XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm
«XXI Сәтбаев оқулары» «СТУДЕНТТЕР» сериясы бойынша алғашқы кітап. Аты айтып тұрғандай, кітап оқиғаларды
басынан аяғына дейін сипаттайды. Автордың өзі даланың адамы
бола отырып, мантия мен ядро туралы әңгімелейді. Бұл жерасты
саяхаттарының көрінісін ғылыми фантастикалық тәсілмен әдемі
жеткізеді.Қазақ фантаст жазушыларын айтқанда Медеу Сәрсекені
айтып кетпеу мүмкін емес. Медеу Сәрсеке – қазақ әдебиетіндегі
фантастикалық жанрдың дамуына зор үлес қосқан жазушы.
1959-65 жж. «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі», «От және
атом» және «Жетінші толқын» аталған ғылыми-фантастикалық
хикаяттары жарық көріп, жазушының соңғы шығармасы 1964
жылдан беріде мол таралыммен бірнеше мәрте басылып, 100 мың
дана таралыммен орыс тілінде жарияланып, күллі Одаққа мәлім
болды. БСЭ-нің 11-томында «М. Сәрсеке – ғылыми-фантастикалық
туындыларымен Қазақ кеңес әдебиетіне ғылыми-қиял жанрының
бастаушы пионері аталды...» – делінген. 1959 жылы «Ғажайып
сәуле» повесі жарық көрді [4]. Оқиға арнайы сюжетте өрбиді. Көзге
көрінбейтін адамның шығу тегі және ғажайып сәуле, тірі заттардың
ядросындағы химиялық және физикалық қосылыстардың немесе
нейтрондар мен протондардың адам ағзасына келтірген зияны және
роман неге «Ғажайып сәуле» деп аталады. Бұл фантастикалық
хикаяны оқымас бұрын, автордың «От пен атом» әңгімесіне көз
жүгірткен пайдалы болар еді. Себебі автордың фантастикалық
әңгімелері бір жүйеде жазылған. Бір оқиға – екіншісінің жалғасы.
Қазақстанда алғашқы сериялы ғылыми-фантастикалық романдар
жазған фантаст жазушылардың бірі-Жүніс Сахиев. Олар «Кеңістік
көшпенділері», «Көктен келген көшпенділер», «Марстан шыққан
жаңғырық». Оның осы сипатта жазылған қызықты шығармасының
бірі – «Айдағы жасырынбақ». Оның қысқаша мазмұнына тоқталсақ,
мектеп балалары жазғы демалыстан соң қайтадан оқу жылында
мектепте кездеседі. Мұғалім оқушылардан жазғы демалыстарын
қалай және қайда өткізгендерін сұрайды. Сол сәтте Жантемір
орнынан атып тұрып, « – Апай, Мерген платетолог әкесімен және
досы Сартаймен бірге жазда айға ұшып барып келіпті», – дейді.
Мұғалім балалардан айда не көргендерін сұрайды. Сонда Сартай
жасырынбақ ойнағаның айтады, ал оқушылар болса бұл жауапқа
сылқ-сылқ күледі. Сонда Мерген айда көрген қаранғылық пен қою
көленкелікті суреттейді, ойық шұнқырлармен жасырынбақ
ойнағаның айтады. Олар көленкеде бір бірін көрмей қалатыны
туралы әкесі ондағы атмосфераның жоқтығы, сонымен қатар бұрын
айда тіршілік болып, сол кездегі тұрған адамдар ауаны ластағаның
айтады. Сол себептен қоршаған ортаны қорғау адамзаттың өз
қолында.Бұл шығарма оқыған әр баланың бір сәтте айда шынымен
де тіршілік бар екеніне сендіреді. Тек қана біз өмір сүріп жатқан
жер планетасында ғана емес,басқа жерлерде де басқа тіршілік
иелерінің болуы мүмкін деген ой келтіреді. Бұл кезде баланың
қиялы, ойлау шенберінің көкжиегі,шығармашылық түрде ойлағаның
көз алдына елестету қабілеті дамиды. Бала осы шығармадағы басты
кейіпкерлердің орнына өзін қойып, оқиғаны өзі қалағандай өрби
алады. Фантастикалық әдебиет жасөспірімдерде абстрактілі және
қиялдық ойлауды керемет дамытады, өйткені оқығанда кітапта
суреттер көз алдына өздігінен пайда болады. Мұндай шығармаларды
оқу әлемге жаңаша көзқараспен қарауға, таныс заттарды басқа
қырынан көруге, бұрын көзден таса болған нәрсені қарастыруға
итермелейді. Көркем әдебиет оқитын жасөспірімдер өз құрдастарына
қарағанда шығармашылық қабілеттері артады. Кейінірек көрнекті
ғалым немесе өнертапқыш болған балалық және жасөспірімдік
кезеңдерде көптеген адамдар фантастикалық жұмыстарға үлкен
қызығушылық танытқаны дәлелденген. Өнер табыстардың
көпшілігі дәл сол немесе басқа фантастикалық романдарда немесе
әңгімелерде сипатталған құрылғылармен немесе механизмдермен
шабыттанған.
Сондай-ақ, көркем әдебиетті оқу жасөспірімге сыртқы әлемнің
проблемалары мен қақтығыстарынан құтылуға мүмкіндік береді,
былайша айтқанда күнделікті күйбеңдер мен уайым-қайғыдан дем
алып, кітаптың өзіндік әлеміне еніп, өзін жұмбақ планеталардың
ізашары немесе жұмбақ жерлерді зерттеуші сезінеді. Осылайша,
көркем әдебиеттерді оқу сіздің балаңыздың одан әрі дамып,
шығармашыл болуына, күнделікті күйзелістермен оңай күресуге,
сонымен қатар өз қиялдары арқылы көптеген фантастикалық
саяхаттарға баруға көмектеседі. Қазіргі кезде қазақ әдебиетінде
фантастика басқа елдерге қарағанда баяу дамуда. Балалардың
қиялын бала кезден дұрыс дамыту үшін мектеп бағдарламасына
қазақ фантаст жазушыларына көп сағат бөлінуі дұрыс деп ойлаймын.
Балада қиял ерте оянады. Балаға дүнедегі бар заттың бәрі жанды
сықылды көрінеді. Баланың түсінуінше дүниеде мүмкін емес нәрсе
жоқ. Бәрі мүмкін, бәрі болатындай. Бала ертегінің бәрін шын деп
ұғады. Балалардың қиялы – бұл ойлау жұмысының нәтижесі, ал бұл
психикалық процесс адам үшін өте маңызды. Альберт Эйнштейннің
«Білуден гөрі қиял маңызды. Ақыр соңында, білім қиял бүкіл әлемді
қамтитын сәтте біз түсінетін және білетін нәрселермен шектеледі»