«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі


Халықаралық сауда теориясы және сауда саясаты



бет23/33
Дата23.09.2022
өлшемі132.62 Kb.
#461209
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
жасыл экономика

2.2. Халықаралық сауда теориясы және сауда саясаты.
Халықаралық сауда бүгінгі елдердің өндірісін дамыта отырып, өзінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, осылайша тауарлар мен қызмет түрін ұлғайтатын, халықтың әл-ауқатын арттыратын құралға айналып бара жатыр.
«ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік сауданың орташа жылдық өсу қарқыны әлемдік жалпы ішкі өнімд өсу қарқынынан 1,5 есеге асып кетті. Бұл көптеген елдердің өмірінде әлемдік рыноктың рөлінің артқанын, олардың арасындағы байланыстың артқанын, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдегенін көрсетеді. Осылайша әлемдік экономикаға тартылған елдерге қатал халықаралық бәсекелесті жағдайында өзінің рыноктық үлесін алуға тура келеді. Сол себепті де сыртқы сауда бір жағынан экономикалық өсудің қуатты факторы болып табылса, ал екінші жағынан елдердің халықаралық сауда айырбасына тәуелділігін арттырады. Сыртқы сауданың пайдасы, ол іскерлік белсенділікті жандандыру арқылы әр түрлі елдердің экономикалық дамуын теңестіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты сыртқы саудададағы кез-келген шектеулер елдің экономикасының дамуына теріс әсер етеді. «Сыртқы сауданың» түсінігіне келсек, ол бір елдің тауарлары мен қызмет түрінің басқа бір елдің еркін айырбасталатын валютасына немесе жалпыға бірдей басқа құндылықтарға айырбасталуы. Бұл жерде тауарлар мен қызмет түрінің экспорты мен импорты бөлініп шығады. Сыртқы сауда саясаты өз кезегінде экспорттық-импорттық операцияларды реттеуге және мемлекетпен жасалған даму стратегиясының шегінде олардың экономикалық тиімділігін арттыру мақсатына бағытталған мемлекеттік әсер ету шараларының жиынтығы ретінде көрініс табады. Сыртқы сауда қазіргі экономикалық ғылымның даулы және ежелгілерінің біріне жатады. Саяси экономияның Адам Смит, Давид Рикардо және Джон Стюарт Мил сияқты классиктерінің тұжырымдары мен идеялары әлі күнге шейін өзекті болып табылады. Сонымен қатар ХХІ ғасырдың қарсаңындағы әлемдік экономик адағы қазіргі таңдағы тенденциялар, еркін тауар айналымы мен протекционизм саясаты кезіндегі сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу механизмі жайындағы экономист ғалымдар арасындағы ескі теориялық дауларға жаңа серпін берді. Сыртқы саудадағы болған соңғы уақыттағы өзгерістерді зерделеуге деген ұмтылыстар негізі ретінде салыстырмалы артықшылықтар мен қатар, ұлғайып жатқан кіріс пен рыноктың құрылымы болып табылатын жаңа теориялардың пайда болуына әкелді. Бүгінде халықаралық сауда теориялары сыртқы сауданы дамытудан түскен пайданың негізіне және сыртқы сауда ағымдарының бағыты немен анықталады деген мәселелерге түсінік береді. [5]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет