Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет181/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
Жазушы Д. Амантай өзінің «Гүлдер мен кітаптар» туындысында 
интермәтінділік жайлы теориялық тұжырымдармен бөліседі: «Қай 
тақырыпта қаламыңызды сілтесеңіз де қазір, алайда, ешкімді 
таңқалдыра алмайсыз. Барша алабөтен озық шыққан кітап оқырманға 
тек басқа кітаптар жайында ғана әңгіме қозғайтын секілді және сол 
ізденімпаз қаламынан туған кез келген кітаптың мазмұны басқа 
кітаптардың мазмұнынан құралатын тәрізді» [2, 46 б.]. Автор дәл 
осы мәтінді У.Эконың «Заметки на полях «Имени розы»» еңбегінен 
алған: «Во всех книгах говорится о других книгах, что всякая история 
пересказывает историю уже рассказанную/каждая книга говорит 
только о других книгах и состоит только из других книг» [3, 53 б.]. 
Жазушының бұл туындысына алған эпиграфы (дәйексөзі) «Тәңірдің 
кітабынан» келтірілген «Қайсы әлсіз – жарықтан қашқан қара түнек 
пе, әлде қараңғылық басқан жарық па...», – деп келетін эпилог.
Д. Амантай романындағы «Әлішер» тарауында сипатталған 
кітаптардың құрылымына Х. Л. Борхестің «Вавилон кітапханасы» 
шығармасында кітапхананы сипаттаған мәтінге аллюзия (аллюзия 
– көпшілікке таныс әлеуметтік-мәдени фактімен орай сол көркем 
шығарма семантикасына қосымша хабар, мағына қосатын элемент/
мәтінде еркін түрде вербалданатын экстралингвистикалық фактор 
[4, 112 б.]) жасаған. Жалпы осы екі туындымен таныса келе 
жазушы «Вавилон кітапханасындағы» кейбір мәтіндердің идеясын 
реминисценция (реминисценция – басқа бір әдеби шығарманы еске 
түсіреді/басқа бір мәтінге цитация қағидатымен дәл, еш өзгеріссіз 
немесе трансформацияланып енгізіледі [4, 112 б.]) арқылы өз 
романына көшіргенін байқаймыз. Реминисценция басым болып 
келетін «Заратуштра» тарауында автор Заратуштраның дүниеге 
келуін, зороастризм ілімінің қалай пайда болғаны турасындағы 
аңыздарға сілтеме жасайды, бірақ Заратуштра есімі мүлдем 
аталмайды. «Молда» тарауындағы Әлішер мен молданың диалогында 
Абайдың «Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Қайғы шығар ілімнен», 
«Осы қымыз қазаққа», «Бөтен елде бар болса», «Қарашада өмір 
тұр», «Кейде есер көңіл құрғырың», «Сегіз аяқ» өлеңдері арқылы 
сол тұстағы қоғамның жан-дүниесі мен көңіл күйін Әлішер арқылы 
жеткізеді. Автор Абайдың цитаталарына (дәйексөз) сілтеме жасаған. 
Д. Амантай романда референция ретінде «жерұйық» мотивін 
қолданады. Әлемдік әдеби мұраларда бұл атау «Інжіл» кітабында, 
«Ергене-көң», «Өтукен» мифтерінде, Асан қайғы туралы аңыздарда 
кездеседі. 
«Сағыныш» тарауында адамзат тарихы туралы мифтерді 
пайдаланған. Мирча Элиаденің «Священные тексты народов 
мира» еңбегінен кей мәтіндерді, дәйексөздерді тырнақшасыз 
береді, мифтер толықтай алынбай, үзінділерін қазақшаға аударып 
тізбектейді. Мысалы, «Бала Беракты бір күні нағашы ағасы 
Кангун қамыс күркеден сыртқа алып шығып, қолындағы шашақты 
найзасымен түнгі аспанда алабөтен жарқырап жанып тұрған 
Әлтайыр жұлдызын нұсқап: – Қараңыз! Бұл – Бунджиль. Сіз оны 
көріп тұрсыз, ол да сізді көріп тұр» [2, 123 б.] – дәйексөзін М. Элиаде 
еңбегінде «...когда Берак был еще ребенком (у него еще не было 
бороды), кангун (дадя по матери) вывел его ночью из стана и, указав 
копьем на звезду Альтаир, сказал: Смотри! Это – Бунджиль. Ты 
видишл его, а он видит тебя» [5, 11 б.] – мәтінінен аударып жазған. 
Мұндағы мәтіндер ешқандай тырнақшасыз меншіктеліп алынған. 
Бірден плагиат деуге әбден болады, алайда автор өз шығармасында 
Барттың теориясын ұстанғанын айта келе былай дейді: «Асқақ мәтін 
өз бетінше дербес өмір сүреді. Тіпті кітап авторы жоғалып кетсе 
де, кітап ешқашан жетім қалмайтыны рас. Өйткені мәтін оны үнемі 
өбектеп отыратын қожайынға бәрібір зәрулік танытпайды» [2, 59 б.].
Сонымен, Д. Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романы 
– батыс пен шығыс әдебиетін бойына сіңірген, ежелгі және 
заманауи туындылардың ұштасып, түрлі жанрларымен 
интермәтіндік байланыс орнатқан шығарма. Автор шығармасында 
постмодернизмнің басты тұжырымдамасы болып саналатын «әлем 
– мәтін» теориясын ұстанып, әртүрлі дәуірлер мен стильдердің 
қатпарларынан құралған өзгеше әлем тудырады.
Постмодернисттік туындылардың көлемі көбінесе шағын 
болып келеді. Авторлар осындай шағын шығармаларға бірден 
бірнеше әлеуметтік, психологиялық, діни, моральдық т.б. өзекті 
мәселелерді сыйдыруға, оқырмандарға ой салуға тырысады. 
Д. Амантай прозаларының бірі «Мен сізді сағынып жүрмін» 
повесінде де интермәтінділік көрініс табады. Постмодернисттік 
бағытта жазылған бұл туынды өзінің стилистикалық жағынан да, 
дүниетанымдық астары бойынша да ерекше шығарма. Автор он 
беттен тұратын повеске қазіргі таңдағы адамзат мәселесі және 
оның рухани күйреуі, діни проблемаларды арқау етеді. Түрлі 
шығармалардан үзіп алған мәтіндерден құрастырылғандай әсер 
беретін бұл туындының біртұтас сюжеті жоқтың қасы. Жазушы 
бүгінде адамдардың санасында жүрген көкейкесті сұрақтарға 
кейіпкерлер арқылы жауап іздейді. 


330
331


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет