«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
2 Айтұлы Н. Бәйтерек. –Алматы: Арда, 2010. – 108 б.
3 Раушанов Е. Бозаңға біткен боз жусан. – Алматы: Жазушы,
2012.– 57 б.
4 ХХІ ғасырдағы қазақ әдебеті (2001 – 2011 жж). Жинақ. –
Алматы: Арда, 2001. – 112 б.
5 Сапарбай И. Рухнама. – Алматы: Жазушы, 2015. –124 б.
СПОРТТЫҚ ДИСКУРСТЫң ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
болАтовА А. б.
студент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
еРҒАлиев Қ. С.
ф.ғ.к., профессор, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
«Дискурс» ұғымын анықтау қазіргі тіл білімінің өзекті
мәселелерінің бірі болып отыр. «Дискурс» термині XX ғасырдың
60-70 жылдарынан бастап гуманитарлық ғылымдарда кеңінен
қолданылып келеді. Қазіргі кезде дискурс ұғымына түрлі сипаттама
беріліп жүр. Солардың бірі – У. Чейфтің пікірінше, дискурс
шынында да көп қырлы ұғым, оған бір-ақ тұрғыдан сипаттама беріп,
мәнін бір-ақ сөзбен ашу мүлде мүмкін емес. Дискурс ұғымының ең
жиі қолданылатын анықтамасы – «ауызша сөйлеу тәжірибесі» және
«тілді қолдану» ұғымдары [1, 51 б.]. Бұл жерде ағылшын тіліндегі
лингвистикалық әдебиеттерде дискурсқа берілетін негізгі мағына
– тілдің қатынастық қызметі, яғни қолданыстағы тіл.
Дискурс ұғымына анағұрлым толық анықтама берген
Н. Д. Арутюнова: «Дискурс – это связный текcт в совокупности
с экстралингвистическими, прагматическими, социальными,
культурными и психологически-сериями факторами, текст, взятый
в событийном аспекте, речь, рассматриваемая как целенаправленое
социальное действие, как компонент участвующий во взаимодействии
людей и механизмов их сознания, речь, погруженная в жизнь», – дейді
[2, 136 б.]. Көрсетілген анықтамадағы дискурс ұғымын жеке-дара әрі
лингвистикалық аспектіде ғана қарастыру мүмкін емес, оны басқа да
гуманитарлық ғылымдармен бірлікте қарастыру қажет екені көрініп
тұр. Дискурс сөйлеуші мен тыңдаушы атты бір-біріне қарама-қарсы
қойылған рөлдің болуын талап етеді.
Жалпы дискурс ұғымына шетел ғалымдарының пікірі жетерлік.
Дискурс термині француз тілінде «discоurs» – сөйлеу, ал ағылшын
тілінде – талқылау, лебіз, сөйлеу деген мағынада жұмсалған болса,
ал кейіннен «айтушыға, сөйлеушіге меншіктелген сөз» деген жаңа
мағынада қолданылады. Орыс тіл білімінде дискрус ұғымы дискурс,
сөйлеу, сөз, мәтін деп айтылып жүр. Дискурс термині американдық
лингвист З. Харристің 1952 жылы жарияланған «Дискурс – анализ»
атты мақаласында тұңғыш рет көрініс тапқан еді.
М. Стаббс дискурсқа тән үш белгісін көрсетеді: 1) формальды
тұрғыдан дискурс – бұл тілдік бірлік, яғни сөйлемнің көлеміне
байланысты болады; 2) дискурс тілдің әлеуметтік контекспен қарым-
қатынасын қарастырады; 3) өзінің ұйымдастырылуында дискурс
диалогті түрде болып келеді [3, 65 б.].
Дискурс өз алдына екі жақты құбылыс болып келеді. Бір
жағынан алғанда, ол – когнитивті құбылыс, яғни білімді беру ісімен
байланысты, ал екінші жағынан қарағанда, дискурс – коммуникативті
құбылыс болып табылады. Себебі дискурс жүйесінде ақпарат тек
коммуниканттар арасында ғана жүріп отырады. Дискурстар мәтін
түрінде кездеседі. Дегенмен, тіл біліміндегі соңғы зерттеулерге
байланысты дискурс тек мәтін түрінде емес, тіпті басқа дискурс
түрлерінде де кездесіп отырады. Мұндай өзара байланыс дискурстың
мәтін шекарасында интердискрусті деген атауға ие болды. Мәтін
өзінің құрамы мен құрылысына, тақырыбы мен ішкі құрылымына
қарай қиын болғанымен, басқа дискурстар ішінде кең ауқымда
көрінеді. Мәселен, ұлттық дискурс өз ішінде төмендегідей түрлерін
ажыратады: саяси, ғылыми, ауызекі сөйлеу, аргументті, заңды,
көркемдік және т.б. Әрбір дискурс өз ішіндегі дискурста көп
мағыналы жағдайлар түрінде болады. Мысалға алатын болсақ, заңды
дискурсқа сот дискурсы, еңбек құқығы дискурсы, қылмыстық құқық
дискурсы т.б. жатады. Коммуникативтік феномен ретінде дискурс өз
алдына белгілі бір қиын сөйлеу актісінің жүйесін құрайды. Сөйлеу
актісін адамның өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде
алатын ақпараты деп түсінуге болады.
Қазіргі таңда дискурсты қолданыс аясына байланысты бірнеше
түрге бөліп жүргені белгілі. Дискурс түрлеріне: ғылыми дискурс,
спорттық дискурс, әскери дискурс, іскери дискурс, шешендік
дискурс, поэтикалық дискурс, балалық дискурс, масс-медиа
дискурсы, жарнама дискурсы, экономикалық дискурс, педагогикалық
дискурс, электрондық дискурс т.б. жатады. Жалпы дискурс ұғымы
прагмалингвистика, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика,
антропология, әдебиеттану, лингвомәдениеттану, философия
ғылымдарының тоғысында тұрғандықтан, оған белгілі біркатегория
ретінде анықтама берудің өзі деқиындық тудырады.
304
305
Достарыңызбен бөлісу: |