Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет166/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
дастанның құрылым, тіл, обрыз ашудағы, табиғаты түйсіндірудегі 
шебер өрімі, автордың ой-азаттығы, көркемдеу кеңістігіндегі 
шығармашылық еркіндік үйлесімі қазіргі қазақ поэзиясының озық 
бағыттарын поэтикалық әлеуетін танытады. 
Осы кезеңдегі поэма жанырының тақырып аясы, эпикалық 
құлаш-қарымы Жәркен Бөдештің «Аңырақай бекетіндегі», «Генерал 
Жохар Дудаль», «Исатайдың баласы», «Жалғыз», «Бостандықтын 
басы», «Қарауыл төбе», т.б. поэмаларында өзіндік көркемдік алымда 
көрініс беріп отырады. «Жолаушы» поэмасында күнкөріс қамымен 
шетке кеткен, толған соң Елді ұмытқан ұлдың айтқанға көнбес 
құлқын иіткен күй құдіреті, ұлттық рух қуаты жайлы айтылады. 
Асқар Егеубайдың түркі әдебиетін зертеу бағытында нақтылы 
тарихи деректер қозғау салған «Шу батыр», «Мыс шаһар», «Қала 
салған қазақтар» егіз дастаны сынды туындылары эпикалық 
жаңырдың көркемдік өрісін кеңіте түсті.
ҚР Мемлекеттік халықтық, ұлтық мұраттар, биік адамгершілік 
ұстанымдар арқау болған сыншыл философиялық толғамдары 
тәуелсіздік дәіріндегі поэзияның даму, қалыптасу бағыттарындағы 
жеке шығармашылық тұлға әлеуетін айқындай түскен сыршыл 
лириканың озық үлгілері есебінде танылып, бағаланды.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Иранбек Оразбаевтың 
Абай дәстүріндегі өлең үлгілері ақынның қоғам, адам болмысндағы 
жан қыжылын, пәнсапалық ойларын көркемдік шешімге 
тартуындағы әсерлі бейнелілік дарытқан ,ұтымды, жатық 
тәсілдердің бірі болып орнықты. Мінезді өлеңдердің көркемдік – 
стильдік дара сипатын айқындай түсті. 
Мен де – 
Бетті бастым,
Мен де –
Тұра қаштым 
Көбігімен жудым кір – 
Көзден аққан жастың ...
Ақын нарық заманының ауыртпалықтарын сезінеді, жаһандану 
дәуіріндегі халықтың керенау, байғамдау қалпына аландайды, күйіп 
күйзеледі. Оның поэиясындағы өткір сыншылдық қалғымайтын 
қырағы азаматтық ұстаным, жаңа үлгілер, өзіндік поэтикалық 
кеңістік қазіргі қазақ өлеңінің мәнді көркемдік нышандарына 
айналды.
Қазақ поэзиясындағы дәстүрлі, ел мінезіне күйіну, күйзелу, 
аландау сарыны белгілі ақын Исраил Сапарбайдың «Рухнама» жыр 
жинағында да айқын «Тайқазан», «Қазақта жаңаша таныстыру», 
«Менталитет», «Жаһандану жаңғырығы», «Ерлердің ісі бітер ме?», 
«Менің әлемім», «Отырар ойлары», «Біздің қоғам» толғамдары – 
қаламым құрғатпай замана күйіне алаңдап отырған ақынның қалпын 
қапысыз сезіндіреді. 
Әдет шіркін қала ма, қанға сіңген?
Әлі күнге келеді арбасумен.
Жалқаулығын қайтерсің ала бөтен
Алтын басып жатқандай жанбасымен!
Тәуелсіздегі кезеңіндегі поэзия ХХ ғасырдың адамзатқа 
жасаған асқан «сыйы» – атом апаты тұрғысында елеулі ойлар 
толғады. 
Қазақ жеріндегі қырық жылғы жарылыстың бақ үркіткен 
бейдауы опаты азаматтық лирикада ширыққан екпінді желі түзді. 
Б. Жақыптың «Тамыздың жиырма тоғызы» атты ұзақ 
толғамында жарылыстың бейдауа сұмдығы, жан шыдамас ақиқаты 
және бір қырларынан ашыла түседі. 
Тамыздың жиырма тоғызы...
Күн емес шар шықты
Дегелең деген өр таудың 
Кеудесінен сол күні жан шықты
Тәуелсізідк жылдар поэзиясында ұлттық бітім даралығы
дәстүр, салт-сана, туған, ата-анаға сағыныш, адамдық қилы аңсар, 
көңіл-күй, сезім жырлары сыршылдық бағыттағы жаңа ағыстар 
түзді. 
Бүгінгі уақыттың өзекті күйлерін, өткен тарихтың тағылымын, 
келешектің баянды бағыттарын ұлттық сана, ұлттық болмыс, ұлттық 
мұраттар, ұлттық мүдделер, жалпы адамзат игіліктер ауқымында 
толғап отырған өміршең поэзия – халқымыздың сарқылмайтын 
рухани қуаты. 
Поэзия – сөз өнері. Көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық 
үлгісі. Оның үстіне поэзияның аса маңызды әлеуметтік қоғамдық 
құбылыстарды бейнелеп көрсете алатын зор мүмкіншілігі бар. Ол 
айналамыздағы дүниені, өмірді танып білудің күшті құралы, біздің 
қоғамдық ой- санамыздың, көркемдік сезіміміздің үлкен, өнімді 
саласы. Сондықтан поэзиядағы сөз суреттілігі, бейнелілігі өмір 
шындығынан нәр алып, соған тікелей жалғас туады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Есдәулет Ұ. Киіз кітап. – Астана: Ролиант, 2012. – 121 б.


302
303


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет