Жаратылыстану ғылымдары және экология институты


Тақырып 5. Жалпақ құрттардың морфо-физиологиялық сипаттамасы



бет4/5
Дата14.06.2016
өлшемі467.5 Kb.
#135823
1   2   3   4   5

Тақырып 5. Жалпақ құрттардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.

Тапсырма 1. Фиксацияланған планарияны қарай отырып, сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, оның суретін салу. Кесіндісі бар препараттан планарияның гистологиялық құрылысымен танысу.

Тапсырма 2. Препараттың көмегімен бауыр сорғыштың денесінің пішініне көңіл аудару, ауыз және құрсақ сорғыштары бекіну мүшелерін табу. ішкі құрылысымен танысып, суретін салу.

Тапсырма 3. Әдейі боялған арнаулы препараттардығы бауыр сорғыштың ас қорыту және зәр шығару жүйесінің құрылысына назар аудару қажет. Бауыр сорғыштың даму циклінің схемасын салу.

Негізгі әдебиетер: (1,2,4,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (12,13,14,18,22,24)

Тақырып 6. Жұмыр құрттардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.

Тапсырма 1. Жылқы аскаридасын сойып, оның анатомиялық құрылысын: ас қорыту, жыныс жүйесін анықтау.

Тапсырма 2. Аскариданың көлденең кесіндісі мен жұмыртқаларын микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының суретін салу.

Тапсырма 3. Аскариданың көлденең кесіндісінен бұлшық ет клеткаларын, гиподерма және кутикуланың, дененің алғашқы қуысының құрылысымен танысу керек.

Тапсырмаға түсініктеме: Аскариданың сою методикасын: Бердибаева Ж.Ш., Карменова Б.Қ. Омыртқасыздар зоологиясы. Әдістемелік нұсқаудан қараңыз. 18 бет.

Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (12,13,14,18,28,29)
34

Тақырып 7. Буылтық құрттардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.

Тапсырма 1. Жауын құртының сыртқы құрылысымен танысқанда оның полимерлігін, пальпасының және параподилерінің жоқтығына көңіл аудару қажет. Алдыңғы простомиум және артқы пигидиум бөлімдерін табыңыз. Қағаз бетінде құрттың жылжуын бақылау.

Тапсырма 2. Жауын құртын сойып, оның ішкі мүшелерінің орналасуын, құрылысын анықтап көру.мүшелер топографиясын, оның құрылысына қарап, суретін салу керек.

Тапсырма 3. Жауын құртының денесінің бойлау тілгенде көрінісінен: жұтқыншағын, өңешін, жемсауын, етті қарынын, ортаңғы ішегін, жыныс бездері мен ұрықтарын, аналық бездерін, арқа-құрсақ қан тамырын, сақина тамырларын, құрсағындағы нерв тізбегін көруге болады.

Тапсырмаға түсініктеме: Жауын құртының сою методикасын: Бердибаева Ж.Ш., Карменова Б.Қ. Омыртқасыздар зоологиясы. Әдістемелік нұсқаудан қараңыз. 20 бет.

Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (12,13,14,18,28,29)

2- коллоквиум сұрақтары:

  1. Жалпақ құрттардың ерекшеліктері, систематикасы.

  2. Кірпікшелі құрттар. Кластың систематикасы және негізгі белгілері.

  3. Триматодалар. Құрылысының ерекшеліктері, тіршілік циклы, негізгі өкілдері, олардың фотогенді маңызы.

  4. Таспа құрттар. Құрылысының ерекшеліктері, тіршілік циклы, негізгі өкілдері, олардың фотогенді маңызы.

  5. Таспа құрттардың тіршілік циклының ерекшеліктері.

  6. Жалпақ құрттар мен жұмыр құрттардың ұқсастығы.

  7. Жұмыр құрттар құрылысының ерекшеліктері, тіршілік циклы, негізгі өкілдері, олардың фотогенді маңызы.

  8. Буылтық құрттардың сипаттамасы, систематикасы. Кластардың негізгі белгілері.

  9. Көп қылтаңды құрттар класына сипаттама. Систематикасы, маңызы.

  10. Аз қылтаңды құрттар класына сипаттама. Систематикасы, маңызы.

35

  1. Сүліктер класына сипаттама. Экологиясы, сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері.басқа класс өкілдерінен айырмашылығы. Маңызы.

