«Жасыл экономиканың негізгі үш аксиомасы бар, атап айтатын болсақ:
шектеулі кеңістікте ықпал ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес;
шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп отырған қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкін емес;
жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты.
Жасыл экономиканың артықшылықтары мыналар деп атай аламыз:
бүкіл әлемде күн батареяларын қолдану мүмкіндіктері;
газбек жұмыс жасайтын жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы көліктерді енгізу;
қайта өңдейтін зауыттар салуды арттыру;
климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальтбетондық технологияларды қолдану;
қоршаған ортаға зиянсыз эко жеңіл көліктерді пайдалану мүмкіндігі;
кәріз қалдықтарын қайта пайдалану қажеттілігі және т.б.
Жасыл экономиканың қағидалары:
әділеттілік қағидасы (теңдік);
адамгершілікті құрметтеу қағидасаы (барлығы үшін өркендеу);
сақтық қағидасы (ғаламшарға шекті жүктемені есепке алу);
қатысу қағидасы (шешімдерді қабылдауда кеңінен қатысу);
басқару қағидасы (есепке бағыныштылық);
тұрақтылық қағидасы (экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу)
тиімділік қағидасы (тұрақты өндіріс пен тұтыну)»[1].
Жасыл экономика — бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталады.
«Жасыл экономиканың сегменттері ретінде бола алады:
энергияларды тудыру, іздестіру (мысалы күн, жел, гидро немесе теңіз, биоотын және т.б.);
энергияны сақтау (отындық элементтер, батареяларды жақсарту);
Достарыңызбен бөлісу: |