Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет172/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
ерекше әсер береді. Ағайынды Нартай мен Ертайдың өз әке-
шешелерін іздеп табуға талпыныс жасауынан балалардың кішкене 
жүректері қорқыныш атаулыдан ада, батыл екендігін көрсетеді. 
Бірақ сол жолда екеуі де құрбан болады. Зигфрид Ахметұлы тегін 
алған неміс баласы бірте-бірте ортаға сіңісіп, өзінің қайсарлығымен, 
зеректігімен ерекшеленсе, Яков (Жақып) көрген қиыншылықтарына 
мойымай, тағдыр ағысына қарсы жүзе білді. Табандылығының, 
еңбекқорлығының арқасында барлығы өмірден өз орнын тапқан, 
үйлі-баранды бақытты отбасына айналды.
Шығарма ішіндегі барлық балалардың ойындағы ортақ нәрсе – 
кіммін? Қайдан келдім? Шыққан тегім, ата-анам кім? деген жауабы 
жоқ сауалдар еді. Өздерін бір күні әке-шешелері іздеп, тауып 
алатынына үмітпен қарайтын, шүбәсіз сенетін. Осылайша балалық 
үміт оты есейген шақта үзілген. Нәсіліне қарамай бауырына тартып, 
ата-анасынан айырылған жаны жаралы бүлдіршіндерді бауырына 
басқан бауырмал қазақ халқын, ержеткізіп, есейтуге, өмірден өз 
орнын тапқан азамат ретінде қалыптасуына септігін тигізген ұлы 
халыққа бұл балалардың айтары тек алғыс еді. Автордың негізгі 
идеясы қай халық, қай тілде болмасын жер шарын бірге мекен 
ететін адамзат барда мейірімділік, достық, ізгілік пен татулық туы 
мәңгі желбіремек. 
Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» повесінде жетіні толтырып, 
сегізге аяқ басқан кішкене кейіпкер тағдыры суреттеледі. Табиғаттың 
қолдан жасаған тас мүсіндеріне ат беруі, бұлттарға қарап, бейне 
жасауы, өсімдік-гүлдермен сөйлесуі өзімен ойнайтын баланың 
жоқтығын білдірмей, айналасына тамсана қарайтын бала қиялынан 
туған дүние болатын. Әке-шешесі тастап кетіп, атасы Момынның 
қолында өскен бала, күндердің күнінде әкесінің Ыстықкөлден ақ 
кемемен іздеп келеріне бек сенетін, сарыла тосатын. Тіпті, көл жаққа 
әр күн сайын дүрбі салу баланың әдетіне айналған. Ыстықкөлде 
алғаш ақ шаңқан кемені көргенде жүрегі алабұртып кеткен еді. 
Әкесінің матрос екенін, және осы кемеде істейді дегеніне өзін 
сендіріп, және солай болса екен деген сәби сенімінен айрылмауға 
бекінген [3, 45 б.]. Сарғая күткен ақ кемесі-ақ арманы балаға бет 
бұрмағаннан кейін, кемеге ол өзі балыққа айналып жүзіп жетуді 
арман ете бастаған. Балыққа айналуға ынтызарлығы сонша, 
денесінің барлығы балықтан айнымай, тек қана қылқан мойны, 
қалқан құлағы осы бір қауақ басы сол қалпында қалса екен дейді. 
«Сау бола тұрыңдар, Ыстықкөлге жүзіп бара жатырмын, ақ кемеге 
барамын, онда менің әкем матрос болып істейді», – дейді [3, 50 б.]. 
Осылайша қиял жетегіндегі бала көңіл әкесіне, ақ кемесіне жетіп, 
көрген-білгенінің бәрін айтуды мақсат етеді. Бала қиялы шетсіз, 
шексіз. Оған ешкім де тоқтау сала алмайды. Оның осы ойы – үзілмес 
үміті. Автор бұл шығармада кейіпкер бейнесіне еніп, сан түрлі 
арман-мақсатқа жетелеген бала қиялына ерік береді. Баланың әкесін 
аңсаған қиялынан туған ақ кемесін асқақ арманы етіп көрсетеді. 
Ақ сөзі де баланың жүрегіндей кіршіксіз таза, пәк екенін аңғартса 
керек. Бала кейіпкердің айналасында болып жатқан әділетсіздік, 
шарасыздық секілді қиындықтардан құтылудың жолын ақ арманына 
балық болып жүзіп кетуден табады. 
Қорытындылай келе, бала бейнесін шығармаларына арқау еткен 
қаламгерлердің қай кезеңде туған туындыларын алып қарасақ та, 
барлығына ортақ құбылыс – күту, сағыныш, қиял, жалғыздық. Адам 
баласының кіршіксіз, таза шағының суреттерін беруде авторлар бала 
қиялына ерік береді. Сол арқылы оқырманға айтпақ ойын шебер 
жеткізе біледі. Біз қарастырған шығарма желісінде бала шақта 
үлкендерден ұйып-тыңдап өсер ертегі желісі, түс көру тәсілі көп 
ұшырасады. Бұл да жазушының кейіпкер психологиясын ашудағы 
ұтымды қолданған әдісі деп білеміз. Жетімін жылатпаған, баланы 
бауыр етіне балаған қазақ халқы үшін, жас ұрпақтың тағдырына, 
болашағына салғырт қарау салтымызға жат дүние. 
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Елеукенов Ш. Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 1977. 
– 300 б.
2 Мұратбеков С. Жусан иісі. – Алматы: АнАрыс, 2009. – 324 б.
3 Ақ кеме. Бетпе-бет. Алғашқы ұстаз [Мәтін]: әңгімелер / 
Ш.Айтматов,; [құраст. О. Асқар] – Алматы: Балауса, 2006. – 476 б.


312
313


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет