Жарғы бірінші бөлімі Жалпы ережелер 1 бабы Еуропалық компанияның құрылуы



бет2/3
Дата22.02.2016
өлшемі230.5 Kb.
#784
1   2   3

ІІ бөлім

Басқарма
15 бабы

Басқарма мүшелерінің құрамы, құрылуы және өкілеттіліктер мерзімі
1. Басқарма кемінде 1 (бір) және ең көбінде 3 (үш) мүшесінен тұрады. Басқарма мүшелерінің саны мен оларға берген өкілеттілік мерзімі жалпы жиналыс шешімімен анықталады. Компания құралып жатқанда, құрылтайшының шешімі бойынша басқармада 1 (бір) мүше болады. -----------------------------------------------------------------------------------------

2. Басқарма өз мүшелері санынан басқарма төрағасын сайлайды. Егер басқарма бір мүшелік болса, бұл тармағы әрекет етпейді. -------------------------------------------------------

3. Басқарма мүшелері жалпы жиналыспен құрылтайшы құжаттарымен анықталған басқарманың бірінші мүшелерін шығарып және компания жұмысшылары немесе оның өкілдері тағайындаған мүшелерді шығаруымен лауазымға сайланады және лауазымнан түсіріледі. ------------------------------------------------------------------------------------------------------

4. Жалпы жиналыспен сайланған қоғам мүшелердің саны жартысына дейін азайса, басқарма мүшесінің лауазым мерзімі өкілеттігі аяқталғанша дейін тоқтаған жағдайда, басқарма жалпы жиналысының келесі отырысына дейін запасты мүшесін таңдай алады. ---

5. Басқарманың кейбір мүшелерінің өкілеттілік мерзімдері алты жыл құрайды. Басқарма мүшесінің лауазымы басқарманың жаңа мүшесін сайлағаннан кейін тоқтатылады, бірақ Жарғыда басқаша айтылмаса, өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін үш ай өткеннен кеш емес мерзімде тоқтатылады. Басқарма мүшелерінің қайта сайлауын өткізуге болады. -------

6. Басқарма мүшесі басқарма атына жіберілген жазбаша өтініш арқылы, басқармада бір ғана мүшесі болған жағдайда, өтініш жалпы жиналысқа бағытталған лауазымнан бас тарта алады, бұл жағдайда ол жиналыс жинауға міндетті. Бұл жағдайда бұл мүшесінің өкілеттілік мерзімі бас тарту туралы өтініші қарастырылған күнінен бастап аяқталады немесе, басқармада бір ғана мүшесі болған жағдайда өтініш жалпы жиналыспен қарастырған немесе қарастырылуға тиіс күнінен бастап аяқталады. Басқарма немесе жалпы жиналыс басқарма мүшесінің бас тартуын бас тарту туралы өтініш алған сәттен бастап жақында өткізілетін жиналыста қарастыруға міндетті. Басқарма мүшесі лауазымнан бас тарту туралы шешімін басқарма отырысында немесе жалпы жиналыста хабарлаған жағдайында, лауазымының өкілеттілігі осындай өтінішті беру күнінен бастап екі ай өткеннен кейін аяқталады, егер компанияның бұл органы бас тартқан мүшесінің талабы бойынша лауазымнан бас тартуға басқа мерзімін бекітпесе. -----------------------------

7. Басқарма мүшесі лауазымының мерзімі өткеннен кейін жалпы жиналыс үш айға дейін оның орнына жаңа басқарма мүшесін сайлайды. Басқарма төрағасының өкілеттілігі аяқталған жағдайда, басқарма өз қатарынан жаңа басқарма төрағасын тағайындайды. ------

8. Басқарма төрағасының мүшесі етіп акционерлік қоғам басқармасының мүшелігі үшін Сауда кодексімен анықталған шарттарды орындайтын және Кеңес өкімдерінің (47б. 2т. ә) әрпі) бұл мүшелік мемлекет берген соттық немесе әкімшілік шешімі нәтижесінде мүшелік мемлекеттің заңнамасын басшылыққа алатын акционерлік қоғам органының әрекет істеуге құқығы жоқ болып табылмайтын жеке тұлға бола алады.----------------------------------



16 бабы

Басқарманың мәртебесі және әрекеті
1. Басқарма – қоғамның жарғылық органы. -----------------------------------------------------------

2. Басқарма қоғам атынан Жарғының 4б. белгіленген тәртібімен әрекет етеді. Жалпы жиналыс өз шешімімен басқарма қызметіне шектеу сала алады. Басқарма төрағасы басқарма отырысында басқарманың басқа мүшелерімен компания атынан кез келген құқықтық әрекеттерді алдын ала талқылайды, сол мақсатпен басқарма отырысын жинауға міндетті. --------------------------------------------------------------------------------------------------------

3. Басқарма мүшелері Құрылтайшы шартта көрсетілген басқарманың бірінші мүшелерін шығара немесе компания қызметкерлері әлде олардың өкілдері сайлайтын немесе тағайындайтын мүшелерінен басқалары қадағалаушы кеңеспен лауазымға сайланады немесе лауазымынан түсіріледі.----------------------------------------------------------------------------

4. Жартысынан аз қадағалау кеңесімен сайланған басқарма мүшелердің саны жартысына дейін азайған жағдайда, басқарма лауазым мерзімі өкілеттігі аяқталғанша дейін тоқтаған басқарма мүшесінің орнына қадағалау кеңесінің келесі отырысына дейін баламалы басқарма мүшесін тағайындай алады. -------------------------------------------------------------------

5. Кеңес өкімдеріне сәйкес басқарма қызметіне жатады: --------------------------------------------

а) коммерциялық басқаруды жасау және компания қызметін қамтамасыз ету; ----------------

ә) жалпы жиналысты шақырту; ---------------------------------------------------------------------------

б) жалпы жиналыс төрағасын сайлағанша дейін өз қатарынан жалпы жиналыс төрешілік етушісін тағайындау; ----------------------------------------------------------------------------------------в) акциялардың номиналдық құны жарғылық капиталынан 5%-ға асатын акцияларға ие болған акционер немесе акционерлер талабы бойынша жалпы жиналыстың күн тәртібіне бір немесе бірнеше қосымша сұрақтарды қосу ;-----------------------------------------------------

г) жалпы жиналыстың қарауына қамтамасыз ету және ұсыну:-----------------------------------

іі) компания кәсіпкерлік қызметінің тұжырымдама жобасын ұсыну, ------------------------

ііі) Жарғыға түзетулер енгізу туралы ұсыныс беру, ----------------------------------------------

іv) кезекті, кезектен тыс немесе аралық шоғырланған қаржы есебін ұсыну, ----------------

v) табысты тарату туралы ұсынысты, оның ішінде дивиденттер мен тантьем мөлшері мен төлем жасау тәртібін ұсыну,----------------------------------------------------------------------

vі) Жарғының 9б. 1т. қарастырылған компанияның кәсіпкерлек қызметі туралы жылдық бухгалтерлік есебін және оның активтері мен мерзімдерін ұсыну, ----------------

vіі) алдыңғы есептілік кезеңінде компанияда болған залалды жабуға ұсынылған әдістері мен резервтік қордың пайдалануын қосымша бекітуге ұсыныстарын, ------------

vііі) Жарғымен белгіленген шеңберден астам резервтік қорды көтеру туралы ұсыныстар беру, ------------------------------------------------------------------------------------------

іх) компанияның басқа органдарын құру немесе таратып тастау туралы ұсыныстарды, және де олардың бағдарлары мен өкілеттіліктерін анықтау,-----------------------------------

х) компанияны жою туралы ұсыныстар беру,------------------------------------------------------

ғ) Сауда кодексінің 189 параграфына сәйкес жалпы жиналыс хаттамаларының толтырылуын және олардың сақталуын қамтамасыз ету; -------------------------------------------

д) жалпы жиналыс қаулыларын орындау; 10 бабына сәйкес бұнымен жалпы жиналыс қаулыларын орындау/бас тарту басқарма құқығы қозғалмайды;-----------------------------------

е) дереу төтенше жиналыс шақырту; ---------------------------------------------------------------------

і) қандай бір бухгалтерлік балансы негізінде компанияның жалпы залалы сондай мөлшерге жетті, оларды қоғамның болған көздерінен өтегенде, өтелмеген залалы жарғылық капиталының жартысына жеткенін анықтағаннан кейін немесе бұл факті бойынша қоғам құлдырайтынын анықтауға болған жағдайда, басқарма бұл жалпы жиналысқа қоғамның күшін жоюға және оны таратуға енгізуді ұсынады немесе арнаулы заң оны басқаша анықтамаса, басқа шараларды қабылдайды; ----------------------іі) егер оны қоғамның басқа маңызды мүдделері талап етсе; -----------------------------------

ііі) акциялардың номиналдық құны жарғылық капиталынан 5%-ға асатын акцияларға ие болған акционер немесе акционерлер талап етсе, Басқарма бұл талапты қабылдағаннан кейін жалпы жиналыс шақыртуға міндетті, жалпы жиналыс сәйкес мерзімде – екі айға дейін өткізілуге тиіс; -----------------------------------------------------------

ё) резервтік қорды пайдалану бойынша шешім қабылдау; ------------------------------------------

ж) тіркеу, бухгалтерия, сауда кітаптары мен компанияның басқа да құжаттарының жүргізілуін қамтамасыз етуге; -----------------------------------------------------------------------------

з) бақылау жасау үшін аудиторға кезекті және кезектен тыс бухгалтерлік балансты беруге;

и) жалпы жиналыс өткізгенше дейін отыз күні бұрын атаулы акцияларына ие болған акционерлерге жылдық есепті жолдауға; ----------------------------------------------------------------

й) компания атынан жұмысшының жағдайы және компания жұмысшыларымен жұмыс-құқықтық қатынастарымен байланысқан құқықтар мен міндеттерді орындауға; -------------

к) төлем бойынша мерзімі өтіп кеткен акционерлерге акциялардың эмиссиялық бағамын төлеуге қолдау хат беруге немесе Сауда кодексінің 177 параграфына сәйкес әдістерді қабылдау; -------------------------------------------------------------------------------------------------------

қ) жалпы жиналыс өткізгенше дейін отыз күні бұрын атаулы акцияларына ие болған акционерлерге жылдық есепті жолдауға; ----------------------------------------------------------------

л) компания атынан жұмысшының жағдайы және компания жұмысшыларымен жұмыс-құқықтық қатынастарымен байланысқан құқықтар мен міндеттерді орындауға; -------------

м) төлем бойынша мерзімі өтіп кеткен акционерлерге акциялардың эмиссиялық бағамын төлеуге қолдау хат беруге немесе Сауда кодексінің 177 параграфына сәйкес әдістерді қабылдауға; ----------------------------------------------------------------------------------------------------

н) заң және осы Жарғыға сәйкес компания жариялауға міндетті компания туралы ақпараттың жариялануын қамтамасыз етуге; -----------------------------------------------------------

ң) дәрменсіздік туралы заңмен анықталған шарттарды орындаған жағдайда қоғамның дәрменсіздігі туралы мәліметтерді беруге; --------------------------------------------------------------

о) компанияға қатысты фактілерін сауда тізіліміне жазылуын қамтамасыз етуге және сәйкес құжаттарды құжаттар жинақтамасына енгізуге; ----------------------------------------------ө) жалпы жиналыстың алдын ала шешіміне сәйкес Жарғы мазмұнын өзгерту туралы шешім қабылдауға, егер бұл шешім Жарғыны өзгерту бойынша нақты тәсілін анықтамаса; п) өзгерістеріне сәйкес компания Жарғысының толық редакциясын дайындауға; ------------

р) Жарғының төртінші бөлімінде белгіленген көлемінде компания жұмысшылары сайлаған компанияның қадағалау кеңесі мүшелерін лауазымға таңдау және алып тастау регламентін әзірлеуге және бекітуге; --------------------------------------------------------------------

с) жарғылық капиталы көтерілгенде акцияларға жазылуға акционерлердің басымдық құқығынан шығару немесе шектеу салу себебін анықтауымен жалпы жиналысқа жазбаша есеп беруге, ұсынылған эмиссиялық бағамы себептерін анықтауға, оның анықтау тәртібі немесе басқармаға оны анықтауға өкіл етуге; ----------------------------------------------------------

т) жалпы жиналыстың арнаулы өкілеттілігі негізінде жарғылық капиталының көтерілуіне сәйкес акциялардың эмиссиялық бағамын анықтауға; -----------------------------------------------

у) Жарғының 27б. сәйкес жұмысшылардың таңдауына қатысты ақпараттық міндетті орындауға; -----------------------------------------------------------------------------------------------------ұ) Жарғының 28б. сәйкес жұмысшылар комитетін немесе санаулы комитетінің таңдау құқығына сәйкес келетін міндеттерді орындауға; ----- -----------------------------------------------

6. Басқарма мүшесі басқармаға жеткізілген жазбаша хабарландыру жолымен лауазымнан отставкаға кете алады, егер басқармада жалғыз мүше болған жағдайда жазбаша хабарландыру Қадағалау кеңеске жеткізілгенде отставкаға кете алады. ------------------------

Бұл жағдайда өкілеттілік міндеттерінің мерзімі оның отставкасы басқармада талқыланды немесе талқылануға тиіс күніне аяқталады, басқарма бір мүшеден тұрған жағдайда отставка Қадағалау кеңесінде талқыланды немесе талқылануға тиіс күніне аяқталады. Басқарма немесе Қадағалау кеңес отставка туралы хабарламаны алғаннан кейін жақында болатын отырысында басқарма мүшесінің отставкасын қарастыруға міндетті. Басқарма мүшесі басқарма отырысында немесе Қадағалау кеңестің отырысында лауазымынан отставкаға шығу туралы хабарлағаннан соң, оның өкілеттілік мерзімі осындай хабарлама алған күнінен бастап екі айдан соң аяқталады, егер басқарманың осы мүшесінің талабы бойынша орган өкілеттіліктің аяқталуына басқа мерзім белгілемесе; ----------------------------

7. Басқарма мүшесінің өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін 3 ай ағымында басқарма оның орнына басқарманың жаңа мүшесін таңдап алады. Басқарма төрағасының өкілеттілік мерзімі аяқталса, басқарма осындай толықтырудан кейін өз қатарынан жаңа төрағаны сайлайды.--------------------------------------------------------------------------------------------------------

8. Басқарма өз қызметін атқарғанда жалпы жиналыста қыбалданған принциптер мен өкімдерді басшылыққа алады. Басқарма мүшелері жалпы жиналысқа қатысуға құқылы.----

9. Басқарма 3 (үш) айда ең кем дегенде бір рет қадағалау кеңеске компания кәсіпкерлік қызметінің барысы және перспективалары туралы ақпараттандыруға міндетті.----------------

10. Бұл баптың 8 тармағында көрсетілген қарапайым ақпаратқа қосымша, басқарма қадағалау кеңеске компанияға елеулі әсерін тигізе алатын оқиғалар туралы ақпаратты дереу жеткізеді. -----------------------------------------------------------------------------------------------

11. Басқарма SE туралы Заңының екінші бөліміне сәйкес жасалған жұмысшыларды тарту әдісі мен көлемі туралы Келісіміне сәйкес Жарғының редакциясын дереу өткізуге міндетті, егер Жарғының ережелері осы Келісімге қайшы келсе. ---------------------------------



17 бабы

Үкімет қаулылары
1. Басқарма өз отырыстарында қаулы шығарады. Басқарма келген басқарма мүшелерінің көптеген санымен қаулы етеді, әрқайсында бір дауыс бар. Дауыстар тең келгенде төраға дауысы шешуші болады. Басқарма төрағасын лауазымға сайлау немесе лауазымнан алып тастау туралы дауыс бергенде, бұл тұлға дауыс бермейді.-------------------------------------------

2. Бақарма отырысы қажеттілік болғанда өтеді, бірақ үш айдан бір реттен кем емес (Жарғының 16 б., 8 т.) өткізледі және оны басқарма төрағасы шақыртады. Төраға дәйекті себептер бойынша отырыс өткізе алмаса, кезек күттірмейтін жағдайларда отырысты басқарма мүшесі шақыртады. Бұл факт басқарма отырысының хаттамасына енгізілуге тиіс.---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3. Егер басқарма отырысында басқарма мүшелерінің жартысы болғанда, басқарма шешім қабылдай алады. ----------------------------------------------------------------------------------------------

4. Басқарма өз қарауы бойынша өзінің отырысына қоғамның басқа органдарының мүшелерін, оның жұмысшыларын, акционерлер мен басқа да тұлғаларды шақыра алады. --

5. Басқарма отырысының барысы және оның шешімдері туралы хаттама толтырылады, басқарманың барлық мүшелері хаттамаға қолдарын қояды, соның ішінде басқарма отырысында болған басқарма төрағасы да қолын қояды. Басқарма төрағасынан басқа басқарма мүшесі хаттаманы толтыра алады. Отырыс хаттамасында басқарманың кейбір шешімдеріне қарсы дауыс берген немесе дауыс беруден бас тартқан басқарма мүшелерінің толық тізімі болуға тиіс. Егер басқасы дәлелденбесе, дауыс берудің жазылмаған мүшелері қаулыны қабылдау үшін дауыс берді деп есептеледі. -------------------6. Басқарма басқарма мүшесінің ұсынысы бойынша шешімді отырыстан тыс жазбаша түрінде немесе телефакс, электрондық пошта және т.б. арқылы дауыс беру бойынша шешім қабылдай алады. Осылай шешім қабылданғаны туралы хаттамасына берілген күнінен бастап 14 күніне дейін басқарманың барлық мүшелері қолдарын қоюға тиіс, олардың қолдары қойылмаған жағдайында қаулы күшке енбейді. Бұл қаулы отырыста болмаған басқарма мүшесі осылай дауыс бергенде қолданысқа енгізіледі.----------------------

7. Отырыстан тыс қабылданған басқарма отырысының хаттамасында немесе басқарма шешімі туралы жазбада оны талабы бойынша қайта дауыс берген басқарма мүшесінің бағдары ескертіледі. -----------------------------------------------------------------------------------------

8. Басқармада Жарғының 15 б. 1 т. сәйкес бір мүшесі ғана болса, осы баптың 1-3 және 5-7 тармақтары пайдаланады. Басқарманың жалғыз мүшесі өз қарауы бойынша шешімдерді қабылдайды. Жарғының 16 б. 8 және 9 т. белгіленген басқарма міндеттері онымен қозғалмайды. Басқарманың жалғыз мүшесі қажеттілік болғанда шешімдерді қабылдайды. Жарғының 16 б. 8 және 9 т. белгіленген басқарма міндеттері онымен қозғалмайды. Басқарманың жалғыз мүшесі өзінің шешімі туралы хаттама толтырады, кейін оған қолын қояды. -----------------------------------------------------------------------------------------------------------

18 бабы

Басқарма мүшелері туралы басқа да қаулылары
1. Басқарма мүшелері өз лауазымдық міндеттерін орындағанда адал әрекет жасуға және үшінші тұлғаларға белгілі болғанда компанияға залал келтіруге мүмкін құпия ақпараттар мен фактілердің құпиялығын сақтауға міндетті.------------------------------------------------------

2. Басқарма мүшелерінде өз лауазымдарын атқарудан тоқтағаннан кейін де компания мүддесімен оларды тарату жағдайлардан басқа жағдайларда компания мүддесінің залалына әкелуге мүмкін компания туралы ақпаратты таратуға құқығы жоқ. ------------------

3. Басқарма мүшелері өз лауазымдық міндеттерін атқарғанда бұзушылықтар салдарынан болған залал үшін жалпыға міндетті құқықтық нормалары шарттары мен шеңберінде компания алдында жауапкершілік тартады. Залал басқарманың бірнеше мүшелерімен келтірілген жағдайда, бұл басқарма мүшелері компания алдында жауапкершілікті бірге және бөлінбестен тартады. Басқарма мүшесінің лауазымын атқарғанда, өз құқықтық міндеттерін бұзғанда залал келтірген басқарма мүшелері бірге және бөлінбестен жауап береді. -----------------------------------------------------------------------------------------------------------

ІІІ бөлімі

Қадағалау кеңесі
19 бабы

Қадағалау кеңес құрамы, тағайындау және өкілеттілік мерзімдері
1. Қадағалау кеңесі кемінде 1 (бір) және ең көбінде 3 (үш) мүшесінен тұрады. Мүшелерінің саны мен оларға берген өкілеттілік мерзімі жалпы жиналыс шешімімен анықталады. Компания құралып жатқанда, құрылтайшының шешімі бойынша қадағалаушы кеңесте 1 (бір) мүше болады. -------------------------------------------------------------

2. Қадағалау кеңесі өз мүшелері санынан қадағалау кеңесінің төрағасын сайлайды. Егер жұмысшылар мүшелерінің жартысын таңдаса, төраға етіп жалпы жиналыспен тағайындалған мүшесі бола алады. Егер қадағалау кеңесі бір мүшелік болса, бұл тармағы әрекет етпейді. ------------------------------------------------------------------------------------------------

3. Қадағалау кеңесі өз бақылау қызметі шеңберінде келесі әрекеттерді жасайды:--------------

а) осы есептілік кезеңінде осы активтердің құны 500 000 чех кронын құрастырса, компания активтерді сатып алу немесе адалау жасуға негіз болатын шарттардың жасасауын; -----------------------------------------------------------------------------------------------------

ә) кезекті, кезектен тыс, шоғырландырылған және аралық бухгалтерлік балансын тексереді және табысты бөлу немесе залалады өтеу туралы ұсынысты қарастырады; --------

б) бір субъект немесе бір кәсіпкерлік тобының субъектісіне қатысты (басқарылатын немесе басқарушы тұлға, концерн) 1 000 000 чех кронынан астам қарыздарды, несиелердің беруін, немесе барлық берілетін несиелер немесе қарыздардың жалпы мөлшері 3 000 000 чех кроны мөлшерінен асуға немесе әрі қарай көтерілуге мүмкін болса; ----------------------

в) бір субъект немесе бір кәсіпкерлік тобы субъектісінің қандай да бір міндеттемелерін қамтамасыз ету (басқарылатын немесе басқарушы тұлға, концерн) 1 000 000 чех кронынан астам қарыздарды, несиелердің беруін, немесе барлық берілетін несиелер немесе қарыздардың жалпы мөлшері 3 000 000 чех кроны мөлшерінен асуға немесе әрі қарай көтерілуге мүмкін болса; ----------------------------------------------------------------------------------г) қоғамның бухгалтерлік құжаттарын, сауда кітаптарын немесе басқа да құжаттарын қарастырады; --------------------------------------------------------------------------------------------------

ғ) басқарма отырыстары мен компанияның жалпы жиналыстарына қатысады; ----------------

д) басқарма қызметіне оның өкілеттілігінің барлық салаларында бақылау жасау; ------------

е) акциялардың сауда үлесін немесе қанда да бір субъектілеріне қатысатын басқа да үлестерді сатып алу немесе адалау; ----------------------------------------------------------------------4. Қадағалау кеңесі басқармаға қызметтің келесі қызмет түрлерін бекітеді: --------------------

а) соңғы бухгалтерлік есептілігінен анық болған бір есептілік кезеңінде осы активтердің құны бір есептілік кезеңі ағымында өз капиталының үштен бір бөлігін құрастырса, компания активтерді сатып алу немесе адалау жасуға негіз болатын шарттардың жасасауын; --------------------------------------------------------------------------------

ә) мүлікті адалау немесе ауыртпалық түсіру; -----------------------------------------------------б) бір субъект немесе бір кәсіпкерлік тобының субъектісіне қатысты (басқарылатын немесе басқарушы тұлға, концерн) 2 000 000 чех кронынан астам қарыздарды, несиелердің беруін, немесе барлық берілетін несиелер немесе қарыздардың жалпы мөлшері 5 000 000 чех кроны мөлшерінен асуға немесе әрі қарай көтерілуге мүмкін болса; ------------------------------------------------------------------------------------------------------

в) бір (үшінші) субъект немесе бір кәсіпкерлік тобының субъектісінің қандай да бір міндеттемелерін қамтамасыз ету (басқарылатын немесе басқарушы тұлға, концерн) 2 000 000 чех кронынан астам қарыздарды, несиелердің беруін, немесе барлық берілетін несиелер немесе қарыздардың жалпы мөлшері 5 000 000 чех кроны мөлшерінен асуға немесе әрі қарай көтерілуге мүмкін болса; ---------------------------------------------------------г) кепілдердің берілуін; ---------------------------------------------------------------------------------

ғ) вексельдерді беру және вексельдерді авалирлеу; ----------------------------------------------

д) ресми хаттамалардың құрастырылуын және орындалуын бекіту.--------------------------

5. Қадағалау кеңесте бір мүшеден көп болса, бір мүшесін егер басқарма мүшесінің лауазымы бос болған жағдайда, басқарма мүшесі ретінде әрекет етуге тағайындай алады. Бұл кезеңде оның қадағалау кеңесі мүшесінің лауазымы тоқтатылады. Қадағалау кеңесінің осындай мүшесі жақында болатын жалпы жиналыс өткізілген сәтіне дейінгі кезеңіне дейін ғана басқарма мүшесінің лауазымын атқара алады. Жалпы жиналыс жақында болатын отырысында басқарманың жаңа мүшесін сайлауға міндетті. Керісінше жағдайда қадағалау кеңесі мүшесінің басқарма мүшесі лауазымын атқару өкілеттілігі осы күнге қарай тоқтатылады, және сауда заңнамасымен белгіленген шарттарымен жетіспейтін мүшесін сот тағайындайды. --------------------------------------------------------------------------------------------

6. Қадағалау кеңесте қадағалау кеңестің әр мүшесінде сияқты, қадағалау кеңесте қызмет атқаруға қажет болған жағдайда және ол қоғам мүддесіне қажет болса, басқарма жұмысына қадағалау жасау үшін қажет ақпаратты алуға құқығы бар. Егер қадағалау кеңесі мүшесінің талабы бойынша немесе басқарманың талабы бойынша ақпаратты алу құқығы туралы дау пайда болған жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. ----------------------

21 бабы

Қадағалау кеңес қаулылары
1. Қадағалау кеңес өз отырыстарында қаулы шығарады. Қадағалау кеңес келген мүшелерінің кобі санымен қаулы етеді, әрқайсында бір дауыс бар. Дауыстар тең келгенде қадағалау кеңес төрағасының дауысы шешуші болады. Қадағалау кеңес төрағасын лауазымға сайлау немесе лауазымнан алып тастау туралы дауыс бергенде, бұл тұлға дауыс бермейді.-----------------------------------------------------------------------------------------------

2. Қадағалау кеңесінің отырысы қажеттілік болғанда қадағалау кеңес төрағасының шақыртуымен өтеді. Жарғының 16 б., 8 т.сәйкес қадағалау кеңестің отырысы үш айдан бір реттен кем емес өткізіледі, басқармадан алған ақпарат қарастырылуға тиіс.--------------------

3. Қадағалау кеңесінің отырысында мүшелерінің жартысы болғанда, шешім қабылдай алады. -----------------------------------------------------------------------------------------------------------

4. Қадағалау кеңесінің өз қарауы бойынша өзінің отырысына қоғамның басқа органдары мүшелерін, оның жұмысшыларын, акционерлер мен басқа да тұлғаларды шақыра алады. --

5. Қадағалау кеңесі отырысының барысы және оның шешімдері туралы хаттама толтырылады, қадағалау кеңесінің төрағасы хаттамаға қолын қояды. Қадағалау кеңесі отырысының хаттамасында қадағалау кеңесінің кейбір шешімдеріне қарсы дауыс берген немесе дауыс беруден бас тартқан қадағалау кеңесі мүшелерінің толық тізімі болуға тиіс. Егер басқасы дәлелденбесе, дауыс берудің жазылмаған мүшелері қаулыны қабылдау үшін дауыс берді деп есептеледі. --------------------------------------------------------------------------------

6. Қадағалау кеңесі мүшесінің ұсынысы бойынша шешімді отырыстан тыс жазбаша түрінде немесе телефакс, электрондық пошта және т.б. арқылы дауыс беру бойынша шешім қабылдай алады. Осылай шешім қабылданғаны туралы хаттамасына берілген күнінен бастап 14 күніне дейін қадағалау кеңесінің барлық мүшелері қолдарын қоюға тиіс, олардың қолдары қойылмаған жағдайында қаулы күшке енбейді. Бұл қаулы отырыста болмаған қадағалау кеңесі мүшесі осылай дауыс бергенде қолданысқа енгізіледі.-------------

7. Отырыстан тыс қабылданған қадағалау кеңесі отырысының хаттамасында немесе қадағалау кеңесі шешімі туралы жазбада оны талабы бойынша қайта дауыс берген басқарма мүшесінің бағдары ескертіледі. ---------------------------------------------------------------

8. Қадағалау кеңесі Жарғының 19 б. 1 т. сәйкес бір мүшесі ғана болса, осы баптың 1-3 және 5-7 тармақтары пайдаланады. Қадағалау кеңесінің жалғыз мүшесі қажеттілік болғанда шешімдерді қабылдайды, бірақ 3 (үш) айда бір реттен кем емес, Жарғының 16 б. 8 тармағымен белгіленген басқармадан алынған ақпаратты қарастырылуға тиіс, міндеттері онымен қозғалмайды. Қадағалау кеңесінің жалғыз мүшесі өзінің шешімі туралы хаттама толтырады, кейін оған қолын қояды. ------------------------------------------------




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет