«Әлемдік экономикалық ғылымда сыртқы сауданың жаратылысын түсіндіретін екі негізгі бағыт бар:
— Дәстүрлі бағыт. Бұл елдің салыстырмалы артықшылығын (абсолюттік және салыстырмалы артықшылықтар теориясы) Хекшер – Олин тұжырымдамасымен толықтырылған (факторлық пропорциялар теориясы) жүзеге асыруға байланысты.
— Жаңа бағыт – ішкі салалық сауданың пайда болуын түсіндіреді.
Дәстүрлі бағыт дамушы елдер мен экономикасы өтпелі кезеңдегі елдер үшін тән. Ол өндірісті табиғи фактормен қамтамасыз етудің әр түрлі деңгейіне негізделген. Осындай негізінен дамыған елдер арасындағы немесе дамушы мен дамыған елдер арасындағы әлемдік тауар айналымының ¼-ін құрайтын салааралық сауда пайда болады.
Жаңа бағыт (бір саланың әр түрлі тауарларымен сауда) масштабының әсері мен өнеркәсібтің мамандануын жүзеге асырумен байланысты. Сауданың осы түріне негізінен дамыған елдер арасындағы әлемдік сауданың 70% тиеді. Сыртқы сауда мен халықаралық мамандану туралы мәселелерге жауапты экономикалық ғылым бұрыннан іздей бастады және оларды экономикалық теорияның негізгі мәселелеріне жатқызған.
Адам Смит халықаралық еңбек бөлінісі жөніндегі мәселелерді талдап, қандай тауарларды экспорттау, импорттау керек екендігі жайлы өз ойын былайша тұжырымдады: «Егер бөтен бір мемлекет өзіміз шығара алатынымызға қарағанда, арзан тауармен бізді қамтамасыз етуге қабілетті болса, онда сол тауарды өзіміз шығармай-ақ шетелден сатып алу әлдеқайда тиімді». Адам Смиттің «халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты басты еңбегінде (1776 жылы) басты идея-ұлттар мен халықтар байлығының негізі, еңбек бөлінісі екендігіне саяды. Автор келесі қорытынды шығарды: Халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысып жатқан елдер пайда табады. Адам Смит халықаралық еңбек бөлінісі елдің абсолюттік артықшылықтарын ескеру мен іске асырылу керек деп сендірді. Әр мемлекет өзінің абсолютті артықшылығы бар тауар өндірісіне мамандануы керек. Мемлекеттің өзінің абсолютті артықшылығы жоқ тауарларды өндіруден бас тартуы және басқа тауарлардың өндірісіне ресурстарын жұмылдыруы, өндіріс көлемінің ұлғаюына және елдер арасындағы тауар айырбасының кеңеюіне әкеледі. Адам Смиттің қорытындысы меркантилистердің ойына қайшы болды. Экспорттың импорттан үлкен болуы салдарынан елге ағылатын алтын мен күміс емес, елдің өз иелігіндегі табиғи және абсолютті артықшылықтарын пайдалану арқылы халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысушылық қана мемлекеттің тұрмыс жағдайының өсуіне себепкер бола алады. [6]
Тәжірибеде елдердің кез келгені өздерінің әріптестері алдында абсолюттік артықшылықтарға ие бола бермейді. Табиғи ресурстардың жетіспеушілігінен немесе ұлттық жұмыс күшінің төменгі өнімділігінен кейбір елдер маңызды тауарларды басқа елдерге қарағанда жоғары шығынмен өндіреді, бұл осындай тауарлармен сыртқы сауданың тиімсіз екендігін көрсетеді. Сондықтан да Давид Рикардоның шығын мен бағадағы салыстырмалы артықшылықтар тұжырымдамасы халықаралық сауданың классикалық теориясының негізін қалады. Осы тұжырымдамаға сәйкес кез-келген ел қай тауарды басқа елдерге қарағанда төмен шығынмен өндірсе, онда сол тауарды экспорттауға маманданады. Бірақ та сауданың салыстырмалы артықшылықтары классикалық теориясы негізінде бір ғана өзгеріп отыратын факторы (жұмыс күшінің бағасы) немесе толық ма мандану қағидасы бар статистикалық модель. Осы модельді шведтің екі экономисі Э. Хекшер мен Б. Олин жетілдірген. Олар халықаралық мамандануға өндіріс факторларымен (негізінен жер, еңбек, капитал) қамтамасыз етудік айырмашылығының әсер етуін ескерген. Хекшер-Олиннің өндіріс факторларымен қамтамасыз етілудің неоклассикалық теориясы сонымен қатар экономикалық өсімнің сауда параметріне, ұлттық экономиканың құрылымы мен әр түрлі өндіріс факторлары бойынша төлемдер мен түсімдердің дифференциясына әсрін талдап анықтауға мүмкіндік береді. Факторлық қамтамыз ету теориясы капиталға бай ел технологиясы капиталды интенсивті пайдаланумен байланысты тауарларды өндіруге маманданады деп пайымдайды. Олар капиталды қажет ететін өнімді экспорттап, жер мен еңбекті интенсивті пайдалануды қажет ететін өнімге айырбастайды. Бұл теория дамушы елдерді жер мен еңбек ресурстарын интенсивті пайдалануды қажет ететін алғашқы өнімді экспорттауға күштерін жұмылдыруға итермелейді.
«Еркін сауданың неоклассикалық моделінен шығатын негізгі қорытынды халықаралық сауда барлық елдерге пайда әкеледі, соның салдарынан тауарлар мен қызметтердің жалпы әлемдік өндірісі өсіп келе жатыр.Сонымен бірге бірқатар теориялық қорытындыны бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, өндіріс факторында әртүрлі сұранысқа ие тауарлардың арасында бөлінуге ықпал ететін өндірістің балама шығындарының өсуіне байланысты, салыстырмалы артықшылықтардың қарапайым моделінде шамаланғанындай толық маманданудың болуы әбден мүмкін. Елдер қай тауарды өндіруде өзінде бар мол ресурстарды интенсивті пайдаланатын болса, онда сол тауарларға маманданады. Олар өздерінде жетіспейтін ресурстардың орнын дайын өнімді импорттау арқылы толтырады. Ішкі шығындардың өсуі мен бағаның әлемдік деңгейден жоғары болуы толық мамандануды жүзеге асыруға кедергі жасайды.
Екіншіден, өндірудің біртекті технологиясындағы тауарға деген ішкі бағаның арақатынасы мен халықаралық саудадағы бағаның арақатынасын саудаласушы елдердегі факторлық бағамен теңестіреді.
Үшіншіден, мемлекет ішіндегі процестерге факторлық қамтамасыз ету теориясын қолдансақ, мол ресурстарды интенсивті пайдаланғандықтан мол ресурстарды иеленушілер үшін экономикалық қайтарымы ресурстары жетіспеушілерге қарағанда көбейеді.
Төртіншіден, елдердің капитал мен тұтыну тауарларын алу үшін, өндірістік мүмкіндіктерінен тыс сыртқа шығуына мүмкіндік бере отырып, сыртқы сауда экономикалық өсімді ынталандырады.»[7] Сыртқы сауда әрбір елге тауар, білім, идея, жаңа технологияларды алуына мүмкіндік бере отырып, өнеркәсіптің дамуына жағдай жасайды.
«Соңғы жылдары елдердің біркелкі емес дамуы мен өндіріс факторларын жинақтау процестеріне көңіл бөлетін статистикалық неоклассикалық моделден ерекшелінетін сауда мен өсудің жаңа динамикалық теориялары қалыптаса бастады. Мысал ретінде бай және кедей елдер үшін арналған «Солтүстік-Оңтүстік» деген сауда моделін келтіруге болады. Басында Солтүстіктің индустриялды елдерінің капиталмен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілуі өнеркәсіпті, өндірісті тиімді етеді. Нәтижесінде тез өсіп келе жатқан «Солтүстік» ақырын өсіп келе жатқан «Оңтүстік» алдында өзінің бәсекелестік артықшылықтарын арттырады.Қай ел болмасын өзінің капиталы мен технологиясының жоғарғы біліктілігінің жемісін шетелдіктерге жегізіп қоймайды, осылайша біліктілігі төмен жұмыс күшінің орындаған операцияларына маманданғысы келмейді. «Азия барыстары» (Тайвань, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея) деп аталатын кейбір елдер мемлекеттің нақты іс-әрекеттері арқасында квалификацияланған еңбек пен капиталды қажет ететін өндіріске ойдағыдай көше білді.Американ экономисі М. Портер 1991 жылы: «Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» деген зерттеуді жариялады. Зерттеуде халықаралық сауда мәселелері мүлде жаңа қырынан талқыланды: «Халықаралық нарықта елдер емес, фирмалар бәсекеге түседі. Елдің бұл процессте алатын орнын анықтау үшін фирманың бәсекелестік артықшылыққа қалайша қол жеткізетінін және оны қалай сақтап қалатынын түсіну керек».
Портер өз үлестеріне экспорттың ½-і келетін 10 ірі өндірістік елде зерттеу жүргізген. Ол осы зерттеу нәтижесінде елдің әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілеті соларға бағынышты негізгі параметрлерінің өзара байланысын көрсететін «ұлттық халықаралық бәсекелестік қабілеті» деген теориясын тұжырымдады.[8 ]
Достарыңызбен бөлісу: |