  2. Басқа құртатр типтерімен салыстырғанда буылтық құрттардың құрылысынң ерекшелігі.

  3. Буылтық құрттардың жүйке жүйесімен сезім мүшелерінің құрылысы

  4. Буылтық құрттардың қан айналу және тыныс алу мүшелерінің құрылысы, атқаратаын қызметі

  5. Буылтық, Жұмыр және жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесі. Құрылысының ерекшеліктері

  6. Буылтық құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы

  7. Буылтық құрттардың мезодермасының түзілуі және оның дифференциацясы. Целомның атқаратын қызметі.

  8. Буылтық құрттардың көбеюі мен дамуының ерекшеліктері. Трохофораның құрылысы және оның метаморфозы.

  9. Буылтық құрттардың метамериясының және таспа құрттардың буындарының айырмашылығы неде?

  10. Буылтық құрттардың сегменттерінің және параподияларының пайда болуы немен байланысты?

Тақырып 8. Бауыр аяқты моллюскалардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.

Тапсырма 1. Ұлудың бақалшағының майдалап сындырып, қабаттарымен және құрылысымен танысу, бақалшақсыз сыртқы құрылысын көру керек. Оның денесінің асимметриялы екендігіне көңіл аудару керек.

Тапсырма 2. Фиксацияланған ұлудың айналмалы денесін бойлай сойып, өкпесін, бүйрегін, жүрегін қарау керек. Ары қарай соя отырып, оның ас қорыту және жыныс мүшелерін көріп, олардың суретін салыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (10,11,16,20,33)

Тақырып 9. Қосжақтаулы моллюскалардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.

Тапсырма 1. Тіссіз моллюсканың бақалшағының қабаттарымен танысып жылдық сақиналарға көңіл аудару қажет. Бақалшақтың сыртқы формасына қарай отырып, қосжақтаулы формасын, лигаментін, өсу тармағын, алдыңғы, артқы, арқа-құрсақ жағын көріңіздер.

36

Тапсырма 2. Бақалшағын ойып, тіссіздің денесін пинцетпен алып, жалпы құрылысын, жиырылғыш немесе қақпалық бұлшық етінің орналасуын көріп, суретін салыңыздар.



Тапсырма 3. Союдың алдында мантиясына, сифондарына, желбезегіне және аяғына көңіл бөлген жөн. Скальпельдің көмегімен тіссіздің денесін аяқтан бойлай жүрек қалташасына дейін кесіп, ас қорыту, қан айналу, зәр шығару, жыныс, жүйке жүйесінің құрылысын анықтап, микроскоптың көмегімен глохидияларды қарап, мән бере отырып суретін салыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (10,11,16,20,33)

Тақырып 10. Шаян тәрізділердің морфо-физиологиялық сипаттамасы.

Тапсырма 1. Өзен шаянын табақшаға салып, арқа жағынан оның дене бөлімдерін ажырату. Денесінің әр сегментінің стернит, тергит, плейритке бөлінуіне және денесін жауып тұрған хитинге көңіл бөлу қажет.

Тапсырма 2. Өзен шаянын табақшаға шалқасынан жатқызып аяқтарын ажырату керек. Ең алдымен құрсақтың соңғы сегменттегі аяғынан бастап, құрсақтағы барлық барлық жүзу аяқтарын кесіп алу керек. Көкіректегі 5 жұп жүру аяқтары мен 3 жұп жақ аяқтарын кесіп алып, Петри табақшасына құйылған суға салып, аяқтың түбінде орналасқан желбезек тармақтарын көру керек. Бас бөліміндегі – үш жұп жақ және І жұп мұртшаларының орналасу тәртібін анықтаңыз. Жіктелген аяқтардың суретін салыңыздар.

Тапсырма 3. Өзен шаянын сою. Ішкі мүшелерін қарау. Өзен шаянының бұлшық ет, ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, жыныс, зәр шығару, жүйке жүйелерін көріп, оларды белгілеп, сойылған өзен шаянының суретін салу.

Тапсырмаға түсініктеме: Өзен шаянын сою методикасын: Бердибаева Ж.Ш., Карменова Б.Қ. Омыртқасыздар зоологиясы. Әдістемелік нұсқаудан қараңыз. 26-28 беттер.

Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (10,11,16,17,21,33)
37

Тақырып 11. Өрмекші тәрізділердің морфо-физиологиялық сипаттамасы.

Тапсырма 1. Өрмекші тәрізділердің сыртқы құрылысының, денесінің, сегменттелуін, ауыз аппаратының, аяқтарының құрылысының алуан түрлілігін көріп танусу.

Тапсырма 2. Сольпугалардың, жалған құршаяндардың, нағыз өрмекшілердің, кенелердің денесінің сыртқы құрылысын анықтап, суретін салу.

Тапсырма 3. Хелицералылардың әр алуан өкілдерін қарап, салыстырмалы түрде айырмашылықтарының, ұқсастықтарының неде екенін айтыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: ( 1,2,3,4,5,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер:(17,19,21,31,32,35,36)

Тақырып 11. Трахея тыныстылар тип тармағы. Көп аяқтылардың сыртқы құрылысы.

Тапсырма 1. Кивсяктің, костянканың, сколопендраның сыртқы құрылысын, денесінің сегментелуін, басының құрылысын, аяқтарын анықтап қарау керек.

Тапсырма 2. Фиксацияланған кивсяктің денесінің алдыңғы бөлімінің құрылысына көңіл аудару қажет. Сколопендраның сыртқы құрылысының суретін салу.

Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (19,32,33,34,35,36)

Тақырып 12. Бунақденелілер класы. Насекомдардың сыртқы құрылысы.

Тапсырма 1. Фиксацияланған немесе кептірілген насекомдардан (тік қанаттылар, қоңыздар, таракандар) олардың сыртқы құрылыс ерекшеліктерін талдаңыздар.

Тапсырма 2. Насекомдардың дене құрылысын қарап, бас бөлімінің, оның қосалқы мүшелерінің, ауыз апаратының құрылысын лупаның көмегімен анықтаңыздар. Пинцет және иненің көмегімен денесін бөлшектеп; бас, көкірек, құрсақ бөлімін ажыратыңыздар.

Тапсырма 3. Аяқтардың және қанаттардың орналасуын қарап, барлық белгілерін көрсетіп, суретін салыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: (1,2,4,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (19,32,34,35,36)

Тақырып 13. Насекомдардың ішкі құрылысы.
38

Тапсырма 1.Инъекция арқылы фиксацияланған насекомдарды (шегіртке, жасыл шегіртке, қара тарақан, қоңыз) сою. Сою әдісі насекомдарды арқа жағынан сою. Алдын ала парафині бар табақшаға түйреуішпен қадаған объектіні екі бүйір жағынан қайшымен кесіп, сонан соң хитин жабылғышын абайлап алып тастау керек.

Тапсырма 2. Ішкі органдарының ең алдымен жүрегін, сонан кейін қалған ішкі мүшелер жүйесін қараған жөн. Стигма тесігінің трахеяларын, ас қорыту жүйесінің бөлімдерінің, жыныс мүшелері органдарының бездерін қараңыздар, шегін бір шетке алып қойып, жүйке тізбегін табыңыздар.

Тапсырма 3. Насекомдардың ішкі органдар топографиясының суретін салыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: (1,2,4,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (19,32,34,35,36)

Тақырып 14. Бунақденелілер класының классификациясы. Насекомдарды анықтау.

Тапсырма 1. Анықтағышпен жұмыс істеуді үйрену. Насекомдарды отрядына дейін анықтай білу.

Тапсырма 2. Насекомдарды анықтау кезінде студенттердің көңілін таксономиялық маңызы бар белгілерге аудуру қажет. Басты міндет – құрылысымен жетік танысып, әр отрядқа тән белгілерін анықтау. Белгілері арқылы өкілдің қай отрядқа жататынын, оның систематикалық жағдайын және отрядқа тән белгілерін жазып алу керек.

Негізгі әдебиеттер: (1,2,4,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (19,32,34,35,36)

Тақырып 15. Тікентерілілер типі. Тікентерілілердің сыртқы және ішкі құрылыстары.

Тапсырма 1. Лупаның көмегімен теңіз жұлдызының сыртқы құрылысымен тынысып, мадрепор пластинкасын, ауыз және аналь тесігін, терінің қосалқы мүшелерін, амбулакральдық аяқтарын табыңыздар.

Тапсырма 2. Теңіз жұлдызын сойып, амбулакральді және ас қорыту жүйесін, скелет пластинкасына қарап мән бере отырып, суретін салу қажет. Теңіз кірпілерінің құрылысын анықтап, суретін салыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: (2,3,5,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (10,11,16,18,33)

Лабораториялық жұмысты орындауға берілетін

39

әдістемелік нұсқау: жұмысты орындамас бұрын жұмыстың мәні мен мақсатын түсініп, мұқият оқып, нені істеу керек, жұмысты қалай орындау керектігін ұғыну қажет. Сонан кейін ұсынылған әдебиеттер тізімі бойынша теориялық материалды оқыған жөн. Тапсырмаларды орындағаннан кейін, тәжірибенің барысын жазып, қорытынды жасалынуы тиіс. Ең соңында бақылау сұрақтарына жауап беріледі.



2.4 Студентердің оқытушы басшылығымен өздік жұмыстарының жоспары:

Тақырып 1. “Зоология” курсының міндеті мен әдістері

(семинар)

Семинар сұрақтары:

1.Кіріспе, әдістері мен міндеттері.

2.Зоологияның қысқаша даму тарихы. Зоология бөлімдері. Зоологияның басқа биологиялық

пәндермен байланысы.

Методикалық нұсқау: ұсынылған әдебиеттерді оқып және қысқаша коспект жазу, сұрақтарға ауызша жауап беру керек.

Ұсынылатын әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,9)



Тақырып 2. Бірклеткалылар патшалық асты. Саркомастигофора типі. (лабораториялық жұмыс)

Талдауға арналған сұрақтар:

1.Бірклеткалық жануарлар деңгейінің негізгі белгілері.

2.Қарапайымдылардың қазіргі систематикасы.

3.Паразиттік талшықтылар және симбионттар. Алуан түрлілігі.

Тапсырма 1) Тұрақты микропрепараттардан дизентериялық амебаны тауып құрылысымен танысу. 2) Жасыл эвгленаның, трипаносомалардың және бақа опалинасының ұқсастығын, айырмашылығын, физиологиясын және экологиясын анықтаңыздар.



Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (15,16,27,28,33,35

Тақырып 3. Инфузориялар типі. (лабораториялық жұмыс)

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Типтің кластардың, отрядтардың негізгі белгілері.

2. Конъюгация.

3.Инфузориялардың әр-түрлі экологиялық топтары.

40

Инфузориялардың маңызы.



Тапсырма: 1) Келесі терминдарға анықтама беріңіз: перистом, пелликула, трихоцисталар, макронуклеус, микронуклеус, нейрофан, аутогомия, эндомиксис, синкорион, редукциялық бөліну, гаметогамия, кариогамия. 2) 15 инфузория түрінің экологиялық ерекшеліктеріне түсініктеме беру.

Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (15,16,27,28,33,35)

Семинар тақырыбы 4. Көпклеткалылар патшалық асты (семинар)

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Көпклеткалылардың шығу тегі.

2. Э.Геккель гипотизасы.


  1. И.И.Мечников гипотизасы.

  2. И.Хаджи гипотизасы.

5. Ұрықтық жапырақшалардың пайда болуы және оның эволюциясы.

Тапсырма: Әдебиеттерді қолдана отырып таблицаны толтырыңыздар.



Гипотезалар, олардың авторлары

Гипотезаның негізгі мазмұны

Гипотезаның дәлелі (схема ретінде көрсетіңіздер)










Сіздің ойыңыз бойынша ең дұрысы қай гипотеза? Дәлелдеңіз.

Методикалық нұсқау: ұсынылған әдебиеттерді оқып және қысқаша коспект жазу, сұрақтарға ауызша жауап беру керек.



Негізгі әдебиеттер: (3,7,9,28,33)

Қосымша әдебиеттер:(15,16,27,28,33,35)

Тақырып 5. Губкалар типі. (лабораториялық жұмыс)

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Губкалар типінің жануарлар дүниесіндегі орны.

2. Губкалардың құрылысы (аскон, сикон, лейкон).Систематикалық және филогенетикалық маңызы.

3. Губкалардың клеткаларының дифференциациясы.

4. Губкалардың дамуы және онтогенезінің ерекшеліктері.

41

Тапсырма: 1) фиксацияланған теңіз және тұщы су препараттарынан бадяга губкасының геммуласын қарау және оны суретімен салыстыру. 2) келесі терминдердің мағанасын түсіндіріңіздер: спикула, парагастральды қуыс, мезоглея, лейкон, сикон, аскон, хоаноциттер, колленциттер, склеробластар, жгутикалық камералар.



Негізгі әдебиеттер: (3,7,9,28,33)

Қосымша әдебиеттер:(15,16,27,28,33,35)

Тақырып 6. Ішекқуыстылар типі. (лабораториялық жұмыс)

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Гидроидтылардың дамуы мен көбеюі. Тіршілік циклдарының ерекшеліктері.

2. Маржан полиптерді Гидрозоа және Сцифозоа кластарымен салыстырғанда қандай қарапайым және прогрессивті белгілері байқалады.

3. Ішекқуыстылардың мекендейтін орны және экологиясы.

Тапсырма: 1) ылғалды фиксацияланған препараттардан актинияның ішкі және сыртқы құрылысымен танысу. 2) актиняның ұзынына бойы кесіндісінен жұтқыншағын, гастральды қуыс камераларын, септаларын, мезентеральдық жіпшелерін табу және олардың суретін салу. Қаңқасының құрылысымен танысу. 3) Губкалар типімен Ішекқуыстылар типін салыстырыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: (3,7,9,28,33)

Қосымша әдебиеттер:(15,16,27,28,33,35)

Тақырып 7. Жалпақ құрттар типі. (лабораториялық жұмыс)

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Паразитизм деген не? Паразитизмнің типтері.

2. Паразиттің тіршілік етуіне байланысты құрылыс ерешеліктері.

3. Паразиттік құрттардың тіршілік циклдарының күрделенуі неде?

4. Трематодтардың тіршілік циклі және дамуы.


  1. Адамның және үй жануарларының негізгі паразиттері.

Тапсырма: 1) микропрепараттан ланцет тәрізді сорғышты микроскоптың кіші және үлкен үлкейткіші арқылы қарап оның құрылысымен танысу. Оның дене пішініне, ас қорыту, зәр шығару, жыныс жүйесіне назар аудырыңыздар.

42

2) препараттардың көмегімен таспа құрттардың сколекстерін және қаруларын (жабысқақ сорғышын, сорғыш ойыстарын, ілмекшелерін) көру. 3) жетілген және жетілмеген буындардың құрылысын салыстырып, оларға мән бере отырып суретін салу. Финналардың құрылысына қарап, суретін салу.



Негізгі әдебиетер: (1,2,4,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (12,13,14,18,22,24)

Тақырып 8. Жұмыр құрттар типі. (лабораториялық жұмыс)

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Жұмыр құрттардың сыртқы және ішкі құрылысы.

2. Жұмыр құрттардың бұлшық-ет жүйесінің құрылысы.

3. Жұмыр құрттар мен жалпақ құрттардың айырмашылығы мен ұқсастығы.

4. Паразиттік жұмыр құрттар.

Тапсырма: 1) Тамшы судан коловратканы тауып, оның кеңістікте жылжуына, қоректенуіне, айналмалы шайнау құралына – мастакске көңіл аудару қажет. Денесінің үш бөлімнен: айналмалы құралдан, дене және аяқтан тұратындығын көру керек. 2) Микроскоптың кіші үлкейткішімен микропрепараттардан острицаның сыртқы құрылысын көру керек. Микропрепаратты суретпен салыстыру қажет.



Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (12,13,14,18,28,29)

Тақырып 9. Буылтық құрттар типі. (лабораториялық жұмыс)

Талдауға арналған сұрақтар:

1.Төртқабатты, целомды деңгейіндегі жануарлар тобына сипаттама.

2.Буылтық құрттардың сипаттамасы. Паренхиматозды құрттармен салыстырғанда оларда қандай жаңа белгілер пайда болды?

3.Полихеттер мен олигохеттердің сыртқы және ішкі құрылыстарын салыстыру. Осы құрттардың құрылысындағы айырмашылықтар немен байланысты.

4.Буылтық құрттар типінің филогенетикалық маңызы.

Тапсырма: 1) Нереистің сыртқы құрылысына қарағанда бас бөліміндегі сезім мүшелеріне, еркін өмір сүретіндердің

43

гомономдық метамериясына, параподийдің қылтандарына көңіл аудару керек. 2) Тотальдық препараттан – бас бөлімінің (простомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің (пигидий) құрылысын қарап, суретін салу. Параподийлердің құрылысымен танысып, суретін салу керек.



Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (12,13,14,18,28,29)

Семинар тақырыбы 10. Моллюскалар типі. (семинар)

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Моллюскалар типінің негізгі белгілері.

2. Мантия оның пайда болуы және атқаратын қызметі.


  1. Басаяқты моллюскалар класына сипаттама. Практикалық маңызы.

Тапсырма: 1) Таблицаны талтыру: Моллюскалар типінің сипаттамасы

Жануарлар дүниесіндегі моллюскалардың алатын орны.

Методикалық нұсқау: ұсынылған әдебиеттерді оқып және қысқаша коспект жазу, сұрақтарға ауызша жауап беру керек.

Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (12,13,14,18,28,29)

Тақырып 11. Қосжақтаулы моллюскалар класы. (семинар)

Талдауға арналған сұрақтар:

1.Қосжақтаулы моллюскалардың құрылысының ерекшеліктері. Систематикасы,практикалық маңызы..

2. Моллюскалардың даму ерекшелігі. Личинкаларының типтері.

3. Моллюскалардың экологиясы. Биоценоздағы маңызы.

Тапсырма: 1) Анықтама беріңіз: а) мантия комплексі деген не?

б) ішкі бөлім қапшығы деген не?

в) палиальді комплекс деген не?

2) Таблицаны толтырыңыз: Бауыраяқтылар мен Қосжақтаулыларды салыстыру

44


Типтің систематикасы

Ұқсастығы

Айырмашылығы












  1. Айырмашылық белгілері немен байланысты?

Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (12,13,14,18,28,29)

Тақырып 12. Буынаяқтылар типі. (семинар)

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Буынаяқтылар типіне сипаттама.

2. Буынаяқтылардың сыртқы құрылысының ерекшеліктері (жабыны, дене бөлімдері, аяқтары).

3. Ауыз аппараттарының типтері, олардың құрылысы.



  1. Буынаяқтылардың локомоторлы аппаратының пайда болуы және эволюциясы.

Тапсырма: 1) Таблицаны толтыру: Көпаяқтылар мен насекомдар кластарын салыстыру

Кластардың систематикасы

Ұқсастығы

Айырмашылығы










Кластардың филогенетикалық қарым-қатынасы..

Методикалық нұсқау: ұсынылған әдебиеттерді оқып және қысқаша коспект жазу, сұрақтарға ауызша жауап беру керек.



Негізгі әдебиеттер: (1,2,4,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (19,32,34,35,36)

Тақырып 13. Хелицералылар тип тармағы. (лабораториялық жұмыс)

Талдауға арналған сұрақтар:

    1. Дене бөлімдері және аяқтарының құрылысы.

    2. Көбеюі және дамуы.

    3. Негізгі отрядтары және экологиясы.

Тапсырма: Фиксацияланған материалдардан өрмекші тәрізділердің алуан түрлілігімен танысу және анықтағыштардың көмегімен түрге дейін анықтау.

Негізгі әдебиеттер: ( 1,2,3,4,5,6,7,9)

45

Қосымша әдебиеттер:(17,19,21,31,32,35,36)



Тақырып 14. Трахея тыныстылар тип тармағы. Көп аяқтылардың сыртқы құрылысы. (лабораториялық жұмыс)

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Жалпы сипаттамасы. Систематикасы .

2. Метамерия. Гомономды және гетерономды метамерия. Бірінші және екінші метамерия.

3. Ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, қан айналу жүйелері.

Тапсырма 1. Кивсяктің, костянканың, сколопендраның сыртқы құрылысын, денесінің сегментелуін, басының құрылысын, аяқтарын анықтап қарау керек.

Тапсырма 2. Фиксацияланған кивсяктің денесінің алдыңғы бөлімінің құрылысына көңіл аудару қажет. Сколопендраның сыртқы құрылысының суретін салу.



Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7,9)

Қосымша әдебиеттер: (19,32,33,34,35,36)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет