энергетикалық инфрақұрылым (басқару және өткізу);
энергетикалық тиімділік (ғимаратты жарықтандыру, шыны және т.б.);
тасымалдау (көлік құралдары, логистика, құрылым, отын);
су және ағынды сулар (суды тазарту, ағынды суды тазарту, суды қорғау);
ауа және қоршаған орта (тазарту, қауіпсіздік, ауаға шығарылуды бақылау, мониторинг);
материалдар (нано, химия, био және т.б.);
өндіріс/өнеркәсіп (жетілдірілген орау және қаптау, ақылды өндіріс);
ауыл шаруашылығы (табиғи пестицидтер мен тыңайтқыштар, аква дақылдар, жер ресурстарын басқару);
рециклинг & жолдары (қалдықтарды басқару). Рециклинг – бұл өнеркәсіптік өндіріске өнеркәсіп, құрылыс және тұрмыстық қалдықтардағы көптеген материалдарды қайтадан қайтара қолдану» [2].
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша Жасыл экономикаға ауысу бойынша тұжырымдамалар, түрлі іс-шаралар жасалуда.Осы құрылған жоспарлар бойынша келешекте Қазақстанның болашағы жарқын болуына өз септігін тигізеді.
«Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:
ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;
қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;
қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;
ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады
Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:
бірінші кезең — 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру;
екінші кезең — 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;
Достарыңызбен бөлісу: |