Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы “Бекітілді”



бет8/11
Дата09.06.2016
өлшемі1.2 Mb.
#125423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ЖҮРЕКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРЕКТІҢ СЫРТҚЫ БІТІМІ

Жүрек-сүйір, іші қуыс, бұлшықетті мүше (200-201-суреттер). Оның артқы жоғарғы жағын негізгі (bаsіs соrdіs), ал алдыңғы төменгі жағын жүректің ұшы (арехсоrdіs) деп атайды.Жүрек көкірек қуысында екі өкпенің арасында, төс сүйектің астында көкетке дейін орналасады. Жүректің көкетке дейінгі төменгі жағы көкеттік беті (fасіеs diарhrаgmatісі), ал алдыңғы, жоғарғы тос-қабырғалық жағы жүректің төс-қабыртқалык беті (fасіеs stеrпосоstаlіs) деп аталады. Жүрек көкіректің дәл ортасында емес, үштен екі бөлігі дененің орта сызығынан — солға, ал үштен бірі оңға ауып орналасқан. Оң жақ өкпе сол жақ өкпеден үлкен болады да жүрек сол жақ өкпеге сұғынып жатады. Жүрекке орта есеппен 250-300 см3 көлемде қан сылды. Жүректің салмағы еркектерде — 300 г, ал әйелдерде — 250 г, орташа ұзындығы — 13 см, ені — 10,5 см, қалыңдығы — 7 см.Көкіректің сыртынан есептегенде жүрек сол жақтағы емшектің тұсында, ұзындығы II қабыртқа мен V қабыртқаның арақашықтығындай болады. Жүректің сыртындағы қабы үлпершек деп аталады.Жүрек үлпершегі (реricаrdium) — екі қабаттан түзілген сір қапшық. Оның сыртқысын — талшықты үлпершек (реriсardium fibrosum), ал ішкісін сір үлпершек (реriсardium serosит) дейді. Үлпершектің сыртқы талшықты қабаты алдыңғы жағындағы дәнекер ұлпалармен қосылып төсүлпершек байламын (ligamentum sternopericardiaca) түзеді. Ол байлам арқылы жүрек үлпершегі алдыңғы жағымен төстің ішкі бетіне бекиді. Жүрек үлпіршегі төменгі жағымен көкектің орталық күмбезді сіңіріне бірігеді, жоғарғы жағымен ереме қолқаны, өкпе күретамырын және жоғарғы, төменгі қуысты вена күретамырларды орайды. Сондай-ақ жүрек үлпершегі өкпе аралығындағы, олардың аралык үлпершектерімен бірігіп байланады.Жүрек үлпершегінің ішкі сір қабаты да екі жапырақшасын: сыртқы тақташа (laminaparietalis) үлпершектің ішкі астарын және ішкі тақташа (laminaparietalis) — жүректің сыртын орап жатқан эпикардын түзеді. Бұл екі жапырақшалар жүректің қолқа, күретамырлар жағында бір-бірімен бірігіп, ал қалған бөлігі жүректің ұшына қарай бір-бірімен бірікпей саңылау түзіп, қалталанып жатады. Оны жүректің үлпершек саңылауы (сavitas pericardialis) дейді. Саңылаудың ішінде азырақ сір сұйықтығы (сavitas pericardialis) болады. Құрылысы осындай болғандықтан үлпершек жүректің қимылына кедергі келтірмейді. Жүрек үлпіршегін жүректен сыпырып алуға болады. Жүректі осылай аршығанда денесі жалтырап көрінеді. Жүрек денесінің бірнеше жүлгелермен тілімденгенін көреміз. Олар мыналар: қарынша мен құлақшалар аралығында жүректің таж немесе көлденең жүлгесі (sulcus coronarius); алдыңғы және жоғарғы қарынша бетінде — алдыңғы жүлге (sulcus interventricularis); ал артқы және төменгі қарынша бетінде—артқы қарынша аралық жүлге (sиlсиs іпtеrvепtrісиtаrіs anterior). Бұл жүлгелерде жүректің артериялары мен веналары жатады. Сондай-ақ жүректің оң және сол жақ құлақтары (аиrісиlае dехtrа еt sіпіstra) да анық көрінеді.Жүректің ішкі көрінісі. Сонымен жүрек терт қуысты болады. Олар: оң және сол жақ құлақша (аtrіит dехtеr еt sіпіstеs), оң және сол жақ қарынша (vепtrісиlі dexter et sіпіstеs) деп аталады. (202-сурет).Жүректің қуыстарына толған қанды перделер мен әр түрлі қақпақшалар ретімен жіберіп тұрады. Жүректің оң жағы, сол жағынан тұтас перде арқылы бөлінген. Оң жақтағы құлақша мен қарыншаның арасында үш жақтаулы қақпақша (valva tricuspidalis), ал сол жақ құлақша мен сол жақ қарыншаның арасында екі жақтаулы қақпақша (valva dicuspidalis) бар. Жүректен қанды алып кететін қолқа жөне окпе күретамырларының басталар жерінде үш жарты ай төрізді қақпақшалар, ал жүрекке қанды әкелетін вена күретамырлардың және өкпе веналардың қүйылар жерінде де жарты ай төрізді қақпақшалар болады. Енді жүректің ішкі құрылысын одан әрі тексеріп қарайық.Оң жақ құлақшаға (аtrіит dехіеr) үстіңгі жақтан жоғарғы вена күретамыры (v.саvа sиреrіоr), астыңғы жақтан төменгі вена күретамыры (v.саvа іпfеrіоr) құйылады. Сонымен бірге оң жақ құлақшаға жүректің жалпы веналық тамырлары мен веналық қойнауы (sіпиs vепаrит согопаrіі) ашылады. Жүректің құлағы (аиrісиlаe) құлақшалардың бір белігі болып табылады; олар сүйірленіп қолқа түбін жауып жатады. Оң жақ құлақшаның ішкі бетінде вена күретамырлардың ашылар жерлеріндегі аралықта вена аралық дөңес (tиdеr-сиlит епtеrоепоsит) болады. Оң және сол жақ құлақшаларды бөлетін пердеде сопақша тыртық (fоssа оvаlіs) бар. Ол жүректің эмбриондык даму кезіндегі екі құлақшаның өзары қатынасып тұрған тесігінің бітелген орны болып есептеледі.Төменгі қуысты вена күретамыр ашылар жерінің астында көлденең жарты ай төрізді қақпақша valvuia vеnае саvаe іnfеrіоrіs бар. Оның ішкі шеті сопақша тыртыққа жетіп тұрады. Эмбрионның дамуы кезінде ол төменгі қуысты вена күретамырдан қанды сол жақ қүлақшаға бағыттап тұрады. Жүректің веналық койнауының тесігі қойнау қатпарымен жабылады. Оң жақ құлақша мен оң жақ қарыншаның арасында тесік (оstіит аtrіоvепtrісиlаrе dехtrит), қарынша жирылғанда үш жақтаулы қақпақша арқылы жабылады.Оң жақ қарынша (vепtrісиlиs dехtеr) — сүйірлеу пішінді қуыс. Айтылған үш жақтаулы қақпақша осы оң жақ қарынша жағына қарай ашылады. Бұл қақпақшаның жиектері мен жақтауының төменгі шеттерінде сіңірлі жіпшелер қарынша ішіндегі емізік тәрізді бұлшықеттің ұшына бекиді. Негізінен оң жақ карыншада бір ғана ірі емізік тәрізді бұлшықет (тиsсиlі раріllаrеs), ал қалғаны майда бұлшықеттер болады. Бұл бұлшықеттер үш жақтаулы қақпақшаның құлақшадағы қуысқа қарай йілуіне кедергі жасап, қақпақшаларды парашюттың жібіндей керіп, тартып тұрады. Қарыншаның бұлшықет талшықтарынан буда түзіліп, ішкі қабырғасында бұлшықетті белдеулер құралады.Оң жақ қарыншаның алдыңғы сол бөлігінде артериялық қойнау пайда болып, өкпе бағанасы басталатын тесік (оstіит trипсі риlтопаlіs) түзеді. Бұл тесікте үш жарты ай тәрізді қақпақшалар болатынын жоғарыда сөз еткенбіз.Солжақ құлақша (аtrіит sіпіstrит)— пішімі қисықтау төрт бұрышты болып келеді. Оның алдыңғы қабырғасында жүректің сол жақ құлағы (аиrісиlа sіпtsіrа) орналасады. Сол жақ құлақ-шаның ішкі қабырғасы оң жақ құлақшаға қарағанда тегіс болып келеді. Сол жақ құлақшаға төрт өкпе венасы (vv.pulmonlis) ашылады. Сол жақ құлақша мен сол жақ қарыншаның арасында тесігі (оstіит аtrіо vепtrtсиlаrе sіпіsіrит) болады. Бұл тесікте екі жактаулы қақпақша болатыны жоғарыда айтылды.Сол жақ қарынша (vепtrісиіиs sіпіstеr) — сопақша келген бір ұшы сүйірленген қуыс. Оның ұшы жүрек ұшына сөйкес келеді. Қарыншаның ішкі қабырғасында екі үлкен емізік тәрізді бұлшықет бар. Осы бұлшықеттердің ұшынан екі жақтаулы қақпақшаның төменгі шетіне, әсіресе жиектеріне сіңірлі жіпшелек тартылып, бекіп жатады. Бұлшықеттің белдеулер оң жақ қарыншаға қарағанда сол жак қарыншада күшті жетілген.Сол жақ қарыншаның негізіңде өкпе күретамырының тесігінде түспа-тұс, аралық перденің жанынан қолқа тамырының тесігі (оstіит аоrtа) ашылады. Одан қолқа басталады. (Мұнда да үш жарты ай тәрізді қақпақ-шалардың болатынын да жоғарыда айтқанбыз).Жүрек қабырғаларының құрылысы. Жүрек қабырғасы үш қабаттан: эпикард (сыртқы), миокард (ортаңғы) және эндокард (ішкі) қабаттардан түзілген. Бірақ жүректің қабырғасының қалыңдығы оның барлық жерінде бірдей емес. Ол жүрек бөлімдерінің қызметіне байланысты. Мысалы, екі құлақшалар, қабырғасының қалыңдығы — 2,3 мм, оң жақ қарынша—6мм, ал сол жақ қарынша— 15 мм, яғни оң жақ қарыншаның өзінен 2,5 есе қалың екен. Бұл сол жақ қарыншаның жұмысты өте күшті істейтінін білдіреді.Эпикард (ерісаrdіит) — жүректің сыртқы қабаты. Үлпершек пен эпикард арасындағы саңылауда (20 см3) сүйықтық бар. Жүректің сыртқы қабығы эпикард деп аталады. Эпикардтың ішкі бетіне миокард тығыз бірігіп жатады.Миокард (туосаrdiит) — жүректің ең күшті жетілген құрышетті қабаты. Оның қалыңдығы жүректің өр бөлігінде әр түрлі. Ең жұқа жері — құлақша, ең қалыңы — сол жақ қарыншаның қабырғасы. Өйткені сол жақ қарынша қанайналымының үлкен шеңбері арқылы қанды бүкіл денеге айдайды.

Бақылау сұрақтары:

1.Жүрек циклы.

2.Жүрекшелер мен құлақшалардың функциональдық ролі.

3. Систола мен диастола.

4.Жүрек етінің жалпы қасиеттері.
Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

Жүректің құрылысы, жүректің бітімі.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

1.Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

2.Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

3.Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

4.Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

5.Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

6.Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

7.Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

8.Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.
18 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Қан айналысының үлкен және кіші шеңбері
Лекцияның жоспары:

  1. 1. Қан айналу маңызы .

  2. Қанның қан тамырдағы қозғалысы.

  3. Қан қысымы.

  4. Қанның ағу жылдамдығы.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге қан айналысының үлкен және кіші шеңбері мен таныстыру.

Лекцияның мазмұны: Омыртқалы жануарда қан айналу тұйық тамырлар жүйесінде жүреді. Қан айналудың орталық оганы жүрек. Сүтқоректілерде жүректің тамырлар 1-1 мен тек жүрек арқылы ғана байланыстың 2 тұйық қан айналу шеңберін жасайды. Үлкен және кіші. Қан айналымның үлкен шеңбері болса қан жүректің жүректің сол жақтағы қарыншасынан қолқа арқылы шығып дененің өкпеден басқа барлық органдарына таралып одан соң төменгі және тағы қуыс венералар арқылы оң қарыншаға түседі. Одан әрі қан кіші қан айналу шеңберіне өтеді. Буа былайша қан оң қарыншадан өкпе артериясы арқылы шығып өкпеге барады. Өкпе капиаларынан өтіп қан 4 өкпе венералары арқылы сол жүрекшеге құяды. Одан соң қарыншаға түсіп қайта қан айналу үлкен шеңберіне өтеді. Жүректің шығатын қан тамырларының барлығын артерия деп аталады.

Сүтқоректілерде және құстарда қан жүретін жүйенің құрлысы адамдікіндей болады. Төменгі сатылы омыртқасыздардан қан және қан жүретін тамырлары жоқ. Қоршаған ортамен органдарды жасушының арасындағы зат алмасу оларда су өттегі және тамақ заттардың тікелей ұлпа сұйықтығына өту арқылы жүріп отырады. Буа заттар жасуша аралық жолдарда және жылжып жүреді.

Филогентикалық даму барысында ұлпа сұйықтығы жүретін жолдар біраз кейеді. Бірақ қан жүретін жүйе өзінің қабырғалары бар ерекше тамыр пайда болғанда ғана айтуға болады. Омыртқасыздарды мұндай тамыр жүйесі сұйық емес.

Буынтық құрттарда алғаш рет тұйыққа жүру пайда болған жүйесі. Бұл қан алып жүретін аппараттың эволюциясы дүние тамырының тұйық жүйесінің дамуындағы ерекше өзінің жиырлу арқылы тамырлардың толтырылып тұрған сұйықтардың қозғалуын тудыратын арнайы ретті органның прогративті жекеленіп күрделенуі. Құрттарда және ланцентивте жүрек. Оларда тек етті қабырғасы бар соғып тұратын арқа тамырлары ғана болады. Алғашқы кезде жүрек бөлінбеген 1 тұтас түрде болған. Одан соң балықтарда 2 камералы жүрек, қосмекенділерде 3 камералы жүрек 2 жүрекше және қарынша бауырмен жорғалаушыларды толық бөлінбеген 3 камералы жүрек. Яғни 2 жүрекше және толық бөлінбеген қарынша. Құстармен сүт қоректілер 4 камералы сүтқоректілер қатар тортары сатылы бауырымен жорғалаушыларда крокодилдер 4 камералы. Бірақ ол суық денені. Бұл негізінде беретін биоцинтездің процестерінде болатын болып келеді. Яғни сакраз плазмалық римикулумндағы оксин және миозин жүйкелерінің іс-әрекетіне байланысты.

Қан айналудың үлкен және кіші шеңберлерін құрайтын тамырларды олардың қабырғаларының морфологиялық ерекшеліктеріне қарай диаметріне және функцияларды рөліне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.


  1. Қаңқаны және ірі артерияларды 7 ластикалық тани серпілімді және амортицацияланушы қан тамырлануға жатқызады. Оның қабырғалылардың ортаңғы қабатында эластикалық элементтер көп болады. Осылардың арасында қарыншалардың ырғақтығы систоларды кезінде созылған немесе кеңейген тамырлар чистоло кезеңінде серпіліп бұрынғы қалпына келе алады.

  2. Орташа және майда диаметірлі артериядағы етті тамырлар дағы.

  3. Диаметрі 15-70-ке дейін микро мм-дей болатын мета артиолдар Артерия веналық анастамоздар. Преканалярлық синтездер. Редистипті немесе педергілі тамырлар деп аталады.

  4. Капиляцияларды алмасу тамырларына жатқызады.

  5. Сиымдылық тамырлар. Бұған постикапилярлық венулалар, вендулалар, веналалар, және әрі венералар жатады. Құрлысының жағынан веналар артериясы ұқсас. Бірақ олардың қабырғасының ортаңғы қабаты жұқа болады. Оларға қанның кері ағуына мүмкіндік бермейтін клапондары болады.

Қан тамырлармен қозғалуының ерекшеліктерін анықтауын заңдыңдарын геродинамикалық заңдар. Оларға қан қысымы қанның ағу жылдамдығы қан айналу уақытына болады.

3. Жүрек-өзінің жиырлуы кезінде қанды белгілі бір күшпен итереді. Яғни оған тамырларымен қозғалуы үшін біраз энергия береді. Бірақ бұл энергия қан қозғалғанда оны элементтік бөлшектердің бірнеше тамырлар қабығының қанға тигізетін кедергілерінің арқасында азаяды. Сонымен қанның тамырлар қабырғасына түсетін қызметі біртіндеп төмендей береді. Артерия ортаңғы қан қысымы сынап тбағанасы болса (Нg) 140-120 мм болса, ірі артерияларды 125-110, майда артерияда 60-40 мм, капилярда 40-20 мм, веналарда 10-5 мм, ірі веналарда теріс мәнге дейін төлеуді.

Тамырлардың түрлі органикалығы қан қысымының арасындағы айырмашылығы қанның тамырлар арқылы қозғалысының негізгі себебі болады. Қан қысымына организмдерде қарыншалардың цистоласы кезінде көтеріледі, дистоласы кезінде төмендеді. Оның деңгейі системалық қан көлемі көбейгенде немесе жүректің соғуы жылдамдаған кезде көбейіп отырады. Қан қысымының шамсына қан тамырларының жалпы теңдігі әсер етеді тамырларының көлденеңін кішірейген сайын қан қысымы көбейеді ол кеңейсе азаяды кейбір жағдайда жарахаттанғанда капляр тез құйылып кетуіде қанның үдіретке келуі азаяды сонан қан қысымы төмендейді. Қанның ағу жылдамдығы тамырлар жүйесі барлық бөлімдерде қан ламинарлық сипатта қозғалады. Яғни тамырлар осымен полярлы түрде қабат 2 болып бөлінеді. Тамырлар қабырғасының жанасқан қабаты іс жүзінде қозғалмайды деуге болады оның беткейімен соғып екінші қабаты ол оның беткеймен үшінші қабатына тұтастай қан қабаттары қозғалады қан ағатын жерде ламиналықтан басқа турбиленттік қозғалыс болады бұл жағдайда бөлшектеніп қан тамырлары полярлы түрде ғана емес оған серпендикулярлы түрде орын ауыстырады.

Сұйықтардың ішкі үйкелісі өтеді. Жүрек қанды қан тамырларының белгілі бір үзілістермен шығады. Бірақ қан тамырлардығы қанның ағысы әр уақытта үзіліссіз болады. Оныгң себебі бірінші қан тамырларының қабырғалалры серпінді созылғыш келеді. Екінші қан тамырларының ағысы әлсіреттетін кедергілер болады. Осы кедергінің арқасында қан тез атериалды немесе өте кете алмайды да ондлағы қан тамырлары көтеріңкі келеді. Сондықтан атериал қабырғасы олардың иіші кеңейеді одан қалып құяды. Қан қысымының атериаларымен капилларлы аырма шоқтары қан үздіксіз қозғалуына себебші болып табылады. Атерия қысымының тербеліс көрсеттетін қисықтан әртүрлі толқындар байқалады.

Пусыктық жеке тербелісін талдау үшін арнайы құрал пикмография көмегімен оның қисық сызығына жауап алады. Қисық сызықтағы көтерілуі анакрота жүректі санды итеріп шығару кезінде алынады. Бұдан артериядағы қысымы көбейіп, оның қабырғасы екінші рет біраз созылады соңғы немесе дикроттық көтерілу байқалады. Омыртқалы жануарларда қан айналу тұйық тамырлар жүйесінде жүреді. Қан айналудың орталық органы-жүрек. Сүтқоректілерде қан жүретін тамырларбір-бірімен тек жүрек арқылы ғана байланысатын 2 тұйық қан айналу шеңберін жасайды-үлкен және кіші.

Қан айналудың үлкен шеңбері бойынша қан жүретін сол жақтағы қарыншасынан Қолқа арқылы шығып, дененің өкпеден басқа барлық органдарына таралып, одан соң төменгі және жоғарғы қуыс веналар арқылы оң жүрекшеге құяды.Оң жүрекшеден оң қарыншаға түседі, одан әрі қан кіші қан айналу шеңберіне өтеді. Бұл бойынша қан оң қарыншадан өкпе артериясы арқылы шығып өкпеге барады. Өкпе капилярларынан өтіп қан төрт өкпе веналары арқылы сол жүрекшеге құяды. Одан сол қарыншаға түсіп, қайта, қан айналудың үлкен шеңберіне өтеді.

Сүтқоректілер және құстарда ғана қан жүретін жүйенің құрылысы адамдікіндей болады. Төменгі сатылы омыртқасыздарда қан және қан жүретін тамырлар жоқ. Қоршаған орта және организмжасушаларының арасындағы зат алмасу, оларда су, оттегі және тамақ заттарының тікелей ұлпа сұйықтығына өтуі арқылы жүріп отырады.Бұл өькен заттар жасуша аралық жолдарда жай жылжып жүреді.Филогенетикалық даму барысында ұлпа сұйықтығы жүретін жолдар біраз кеңейеді. Бірақ қан жүретін жүйе туралы тек өзінің қабырғалары бар ерекше тамырлар қайда болғанда ғана айтуға болады. Омыртқасыздарда мұндай тамырлар жүйесі тұйық емес. Буылтық құрттарға алғаш рет тұйық қан жүру жүйесі тб. Бұл қан алып жүретін аппаратының эволюциясы үшін тамырлардың тұйық жүйеге айналу процесінің мәні зор.

Жүрек-тамыр жүйесінің дамуындағы 2 -бір ерекше белгі-өзінің жиырылуы арқылы тамырларды толтырып тұрған сұйықтықтардың қозғалуын тудыратын арнаулы етті органның прогрессивті жекеленіп күрделенуі. Құрттарда және ланцетникте жүрек болмайды. Оларда тек етті қабырғасы бар, соғып тұратын арқа тамыры ғана болады. Алғашқы кезде жүрек бөлінбеген, біртұтас түрде болған. Одан соң балықтарда жүрекше мен қарыншаға бөліне бастағаны байқалады. Амфибияларда екі жүрекше және бір қарынша п.б. сондықтан жүрекшелерде бөлінген артерия және вена қандары қарыншада бір-біріне қосылып кетеді. Ал жоғары сатылы рептилияларда 4 камералы жүрек п.б. (крокодил). Қан жүретін жүйенің құрылысының эволюциясымен қабат оның қызметі де өзгере береді: қанның қозғалысы жылдамдайды, қан айналуды реттеу күрделенеді т.б. Қанның қан тамырларындағы қозғалысы. (гемодинамика).

Қан айналудың үлкен және кіші шеңберін құрайтын тамырларды, олардың қабырғаларының морфологиялық ерекшеліктеріне қарай ,диаметрлеріне және функционалды рөлдеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді. 1) Қолқаны және ірі артерияларды эластикакалық (серпінді, амортизациялаушы) тамырларға жатқызады. Бұлардың қабырғасының ортаңғы қабатында эластикалық элементтер көп болады. Осылардың арқасында қарыншалардың ырғақты систоласы кезінде созылған (кеңейген) тамырлар дистола кезінде серпіліп, бұрынғы қалпына келе алады. 2). Орташа және майда диаметрлі артерияларды етті тамырлар дейді. 3). Диаметрі 15-70 млм-дей болатын артериолдар, метаартериолдар, артерия- веналық анастомаздар, прекапилярлық ефинктерлер-резисивті (кедергілі) тамырлар д.а. Қан ағысына кедергі күш негізінен артериолдар туады. Бұл тамырлардың қабырғасындағыбірыңғай салалы еттің қалың қабаты жиырылғанда олар айтарлықтай тартылып, қан ағуына кедергі күрт өседі. Мұның әсерінен артериялардан қанның әкетілуі азаяды, ондағы қысым жоғарылайды. Артериолдар тонусының төмендеуі, керісінше, артериялардан қанның әкетілуін көбейтеді ал артериялық қан қысымы төмендейді. Бұл артериолдар диаметрінің өзгерістері жалпы артериялық қысымды реттеуде басты рөл атқарады. И.М. Сегенов артериолдарды "жүрек-қантамыр жүйесінің краны" д.а. Бұл "крандар" ашылғанда сол облыстағы қантамырларға өтетін қан көлемі көбейеді, жергілікті қан айналу жақсарады, ал жабылғанда керісінше, онда қан айналу күрт нашарлайды. 4). Капиллиярларда алмасу тамырларына жатқызады. Жұқа қабырғалары арқылы қан және ұлпа сұйықтығы арасында түрлі заттар мен газдардың алмасуы жүреді. Капилярлар қабырғасының жиырылғыштық қабілеті жоқ, кеңеюі-тарылуы резистивті тамырлардағы қысымға байланысты.

5). Сиымдық тамырлар- посткапиллярлық венулалар, венулалар, веналар және ірі веналар жатады. Құрылысы жағынан веналар артерияларға ұқсас, бірақ олардың қабаты жұқа болады. Оларда қанның кері ағуына мүмкіндік бермейтін клапандар бар.

ГЕМОДИНАМИКА ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

Қан тамырларымен қозғалуының ерекшеліктерін анықтайтын заңдылықтар - гемодинамика заңдылықтары. -қан қысымы, қанның ағу жылдамдықтарына, қан айналу уақытына байланысты.



ҚАН ҚЫСЫМЫ. Жүрек өзінің жиырылуы кезінде қанды белгілі бір күшпен итереді, яғни оған тамырлармен қозғалуы үшін біраз энергия береді. Бірақ бұл энергия қан қозғалғанда оның әртүрлі бөлшектерінің бір-біріне және тамырлар қабырғаларының қанға тигізетін кедергілерінің арқасында азаяды. Сондықтан қанның тамыр қабырғаларына түсетін қысым біртіндеп төмендей береді.Аортада қан қысымы 140-120 мм Нд болса, ірі артерияларда90-70, артериолдарда 60-40, капиллярларда 40-20 мм Нд, веналарда 10-5 мм Нд, ірі веналарда тіпті теріс мәнге дейін төмендейді. Тамырлардың түрлі органдарындағы қан қысымдарының арасындағы айырма қанның тамырлар арқылы қозғалысының негізгі себебі болып табылады.

Қан қысымы организмде қарыншалардың систоласы негізінде көтеріледі, олардың диастоласы негізінде төмендейді. Оның деңгейі систолалық қан көлемі көбейгенде және жүректің соғуы жылдамдаған кезде көбейіп отырады.

Қан қысымының шамасына қан тамырларының жалпы кеңдігі әсер етеді. Тамырлардың көлденеңі кішірейген сайын қан қысымы көбейеді, ал кемісе азаяды. Кейбір жағдайларда (күйік, жарақаттанғанда) капиллярлары тез кеңейіп кетуінен, қанның жүрекке келуі азаяды, сондықтан қан қысымы төмендейді.



ҚАННЫҢ АҒУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ.

Тамырлар жүйесінің барлық бөлімдерінде қан ламинарлық сипаттама қозғалады (ағады), яғни, тамыр осіне параллель түрде қабат-қабат болып ағады. Тамыр қабырғасына жанасқан қабат іс жүзінде қозғалмайды деуге де болады. Оның беткейімен сығып екінші қабат, ал мұның беткейімен үшінші қабат, т.с.с. болып қан қабаттары қозғалады.

Қанның түйіршіктері (пішінді элементтері) орталық (осьтік) ағысты құрайды. Плазма тамыр қабырғасына таяу қозғалады. Олай болса, тамыр диаметрі неғұрлым кіші болса, соғұрлым канның орталық қабаттары тамыр қабырғасына жақындай түседі. Және осыдан оның ағу жылдамдығы азаяды. Себебі тұтқырлығы жоғары қабат пен тамыр қабырғасы арасындағы өзара әрекеттесу өседі. Жалпы алғанда ұсақ тамырларда ірілерге қарағанда қанның жылжуы баяу болатындығы осы құбылысқа байланысты. Бірақ қанның тұтқырлығы тұрақты шама емес. Диаметрі 1 мм-ден кем капиллярлар арқылы қан өткенде оның тұтқырлығы азаяды. Капиллиярлар диаметрі бұданда кіші болса, ондағы қан тұтқырлығы да кеми түседі. Мұны гемодинамикалық парадокс деп есептейді. Қанның орталық ағысын құрайтын эритроциттер майда тамырлар қабырғасына жанасып ағатын тұтқырлығы төмен плазма беткейі арқылы жеңіл сырғып қозғала алады, яғни қан қозғалуына кероек жағдай жақсарады. Қан қысымы айырмашылықтары азаяды. Осы арқылы майда артерияда байқалатын қан тұтқырлығының жоғарлауы және қан ағысының баяулауы комненсацияланады.

Қан ағатын жүйеде ламижарлықтан басқа Түрбуленттік (құйынды) қозғалыс болады.

Бұл жағдайда қан бөлшеуктері тамыр өсіне марамель түрде ғана емес, оған перпендикуляр түрде де орын ауыстырады. Сұйықтықтың ішкі үйкелісі өседі. Турбулентті ағыс әдетте тамырлар тарамдалатын жерде, тамырлардың күрт бұрылыс жасайтын жерлерінде байқалады. Турбулентті ағыс қан қозғалысына келтірілетін кедергінің өсуін тудырады.

Тамырдың бір жерінен (ауданынан) белгілі бір уақыт ішінде өткен қан мөлшерінқан ағысының көлемдік жылдамдығы деп атайды. (мл/сек). Оның шамасы жүректің соғу жылдамдығы мен соғу және систолалық көлеміне байланысты. Қан тамырларының кеңдіктерінің әртүрлілігіне қарамастан қан ағысының көлемдік жылдамдығы барлық жерде бірдей. Себебі, қан тамырдың тар бөлімінен жылдам, ал кең бөлімінен баяу ағыспен өтеді.

Қанның бүкіл денені айналып шығуына кететін уақытты қанның айналу уақыты дейді. Ересек адамдарда ол-20 сек. Жұмыс кезінде бұл уақыт екі есе азаюы мүмкін. Жаңа туған балаларда 12 сек, 3 жастағы балада 15 сек, 14 жастағы балада 18 сек.

ҚАН АҒЫСЫНЫҢ ҮЗДІКСІЗДІГІ

Жүрек қанды тамырларына белгілі бір үзілістермен шығарады. Бірақ қан тамырларындағы қанның ағысы әруақытта үздіксіз болады. Оның себебі:



  1. Қан тамырларының қабырғалары серпімді, созылғыш келеді.

  2. Қан тамырларында қан ағысын әлсірететін кедергі болады.

Осы кедергінің арқасында қан аортадан тез артериялар мен артериолдарға өтіп кете алмайды, ондағы қан қысымы шұғыл көтеріліп кетеді. Сондықтан артериялар қабырғасы созылып олардың іші кеңиді, онда біраз қан қалып қояды. Диастола басталған кезде қанның артериялар қабырғасына ететін қысымы төмендеп, аортаның көлемі кішірейіп, ондағы қанды қысады, дистола кезінде қанның жүруіне көмектеседі. Одан әрі жүректің келесі жиырылуы жүреді, түрде осы 2 фактр бірі екіншісінің қызметін жалғастырады.

Қан қысымының артериялармен капиллярлардағы айырмашылықтары қанның үздіксіз қозғалуының себепшісі болып табылады.

Арптерия қысымының тербелісін көрсететін қисықтан әртүрлі толқындар байқалады: бірінші қатардағы (жүрек жиырылуының жиілігі мен күшіне тәуелді), екінші қатардағы (тыныс толқындары), ал кейде (сосуд қозғағыш орталықтың тонусы периодтыөзгергенде, оттегі жетіспесе, қан жоғалтқанда, кейбір улар әсерінен) бірнеше тыныс толқындарын қамтитын олардан баяутербелістер (қысымның жоғарылауы мен төмендеуі) үшінші қатардағы толқындарды көруге болады.

АРТЕРИЯЛЫҚ ПУЛЬС (СФИГМОГРАММА)

Қан тамырларының қабырғаларының созылғыштығы арқасында, жүректің систоласы кезінде қолқаға түскен қан оның қабырғасын созады. Ал, диастола кезінде ол серпіліп бұрынғы қалпына қайта түседі. Осындай қолқа қабырғасының тербелуі бүкіл шеткі артерияларды байлап секундына 6-10 м. жылдамдықпен жүретін толқын түрінде тарайды.

Осыны артериялық пульс деп атайды.

Пульстің жеке тербелісін талдау үшін арнайы құрал-сфигмограф көмегімен оның қисық сызығын жазып алады. Қолқа мен ірі артериялар пульстік қисығында (сфигмограммада) екі бөлімді: көтерілуі және төмен түсуі айырады.Қисық сызықтағы көтерілу (анакрота) жүректен қанды итеріп шығару кезінде алынады. Өиткені ол кезде артериядағы қан мөлшерінің күрт көбеюі ондағы қысым жоғарылауын тудырады. Осыдан тамыр қабырғасы созылады. Қарыншалар сиатоласы аяқталар кезде, ондағы қысым төмендей бастағанда пульстік қисық сызық төмен түседі (катокрота). Қарынша диаспорасының барысында оның ішіндегі қысым қолқадағы қысымнан төмен болып қалады. Осы кезде қолқа қабырғасының серпілуі нәтижесінде ондағы артерияға өтіп үлгермеген қан айшық клапандарға қарай ығысады артериялардағы қысым күрт төмендейді: бұл қисық сызықтар едәуір ерекше ойыс (инцизура) түрінде көрінеді. Қарыфншаларға қарай ығысқан қан жолында жабылған айшық клапандар болатындықтан, олармен соқтығысудан кері серпіледі. Бұдан артериядағы қысым көбейіп, оның қабырғасы екінші ретбіраз созылады (соңғы,н/е дикроттық көтерілу байқалады).



ВЕНАЛАРДАҒЫ ҚАН ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШІЛІГІ.

Веналар арқылы қан жүрекке қарай қозғалады.

Бұларға көмектесетіндері:

1 . Қан жоғары қысымды ауданнан төменгі қысымды ауданға қарай жүр ден еді. Вена жүйесінің капиллярлардан -шыға берісіндегі қысым 10 -15 мм Нд н/е 60-200 мм су бағанындай жүректен алыс жататын ірі веналарда қалыпты жағдайларда қысым 60-120 мм, су бағанына тең.

Вена жүйесінің бас кезіндегі оң қысым жүрек қызметінің нәтижесінде берілген қозғалтқыш күштің қалдығы болып табылады н/е итеру күші д.а.

2. Қанның жүрекке құюын жеңілдететін 2-ші фактор ол жұқа қан тамырларының қабырғалары арқылыберілетінкеуде қуысындағы веналардағы қысым атмосферадағы қысымнан демалған кезде 4-7 мм, ал дем шығарғанда 3-5 мм Нд төмен болады.



  1. 3-ші фактор , қаңқа еттерінің қызметі. Олар жиырылған кезде веналарды қысады, ал веналардағы клапондар қанды кейін капилярға жібермейтін болғандықтан, қан жүрекке қарай жүруге мәжбүр болады. (мұны "ет насосы" н/е "веноздық помка" д.а.).

  2. Веналарда қан қозғалысына демалу негізіндегі диафрагманың құрсақ қуысындағы органдарға ететін қысымы мүмкіндік туғызады. Ішке дем алғанда диафрагма төмен қарай біраз түседі, құрсақ қуысындағы органдарды қысады. Осы кезде қан құрсақ қуысындағы органдардан қақпа венасына, одан әрі қуыс веналарға өтуге мәжбүр болады.

  3. Денеде тік орналасқан қан тамырларындағы канның жоғары шыға алмай, төенде үйіліп қалуына тамырлар қабырғаларының еттерінің жиырылғыштығы мүмкіндік бермейді. Қан бағанының салмағына байланысты кедергіні гидростатикалық фактор деп атайды.

Венадағы қысымның 200-250 мм. су бағанына дейін көтерілуі капиллярлардағы қысымды да көтереді, одан барып әртүрлі органдардың сарсып ісуі п.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет