ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР БЕЙНЕСІ
еРтілеУовА А.
студент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
ҚұРАлҚАновА б. Ш.
ф.ғ.к., доцент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
Көркем шығарманың басты тұлғасы – адам. Көркем шығарма
дәлдігі – адамның ішкі әлемін, құпия-қалтарыстарын нақты
бейнелеуінде. Жазушы кейіпкерінің ішкі әлемін, рухани өмірін,
кейіпкерінің әрбір іс-әрекетінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда
зерделей-зерттеп, жан-жақты талдап жазғанда ғана психологиялық
шығарма талабына сәйкеседі. Филология ғылымдарының докторы
Ш.Елеукенов: «Өмір талабы – әдебиет талабы. Ол әдеби процестің
ішкі даму қажеттілігімен жарасымды ұштасады. Ұлт әдебиеттерінің
басым бөлігінде осы заман тақырыбын игеру өткен заманның
көркем шежіресін жасау жолымен жүзеге асып отырғанын әлдебір
кездейсоқтық деп түсінуге болмайды. Бүгінгі күннің қаһарманын
тану үшін сол қаһарманның әдеби «генеологиясына», үрім-бұтағына
да көз жүгірту керек. Халықтың кешегі мен бүгінін, бүгіні мен
ертеңін салыстыра отырып білу үшін де бұл өте қажет» [1, 54 б.],
- деп кейіпкер жасауда, тақырып игеруде қажет, қолданылуы тиіс
нақты дүниені меңзейді. Әдебиетімізде осындай қаһарман ретінде
танылған шынайы кейіпкерлер жетерлік. Ал ол қаһарманның оңы мен
солын ажыратқан, ақылы толысқан ел ағасы болуы немесе қазынаға
айналған қарт болуы, әлде өмір баспалдағына жаңа қадам басқан
жас жеткіншек, бала болуы жазушының қиялына, оқырманға айтпақ
идеясын кейіпкер арқылы жеткізу шеберлігіне байланысты болмақ.
Біз сөз еткелі отырған қазақ прозасындағы балалар бейнесін
шығармасына арқау еткен қаламгерлер баршылық. Айтар болсақ,
М. Мағауин, Б. Соқпақбаев, Ш. Айтматов, О. Бөкей, С. Мұратбеков
және т.б. деп тізбектеуге болады. Қаламгерлердің «Бір атаның
балалары», «Балалық шаққа саяхат», «Ақ кеме», «Тортай мінер ақ
боз ат», «Жусан иісі» туындыларының басты кейіпкерлері ретінде
танылған Зигфрид, Ертай мен Нартай, Тортай, Аян күнә атаулыдан
пәк, мына жалған дүниеге сәби көңілмен, мөлдір, шынайы сезіммен
қарайтын бала бейнелері. Жазушылар осы кішкентай кейіпкерлері
арқылы шығарма тақырыбын, идеясын оқырманына шебер жеткізе
білген.
Бала бейнесін арқау еткен «Жусан иісі» – Сайын Мұратбеков
шығармаларының шоқтығы биік туындыларының бірі. Ұлы Отан
308
309
Достарыңызбен бөлісу: |