«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
барынша жеткізіп, таныстыру қаламгердің басты мақсатының
бірі болғанын көре аламыз. Әңгіменің соңғы бөлімінде Тұрғазы
Нұқаев: «Құрметті оқырман, сен де осы мақала арқылы қасиетті
атамекеннің тарихына бізбен бірге саяхат жасай отырып, кербез
Алтай ғажайыптарын тамашала, одан бойыңа нәзік сезім мен өршіл
қуат ал, олардың қайталанбас сұлулық құдіретін жан сарайыңа
сақтай біл» деп қорытындылайды [2, 7 б.].
Тұрғазы Нұқаевтың қолынан шыққан таңдаулы, ерекше
материалдарының бірі «Ел зердесінде сақталған» мақаласы болып
табылады. Тақырыптың өзінен-ақ шығарманың қазақ зиялыларына
қатысты екенін байқауға болады. Идеясы – қазақ жұрты үшін әлі
де беймәлім қалған зиялы қауым өкілдерімен таныстыру болып
табылады. Қазіргі таңда халқымыз үшін құрметтеліп келе жатқан
тұлғалардан бөлек, өзге де аяулы тұлғаларды ардақтайтын сәт
туғанын жеткізу. Бұл материалдың жазылуына арқау болған,
«Семей қаласы, 1915 жылғы 10 наурыз» деген жазуы сақталған
сурет. Суреттің өзі 75 жыл бұрынғы қазақ халық зиялыларының
Семей қаласында бас қосуының куәгері. «Суретте бірінші қатарда
отырғандар: (солдан оңға қарай) Әдіктің Жаңабайы (қазіргі Ұлан
ауданы), Тұрағұл Абайұлы (Ибраһимұлы) Құнанбаев, Көкбай ақын,
Жәкежанның Мұқаны (қазіргі Ұлан ауданы), Ахмет Байтұрсынов;
екінші қатарда тұрғандар: Сейтрахым Кәдірбаев, Елдес Омарханов
(Қостанай), атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасов, ақын
Міржақып Дулатов, Жұбандық Болғанбаев (қазіргі Самар
ауданынан)» [2, 19 б.], – деп бірімізге жақсы таныс, бірімізге жаңа
есім болып табылатын зиялыларды көрсетеді. Дәл осы бір мақалада
ол кезде біз әлі де біле қоймаған қазақ зиялылары жөнінде тың
ақпарат берілген. Кезінде көнекөз қариялардың айтуы бойынша
қалған деректерге сүйене отырып, Тұрғазы Нұқаев қазіргі Ұлан
ауданының елді басқарған болыстары Әдіктің Жаңабайы мен
Жәкежанның Мұқаны және де Жұбандық Болғанбаев жөнінде
мәлімет береді. Қаламгер осы бір жайға акцент қоюды жөн көреді.
Ол Жәкежанның Мұқаны мен Міржақып ақын екеуінің айырылмас
жолдас болғандығы. Бұл жағдайдың өзі талай тарихи оқиғалардың
ашылуына себепкер болды. Жалпылай келгенде, Тұрғазы Нұқаев
осы бір мақаласы арқылы өскелең ұрпаққа үлгі бола алатындай
тұлғаларды, елеңбей қалған есімдерді таныстыруды мақсат еткен.
Осы бір суреттің арқауында қазақ тарихы жаңа бір оқиғаларға
толықтырылды, жазушының да жеткізгісі келгені тарих шежіресінен
сыр шертетін осы сияқты қымбатты суреттердің қаншасы сақтаулы
екендігі және де әлі жарияланбауы болатын.
Қаламгердің қолынан шыққан тағы бір шығармалардың бірі
– «Атадан жеткен асыл сөз» әңгімесі. Егерде жоғарыда талдап
өткен шығармаларымен салыстыра қарасақ, ортақ дүниені байқауға
болады. Себебі «Атадан жеткен асыл сөз» әңгімесінің жалпы
иядеясы – туған жер топырағының ізгілік қасиетін түсініп бас ию,
құрметтеу және де жас ұрпақты ел тарихымен таныстыру болып
табылады. Жоғарыда талданған шығармалармен салыстыратын
болсақ, «Алтайым – ардағым менің» әңгімесімен тығыз байланысты
болып келеді. Екі шығарма желісінде де өсіп-өнген туған өлкенің
табиғат ерешеліктері, тарихи оқиғалары, географиялық-танымдық
дүниелер қозғалады. Ал, «Ел зердесінде сақталған» мақаласымен
байланысына тоқталсақ, бұл еңбектің де жариялануына осы бір
«Атадан жеткен асыл сөз» әңгімесіндегідей, кезінде көнекөз
қариялардың айтуы бойынша қалған деректер арқау болған. Тұрғазы
Нұқаевтың осы бір еңбектерінің арқасында қазақ тарихының
тарауларына тың деректер қосылып, қазақ зиялыларының есімімен,
беймәлім тарихи оқиғалармен танысамыз.
Қаламгер туындылары туған жер табиғатына, құдіреттілігіне,
өзі айтып өткендей «Ел тарихы – жер тарихы, жер тарихы – ел
шежіресі» тақырыбында жазылғанын байқауға болады. Әрбір кеште
тыңдаған шежіре сырларын оқырмандарына көркемдеп жеткізе
білген. Тұрғазы Нұқаев осы туған жер, оның тарихы, шежіресін
өскелең ұрпаққа мұра қылып қалдыруды көздеп, осындай еңбектерін
артынан қалдырып кеткен.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 https://ru.calameo.com/read/002950357eb14a28c41be
2 Ұлы даланың ұлы. Өлкетану құралы. Құрастырушы:
Жұмағұлова Г. –Өскемен, 2012.
352
353
Достарыңызбен бөлісу: |