Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет180/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
2 Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. – Алматы, 
1985. – 256 б.
3 Қайдаров Ә., Ахтамбердиева З., Өмірбеков Б. Түр-түстердің 
тілдегі көрінісі. – Алматы: «Ана тілі», 1992. – 160 б.
Д. АМАНТАЙ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ИНТЕРМӘТІНДІЛІК
ҚұдАйҚұловА д. Қ.
студент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
ҚұРАлҚАновА б. Ш. 
ф.ғ.к., доцент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
Соңғы жылдары қазақ әдебиеті жаңашылдыққа қадам басып, 
қазіргі қоғам талабына сай шығармалардың саны артып келе жатыр. 
Жалпы әдебиет пен адам өмірі бағзы замандардан бері ұштасып 
келеді. Әдебиетте орын алатын құбылыстардың түпкі мәні қоғамдық 
санада болып жатқан өзгерістермен тікелей байланысты. Бүгінгі 
адамның жан дүниесіне рухани нәр бере алмайтын туындылардың 
орнына басқа сарында бой көтерген шығармалардың жазыла 
бастауы замандастың талабына сай деп түсінген жөн. Модернизм 
және постмодернизм сынды бағыттырдың қарқынды дамып, жаңа 
деңгейге көтеріліп келе жатқанын байқамауға болмайды. Батыста 
пайда болған бұл бағыттардың қазақ әдебиетіне біртіндеп енуі де 
шығармаларға деген көзқарастың өзгергенінің дәлелі. Осындай 
сарындағы шығармаларды басқа бағытта жазылған туындылардан 
айырып тұратын негізгі белгісі – интермәтінділік теориясы. 
Постмодернисттік шығармаларды дәстүрлі шығармалардан айырып 
тұратын интермәтіннің басты ерекшелігі – шығарма құрылымында 
әртүрлі жанр, стильдердегі әдебиет үлгілерінің, сондай-ақ әртүрлі 
тарихи уақыт бөліктерінің бір арнада келуі.
Г. Р. Сәулембек өзінің «Қазіргі прозадағы постмодернизм» 
атты диссертациясында әдебиетте болып жатқан құбылыстар жайлы 
айта келіп, былай дейді: «Отандық әдебиетте постмодернистік 
дүние қабылдау Д. Амантай, А. Жақсылықов, Д. Нақыпов,
Т. Әсемқұлов, Ж. Қорғасбек, Ә. Байбол, М. Қосын, т.б. авторлардың 
шығармашылығында көрініс тапты. Аталған авторлардың 
шығармалары қазіргі әлемдік тарихи-мәдени үдерістегі жаңа үрдістер 
(тенденциялар) мен бағыттар мәнмәтінде жиі талқыланады» [1, 12 б.]. 
Осы жазушылар туындыларының басты ерекшелігі болып саналатын 
интермәтінділік концепциясына мынадай анықтама беруге болады: 
«Интертекстуалдылық – 1967 жылы постструктурализм теоретигі, 
француз зерттеушісі Юлия Кристева енгізген постмодернизмнің 
«автордың өлімі» (Р. Барт) аталған тұжырымдамасымен байланысты, 
яғни жеке, белгілі бір автордың жасаған мәтінінің айқын және 
жасырын дәйексөздер, реминисценциялар, аллюзиялар, мәдени және 
әдеби байланыстар, сілтемелер арқылы таралып кетуі. Осылайша 
жекелеген мәтіндер үнемі «диалогқа түсіп», бір-біріне «сілтеме 
жасайды» және бұл мәтіндердің барлығы өз кезегінде мәдениетпен, 
тарихпен, шындықпен қарым-қатынасқа түсетін, әрі өзі де мәтін 
саналатын жалпы мәтіннің бір бөлігін құрайды. Осының нәтижесінде 
«өзімнің-өзгенің» сөзі қарым-қатынасы бұзылып, кез келген мәтін 
аз-кем танымал алдыңғы мәтіндерге жауап ретінде бағаланады. 
Интертекст призмасынан қарағанда, әлем өзіне дейін айтылып 
қойған, тек оларды басқаша қиыстырып, араластыруға ғана болатын 
үлкен мәтін ретінде қарастырылады» [1, 4 б.].
Д. Амантай – қазіргі қазақ прозасында постмодернистік 
шығамаларымен көзге түсіп жүрген жазушы. Сондықтан да бүгінгі 
күнде Д. Амантайдың туындыларына екі түрлі, бір-біріне қарама-
қайшы келетін көзқарас қалыптасқан: бірінші көзқарас – оның тілі 
қасаң, шығармаларының көркемдігі төмен, мағынасы ауыр, кірме 
эпизодтар мол, түсіну қиын десе, екінші көзқарас – туындылары 
астарлы, алыстан орағытады, философиясы терең, көп қабатты, ойы 
күрделі деген баға.
Д. Амантайдың көлемді шығармаларының бірі – «Гүлдер 
мен кітаптар» романы. Жалпы алғанда роман қазақ прозасындағы 
постмодернисттік бағытта жазылған алғашқы туындылардың бірі 
болғандықтан романның жазылуына тіреу, түрткі болған әлемдік 
әдебиеттегі постмодернизм бағытының өкілдерінің ықпалын 
байқаймыз. Романда сөз болған қаламгерлер мен кітаптар жайлы 
жазушының философиялық пайымдары Р.Барттың «автордың 
өлімі» тұжырымы мен «интермәтінділік» теориясына сәйкес 
келеді. «Гүлдер мен кітаптар» романында интермәтіндер көптеп 
кездеседі. Бұл инермәтіндерді түрлерге бөліп, шығармада атқарып 
тұрған қызметтерін анықтауға болады. Романда интертекстің 
аллюзия, цитата, референция, реминисценция түрлері қолданылған. 
Шығармада көрсетілген сілтемелер арқылы интермәтінді үш топқа 
бөліп қарастыра аламыз: 1) теориялық еңбектер мен әдеби мәтіндерден 
алынған интермәтіндер; 2) түркі тарихын зерттеуге арналған еңбектер 
мен мифтерге негізделген интермәтіндер; 3) теологиялық еңбектер 
мен діни мәтіндерге негізделген интермәтіндер.


328
329


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет