Жақсы және сапалы хор дыбысы үш негізгі элемент арқылы жасалады. Бұл элементтерді хордың үнін жан-жақты зерттеу арқылы анықтауға болады



бет4/7
Дата15.11.2023
өлшемі70.86 Kb.
#483365
1   2   3   4   5   6   7
Хор және басқару

Хордың бағыттары, түрлері.



  1. Хордың бағыттары.

  2. Хордың түрлері.


  1. Хор айту – дыбыс жүргізу мәнеріне қарай академиялық және халықтық болып екі бағытқа бөлінеді.

Халықтық бағыттағы хор ұжымдары орындалатын шығарманы халықтық стильде, яғни төменгі, ортаңғы, жоғарғы дыбыс қатарларын тегістемей-ақ, әнді «табиғи» ашық дауыспен айтады. Мұндай хор ұжымдарындағы партия орындаушы ерлер және әйелдер саны белгілі бір межемен шектелмейді. Ал, орындалатын хор шығармаларындағы дауыс саны тұрақсыз, өзгеріп отырады. Өйткені, партия орындаушы әншілер қолма-қол суырып салып жаңа дауыстар қосып жіберуі мүмкін. Халық арасынан шыққан энтузиаст таланттардан тұратын осындай хор ұжымдары, орындайтын хор шығармаларына би қимылдарын қосып, толықтыратын кездері де кездеседі. Халықтық бағытты ұстанатын хор ұжымдары концерт кезінде шығармаларды дирижердің басқаруынсыз, баян немесе халық оркестрінің сүйемелдеуімен орындайды.
Академиялық хорлар бұрынғы музыкалық академиялардың хорлары ұстанған дәстүрлі дыбыс жүргізу мәнерін қолданады. Олардың қатарын акапеллалар, опералық хорлар, музыкалық оқу орындарың хорлары жатады.
Мұндай хор ұжымдары орындалатын шығарманы академиялық стильде, яғни төменгі, ортаңғы, жоғарғы дыбыс қатарларын тегістеп, ашық дауыстыларды ұлғайтып әрі жұмырландырып яғни,сауатты хор ұжымдарына тиесілі барлық ережелерге сай орындайды. Академиялық хор ұжымдарындағы партия орындаушы ерлер және әйелдер саны тең болуы тиіс. Өйткені, орындалатын хор шығармаларындағы дыбыстың шығу күші әрі тең, әрі анық болуы үшін, партиялар арасында теңдік сақтау - академиялық хор ұжымдарындағы басты принцип болып саналады. Концерт кезінде болсын, жәй жұмыс уақытында болсын мұндай академиялық хор ұжымдары музыкалық шығармаларды тек қана дирижердің басқаруымен орындайды. Академиялық хорлардың қатарына консерваториялар мен музыка училищесінің және мәдениет институттарының хор дирижері бөлімдерінің оқу хорлары да жатады. Сондай-ақ,педагогикалық институттар мен педагогикалық колледждердің музыка факультеттерінің студенттік хорларын да академиялық хор ұжымы деп есептеуге болады. Үйткені, бұл хор ұжымдары да музыкалық шығарма орындау барысында хормен айтудың барлық ережелеріне сүйенеді.
Академиялық хорлардың орындауына арналған музыкалық шығармалар:
- а капелла / аспаптық сүйемелдеуі жоқ / және
- аспаптық сүйемелдеуімен – болып екіге бөлінеді. Хорға арналған шығарманы а капелла орындау – хор орындау шеберлігінің ең жоғарғы сатысы болып саналады.

2.Хор ұжымдары алға қойған мақсаттарына, дыбыс жүргізу мәнерінің ерекшеліктеріне, орындаушылардың құрамына байланысты төмендегідей бірнеше топқа бөлінеді.


а) концерт хорлары (капеллалар);
ә)опералық хорлар;
б)ән – биансамбльдері;
в) музыкалық оқу орындарың хорлары;
г) халық хорлары;
д) мектеп хорлары;
ж) көркемөнер үйірмелерінің хорлары.

Концерт хорлары қатарына капеллалар жатады. Капелла деп бұрын шіркеуде әншілер тобы тұратын орынды айтқан. Ал, негізінде бұл – хор айтудың қыры мен сырын әбден меңгерген, ән айту теориясын жақсы білетін, әншілерінің бәрі де музыкалық сауатты професионал хор ұжымы.


Опера театрының хоры қойылатын спектакльге қатынасады. Ол көбінесе операдағы басты кейіпкер – халықтың рөлін орындайды. Сондықтан хордың опералардағы мәні ерекше зор. Опера театрларының дамуына үлес қосқан Верди, Бизе, Глинка, Мусоргский, Бородин, сол сияқты қазақ композиторларында Төлебаев, Брусиловский, Жұбанов, Хамиди, Рахмадиев, С. Мұхамеджанов сияқты өкілдері бар. Профессионал хор ұжымы болғандықтан концерт хорлары да, опера театрының хорлары да академиялық бағытта орындаушы хор ұжымдары болып есептеледі.
Академиялық хор ұжымдарына консерваториялар мен музыка училищесінің, педагогикалық институттарының музыка факультеттерінің және мәдениет институттарының хор дирижері бөлімдерінің студенттік хорлары да жатады. Мұндай құрамы оқу орындарының студенттерінен ғана тұратын хор ұжымдары оқу хорлары деп аталады. Болашақ хор мамандары мен музыка пәнінің оқытушылары үшін оқу хорларының атқаратын қызметі аса зор. Өйткені олар дүние жүзі композиторларының бұрын-соңды жазған тамаша хор шығармаларының үлгісімен осында танысып, оларды іс жүзінде хорға үйретудің жолдарын оқып үйренеді.
Ән-би ансамбльдері советтік дәуірде пайда болған орындаушылықтың жаңа түрі болып саналады. Оның құрамына әншілер, бишілер топтары және оркестр кіреді.
Біздің елімізде көркемөнерпаздар байқауының жақсы жолға қойылуының нәтижесінде көптеген көркемөнер хорлары даму үстінде. Мұндай көркемөнер хорларының арасында өзінің музыкалық шығарма орындау сапасы мен репертуарлық мүмкіншіліктері жағынан еліміздің профессионал хор ұжымдарынан кем түспейтіндері де кездеседі.
Көркемөнерпаздар хорының қатарына әртүрлі мектеп үйірмелерінде ұйымдасқан хор ұжымдары да жатады.Мектеп үйрмелерінің хорлары ішінен де орындау шеберлігі халықаралық деңгейге дейін көтерілген.
Хор құрамы жағынан ең көп тараған түрі негізінде үшеу.

  1. Біріңғай әйелдер немесе балалар дауыстарынан тұратын хор (немесе екеуі бірге).

  2. Біріңғай ерлер хоры.

  3. Аралас дауысты хоры.

Хордағы әр партияның белгілі бір диапазоны немесе дыбыс көлемі болады. Енді, бірыңғай балалар, әйелдер және ерлер хорының дауыстарымен және олардың жалпы дауыс диапазондарымен, күнделікті қолданып жүрген дауыс диапазондарымен жеке-жеке танысалық.


2. Әйелдер хорының сопрано, альт дауыстары. Сопрано партиясы скрипка кілтінде, (кіші октаваның ля) бірінші октаваның до нотасынан, үшінші октаваның до нотасы көлемінде жазылады.
Орташа көлемі бірінші октаваның фа, соль нотасынан, екінші октаваның фа, соль нотасына дейін болады.


Сопрано партияларына кіретіндер:
Колоратуралық сопрано, бұл дауыстардың жоғары регистрі (дыбыстары) өте жетілген болады, ал дыбыстарды үшінші октавасының до нотасынан да жоғары дыбыс ноталарын ала беретін болады. Колоратуралық сопранода төменгі дыбыстардың шығуы нашарлау болады. Бұл колоратуралық сопраноның дыбыс бояуы ерекше және өте жіңішке болатындықтан, колоратуралық сопраноның дауыстары жоғары сопрано партияларын атқаруға жарамайды, өйткені колоратуралық сопраноның дауыстары хордағы басқа сопрано партияларының дауыстарымен сәйкес үйлесіп кете алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет