қарыншаның созындысы өкпенің қантамырына айналады.Жүректің оң жағындағы құлақша мен қарынша арасында үш жақтаулы қақпақша және сол жағындағы құлақша мен қарыншаның арасында екі жақтаулы қақпақша түзіледі. Веналық қойнаулар жоғарғы, төменгі қуысты вена күретамырларының және жүрек веналарының тесіктеріне айналады. Жоғарыдағы айтқанымыздай, ұрықтың дамуы кезінде жүрек мүрделі өзгерістерге ұшырап, ақырында төрт бөлікке бөлінеді. Міне, осы төрт бөлімді жүрек алғашқыда ұрықтың мойын бөлігінде дамып, кейіннен көкірек қуысына қарай ығыса бастайды. Ұрықтың жүректегі қанайналымының ерекшеліктеріне байланысты оның кейбір бөліктерінің және қантамырларының қызметі "Ұрықтың қанайналымы" деген тақырыпта айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |