Жаратылыстану ғылымдары және экология институты



бет2/5
Дата14.06.2016
өлшемі467.5 Kb.
#135823
1   2   3   4   5

4 Курстың саясаты:

Сабаққа қатысу: Сабақтың барлық түріне міндетті түрде қатысу және оқу процесінде белсенді болу қажет.Дәрістік және іс-тәжірибе жазбаларын ұқыпты жүргізу,сабаққа кешікпей келу,кешігіп келсеңіз сабаққа қірмеуіңіз,сабақ үстінде ұялы телефонның сөндірулі болуы, талаптары қойылады.

Үй жұмысы: Үй жұмысының міндетті түрде орындалуы және әр апта сайын сабақтың соңында өткізлуі қажет.

Емтихан: Жұмыс қортындысы бойынша бағалау балы қойылады. Емтихан кезінде жазбаларыңызды қолдануға тыйым салынады.

Студенттің мінез-құлқы мен өзін ұстай білуі:Сабаққа кешікпей келуі,ұялы телефондары мен байланыс құралдарының сөндірілуі, сабақ үстінде әңгімелеспеуі,сабақты себепсіз босатпауы қажет. Ұсыныстар: Сабақ барысына белсенді қатысу, үй тапсырмасын ұқыпты орындау, сабақ барысында мұғалімен кері байланысты үнемі қолдану. Ұжымдық жұмысқа қатысу. Тыянақты және мінедетті болу. Мұғалімдер мен курстастарға төзімді және ашық, мейірман болу.

2. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРЫ

2.1 Курстың тақырыптық жоспары

Барлығы 2 несие




Тақырыптардың атауы

Дәріс

Зкртханалық

СОӨЖ

СӨЖ

“Зоология”курсының кіріспесі.Негізгі міндеттері.

1




1

1

9


Бірклеткалыларпатшалық асты.Саркомастигофоралар типы




1

1

2

Инфузориялар типы.

1

1

1

2

Көпклеткалылар патшалық асты. Фагоциттеллотәр-р







2

1

Губкалар типы.

1

1

1

1

Ішекқуыстылар типі

1

1

1

2

Жалпақ құрттар типі

1

1

1

2

Жұмыр құрттар типы

1

1

1

2

Буылтық құрттар типы

1

1

1

3

Моллюскалар типы

1

1

1

4

Қосжақтаулылар немесе тақта желбезектілер классы







2

1

Буынаяқтылар типі

1

1

2

1

Желбезектыныстылар тип тармағы




1

2

1

Хелицералылар тип тармағы

1




2

1

Трахея тыныстылар тип тармағы

1

1

2

1

Бунақденелілер класы

1

1

2

1

Ашықжақты бунақденелілер

1

1

2

1

Бунақденелілер классының классификациясы




1

2

1

Екінші ауыздылар тип үсті. Тікентерілілер типы.

1

1

2

1

Жануарлар әлемінің филогенея этаптары

1




1

1

Барлығы

15

15

30

30

2.2 Дәрістік сабақтарының тезисы.

Тақырып 1. “Зоология” курсның кіріспесі. Негізгі міндеттері мен әдістері. Бірклеткалылар патшалық асты. Саркомастигофара типы.

Жануарларды зерттейтін ғылым – зоология.

Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, олардың сыртқы және ішкі құрылысын, зат алмасу процесін, тіршілік ету ортасы және ішкі құрылысын, зат алмасу процесін, тіршілік ету ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын, дамуын, шығу тегін, тарихи даму

10

заңдылықтарын, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейтін ғылым.



Жануарларды зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және олардың табиғаттағы қорын сақтау зоология ғылымының басты міндеті.

Жануарлар дүниесі Zoa екі дүние тармағына бөлінеді: Protozoa – бір клеткалыларға және Metazoa- көп клеткалыларға. Қарапайымдылар – бір клеткалы, ядролы, эукариотты жәндіктер, физиологиялық жағынан алғанда, олар өз алдына жеке организмдер, өйткені барлық жануарларға тән: қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, зат алмасу, көбеюі, дамуы т.б. Қызметтерді атқарады.

Саркомастигофоралар еркін өмір сүретін және паразитті тіршілік ететін қарапайымдылар. Жалған аяқтары (псевдоподиялары) немесе талшықтарының көмегімен қозғалары. Тип екі класқа бөлінеді: саркодиналар және талшықтылар.

Талшықтылардың негізгі белгісі- бір, екі немесе бірнеше талшықтың болуында, олардың алдыңғы жағында орналасқан, қозғалу қызметін атқарады. Талшықтылар класы қоректену тәсіліне қарай екі класс тармағына бөлінеді: фотосинтезге бейім, өсімдік тектес талшықтылар және гетеротрофты жануартектес талшықтылар.



Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,6,7)

Қосымша әдебиеттер: (15,16,27,28,33,35)

Тақырып 2. Инфузориялар типы. Көпклеткалылар патшалықасты.

Типтің жалпы сипаттамасы. Инфузориялардың классификасиясы. Біркелкі талшықтылар, кірпікшелі инфузориялар подклассы. Қарапайымдылардың шығу тегі мен филогениясы. Көпклеткалылардың шығу тегі.

Бұл типке көп ұсақ кірпікшлері бар қарапайым жәндіктер жатады. Бұлардың ерекшелігі -денесінде екі түрлі ядросының болуы – үлкен вегетативті ядро макронуклеус және кішкене генеративті – микронуклеус. Инфузориялар типі екі класқа бөлінеді. Кірпікшелі инфузориялар және сорғыш инфузориялар. Кірпікшелі инфузориялардың кірпікшелері тіршілік циклының барлық кезеңдерінде ғана кірпікшелері болады да, содан кейін жойылады. Инфузориялар тұщы суларда, теңіздерде, планктонды, су

11

түбінде, су өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның арасында тіршілік етеді. Паразит инфузориялар да кездеседі.



Кірпікшелі инфузориялардың көп тараған түрлерінің бірі – инфузория туфелька немесе парамеция. Кірпікшелі инфузориялар үш отрядтар үсті қосындысына бөлінеді. Инфузорияларды отрядқа жіктеу кірпікшелерінің құрылысына, ауыз тесігінің, ауыз цилиатурасының мембраналарының цирраларының орналасуына байланысты.

Сорғыш инфузориялар тұщы суларда және теңіздерде субстратқа сабақшасымен тіркеліп тіршілік етеді. Кірпікшелері, ауыз тесігі, жұтқыншағы жоқ. Денесінде сорғыш таяқшалары немесе қармалауыштары болады, бұлар ұзын, жиырылғыш, қуыс түтіктер. Осы таяқшалары арқылы басқа кірпікшелі инфузорияларды ұстап қоректенеді.



Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7)

Қосымша әдебиеттер: (15,16,27,28,33,35)

Тақырып 3. Губкалар типы.

Губкалар типіне жалпы сипаттама. Губкалардың морфологиясы мен физиологиясы. Көбеюі мен дамуы. Экологиясы және филогениясы.

Губкалардың систематикасы қаңқасының құрылысы мен құрамына негізделген. Губкалар типі үш класқа бөлінеді: ізбесті, шынылы және кәдімгі губкалар.

Губкалар тұщы суларда, басым көпшілігі теңіздерде, су түбіндегі түрлі заттарға табаншасымен бекініп, қозғалмай тіршілік ететін жәндіктердің бірі. Олардың денесі сыртқы -эктодерма және ішкі энтодерма клеткалы қабаттарынан құралған. Екеуінің аралығында мезоглея деп аталатын құрылымсыз, қоймалжың зат орналасқан. Осы екі қабаттарда көптеген клеткалар орналасқанжәне олар әртүрлі қызмет атқарады. Денесінің ішіндегі қуысты – парагастраль қуыс деп атайды. Губкаларға тән қасиет – денесінде көптеген саңылаулардың болуы. Осыған байланысты губкаларды латынша Porifera – ұсақ саңылаулы жәндіктер деп те атайды.

Губкаларды мезоглея қабатының қалыңдауына, хоаноцит клеткаларының орналасуына және осы клеткалар

12

арқылы қорегін ұстап, қорытуына байланысты, оларды морфологиялық құрылысына жағынан – аскон, сикон, лейкон деп үш типке бөледі. Губкалар – күшті биофильтраторлар. Олар суды денесі арқылы сүзіп оны механикалық және органикалық ластанудан сақтайды.



Негізгі әдебиеттер: (3,7,28,33)

Қосымша әдебиеттер:(15,16,27,28,33,35)

Тақырып 4. Ішекқуыстылар типы.

Ішекқуыстылар типіне жалпы сипаттама. Гидроидтылар, сцифоидтылар, маржан полиптері кластарына сипаттама.

Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі даму барысында тек екі ұрық жапрақшалары қалыптасып және олар бір-бірінен мезоглея қабатымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды. Осы белгісіне байланысты ішекқуыстылар екі қабатты жануарлар тобына жатады. Екіншіден - энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуыс немесе ішек қуысы деп аталады. Типтің аты да осыған байланысты берілген.

Белгілерінің тағы бірі – сәулелі симметриясының болуы. Морфологиялық құрылысы жағынан және тіршілік етуіне қарай ішекқуыстылар тіркелмелі – полиптер және еркін жүзетін – медузалар болып топтасады. Келесі ерекшелегі – атқыш және нерв клеткаларының болуы.

Ішекқуыстылардың басым көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері тұщы суларда мекендейді. Олар жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы -метагенез арқылы дамиды.

Ішекқуыстылар типі үш класқа бөлінеді: гидрозоа класы, сцифозоа және маржан полиптері. Гидроидтылар класс тармағына – гидра, теңіз гидроид полиптері, гидроид медузасы жатады. Сцифомедузалардың өкілі ретінде аурелия ауританы алуға болады. Маржан полиптері ішекқуыстылар типінің ең үлкен класы. Тек теңіздерде жеке

және колония түрінде бекініп тіршілік ететін жануарлар. Маржан полиптері екі класс тармағына бөлінеді: сегіз сәулелі және алты сәулелі.

Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,6,7)

Қосымша әдебиеттер: (10,11,15,16,20,33)

13

Тақырып 5. Жалпақ құрттар типы.

Жалпақ құрттар типіне екі жақты симметриялы, үш қабатты жануарлар жатады. Құрттардың денесі арқа-құрсақ бағытында қысыңқы (жапырақ, тақта, таспа тәріздес).

Жалпақ құрттардың негізгі ерекшеліктері - тері -бұлшықет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшықет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл бұлшықеттер бірнеше қабат түзе отырып (сақина тәріздес, ұзына бойы, дорза-вентральды, қиғаш) эпителий астында жануардың денесін қаптайды.

Жалпақ құрттардың бәрі де – қуыссыз, паренхималы жануарлар: ішкі мүшелер арасындағы кеңістікті дәнекер ткань паренхима толтырып тұрады. Осыған сай, оларды паренхиматозды құрттар деп те атайды. Ол тірек қызметін атқарады. Оның зат алмасудағы рөлі зор және қорек заттар жиналатын орны боп саналады.

Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы ішектен немесе жұтқыншақтан және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішектен тұрады. Артқы ішегі және аналь тесігі жоқ.. Кейбір паразиттік түрлерінде ас қорыту жүйесі толығымен жойылған.

Протонефридия деп аталатын алғашқы зәр шығару мүшесі пайда болады. Олардың тарамдалған түтікшелері паренхимада кірпікше шоғы бар жұлдыз тәрізді клеткаларымен аяқталады. Сыртқы ортамен протонефридиялар экскреторлы саңылаулармен байланысады.

Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ..

Нерв жүйесі бас нерв түйінінен және одан денесінің артқы жағына қарай жүретін, өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысатын нерв бағаналарынан тұрады. Ерекше дамыған бүйірлік және құрсақтық екі ұзына бойы бағаналары бар.

Жалпақ құрттар типіне 5 класс жатады: кірпікшелі құрттар, дигенетикалық сорғыштар, моногенетикалық сорғыштар, таспа құрттар және цестодатәрізділер.

Кірпікшелі құрттар – еркін қозғалатын, теңіз және тұщы су, кейде ылғалы мол топырақта мкендейтін құрттар. Олардың денесі кірпікшелі эпителимен жабылған. Денесі созыңқы, жапырақ тәрізді, денесінде бөгде шығыңқы

14

жерлері жоқ. Өкілі – ақ планария.



Дигенетикалық сорғыштар класы – бұл класс өкілдерінің бәрі де паразиттер, олар омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың әр түрлі ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді. Бұлардың өкілдері екі сорғышымен, иелерін ауыстыруымен және ұрпақтары кезектесіп, күрделі дамуымен ерекше. Басты өкілдері: бауыр сорғыш, ланцет тәрізді сорғыш, мысық немесе сібір қосезуі, қан қосесуі.

Таспа құрттар класының өкілдері паразиттік тіршілікке толығырақ бейімделген. Жануарлардың, адамның ішегінде тіршілік етеді. Таспа құрттар жұқтыратын ауруларды цестодос деп атайды. Таспа құрттардың өкілдері: өгіз солитері, шошқа солитері, эхинококк, қой мишығы т.б.



Негізгі әдебиетер: (1,2,4,6,7)

Қосымша әдебиеттер: (12,13,14,18,22,24)

Тақырып 6. Жұмыр құрттар типі.

Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктер мен жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың планета биосферасында кездеспейтін ортасы жоқ. Сондықтан бұлар космополиттік топ болып табылады.

Жұмыр құрттар типінің кірпікшелі құрттардан айырмашылығы, ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп атайды. Сондықтан кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды. Денесінің ішкі қуысындағы сұйық заттың біркелкі қысымда болуы оның дене жұмырлығын тұрақты етеді. Құрттардың денесі жұмыр болып келетіндіктен типтің аталуы да солай. Типтің негізгі сипаты: денесі бөлшектенбеген; аналь тесігінің, кутикуланың болуы, жеке мүшелер құрамындағы клеткалар санының тұрақтылығы, сақина тәрізді бұлшықеттерінің жоқтығы, жұтқыншақ айнала нерв сақинасының болуы, айналмалы аппаратының, жұтқыншақтың шайнағыш – мастакс бөлімінің түзілуі.Зәр шығару жүйесі дамымаған, зәрді денеден тері бездері шығарады, немесе протонефри-

15

диальды; сезім мүшелері нашар дамыған; дара жыныстылар, жыныс жүйесінің құрылысы өте қарапайым.



Жұмыр құрттар типі 5 класқа бөлінеді:нағыз құрттар класы, құрсақ кірпікшелілер класы, киноринхалар класы, түкті құрттар класы, коловраткалар класы.

Нағыз жұмыр құрттар немесе нематодтар класы түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікке таралуы сипаты жағынан да ең жоғарғы тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін жері жоқ.

Нематодтардың тіршілік ету орталарының алуан түрлі болып келуіне қарамастан құрылыстары бірдей.Өкілдері: адам аскаридасы, жылқы аскаридисы, шошқа аскаридасы. Туғызатын аурулары – аскаридоз. Балалар острицасынан болған ауру энтеробиоз деп аталады. Острицалар ішектің сілекейлі қабатын, сондай-ақ соқыр ішекті қабындырып, соқыр ішек ауруына себепші болады.

Ішек угрицасы – адамның он екі елі ішегінде және ащы ішекте паразиттік тіршілік етеді. Дамуында екі ұрпағы болады: біреуі паразиттік немесе ішектік; екіншісі – еркін тіршілік етуші немесе топырақтық.

Он екі елі ішектің свайнигі – адамның он екі елі және ащы ішектің ішінде паразиттік тіршілік етеді. Көбінесе тропикалық, субтропикалық елдерде кездесіп, адамды анемия неемесе қаны аз ауруына шалдықтырады, өлімге душар етуі мүмкін. Бұл кішкене қызғылт түсті құрт, ұзындығы 10-18 мм.



Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,6,7)

Қосымша әдебиеттер: (12,13,14,18,28,29)

Тақырып 7. Буылтық құрттар типі.

Буылтық құрттар типі – жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты жануарлар. Буылтық құрттар төменгі сатыдағы құрттардан – морфологиялық жағынан да, биологиялық жағынан да ерекше. Бұлардың денесі сегментелген немесе метамерлерден құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына сәйкес. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе целом қуысы бар. Ол бірінші қуысты (схизоцель) ығыстырып, өзіндік қабықталған қабаты бар қуысқа айналады. Қуыс сегменттелген және сұйық затқа

16

толы. Целом қуысы пайда болуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған.



Ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен біткен артқы ішектен құралған. Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.

Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.

Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан құралған.

Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы өтеді. Личинкасы трохофора.

Буылтық құрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар.

Буылтық құрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер және белдеулілер.

Белбеусіздер тип тармағына- теңіздерде тіршілік ететін, дара жынысты, жыныс сегменттерінде белдеулері болмайтын, дамуында трохофора деп аталатын личинкасы бар құрттар жатады. Бұларға бір класс жатады – көпқылтанақтылар – Polychaeta.

Полихеттердің 5000-нан астам түрі бар. Денелерінің ұзындығы бірнеше миллиметрден үш метрге дейін. Басым көпшілігі жүзіп, ал кейбіреулер бекініп немесе топырақты қазып тіршілік етеді, “үйшіктер”, түтікшелер жасайды. Паразиттік тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Өкілдері: нереис, палоло, құмқазар т.б. жатады.

Белдеулілер тип тармағының өкілдері топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін, гермафродитті жыныс сегментерінде белдеу аймағы бар, личинкасыз дамитын жануарлар. Тип тармағы екі класқа бөлінеді: азқылтанақтылар – Oligochaeta және сүліктер – Hirudinea. Олигохеттердің 3400-ге жуық түрлері бар. Топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін гермафродитті буылтық құрттар. Жыныс жүйесі денесінің алдыңғы сегменттерінде жинақталған.

17

Олигохеттердің регенерациялық қабілеті күшті дамыған. Жауын құрттарының ауыл шаруашылығында алатын маңызы зор.



Сүліктер класы – теңіздерде, тұщы суларда және топырақта тіршілік ететін 400 түрі белгілі, еркін қозғалатын жыртқыштар немесе жануарлардың қанымен қоректенетін эктопаразиттер. Сүліктерде сегменттер саны тұрақты, параподиялары, қылтандары болмайды. Бас (простомиум) және аналь (пигидиум) бөлімдері жоқ. Денесінің алдыңғы және артқы жағында сорғыштары дамыған. Целом қуысы редукцияланып, лакунарлық жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға толы. Көпшілігі гермафродиттер, тікелей дамиды.

Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,6,7)

Қосымша әдебиеттер: (12,13,14,18,28,29)

Тақырып 8. Моллюскалар типі.

Моллюскалар немесе былқылдақденелілер жануарлардың айқын шектелген типін жасап, буылтық құрттардан басталады. Былқылдақденелілерге негізінде, суда, кейде құрлықта тіршілік ететін жануарлар жатады.

Былқылдақденелілер билатералды- симметриялы жануарлар, бірақ кейбір былқылдақденелілердің мүшелерінің ерекше орын ауыстыруына байланысты денесі асимметриялы болады.

Былқылдақденелілер – екінші кезектегі дене қуысы бар жануарлар. Целомның метамерсіз қалдығы жүрек қабы (перикардий) мен гонадалар қуысы түрінде берілген.

Былқылдақденелілер денесі үш бөлімнен тұрады- бас, көкірек және аяқ. Көкірегі ішкі қапшық түрінде арқа жағына қарай үлкейіп өседі. Аяқ - дененің құрсақ қабырғасының бұлшықетті сыңар өсіндісі және қозғалту қызметін атқарады.

Көкіректің негізгі үлкен терілі қатпар – мантиямен қоршалған. Мантия мен дененің арасында мантия қуысы орналасады да ішінде желбезектер, кейбір сезім мүшелері жатады және артқы ішектің, бүйректер менжыныс аппаратының тесіктері ашылады. Бұл құрылымдар бүйректермен және жүрекпен бірге мүшелердің мантиялы жиынтығы деп аталады.

18

Дененің арқа жағында мантия бөліп шығаратын қорғаныш бақалшағы болады, ол көбінесе тұтас, кейде қос жақтаулы немесе бірнеше тақталардан тұрады.



Көпшілік былқылдақденелілердің жұтқыншағында асты ұсататын ерекше аппарат радуланың болуы тән. Қан айналу жүйесі қарынша мен жүрекшелерден тұратын жүректің болуымен сипатталады; ол тұйық емес. Тыныс алу мүшелері – алғашқы желбезектер – ктенидиялар. Зәр шығару қызметін түрі өзгерген целомодуктылар – бүйректер атқарады.

Қарапайым түрлерінің жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы сақинадан және төрт ұзын бағанадан тұрады, жоғарғы түрлерінің бағаналарында жүйке клеткаларының шоғырлануының нәтижесінде бірнеше жұп түйіндер жасалады. Осындай жүйе шашыранды – түйінді жүйке жүйесі деп аталады.

Дамуы көп қылтанды құрттарға өте ұқсас. Төменгі сатыдағы өкілдерінің жұмыртқасынан трохофора шығады, қалғандарында – түрі өзгерген трохофоралы дернәсіл – желкенше (велигер) пайда болады.

Бауыраяқтылар класы. Бауыраяқтылар немесе ұлулар - былқылдақденелілердің өкілдерге өте бай класы. Алғашында бауыраяқтылар теңізде тіршілік еткен, бірақ көпшілігі тұщы суларда және құрылықта өмір сүруге бейімделген. Біраз түрлері паразиттер. Бауыраяқтылардың мөлшері 2-3 мм-ден бірнеше ондаған сантиметрге дейін.

Бауыраяқтылардың басы денесінен айқын ажыратылған, аяғы жақсы дамыған және жорғалағыш табаны жалпақ, көкірегі жоғарғы жағында үлкен ішкі қапшық түрінде өсінді жасайды. Бақалшағы бір бөліктен тұрады, кейде жойылып кетуі мүмкін. Барлық бауыраяқтыларға тән белгі-құрылысының асимметриялылығы.

Бауыраяқты моллюскалардың асимметриялылығы біріншіден, мантия жиынтығының оң жақ мүшелерінің жойылып, олардың серіктерінің сол жақта күшті дамуынан және екіншіден ішкі қапшықтың спираль бұратылуынан байқалады- кейінгі ерекшелігі бақалшақтың сыртқы пішінінен айқын көрінеді.

19

Бауыраяқты моллюскалардың өкілдері: шалғын ұлуы, битиния, литорина, түтікмүйіздер, рапана, қырлыаяқтылар, кәдімгі тоспа ұлуы, кіші тоспа ұлуы, мүйізді катушка, янтарка, жүзім ұлуы.



Тақтажелбезектілер немесе қосжақтаулылар класы. Үлкен класс, 20000 түрі белгілі. Денесіне бүйірінен бастап киіліп тұратын қосжақтаулы бақалшағы бар теңіз және тұщы су моллюскалары. Оларға тән ерекшелік – басының болмауы. Көпшілік өкілдерінде үлкен тақталы желбезектерге айналған жұп ктенидийлері бар.

Тақтажелбезектілер аз қозғалатын жануарлар, судың түбінде жартылай немесе толық құмға көміліп тіршілік етеді. Кейбіреулері жартастарға немесе балдырларға биссус жіпшелерімен бекінеді, яғни қозғалмай тіршілік етеді. Устрицалар мен мидиялар судың күшті табиғи биофильтраторлары.

Пайдалы маңызы – маржан мен інжудің көзі. Ең бағалы інжу теңіз меруертінен алынады.көптеген теңіз тақтажелбезектілері тамаққа қолданады. Ең бағалысы устрицалар, тарақша және мидиялар.

Басаяқтылар класы. Басаяқтылар 700-ге таяу теңіздерде тіршілік ететін күрделі құрылысты, өте ірі 18 м былқылдақденелілерді біріктіреді. Еркін жүзуші, өте сирек жорғалаушы қозғалғыш жыртқыштар, көбінесе жылы теңіздерде мекендейді. Денесі билатералды – симметриялы, басы мен көкірегі айқын бөлінген. Аяғы қармалауышқа немесе қолдарға айналған және екінші рет басқа ығысып, ауыз қуысына кіре берістегі құрсақ жағында жатқан оймыш түрінде берілген. Қарапайым түрлерінің бақалшағы сыртқы, көп камералы, жоғарғы сатыдағы өкілдерінде ішкі, көбінесе редукцияланға. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері өте жақсы жетілген.

Басаяқтылардың өкілдері: кальмар, каракатица, сегізаяқтар, аргонавт. Көпшілік басаяқтылардың кәсіптік маңызы бар. Каракатица, кальмар және сегізаяқтыларды тамаққа кепкен, консервіленген және жас күйінде қолдануға болады. Каракатица мен кальмарлардың сия қапшығының өнімі де қолданылады.



Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7)

Қосымша әдебиеттер: (10,11,16,20,33)

20



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет