Альтино тенорлары, бұл дауыстардың жоғарғы дыбыстары жақсы және жетілген болады.
Лирикалық тенорлар, бұл дауыстардың жоғарғы дыбыстары жеңіл, ал орта дыбыстары өте жұмсақ алатын болады.
Драмалық тенорлар, бұл дауыстар жоғарғы дыбыстары өте күшті, орта дыбыстар мен төменгі дыбыстарды жақсы алатын болады.
Бас партиялары – хорда өте керекті және құнды партияларының бірі. Бас партияларының төменгі регистрінде дыбыстар контроктаваның ля, ля-бемоль, кейде соль ноталарына дейін, ал жоғарғы регистрінде дыбыстар бірінші октаваның ми, кейде фа ноталарына дейін жетеді. Бас партияларының көп пайдаланатын диапазоны үлкен октаваның ре, ми-бемоль ноталарынан, бірінші октаваның ми ноталары мөлшерінде жазылады. Бас партияларының көбінесе күнделікті қолданып жүрген диапазоны үлкен октаваның соль, ля нотасынан, бірінші октаваны до, ре ноталарына дейін жазылады.
Бас партияларына кіретіндер:
Баритондар, бұл дауыстың жоғары дыбыстары жетілген, күшті, ал төменгі дыбыстары шамалы болады. Дивизияға бөлінгенде бұл дауыстар бірінші бас апртиясын орындайтын болады.
Бастар, бұл дауыстың жоғарғы дыбыстары күшті, орта және төменгі дыбыстары өте жақсы шығады.
Октавистер, бұл дауыстардан төменгі жуан дыбыстары өте жақсы шатын болады.
3. Балалар хорының дискант, альт дауыстары. Дискант партиясы скрипа кілтінде, бірінші октаваның до нотасынан, екінші октаваның соль немесе ля ноталары көлемінде жазылады (кейбір дауыстар бұл көрсетілген көлемнен асып кетеді).
Ал, орташа көлемі бірінші октаваның фа нотасынан, екінші октаваның фа нотасына дейін болады. Енді, осы дискант тобының жалпы алатын дыбыс ретін келтірейік.
Альт партиясы скрипка кілтінде, кіші октаваның (соль) ля нотасынан, екінші октаваның фа ноталары көлемінде жазылады. Ал, орташа көлемі бірінші октаваның до нотасынан, екінші октаваның до нотасына дейін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |