3-параграф. Байланыс және дабыл
73. ТДБ жалпы телефон байланысымен және қарауылдардың бекеттермен дербес телефон байланысымен жабдықталады.
ТДБ-ін адамдардың ішкі абоненттермен байланыс рұқсат етілген белгілі бір шектелген тобы арасында радиобайланыспен жабдықтауға болады.
Жер асты ТДБ-де Шаха (кеніш) диспетчерімен телефон байланысы болады.
74. Жарылу, өрт шығу қаупі бар тозаңның, будың және газдардың бөлінуі ықтимал барлық орынжайларда байланыс аппаратурасы, оның ішінде өндірістік байланыстың электр динамикалық дауыс зорайтқыштары 3-қосымшада көрсетілген жарылыстан қорғағыштың таңбалауына немесе 1Ехi II СТ4 «жарылысқа қауіпсіз электрлік тізбек» жарылыстан қорғағыш түрімен таңбалауға сәйкес болады.
75. П-I, П-II и П-IIа класты барлық өрт шығу қаупі бар аймақтарда клеммалардағы кернеу 30 В аспаған жағдайда қалыпты күйде өндірістік байланыстың электр динамикалық дауыс зорайтқыштарын орнатуға болады.
Желілік хабарлайтын дауыс зорайтқыштарды жарылысқа қауіпсіз орынжайларда ғана орнатуға болады.
76. Жарылу, өрт шығу қаупі бар өндірістердің өндірістік орынжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес өрт дабылымен жабдықталады.
77. Найзағайдан қорғағыштығы бойынша бірінші санатқа жататын ғимараттар қосылатын барлық түрдегі байланыс және дабыл желілерін әуе желілерімен (сымдармен, аспалы кабельдермен) орындауға болмайды.
78. Желілердің магистралдық учаскелері телефон канализациясында, бөлу желісі құрышталған кабелде төселеді.
79. Қызмет көрсетілетін өндірістік және қосалқы ғимараттар іздеу дабылын беру және жергілікті хабарлау мақсатында ТДБ радио торабынан желілік хабарлағышпен қамтамасыз етіледі.
4-параграф. Көліктік-технологиялық операцияларды механикаландыру
80. Жарылу, өрт шығу орынжайлары мен сыртқы қондырғыларда жұмыс істейтін көлік құрылғыларын, жүк көтергіш және көлік машиналарын жобалау кезінде мыналар:
1) құрылғылар, машиналар мен тетіктер жұмыс істеп тұрған кезде электр разрядтары мен ұшқын түзілуді болдырмау;
2) құрылғылардың, машиналар мен тетіктердің майланатын тораптарының герметикалығын қамтамасыз ету, оған өнімнің түсуін болдырмау;
3) тұнба аймақтарын, өнімнің қалуын, жиналуын, қабық түзуін және қысылып қалуын болдырмау;
4) өнімнің түсуі ықтимал құрылғылардың, машиналар мен тетіктердің мойын тірек тораптары мен тығыздағыштарына қол жетімділікті қамтамасыз ету, көлік жолдары мен жинақтаушы бункерлерді уақтылы тексеру және тазалау жүргізу мүмкіндігімен орындау, иірліктің бүйір жағындағы қоспаны престеу қауіптілігін анықтау;
5) қайта өңделетін заттардың агрессивті әсер ету сипатын, технологиялық үдерістердің ерекшеліктерін және қауіпсіздік техникасының талаптарын ескере отырып, құрылғылардың, машиналар мен тетіктердің элементтерін дайындау үшін құрылымдық материалдарды қолдану қарастырылады.
81. Араластырғыш, қосалқы және көлік құрылғылары мен тетіктерінде, жүк көтергіш және көлік машиналарында орнатылатын электр жабдығы мен автоматтандыру құралдарын орынжайлар мен сыртқы қондырғылардың жарылу қауіптілігі класына сәйкес күйде қолдануға болады.
82. Жарылу, өрт шығу қаупі бар заттарды тасымалдайтын (таспалы, тізбекті, бұрама) конвейерлер үшін тарту органдары бір орында тұрып қалған, үзілген кезде, бұрама сыналанған кезде тоқтауды қамтамасыз ететін бұғаттағыш құрылғылар қарастырылады.
83. Жарылу, өрт шығу қаупі бар заттарды тасымалдайтын және жолда көлбеу немесе тігінен орналасқан учаскелері бар конвейерлерде тарту органының немесе тасымалданатын жүктің өздігінен қозғалуынан алдын алатын сақтандыру құрылғылары болады.
84. Конвейерлік көлікпен тасымалдау кезінде ыдысқа (будаға, қапқа, қорапқа және тағы басқа) салынған ЖЗ бір-бірінен детонация беруді болдырмайтын қашықтықта орналасады.
85. Салмағы 20 кг астам жарылу, өрт шығу қаупі бар заттарды тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру ұсынылады.
86. Жарылу, өрт шығу қаупі бар өнімдерді ауыстыру үшін қолданылатын жүк көтеру машиналары мен тетіктерінің қозғалысы, әдетте төменнен басқарылады.
87. Жарылу, өрт шығу қаупі бар орынжайларда және сыртқы қондырғылардың ішінде жарылу қаупі бар жүктермен операцияларды орындау кезінде осы Талапқа сәйкес келетін жарылыстан қорғалған күйдегі көтергіш-көлік жабдығы қолданылады.
Операцияларды қоймалардың сыртынан жүргізу үшін тиеу-түсіру алаңдарында және тұғырдағы қаптарда және қатты ыдыстағы (қабықшада, жәшіктерде, контейнерлерде және тағы басқа) жарылу қаупі бар жүктермен аспаның астынан әдеттегі күйдегі көтергіш-көлік жабдығы қолданылады. Қолданылатын крандар мен тальдарда жүк көтергіш тетігінде екі тежегіші және арқандардың төзімділігінің алты қырлы қосалқы бөлшегі болады.
Контейнерлер, транспертерлер, элеваторлар және технологиялық үдерістерді жүргізу шарттары бойынша жарылу қаупі бар заттардың тозаңдары мен булары түзілетін орынжайларда жұмыс істеуге арналған тағы басқа ұшқын түзілуді болдырмайды.
88. Жүктерді тасымалдау кезіндегі жылдамдық жобалау құжаттамасының технологиялық регламентінде көрсетілген шамалардан аспауы қажет. Егер көрсетілген өлшемдер регламенттелмесе, онда олар сериямен шығарылатын көтергіш-көлік жабдығының техникалық деректеріне сәйкес қабылданады.
4-тарау. Ғимараттар мен құрылыстар
1-параграф. Өндірістік ғимараттар
89. Өндірістік ғимараттарда шатырларды орнатуға болмайды. Қажет болған жағдайларда коммуникациялар үшін техникалық қабаттарды немесе дәліздерді орнатуға болады.
90. ЖЗ дайындалатын немесе қайта өңделетін ғимараттардың өндірістік орынжайларында жарылыс немесе өрт қауіптілігі туындаған жағдайда адамдарды көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін кемінде екі эвакуациялық шығу жолы орнатылады. Тұрақты жұмыс орнының едәуір қашық орналасқан нүктесінен бастап ғимараттан шығатын жақын орналасқан көшіру жолына дейінгі көшіру жолының ұзындығы 25 м аспайды.
Бір қабатты ғимараттардың өндірістік орынжайларының өлшемі аса үлкен болмағанда, жұмысшылар эвакуациялық шығу жолынан 8 м алыс емес қашықтықта болса, орынжайда үш адамнан аспайтын жұмысшы жұмыс істеген кезде бір көшіру жолын орнатуға болады. Адамдардың уақытша келуіне (сынама алу, аспаптарды баптау, жабдықты реттеу, жинау және тағы басқа) арналған алаңдардан бөлек көшіру жолдарын қарастырмауға болады. Көшіру жолдарын жобалау кезінде көлік құралдарының орынжайға кіруі (шығуы) үшін қақпа ескерілмейді.
91. Өндірістік жабдықты ғимараттарға орналастыру кезінде жабдыққа қауіпсіз қызмет көрсетуді, адамдар мен көліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін өту жолдары қарастырылады.
Есіктер бір-екі қақпақты, сыртынан ашылатын және табалдырықтары жоқ болып жобаланады. Сыртқы есіктерде пандустар орнатылады және олардың үстінен ағызатын қалқаншалар қойылады.
Көп қабатты ғимараттарда сыртқы өрт сатылары орнатылады. Өрт сатыларын адамдарды көшіру пайдалануға болады. Мұндай жағдайда саты көлбеуінің бұрышы 45º аспайтындай, ал ені 0,7 м кем емес етіп қабылданады.
92. ЖМ тікелей күн сәулесінің өтуіне жол берілмейді. ЖМ жұмыс жүргізілетін орынжайларда, тікелей күн сәулелері өтетін барлық терезелерде терезе әйнектері көпіршіксіз (бірінші сұрыпты әйнек) орнатылады. Төменгі сұрыппен шынылау кезінде әйнек ақ сырмен сырланады. Терезелердің қапсырмалы бұйымдарын ақ эмаль сырлы қара металдан жасауға болады.
93. Ғимараттардың көтергіш және қоршау құрылымдары жанбайтын материалдардан, қоршау құрылымдары болат кескінделген қаңылтырлардан немесе отқа төзімділігі ІІ дәрежелі ғимараттарда қолдануға жіберілген тығыздағышы бар өзге де жанбайтын материалдардан орындалады.
Ғимараттардың отқа төзімділік дәрежесі-ІІІ төмен емес. Су эмульсиялы және түйіршіктелген ЖЗ өндірісінде, шикізат қоймасында металл құрылымдарды, оның ішінде отқа төзімділік дәрежесі ІІІ төмен жеңіл металл құрылымдарын қолдануға болады.
94. Жанғыш және жарылу, өрт шығу қаупі бар заттардың тозаңдануы ықтимал ғимараттарда бақыланбайтын бос орындары бар құрылымдарды қолдануға болмайды. Ішкі жағынан қабырғалар мен қалқалар сыланып жабылады немесе беті тегіс және таза материалдардан орындалады.
Қабырғалардың, төбелердің және басқа да құрылымдардың ішкі қабаттарын өңдеу және тотығудан сақтау үшін тотығудан қорғауды қамтамасыз ететін лактау-сырлау материалдары қолданылады. Қабырғалардың ішкі қабаттарын өңдеу үшін қатты қаңылтыр материалдары мен құрғақ сылақты қолдануға болмайды.
95. ЖЗ жұмыс жүргізілетін ғимараттардың жабындары мынадай талаптарды ескере отырып жобаланады:
көтергіш құрылымдар темір бетоннан (жиынтық немесе монолит) жасалады, металл құрылымдарды да қолдануға болады;
құрылымдардың қосалқы элементтері (плиталары, төсемдері) жанбайтын материалдардан жасалады, жанудан қорғалған әлсіз жанатын материалдарды қолдануға болады.
Барлық санатты өндірістік ғимараттардағы қабат аралық жабындар мен қызмет көрсететін алаңдар темір бетонмен немесе металмен орындалады. Ұшқындайтын материалдардан жасалған (кедір-бұдырлы, кесір тартылатын және тағы басқа болат) алаңдар мен саты баспалдақтарын орнату кезінде машиналар мен аппараттардың өту және оларға қызмет көрсету орындары ток өткізетін резиналы кілемшелермен жабылады.
Аммиак, натрий және кальций селитрасын дайындау, селитра ерітінділерін әзірлеу, мұнай өнімдерін, натрий нитритін дайындау, эмульсия әзірлеу, АЗМ, ЖАҚ тиеу орынжайларында қызмет көрсету алаңдары мен сатылардың баспалдақтарын майлы сырмен немесе эмальмен сырланған металл түрінде жасауға болады.
96. Ғимараттардың жабындары жанбайтын жабын немесе жұмсақ материалдардан жасалады.
97. Едендер, қабырғалар мен төбелер дымқыл түрде жинауға болатын, ылғалға төзімді материалдардан жасалады.
Селитраны, карбамидті, металл ұнтақтарын, мұнай өнімдерін, эмульсияны, карбокси метил целлюлозаны, полиакриламидті, хроматтарды және тағы басқаларды сақтау және өңдеу орынжайларындағы едендер асфальт бетонымен немесе бетонмен жасалады; ЖЗ сақтау, дайындау және қайта өңдеу орынжайларында әк жыныстарымен жеңіл түрде толтырылған асфальт бетонымен немесе бетонмен жасалады.
Аммиак және натрий селитрасын дайындау, селитра, натрий нитриті ерітіндісін әзірлеу, мұнай өнімдерін дайындау, эмульсия әзірлеу, АЗМ, ЖАҚ эмульсиямен, сумен және натрий нитритімен толтыру орынжайларындағы едендер ток өткізгіштігі және ұшқынсыздығы бойынша талаптарды қамтамасыз етпей жоғарыда аталған түрлерімен орындалады.
Селитра дайындау орынжайларындағы еден жіксіз жасалады және тұндырғышында науасы болады. Қышқылмен жұмыс істеу кезінде орынжайлардағы құрылыс құрылымдары мен едендері қышқылға тұрақты жабынмен орындалады.
Қабырғалар мен төбелердің беті тегіс болады және суға тұрақты сырмен сырланады. Қабырғалар арасындағы, қабырғалар мен төбе арасындағы бұрыштар сылақпен дөңгелектенеді.
98. ЖЗ дайындалатын және қайта өңделетін орынжайларда жеңіл алынатын құрылымдарды (алынатын қабаттарды) орнату қажет емес.
99. Жарылу, өрт шығу және өрт қауіптілігі әр түрлі технологиялық үдерістерді бір ғимаратта немесе орынжайда орналастырған кезде өрттің және жарылыстың таралуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар қарастырылады. Бұл іс-шаралардың тиімділігі жобаның технологиялық бөлігінде негізделеді.
2-параграф. Тротил сақтау орындарын орнату
100. Тротил сақтау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына сәйкес ЖЗ базистік қоймаларда және шығын қоймаларында жүзеге асырылады.
101. Тротил үстірт ТДБ-не ауысым немесе тәулік шығынына тиісті мөлшерде жеткізіледі. Жұмыс ауысымының немесе тәулік (2-3 ауысымдық жұмыста) соңында жұмсалмаған тротил қалдықтары ЖМ қоймасына қайтарылады.
ТДБ 2-3 ауысымдық жұмыс істеу кезінде тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз еткен жағдайда тротил қалдықтарын ауысым бойынша қалдыруға болады. Бұл ретте тротил сақтау орындарын пломбалау және сүргі салу қажет емес.
102. Үстірт ТДБ-де тротилді ЖЗ дайындау орынжайларында немесе бөлек орынжайларда орналастыруға болады. Қаптардағы немесе жәшіктердегі тротилдер биіктігі 100 мм ағаш төсемге ені 1,6 м және биіктігі 2 м дейін қабырғалардан кемінде 200 мм тұрған қатарға төселеді. Жұмсақ контейнерлердегі тротил ағаш төсемге биіктігі бойынша бір қатарға орналастырылады.
Тиеу-түсіру операцияларын механикаландыру құралдарын пайдалану кезінде тротилі бар қаптар мен жәшіктерді тұғырларда пакеттерде, оның ішінде жүк асып қоятын арқанды контейнерлерде биіктігі бойынша екі қатарда сақтауға болады. Пакеттерді орналастыру тәртібі жобада анықталады. Қатарлардың ең жоғарғы биіктігі 2,6 м аспайды. Қатарлардың арасында кемінде 1,3 м өту жолдары қалдырылады.
103. Механикаландырылған қайта жүк өңдеу кезінде тротилді техникалық шарттарға (стандарттарға) сәйкес тұғырларда пакеттерде дайындалады. Бір тұғырдың таза салмағы-720 кг аспайды. Тротилі бар қаптың немесе жәшіктің көрсетілген таза салмағы-40 кг аспайды, шекті ауытқушылық ± 0,2 кг.
Тротилі бар қаптар немесе жәшіктер тасымалдау, қатарларға орналастыру және сақтау кезінде олардың орнының ауысуы мен құлауын болдырмайтындай етіп, тұғырға нығыз орнатылады.
104. Пакеттелген тротилмен жұмыс істеу кезінде жүк көтергіш тетіктері ретінде жарылысқа қауіпсіз күйде көтергіш-көлік жабдығы қолданылады.
3-параграф. Тотықтырғыштар мен құрылым түзетін агенттерді сақтау орындарын орнату
105. Бір қойма орынжайында тотықтырғыштар (аммиак, натрий, кальций селитрасы, карбамид және тағы басқа) мен өздігінен тұтанатын жанғыш құрамдас бөліктерді бірге тасымалдауға және сақтауға болмайды.
106. Қаптарда (контейнерлерде) аммиак, натрий және кальций селитрасын тотықтырғыштармен бірге бір қоймада немесе тұғырларға төселген бөлек қатарлармен бір орынжайда немесе бөлек секцияларға сақтауға болады.
Қатарлар арасындағы өту жолдары кемінде 1,3 м, өту жолдары-1 м, орталық өту жолдары 2 м қабылданады.
Механикаландырып жинау кезінде қаптардың (контейнерлердің) қатарларының биіктігі 2,6 м аспайтындай етіп, ені 5 м аспайтындай етіп қабылданады; қолмен жинау кезінде қатарлар биіктігі 2 м аспайтындай және ені екі қаптан аспайтындай етіп орнатылады.
Селитрасы бар қаптарды 2 м аспайтын биіктікте қатарға жинау кезінде тасымалдау және сақтау кезінде қаптарды тұғырлардан құлауынан бекіту қамтамасыз етіледі.
107. Түйіршіктелген аммиак селитрасын ыдыссыз (шашыранды түрде) кертпектерде, жердегі, бункерлік немесе мұнаралық қоймаларда, барлық типтегі контейнерлерде қатты жабынмен ашық алаңдарда сақтауға болады.
Қоймалар тиеу-түсіру жұмыстарына арналған тетіктермен жабдықталады. Кертпектердің өлшемдері жобада анықталады.
108. Карбамидті қаптарда да контейнерлерде де сақтауға болады. Карбамидті, поликриламидті, карбоксимети целлюлозаны тұғырларға төселген қаптарда бөлек қатарлармен бірге сақтауға болады.
109. Тотықтырғыштарды, гель және құрылым түзетін агенттерді сақтауға арналған орынжайлар қабырға, еден және жабын арқылы ылғалдың өтуінен қорғалып құрғақ күйінде ұсталады.
Аммиак селитрасын ыдыссыз сақтау үшін төменгі қоймалардағы едендерде орлардың, арналардың, астаулардың және басқа да терең орындардың болуына жол берілмейді.
110. ТДБ өндірістік орынжайларда және құрамдас бөліктерді сақтауға және дайындауға арналған орынжайларда тотықтырғыштарды, гель және құрылым түзетін агенттерді бірге орналастыруға болады. Өнімнің әр түрінің орауыштары төсемге бір-бірінен бөлек оралады.
111. Жер асты ТДБ аммиак селитрасын ыдыста бөлек камераларда, вагондардың тұратын камераларында немесе ЖЗ дайындау орынжайында (камерада) сақтауға болады. Селитра ені 1,6 м биіктігі 2 м дейін тау-кен қазындысының ернеуінен және жабындардан 200 мм саңылауымен қатарлап ағаш төсемге салынады.
4-параграф. Қуыс түзгіштерді сақтау орындарын орнату
112. Қуыс түзгіштер (микро сфералар мен натрий нитриті түрінде газ генерациялық қоспалар) селитралардың барлық түрлерінен және басқа да ЖЗ құрамдас бөліктерінен бөлек сақталады.
113. Қуыс түзгіштерді биіктігі 2 м дейін қатарларда төселген қаптарда немесе биіктігі бойынша бір қабатқа орналастырылған контейнерлерде сақтауға болады.
114. Қуыс түзгіштерді эмульсия дайындалатын орынжайға кіргізуге болмайды.
5-параграф. Қатты дисперстік жанғышты сақтау орындарын орнату
115. Қатты дисперстік жанғыштар: жылу түзу қабілетін арттыру үшін қолданылатын металл (алюминий, силикоалюминий, ферросилиц және басқалары) және металл емес (бұрыштық және басқалары) ұнтақтар, банкаларға, қаптарға, контейнерлерге және өзге де ыдыстарға толтырылады.
116. Қатты дисперстік жанғыштары бар орауыштарды жеткізушінің құрғақ және таза ыдысында және басқа материалдар мен химикаттардан босатылған жылытылатын қойма орынжайларында жинауға болады. Қоймадағы банкалар қақпақтары биіктігі бойынша екі қабаттан аспайтындай күйде жоғары қарай қаратылып, қатарлап орнатылады. Қаптар мен контейнерлер биіктігі 2 м дейін қатарларда орнатылады.
117. Қатарлар арасында ені 1,3 м кем емес, өту жолдары 1,0 м және орталық өту жолдары 2,0 м өту жолдары қалдырылады.
118. Қойма орынжайларындағы едендер соққы және үйкеліс кезінде ұшқын бермейтін жанбайтын материалдардан орындалады. Жертөлелер мен орлардың болуына жол берілмейді.
119. Қатты дисперстік жанғыштарды сақтау орындары атмосфералық жауын-шашындардың және топырақ суларының өтуінен, орауыштары бар қатарларға тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғалады.
Қойманың сыртқы ауасының жазғы температурасы (35°C және одан жоғары) болған кезде таңғы және кешкі уақыттарда желдетіледі.
Қойманы желдету егер ондағы ылғалдық сыртқы ауаның салыстырмалы ылғалдылығынан артық болмаса, құрғақ ауада басқа уақытта да өткізіледі.
120. Қоймада қатты дисперстік жанғыштарды толтыруға және асыра толтыруға, тиеу және түсіру жұмыстарынан басқа, отпен байланысты және өзге де жұмыстарды орындауға жол берілмейді.
121. Жер асты ТДБ алюминий және силикоалюминий ұнтақтар жеткізушінің ыдысында, герметикалық металдан жасалған жабылатын банкаларда (камераларда) жеткізіледі. Ұнтақтарды ТДБ ішіндегі және екі бөлімшесі бар: біреуі банкаларды сақтау үшін және екіншісі тығындарды алу үшін құрғақ тау-кен қазындысында (камерада) сақтауға болады. Банкаларды сақтау кезінде тігінен қақпақтарын жоғары қарай, бірақ биіктігі бойынша кемінде екі қабатта орнатылады.
122. Ұнтақтарды тасымалдауда оларға су тимейтін жағдай қарастырылады.
6-параграф. Сұйық жанғышты сақтау орындарын орнату
123. Технологиялық жағынан өндірістік ғимараттармен байланыстағы сұйық мұнай өнімдері бар шығын резервуарларын осы ғимараттың сыртқы қабырғасында кемінде 2 м қашықтықта орналастыруға болады. Апталық шығындау резервуарындағы мұнай өнімінің мөлшерін арттыруға болмайды. Осы резервуарлар жаққа бұрылған ғимараттың қабырғасы жанбайтын, тұтас (ойықтарсыз) материалдардан жасалады.
124. Мұндай резервуарларды резервуарлардан орынжай аумағынан тыс буды бұруды қамтамасыз еткен жағдайда өндірістік ғимараттардың бөлек орынжайларында орналастыруға болады. Орынжайлардың қабырғалары мен төбелері жанбайтын материалдардан орындалады.
125. Резервуарлардан сұйық мұнай өнімдерінің төгілуін болдырмау үшін авариялық резервуар немесе резервуар көлеміне тұғырлардың құрылғысы қарастырылады.
126. Сұйық мұнай өнімдерін сақтау және мөлшерлеу үшін авто толтыру станциясын пайдалануға болады.
127. Жер асты ТДБ-де мұнай өнімдері қоймалары өткізу қазбаларында, оның ішінде негізгі және қосалқы кіру жолдарында (басты және қосалқы шығу жолдарында) орнатылады. Мұнай өнімдерін камераларға немесе қуыстарға орналастырылған, адамдардың өтуінен өртке қарсы есігі бар жанбайтын далдалармен бөлінген жылжымалы немесе тұрақты сыйымдылықтарда сақтауға болады.
128. Жер асты ТДБ қоймаларына орналастырылатын мұнай өнімдерінің мөлшері алты тәуліктік қордан артық болмайды.
129. Мұнай өнімдерін сақтауға арналған камерада (қуыста) оқшау желдеткіші болады немесе ТДБ-нен шығатын ауа ағынына орналасады.
130. Мұнай өнімдері бар камераның ұзындығы 8 м астам болғанда одан шығатын екі көшіру жолы орнатылады. Камера өлшемі аз болған және онда жұмыс істейтін адамдардың саны үш адамнан аспаған жағдайда бір көшіру жолын орнатуға болады.
131. Мұнай өнімдерін сақтауға арналған камералар (қуыстар) төгілген жағдайда сыйымдылық көлемін қабылдауға арналған тұғырмен жарақталады немесе кемінде 15 см терең орналастырылады, төмен орналасқан жыныстарға мұнай өнімдерінің өтуінен сақтандыру үшін бетонмен немесе еденді керіп армобетонмен бекітіледі.
132. Мұнай өнімдері үшін негізгі сыйымдылықтан басқа резервтік тұрақты немесе жылжымалы сыйымдылықтар қарастырылады. Егер резерв көлемі осы Талаптың 128-тармағы бойынша мұнай өнімдерінің шекті мөлшерінен артық болса , оны ТДБ өткізу қазбаларының шегінен тыс сақтауға болады. Мұндай жағдайда резервтік сыйымдылық негізгі сыйымдылықпен тұрақты төселген құбыр арқылы қосылады. Резерв көлемі мен оны шахтаға орналастыру орны жобалық құжаттамада анықталады.
133. Мұнай өнімдерін тиісті өртке қарсы шараларды сақтаған жағдайда ұңғымаларға төселген құбырлар арқылы жер асты ТДБ мұнай өнімдері қоймасына жоғарыдан беруге болады. Мұндай құрылғының жобасы әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметімен (бұдан әрі-ӘАҚҚ) келісіледі.
Жер асты қазбаларында төселген құбыр арқылы мұнай өнімдерін ӘАҚҚ-мен келісілген жоба бойынша айдап қотаруға болады.
7-параграф. Қосалқы ғимараттар мен орынжайлар
134. Тұрмыстық орынжайларды бөлек тұрған ғимараттарда, жапсарлас ғимараттарда, шағын орынжайларда және В санатты өндірістік ғимараттардың ендірмелерінде және Б санатты ғимараттарға жапсарлас ғимараттарда орналастыруға болады.
Жинау орынжайларын, ауыз сумен жабдықтау құрылғыларын, жуынатын бөлмелерді Б және В санатты ғимараттардың өндірістік емес бөліктерінің (қауіпті емес) жапсарлас орынжайларында орналастыруға болады.
135. Б санатты ғимараттарға жапсарлас орынжайлар, сондай-ақ В санатты ғимараттарға ішінен орналасқан шағын орынжайлар мен ендірмелер өндірістік бөліктен отқа төзімділік шегі 2,5 сағат өртке қарсы қабырғалармен бөлінеді. Бұл ретте тұрмыстық ғимараттар Б және В санатты өндірістік орынжайлардан ені кемінде 6 м аймақпен бөлінеді, мұнда Г санатынан аспайтын ғимараттардың инженерлік жабдығының орынжайын ғана орналастыруға болады.
Тұрмыстық орынжайларды өртке қарсы қабырғаның артынан өндірістік бөлікте Б және В санатты орынжайларсыз ені кемінде 6 м аймақты орналастырған жағдайда тікелей өртке қарсы қабырғада орналастыруға болады.
136. В санатты ғимараттарға (орынжайларға) жапсарлас бөліктерде орналастырылатын тұрмыстық орынжайлар олардан отқа төзімділік шегі 2,5 сағат өртке қарсы қабырғалармен бөлінеді. Осы қабырғаларға орнатылатын есіктердің отқа төзімділік шегі кемінде 1,2 сағат болады.
137. В санатты ғимараттарға ендірмелердегі, ішкі шағын орынжайлар мен жапсарлас бөліктердегі және Б санатты ғимараттарға жапсарлас бөліктердегі тұрмыстық орынжайларды екінші қабаттан жоғары орналастыруға болмайды.
138. Жапсарлас құрылыстарды қауіптілігі аз өндірістер жағынан өндірістік ғимараттардың артқы жағынан жанастыруға болады.
139. Арнайы киімдерді кептіруге және тозаңнан тазалауға арналған орынжайларды тұрмыстық корпуста, өту жолында, кір жуу орындарында немесе бөлек тұрған ғимаратта орналастыруға болады.
140. ТДБ өндірістік аймақтардың аумақтарында ашық отты пайдалануға және темекі шегуге болмайды. Темекі шегуге арналған орындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес жабдықталады.
141. ТДБ жобаларында ас ішуге арналған бөлмелер, жылу берілмейтін орынжайларда және аумақтарда жұмыс істейтін персоналдың жылуына арналған орынжайлар қарастырылады.
Тұрмыстық орынжайлардың құрамы осы Талаптың 3-қосымшасына сәйкес анықталады.
5-тарау. Инженерлік жабдық
1-параграф. Сыртқы су жабдықтау
142. Сумен жабдықтау көзі ретінде жергілікті су айдындарын, жер асты суларын, аймақтық сумен жабдықтау жүйелерін, көршілес кәсіпорындардың су өткізгіштерін пайдалануға болады.
143. Таза суды үнемдеу мақсатында ТДБ сумен жабдықтағышы су айналымын ұйымдастыру және оны қайта пайдалану есебінен жобаланады.
144. Өндірістің сумен жабдықтау жүйесі ТДБ жататын кәсіпорынмен жалпы немесе дербес жобаланады. Соңғы жағдайда бір су өткізгішпен оның ұзындығына қарамастан жабдықтауға болады, ал бекет алаңында өрт сөндіру үшін қажетті су қоры құрылады.
145. Өрт сөндіру есебінде ЖЗ дайындау алаңында сыртық және ішкі өрт сөндіруге жұмсалатын ең көбірек су шығынымен бір өрт ретінде қабылданады.
146. Сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын есептік су шығыны кемінде 15 л/с қабылданады.
147. Осы Талаптың 159-тармағы бойынша ЖЗ өндіру шарттарымен автоматты өрт сөндірудің дренчерлік қондырғысымен сумен жабдықтау жүйесі қолданылатын ТДБ үшін су Арыны мұнаралары немесе пневматикалық қондырғы болмаған жағдайда дренчерлік немесе спринклерлік өрт сөндіру жүйелерінің іске қосқыш клапандары ашу кезінде өрт сөндіру сорғыларын автоматты қосу қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |