Жақсы және сапалы хор дыбысы үш негізгі элемент арқылы жасалады. Бұл элементтерді хордың үнін жан-жақты зерттеу арқылы анықтауға болады



бет5/7
Дата15.11.2023
өлшемі70.86 Kb.
#483365
1   2   3   4   5   6   7
Хор және басқару

Лирико- колоратуралық сопрано, бұл дауыстардың жоғары регистрі (дыбыстары) өте жетілген болады, ал үн шығу сипаты колоратуралық сопраноға ұқсас; бұл лирико-колотатуралық сопрано хорға қосылып айтуға жарамды.
Лирикалық сопрано, бұл дауыстың жоғары дыбыстары және хорда орта дыбыстары өте жаұсы жетілген болады, хор партияларына өте лайыұты, ал дивизияларға бөлгенде бұл лирикалық сопрано бірінші дауысты орындайтын болады.
Лирико- драмалық сопрано, бұл дауыстың жоғары дыбыстары өте күшті және жетілген, ал орта дыбыстары жақсы, төменгі дыбыстары недәуір күшті болады, дауыстары хорға өте қажет.
Драмалық сопрано, бұл дауыстың жоғары дыбыстары өте күшті, орта дыбыстары жақсы, төменгі дыбыстары да күшті болып келеді, дауыстары хорға жарамды.
Альт партиялары скрипка кілтінде, кіші октаваның фа, соль ноталарынан, екінші октаваның соль ноталары көлемінде жазылады. Ал, күнделікті қолданылатын орташа көлемі бірінші октаваның до нотасынан, екінші октаваның до нотасына дейін болады.
Альт партиясына кіретіндер:
Меццо-сопрано, бұл дауыстың жоғары дыбыстары жетілген, орта дыбыстары жақсы, төменгі дыбыстары жеңіл алынатын болады. Дауыстар дивизияға бөлінгенде бұл меццо-сопрано бірінші альт партяларын орындауға лайықты.
Альттер, бұл дауыстардың орта және төменгі дыбыстары жақсы жетілген болады.
Контральто, бұл дауыстардың төменгі дыбыстары өте күшті, ал жоғарғы дыбыстары біркелкі ауыр алынады. Дивизияға бөлінгенде бұл контральто дауыстары екінші альт партияларын орындауға лайықты.

  1. Ерлер хорының тенор, баритон, бас және октавистер дауыстары.

Тенор партиялары үлкен октаваның (ля) си-бемоль ноталарынан, бірінші октаваның си немесе екінші октаваның до ноталарына дейін жазылады.


Тенор партиялары хор партитурасында жеке жазылғанда оны скрипка кілтінде жазады (өзінің дауысыны негізгі шығуынан октава жоғары жазылады). Бірақ, кейде бас кілтінде де жазылады. Кейде аралас хордың партитурасы екі қатарынан құрылған бес нота сызықтарына жазылады, бұл кезде тенор партиялары өзінің айтатын регистрінде бас кілтінде және бас




партияларының жазылатын нота сызықтарында жазылады. Орташа диапазоны кіші октаваның фа нотасынан, бірінші октаваның фа (соль) ноталарына дейін болады.


Тенор партияларына кіретіндер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет