Жарылғыш материалдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Электрлік крандар мен басқа да жылжымалы электр қабылдағыштар



бет4/8
Дата21.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
#152768
1   2   3   4   5   6   7   8

3-параграф. Электрлік крандар мен басқа да жылжымалы электр қабылдағыштар
224. Дайын ЖЗ (құрамдас бөліктерін) зауыт орамында тасымалдайтын электрлік машиналар мен крандар аппараттарын өрт шығу аймақтарында JP54 төмен емес қабықша қорғағышының дәрежесімен жарылыстан қорғағыш құралдарынсыз қолдануға болады. Көрсетілген жабдықты әдеттегі пайдалану жағдайларында ЖЗ тозаңының жарылу қаупі бар қосылымы болмаған жағдайда пайдалануға болады.

225. Кез келген класты жарылу қаупі бар аймақтарда және П-І, П-ІІ, П-ІІа класты өрт шығу қаупі бар аймақтарда крандарға, шүмектерге және өзге де жылжымалы тетіктерге ток өткізгіштер мыс сымынан жасалған, резина оқшаулағышы бар тасымал иілгіш кабельмен жалынды таратпайтын резиналы май мен бензинге төзімді қабықшадан жасалады.



4-параграф. Электрмен жабдықтау
226. Электрмен жабдықтаудың сенімділік санаты бойынша өндірістік ғимараттардың электр қабылдағыштарын жіктеу 2-қосымшада келтірілген.

227. Технологиялық үдерісі персоналды шығарып жүргізілетін ғимараттардан басқа, өндірістік және қосалқы ғимараттарда кернеуі 1000 В дейін және одан жоғары шағын трансформаторлық станцияларды, бөлу құрылғыларын орнатуға болады.

Шағын электр станцияларын (ток күші трансформаторларын, төменгі вольтты және жоғары вольтты бөлу құрылғыларын және тағы басқа) бақылау және автоматика қалқаны орынжайымен көршілес (бір қабырғамен бөлінген) орынжайда орнатуға болмайды.

Шағын станцияларды бақылау және автоматика қалқаны орынжайынан екі қабырғамен (бір орынжай арқылы) бөліп орналастыру қажет болған жағдайда бөлу қабырғаларының біреуін тұтас жікпен дәнекерленген қалыңдығы кемінде 1,5 м тұтас болат қаңылтырмен экрандау құрылғысы орнатылады.

228. Кернеуі 1000 В дейінгі әуелік желілерді егер құрамында Б санатты ғимараттар мен орынжайлар болмаса, ТДБ аумағында төсеуге болады. Сымдарды бір рет бекіту кезінде әуелік желілерді жарылу, өрт шығу қаупі бар ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 15 м қашықтықта орналастыруға болады. Қашықтық қысқа болғанда, бірақ тірек биіктігіне тең қашықтықтан кем емес немесе ЖЗ тасымалданатын жолдың бойымен төсеу кезінде әуелік желілер екі қайтара сыммен бекітіледі.

229. Кернеуі 1000 В астам әуелік желілерді егер құрамында Б санатты ғимараттар мен құрылыстар болмаса, сымдар екі қайтара бекітілген жағдайда ТДБ аумағында төсеуге болады. Сымдарды арнайы дәліздерде аспалы оқшаулағыштарда төсеу кезінде сымдарды жалаң түрде бекітуге болады.

Әуелік желілерден бастап B-I, B-Ia, B-II, В-IIа класты жарылу қауіпті аймақты орынжайлары бар ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі қашықтық тіректің жарты еселік биіктігінен кем емес қабылданады.

230. Кернеуі 1000 В дейінгі электр беретін сыртқы желілердің ендірмелері, байланыс желілері, дабыл, радио және найзағайдан қорғауға жататын ғимараттардың тағы басқа желілері ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғауға қойылатын талаптарға сәйкес орындалады.

231. Жер асты ТДБ тұтынушыларын электрмен жабдықтауды кернеуі 0,4 кВ оқшауланған бейтараппен шахталық желіден жүзеге асыруға болады. Араластырғыштың, көтергіштің, дозатордың, желдеткіштің, сорғы агрегаттарының шығырлардың, тельферлердің электр жетектері, электрокалорифер, зарядтау құрылғысы, су жылытқыштар мен іс тігу машиналары электр энергиясын тұтынушылар болып табылады.

232. Жалпы мақсаттағы электр жетегі (жарылыстан қорғағыш құралдарынсыз) бар іс тігу машиналарын тозаңдану немесе жарылу қаупі бар газ қоспаларының (араластырғыштардың, мөлшерлейтін және өлшеп орайтын құрылғылардың және тағы басқа) бөлінуі ықтимал аппараттардан 5 м жақын емес қашықтықта ТДБ өндірістік орынжайында пайдалануға болады. Дайын өнім толтырылған қаптарды ЖЗ шашылуын және тозаңдануын болдырмайтын әдіспен тігуге беру ұсынылады.

233. Тасымал электр қозғалтқыштары, оның ішінде ТДБ өндірістік орынжайындағы іс тігу машиналарының электр жетектері оларды жарылысқа қауіпсіз аймақта өндірістік орынжайдан тыс орналастырған жағдайда қосқыш және тарамдау қораптарынан немесе жалпы мақсаттағы (жарылыстан қорғағыш құралдарынсыз) шаншып байланыстырушы қосқыштарынан қоректендіріледі.

234. Тасымал электр қозғалтқыштарын басқару үшін шаншып байланыстырушы қосқыштарды электр қозғалтқышының қуаты 1 кВт аспаған жағдайда ғана пайдалануға болады.

Қуаты 1 кВт астам тасымал электр қозғалтқыштарын қосу үшін қызмет ететін шаншып байланыстырушы қосқыштарда бұғаттағышы болады, бұғаттау кезінде қосқышты электр қозғалтқыштың басты (ток күші) тізбегінде іске қосу аппаратын ажыратылған күйінде ғана ажыратуға және қосуға болады.

235. Жер асты ТДБ электр энергиясын қабылдау және бөлу үшін 0,4 кВ бөлу бекетін өткізу қазбасында орналастыруға болады. Бөлу бекетінде ендірмедегі қорғағыш және коммутациялық аппарат, электр жүктемесінің аккумулятор батареяларын зарядтау үшін құрылғы ретінде кеніштік қалыпты күйде автоматты ажыратқыш және іске қосу агрегаттары орнатылады.

Электр қозғалтқыштарын, электркалориферін және су жылытқыштарды қосу үшін кеніштік қалыпты күйдегі іске қосқыштарды пайдалануға болады. Іске қосқыштарды ТДБ ішіне орналастырған жағдайда олар жарылысқа қауіпсіз күйде қабылданады.

236. Электр энергиясын беру үшін жанбайтын сыртқы жабыны бар ток күші кабелдері пайдаланылады.

Жер асты ТДБ ішіне кабелдердің өтуіне арналған ойықтарда бөлетін тығыздағыштар орнатылады.

237. Жарық беру желілерін қоректендіру үшін желілік кернеуі 127 В 3 фазалы ауыспалы ток қолданылады.

238. Өткізетін қазбаларда (вагондар тұратын камераларда) кеніш үшін лайықталған шамдармен жарық беруге болады. ТДБ-де және мұнай өнімдерін сақтау камерасында (қуысында) жарық беру желісі қорғағыш дәрежесі 2-қосымшада көрсетілгеннен кем емес жарылыстан қорғалған шамдармен жүзеге асырылады.

239. Жарық беру желісінің кабелдері шамдарға болат құбырларда немесе арқандарда беріледі, ол қазбаның тұтас ұзындығы бойымен ілмектерге немесе кабель аспаларына ілінеді.

240. ТДБ тау-кен қазбаларында және мұнай өнімдерін сақтау камерасында (қуысында) 127 В магистралдық желіден жарылыстан қорғалған шамдарға дәнекерлеу орындары вулканизацияланады немесе қосқыштар жарылыстан қорғалған қораптарда орындалады.

241. Жер асты ТДБ өткізу қазбаларында тарту желісін орнатуға болады. Байланыстырушы желі жеңіл түрде (кермелерге) ілінеді және кеніш ажыратқышы арқылы шахта көкжиегінің тартылыс желісіне қосылады.

Өртке қарсы және торлы есіктер арқылы өту орындарында байланыстырушы желі есіктердің симметрия осі бойымен қатты аспаға асылады. Қатты аспа байланыстырушы желінің желдеткіш құбырымен қиылысу орындарында да қарастырылады. Есік ойықтарындағы байланыстырушы желінің биіктігі 2 м құрайды, ал қалған орындарда-2,1 м.

Өткізу қазбаларындағы байланыстырушы желі токтан ажыратылады және қажет болған жағдайда ғана қосылады. Өткізу қазбаларындағы және өртке қарсы есіктердің алдындағы рельс тізбегі, ЖЗ және оның құрамдас бөліктерімен вагондар тұратын камералар жалпы шахталық камерадан электрлік түрде ажыратылған болады.

242. Байланыстырушы желіні жер асты ТДБ ішінен және ЖЗ және оның құрамдас бөліктерімен вагондар тұратын камераларда, оның ішінде егер олар өткізу қазбаларында орнатылған болса, орнатуға болмайды.

ЖЗ бар вагондар тұратын камераларға жарық беру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жұмыстарды жер асты тәсілімен жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына сәйкес орындалады.



3-бөлім. Жарылғыш заттарды тұрақты дайындау бекеттерін пайдалану жөніндегі талаптар

9-тарау. Техникалық және технологиялық құжаттама
243. ТДБ-ін мынадай техникалық және технологиялық құжаттар болған жағдайда пайдалануға болады:

1) бекеттің жобалау құжаттамасы;

2) технологиялық регламент;

3) жабдықтың, өндірістік үдерістерді басқару және бақылау аспаптарының паспорттары (формулярлары);

4) өндірістік бақылау туралы ереже;

5) шикізатқа, материалдар мен дайын өнімге арналған нормативтік-техникалық құжаттама;

6) жарақтар мен бұйымдардың сызбалары;

7) аварияларды жою жоспары;

8) өндірістік журналдар.

244. Тізбектелген құжаттардың тізбесін, оларды сақтау және жүргізу тәртібін қарамағында ТДБ бар ұйымның басшылығы белгілейді.



1-параграф. Технологиялық регламенттер
245. Әрбір ұйымда мыналарды:

1) орындалатын операциялардың қауіптілігі мен зияндылық сипаттамасын;

2) операцияларды (қашықтықтан, автоматты, қолмен) жүргізу тәсілі, адамдардың тұрақты немесе уақытша келуі туралы және орынжай мен жұмыс орнындағы адамдардың рұқсат етілген шекті саны туралы нұсқауларды;

3) жабдықты жұмыс істеуге дайындау, жұмыстарды жүргізу және аппараттармен және автоматтандыру, бақылау және басқару құралдарымен жұмыс істеу тәртібін;

4) үдерістер жүргізу режимдері мен бақыланатын өлшемдерді көрсете отырып, жұмысшы орындайтын жұмыс әдістерінің реттілігінің сипатын;

5) үдеріс (температура, қысым және тағы басқа) өлшемдерін бақылау мерзімділігі мен жұмыс журналдарын жүргізу тәртібін;

6) материалдармен, жартылай дайын өнімдермен және өнімдерді пайдалану ережесін;

7) жұмыс орнында пайдаланылатын аспаптар мен жарақтардың тізбесін;

8) автоматты өрттен қорғау құралдары мен желдеткіштің ақаусыздығын және жұмысқа дайындығын бақылау тәртібін;

9) қоршауларды және өзге де қорғағыш құрылғыларды және жеке қорғану құралдарын, желдету және ауа аспирациялау жүйелерін пайдалану ережесін;

10) қалыпты үдеріс ағысында және оның қалыпты үдеріс барысынан ауытқушылығы болған жағдайда, жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының және аппаратураның қалыпты жұмысы бұзылған жағдайларда, ерекше жағдайларда-жабдық немесе аспап сынғанда, жазатайым жағдай, тұтану және тағы басқа болғанда жұмысшының жұмыс істеу тәртібі ережесін;

11) жұмыс орнын, технологиялық жабдықты, бұйымдарды, аспаптар мен құралдарды ұстау ережесін және оларды жуу және (немесе) тазарту тәсілдерін;

12) жұмыс орнында ЖЗ сақтау ережесін, шашылған, төгілген немесе ластанған өнімдерді, қалдықтарды, бракқа шығарылған заттарды жинау, сақтау, шығару және жою тәртібін;

13) орынжай мен жұмыс орнын жарылу, өрт шығу қаупі бар материалдармен, жартылай дайын өнімдермен, дайын өнімдермен толтыру нормаларын;

14) сынамаларды алу (талдау, сынау және тағы басқа үшін) мерзімділігі мен тәсілдерін;

15) ауысымды қабылдау және тапсыру тәртібін;

16) жұмыс істемейтін ауысым алдында және ұзақ мерзімге өндірісті тоқтату тәртібін қамтитын технологиялық регламент әзірленеді.

Технологиялық регламент-кәсіпорынның өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық үдерісті жүргізу тәртібі мен шартын анықтайтын, дайын өнімді сапа көрсеткішімен алуды қамтамасыз ететін, стандарт талаптарына жауап беретін, сонымен қатар жұмысты қауіпсіз жүргізуді және өндірістің оңтайлы технико-экономикалық көрсеткішіне қол жеткізуін анықтайтын ішкі нормативті құжаты.



2-параграф. Тиеу нормалары
246. Өндірістік орынжайларды, ғимараттарды, қалдықтарды жоюға, ЖЗ тиеуге арналған сынау алаңдарын, АЗМ, ЗМ және ЖАЖ тұратын орындарды жарылу, өрт шығу қаупі бар заттармен толтыру нормалары жобада анықталады.

ТДБ жиынтық жүктемесін 59-тармақта регламенттелген көрсеткіштерден арттыруға болмайды.

247. Жарылғыш заттар, жартылай дайын өнімдер немесе ЖЗ құрамдас бөліктері болатын әрбір ғимаратты, орынжайды және жұмыс орнын тиеу нормалары көрсеткіш тілше түрінде осы ғимараттарда, орынжайларда немесе жұмыс орындарының жанында ілінеді.
10-тарау. Өндірісте жұмыс жүргізудің негізгі талаптары

1-параграф. Жұмыс жүргізу бойынша жалпы талаптар
248. Ауысым ішінде ТДБ операторлары мен ауысым шебері (бригадирі) ЖЗ тиеу нормалары бойынша (9-тараудың 2-параграфы) аппараттарды, орынжайларды және тағы басқа толтыруды бақылайды.

ТДБ орынжайларында белгіленген норма шегінде дайындалған ЖЗ сақтауға арналған орындар бөлінеді. Бұл орындар еденге немесе орынжайдың қабырғасына қарсы түстермен салынған жолақтармен белгіленеді.

Жер асты ТДБ-де жолақтар тау-кен қазбасының ернеулерінде салынады.

249. Бір ауысымда дайындалған ЖЗ ЖМ базистік немесе шығыс қоймаларына тапсырылады немесе жару жұмыстарын жүргізу үшін учаскелерге беріледі.

250. Күн сайын жұмыс ауысымы соңында жұмсалмаған бөлшектер мен материалдар қоймаға тапсырылады немесе оларды сақтау орындарына қайтарылады, технологиялық жабдық пен орынжай технологиялық регламентке сәйкес ЖЗ және оның құрамдас бөліктерінің қалдықтарынан тазартылады. Электр энергиясы ажыратылады, бекет ғимараты құлыпқа жабылып, күзетке тапсырылады.

251. Қажет болған жағдайда ТДБ жабдығы ауысым арасында оларды тұрақты бақылаған жағдайда жұмыс күйінде ұсталады.

252. Өндіріс қалдықтарын (ластанған шикізатты, шашырандыларды, сыпырындыларды) жұмыста пайдалануға болмайды. Олар жұмыс ауысымының соңында орынжайдан шығарылып, уақытша сақтау алаңына немесе жоюға жіберіледі. Қалдықтарды жою мерзімділігі технологиялық регламентте белгіленеді. Бір-бірімен реакцияға түсетін өнімдердің сыпырындыларын немесе қалдықтарын бір ыдысқа орналастыруға болмайды.

Сыпырындылар мен қалдықтарды жинауға арналған ыдыстарда өнім сапасынан сай ыдыстан (мәселен, «Қалдықтар үшін » деген жазба) ажырататын белгілері болады. Ыдысты орналастыру орны орынжай қабырғасында жазумен белгіленеді.

253. Жартылай дайын өнімдері, ЖЗ және оның құрамдас бөліктері бар орынжайлар мен көлік құралдарын бақылаусыз немесе құлыппен жабусыз күйде қалдыруға болмайды. ТДБ, АЗМ және ЗМ аумағында орналасқан және тұрақ орнында ЖЗ-мен қалдырылатын бункерлерге пломба салынып, күзетке тапсырылады. Пломбалардың болуы және сақталуы бақыланады және күзет ауысымы бойынша тапсырылады.

254. Барлық жарылу, өрт шығу қаупі бар өндірістердің орынжайларында (жұмыс орындарында, дәліздерде, өту жолдарында, тамбурларда және тағы басқа тазалық пен тәртіп сақталады. Әр ауысымда жұмыс орындары мен орынжайлар мұқият жиналады. Өндірістік орынжайларда осы өндірісте тікелей пайдаланылмаған заттар мен материалдарды, әсіресе бөгде металл заттар мен жанғыш материалдарды сақтауға болмайды.

Өндірісте пайдаланылатын құрал арнайы бөлінген орындарда, жабылатын жәшіктерде немесе шкафтарда сақталады.

255. Жабдықты сүртуге арналған материалдар қақпақтары бар металл жәшіктерде сақталады, ал мұнай өнімдерімен, сырлармен, майлау өнімдерімен және тағы басқа ластанған материалдар қақпақтары бар металл сыйымдылықтарға жиналады және жиналуына қарай, бірақ ауысымына бір реттен кем емес ғимараттан тыс арнайы бөлінген орынға шығарылады. Сыйымдылықтарды алаңдарда босату жүйелі түрде, бірақ аптасына кемінде бір рет жүргізіледі. Ішіндегісі жағып жою үшін жөнелтіледі.

256. Жабдықта, ғимарат едені мен қабырғаларында, желдету құбырларының сыртқы және ішкі жақтарында және, әсіресе жабдықтың үйкелетін және соққыға ұшырайтын бөліктерінде және қыздырылатын қабаттарында (бу өткізгіштерде, жылу беру аспаптарында және тағы басқа) өнімдердің тозаңы мен тотықтырғыштардың ерітінділерінің жиналуына жол берілмейді.

Тозаң мен ерітінділерді жұмыс барысында жүйелі түрде дымқылдау әдіспен тазартады, тротил және алюминий тозаңдарын тазарту кезінде эжекторлық шаң сорғыштар пайдаланылады. Алюминийді жинау кезінде 301-тармағының талаптары басшылыққа алынады.

Орынжайларды жинау және жабдықты тозаңнан, ерітінділерден, жабысқан өнімдерден тазарту әдістері мен мерзімділігі технологиялық регламентте қарастырылады.

257. Жабдыққа, коммуникацияларға, жылытқыш аспаптарына, бу өткізгіштерге қандай да бір заттарды, материалдар мен арнайы киімді қоюға болмайды.

258. ЖЗ өңдеуге арналған жұмыс үстелдері тегіс, саңылаусыз, ернеулері болады, шығыңқы шегелері болмайды, жерге қосылған ток өткізгіш материалмен қапталады.

259. ТДБ барлық орынжайларына бастамашы және жару құралдарын, оқ ататын қаруды, темекі шегетін бұйымдарды, от көздерін (сіріңке, тұтандырғыш және тағы басқа) алып кіруге болмайды.

ТДБ жарылу, өрт шығу қаупі бар орынжайларында технологиялық регламентте көзделген жылытқыштардан басқа, тұрмыстық электрмен жылытқыш аспаптарын (электр плиткаларын, электр қыздырғыштарды және тағы басқа) пайдалануға болмайды.

260. Жабдық ақау алған немесе ластанған, аспаптар ақау алған, өнімдер мен материалдардың сапасы төмен немесе ластанған, желдеткіш жұмыс істемеген кезде, өрт сөндіру құралдары ақау алған немесе болмаған кезде жұмыс істеуге болмайды.

261. ЖЗ мен оның құрамдас бөліктерін аппараттарға тиеу кезінде осы аппараттарға бөгде заттардың (сұйық құрамдас бөліктерді сүзу, сусыма материалдардың шашырауы немесе магниттік сепарациясы) түсу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қарастырылады. Бақылау операциялары мен құрамдас бөліктерді електен өткізуге арналған елек ұяшықтарының өлшемдерін біріктіру қажеттілігі жобалау құжаттамасында анықталады.

262. Жарамсыз деп танылған барлық аппараттар, бункерлер, тораптар, бөлшектер, құбырлар, аспаптар, құрал-саймандар мен ЖЗ жанасқан, жөндеуге немесе пайдаға асыруға жататын басқа да заттар өніммен ластанудан алдын ала тазартылады, жуып шайылады және қажет болған жағдайда, буландырылады. Тазарту жүргізілгеннен кейін бұл жабдыққа қауіпсіздік туралы акт дайындалады.



2-параграф. Жарылғыш заттардың айналымы кезіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары
263. ЖЗ-мен жұмыс істейтін барлық жұмысшылар:

олардың уытты және жарылу, өрт шығу қауіптілігі қасиетін жақсы біледі;

жұмысты технологиялық регламентке және осы Талапқа сәйкес жүргізеді.

264. Тасымалдау кезінде жарылғыш заттар атмосфералық жауын-шашыннан қорғалады.

265. Жабдықты ЖЗ қалдықтары мен тозаңынан тазарту кезінде ерекше көңіл аударылады, бұл ретте технологиялық регламентте қарастырылған әдістер мен құралдар ғана қолданылады.

266. Желдету құбырлары мен сүзгілерін ЖЗ тозаңынан тазартпас бұрын су шашып суландыру жүргізіледі.



3-параграф. Тротилмен (гранулотолмен) жұмыс істеу ережесі
267. Тротилді қайта өңдеумен байланысты барлық жұмыстар (толтыру, ұсақтау, араластыру, еріту, пайдалану, сынау және жою) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 қаулысымен бекітілген Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына, технологиялық регламент пен осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.

268. Тротилмен жұмыс істеу кезінде оның тері қабатына және шырышты қабыққа түсуіне кедергі келтіретін жеке қорғану құралдары қолданылады. ТДБ персоналы респираторлармен, арнайы киіммен, көзілдіріктермен, жеңдермен және тағы басқалармен қамтамасыз етіледі.

269. Тротилмен жұмыс істеу кезінде ерекше сақтық сақталады: оны лақтыруға, соққыға, үйкеліске әкелуге, шекті температурадан жоғары қыздыруға, тозаңын алуға және от көздерін пайдалануға болмайды.

270. Жабдықты тротил қалдығы мен тозаңынан тазалау кезінде технологиялық регламент басшылыққа алынады және осы үшін көзделген тәсілдер мен құралдар қолданылады.

271. Ауа өткізгіштер мен желдету жүйелерінің сүзгілерін тазалау жөніндегі регламенттелген жұмыстарды істеу кезінде, оларды жөндеуге немесе құрылымын қайта өзгертуге дайындау кезінде ерекше қауіпсіздік шаралары қарастырылады. Желдету жүйесін тазалау және жөндеуге немесе құрылымын қайта өзгертуге дайындау 295-тармақ пен 10-тараудың 5-параграфына сәйкес жүргізіледі.

272. Тротилді қайта өңдеу кезінде статикалық электрден қорғау шаралары мен құралдары қарастырылады.

Статикалық электрден қорғау үшін жабдық жерге қосылады, ал пневмо тасымалдау кезінде тек өткізгіш (R<105 Ом·м) және жартылай өткізгіш (R<106 Om·m) шлангілер мен құбырлар қолданылады.

4-параграф. Аммиак, натрий, кальций селитрасымен және карбамидпен жұмыс істеу ережесі
273. Аммиак селитрасын сақтау және тасымалдау кезінде қыздырудан, жалын әсерінен немесе ұшқынның түсуінен, кез келген бөгде материалдармен ластанудан және дымқылданудан қорғалады.

Аммиак селитрасы бар қоймаларда темекі шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды.

274. Селитраны кез келген материалдармен және заттармен бірге сақтауға және бірге тасымалдауға болмайды.

Селитраны, оның ішінде ЖМ-мен егер олар қапқа (контейнерге) толтырылған болса, бірге сақтауға және тасымалдауға болады.

275. Селитраны тасымалдау және сақтау үшін бұрын басқа өнімдер тасымалданған және сақталған вагондарда, қоймаларда және орынжайларда мұқият тазаламай пайдалануға болмайды.

276. Селитраны жыртылған ыдыста, дымқыл және лас еденде жинауға және сақтауға болмайды. Селитраның шашырандысы жүйелі түрде жинап алынады.

277. Селитра толтырылмаған автокөлік пен іштен жану қозғалтқышы бар тиегіштердің қоймаға кіруіне жол берілмейді.

278. Аккумулятор тиегішінен абайсызда төгілген, күкірт қышқылымен ластанған селитра дереу қоймадан шығарылады, ал қышқыл төгілген орын сумен жақсылап жуылады.

279. Сақтау барысында селитра оның ыдырау (қызу, азот немесе аммиак тотықтырғышының өзіне тән күшті иісінің болуы) белгілерінің жоқтығына жүйелі бақылауға алынады.

280. Жылына кемінде бір рет селитраны сақтау орындары тазартылады, қажет болған жағдайда, едендер мен қабырғалардағы жіктерін бекітіп, жөндеуге алынады.

281. Қатып қалған селитраны жарып қопаруға болмайды.

282. Селитрамен жұмыс істеу кезінде пайдаланылатын жабдықты майлау материалдарымен ластауға болмайды. Майлау орындарының астынан қатты селитраға майдың және оның ерітіндісінің өтуін болдырмайтын құрылғылармен жабдықталады.

283. Тотықтырғыш ерітіндісін дайындау үшін технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес келетін су пайдаланылады.

284. Селитраны қоймадан өндіріске беру жеткізуші зауыттан парияларды беру ретімен жүзеге асырылады.

285. Тотықтырғыш ерітіндісін жинақтаушы сыйымдылықта сақтау ұзақтығы технологиялық регламентпен анықталады және тиісті жылу тасығыш өлшемдерімен және қажетті бақылау аппаратурасымен қамтамасыз етіледі.

286. Тотықтырғыш ерітіндісі бар құбырды оны бу спутнигімен немесе сыртқы қабығымен іске қосып қыздыру кезінде екі ұшынан вентилмен жабуға, ауа жолдарын қыздырылатын аппараттарда жабуға болмайды.

287. Тиеу, түсіру, тасымалдау және сақтау кезінде натрий селитрасында органикалық жанғыш заттармен соңғысының өздігінен тұтануын болдырмас үшін ластауға немесе араластыруға болмайды.

288. Карбамидпен жүргізілетін барлық жұмыстар, сақтау және тасымалдау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.



5-параграф. Алюминий ұнтағымен жұмыс істеу ережесі
289. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде банкаларды лақтыруға болмайды. Мұндай жұмыстарды жүргізу кезінде өздігінен ашылатын банкалар қақпақтармен қайта жақсылап жабылады, бөлек сақталып, тасымалданады. Мұндай банкалардың ұнтақтарын егер оларды тексеру кезінде судың тигені немесе ластанғаны анықталмаса, ең алдымен қайта өңдеуге жіберіледі. Керісінше жағдайда оларды жоюға жібереді. Байқаусызда ашылып қалған банкалардан төгілген ұнтақ дереу бөлек ыдысқа жиналып алынады да, жағып жою үшін жөнелтіледі.

290. Қоймадан жеткізілген ұнтағы бар банкалар жылу беру аспаптарынан 0,5 м жақын емес қашықтықта бөлек құрғақ және таза орынжайда бір қатарға жиналады.

291. Қатты дисперстік жанғыштары бар орамаларды босату және ұнтақты араластырғыштың қабылдау сыйымдылығына немесе операция аралық көлік құралдарына (пневмо көлікке, шнек немесе қапсырмалы конвейерге) тиеу жұмыс істейтін бөлек құрғақ орынжайда жүргізіледі.

Ұнтағы бар банкалар тығынын алмас бұрын ластану және ылғалдың болу жағдайына тазартылады. Банкалардың қақпақтары ұшқын бермейтін аспаптың көмегімен ашылады. Қаптар мен контейнерлер қарапайым пышақпен ашылады немесе жіктің бойымен ажыратылады.

Алюминий ұнтағы бар банкаларды ашпас бұрын олар:

сыртқы ауа температурасы минус 20ºС дейін болғанда кемінде 10 сағат;

ауа температурасы минус 50ºС дейін болғанда кемінде 20 сағат ішінде температураны қабылдағанға дейін ұсталады.

Сыртқы ауа температурасы жұмыс орынжайының температурасына тең немесе одан артық болған кезде ұстау қажет емес.

292. Банкаларды ашқаннан кейін оның ішіне 3-5 минутқа термометрді салу жолымен алюминий ұнтағының температурасы өлшенеді. Ұнтақ температурасы орынжай температурасынан артық болмайды.

Алюминий ұнтағын қыздырған жағдайда банканы ауаның өтуін болдырмау үшін қақпақпен жабады да, ТДБ-нен шығарып, сөндіргішке орналастырады. Температураны бақылап тексеру арқылы анықталатын қыздыру аяқталғаннан кейін алюминий ұнтағы бар банка өндіріске қайта шығады.

Ылғалдандыру және тотықтыру кезінде қыздыруға жатпайтын басқа жанғыш ұнтақтармен жұмыс істеу кезінде ұнтақ температурасын өлшемеуге болады.

293. Жанғыш ұнтақтардан босатылған орамдар жұмыс орынжайынан тыс осы үшін бөлінген орында сақталады.

294. Қайта өңдеу кезінде ұнтақтар су өтуден және бөгде заттармен ластанудан қорғалады, тұтануға ықпал ететін қыздыруға жол берілмейді.

295. Жабдықтың ішкі бөліктерін ұнтақ қалдықтарынан, ал желдету жүйесін тозаңнан жалпы тазарту кесте бойынша, бірақ айына кемінде бір рет және әрбір алдын ала және күрделі жөндеу алдында немесе дәнекерлеу жұмыстары алдында жүргізіледі. Ең алдымен құрғақ күйінде жиналады, одан соң (ұнтақтың негізгі массасын жойғаннан кейін) дымқыл түрде сүртіліп, кейін құрғатылады. Орынжай мен жабдықты құрғатқаннан кейін ұнтақпен жұмысты қайта бастайды.

296. ЖЗ дайындау жұмыстары желдету жүйесін жөндегеннен және тексергеннен, орынжайлар мен жабдықты кептіргеннен кейін қайта жаңғыртылады.

297. Өзге металл жанғыш ұнтақтармен жұмыс істеу ережесі дайындаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет