«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі


«Портер қазіргі сыртқы сауданың дамуын анықтайтын 4 негізгі параметрді атап көрсетті



бет25/33
Дата23.09.2022
өлшемі132.62 Kb.
#461209
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
жасыл экономика

«Портер қазіргі сыртқы сауданың дамуын анықтайтын 4 негізгі параметрді атап көрсетті:
— Факторлық шарттар;
— Сұраныс шарттары;
— Жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар;
— Фирма стратегиясы және бәсекелестігі.
Портер бірінші параметрдің – саны жаңа шарттардың енгізілуі арқылы ұлғаятын факторлық шарттардың маңыздылығын мойындайды. Неоклассикалық теория негізін қалаушылар пікірлерінен өзгешелігі – ол аталған факторлар ел үшін мұра ретінде қалдырылмайды, өндірістің кеңеюі процесінде пайда болады деп санады. Мысалы, Жапониядағы жер жетіспеушілік факторы шағын технологиялық процестерді қалыптастыру үшін негізгі ынталандырушы күшке айналды. Бұл кейін әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болды. Ал швейцар фирмалары соғыстан кейінгі жылдары жұмыс күшінің жетіспеушілігі салдарынан еңбек өнімділігін көтеру бағытын таңдады.
Екінші параметр – сұраныс шарттары ішкі нарықтың қажеттіліктерін көрсетеді. Олар фирманың даму барысын айқындап, оның болашақтағы әлемдік нарықтың әлеуеттік дамуымен байланысын көрсетеді.[ 9]
«Портер Линдер теориясын дамыта отырып, компания қызметіне ықпал жасайтын ішкі нарықтың қажеттіліктерін аса маңызды фактор ретінде қарастырды. Мысалы, шағын бөлмелерде тұратын жапондықтар жапон өнеркәсібі шығара бастаған энергия қуатын сақтайтын арзан кондиционерлер тұтынуды қолайлы деп санайды. Кейіннен мұндай кондиционерлер экспортталуын жапондық компаниялар қамтамасыз етуі арқылы бүкіл әлемде кеңінен пайдаланылатын болды.
Үшінші параметр – жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар фирма қызметіне тікелей әсер ететін тиімді өндірістік ортаны сипаттайды. Әшекейлік бұйымдар өндіретін италиандық фирмалардың гүлденуінің себебі: Италия асыл тастар мен металлдарды өңдеу өндірісі бойынша әлемдік жетекші орынға ие болып отыр.
Төртінші фактор – фирма стратегиясы және бәсекелестік фирмалық стратегияға және ұйымдастырушылық құрылымына байланысты. Бұл жерде басқарудың жалпы және универсалдық жүйелерін ерекшелеп бөлуге болмайды. Мысалы жиһаз өндірісі, жарық беру құрылғылары, буып-түю машиналары өндірісінде жетекшілік орындағы италияндық фирмалар өзгерістерге тез бейімделгіштігімен, серпінділігімен, басқару нысандарының икемділігімен ерекшеленеді. Ал оптика, дәлме-дәл машина құрылысы өндірісіне бейімделетін неміс фирмалары үшін орталық басқарудың қатаң жүйесі үйреншікті жайт болып табылады.Ішкі нарықта бәсекелердің бар болуы өте маңызды. Портер өндірістің мемлекеттік көмекпен қорғалған бір ұлттық фирмаға жинақталуының барынша пайдалы екенділігін жоққа шығарады. Осындай мемлекеттік фирмалардың көпшілігі тиімділік деңгейінің төмендегімен, табиғи шикізаттарды асыралты пайдалануымен, өнімділігінің мардымсыздығымен ерекшеленеді. [10]
«Ішкі нарықтағы күшті бәсеке фирманы сыртқы нарықтар іздестіре отырып, шетелге шығуға ынталандырады. Ішкі бәсеке ұлттық фирмаларға өзінің тәтсіздіктері үшін шетелдіктерді кінәлауға, сөйтіп мемлекеттен көмек сұрауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы бәсекелестік тауардың жеткілікті дәрежедегі бәсекелестік қабілеттілігі жағдайында оның сыртқа шығарылу жолдарын белсенді түрде іздестіруге ықпалын тигізеді.
Осы М. Портердің теориясы 90-шы жылы Австралияда, Жаңа Зеландияда және Америка Құрама Штаттарында сыртқы сауда тауарларының бәсеке қабілеттілігін арттыруға байланысты мемлекеттік деңгейдегі ұсыныстарды дайындауда негіз ретінде қызмет атқарды. Қазіргі таңда халықаралық сауданың қатысушыларының, оның ішінде экономикасы өтпелі кезеңдегі елдердің алдында ұлттық мүдде үшін не жақсы екенін анықтауды қажет ететін күрделі мәселе тұр:
Еркін сауданы ұстанушылардың айтуынша экспортты көбірек қолдап, сыртқа бағытталу;
Протекционизмді жақтаушылардың ұсынысына сәйкес ішке бағытталу және импортты отандық өніммен алмастыру;
Сыртқы саудадағы импорт алмастыру мен экспортқа бағытталу стратегияларын рационалды түрде араластыру (біріктіру).
Осы амалдардың шегінде көптеген жылдар бойы екі үлкен лагерь; тауарлар мен қызметтерді экспорттауды арттыруға мүдделілер фритерлер мен импорт алмастыру стратегиясын жақтаушылардың, протекционистердің арасында қызу пікір-талас жүріп келеді.
Импорт алмастыруды жақтаушылар дамушы елдерге алдымен жай тұтыну тауарларының импортын алмастыратын өздерінің өнеркәсібін ұйымдастыру керек, сосын отандық өндірісті дамыта отырып, жоғарғы тарифтер мен импорттық шектеулерді енгізіп бұдан күрделі өндірісті алмастыру қажет деп санайды. Ұзақ мерзімді келешекте протекционистер жергілікті өндірісті әртараптандыруды, бірқалыпты дамуды қамтамасыз етуді, содан кейін осылардың нәтижесі арқылы, жұмыс күшінің төмендігі және өндірістік тәжірибені меңгергеннен кейін ғана өндірістік тауарлардың ішкі бағасы бәсекеге қабілетті болып оны экспорттауға болады.
Экспортты көтеруді жақтайтындар өндіруші өндірісті дамыту мен тиімділігін қамтамасыз етуде сыртқы сауданың пайдалы екендігін, тар ұлттық рыноктан, сыйымды сыртқы рынокқа бағытталудың маңызды екендігін атап көрсетеді. Олардың ойынша экспорттық бағытталу стратегиясы мынандай негізгі идеяларға сүйенеді:
— Бірінші кезекте өндіріс өнімдерінің экспортын ынталандыру еліміздің экономикасының индустриалдануына себін тигізеді;
Шикізат пен құрал-жабдықтардың импортын ырықтандыру өндіріс шығындарының төмендеуіне әкеледі;
— Ұлттық экономиканы жалпы ырықтандыру ішкі рыноктағы бәсекені ынталандырады және әлемдік рынокта бәсекеқабілеттілігінің өсуіне әкеледі. [11]
«Неоклассикалық бағыттың көптеген зерттеушілері (А. Крюгер, Д. Лалл және тағы басқалар) сыртқы сауданы дамытуда экспортқа бағытталу моделінің тиімді екенін атап көрсетеді. Осындай моделдің концептуалдық мәні болып Жапонияның сәтті тәжірибесі одан әрі «бірінші эталондағы» жаңа индустриалды елдердің (Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур) тәжірибесі және «екінші эталондағы» Индонезия, Малазия, Тайланд және Филиппин елдерінің тәжірибесі табылады. Кейінгі уақытта осы елдердің қатарына Қытайды да қоса бастады.
Көптеген дамушы елдер ішкі және сыртқы рыноктағы ахуалдарға байланысты қос стратегияны да қолданады. ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары Азия, Африка және Латын Америкасы елдері импорт алмастыруға сүйенген индустриалдандыру стратегиясын жүзеге асырған, ал 60-шы жылы ортасынан бастап экспортты көтермелеу стратегиясын ұстанған елдердің саны арта бастады. Осындай елдерге «шығыс-азия барыстары» деген атқа ие болған Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур, Гонконг, Тайланд, Бразилия, Чили, Түркияны жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет