Ұлттық экономиканы дамыту үшін базистік негізгі өнімдерді өндірудің көрсеткіштеріне талдау төмендегіше жасалады.
А. Өндірістің барлық түрлерін дамытудың негізіне жататын халықтың жан басына шаққандағы электр энергиясын өндіру. Одан басқа, халықтың жан басына өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің ең маңызды түрлерінің ішінен болат пен шойын балқыту, автомобиль шығару, минералды тыңайтқыштар , химияя талшықтары, қағаз бен тауарлардың басқа түрлерінің мәліметі бөліп көрсетіледі.
Б. Халықтың жан басына шаққандағы өзі өндіретін тамақ өнімдерімен халықтың қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі туралыпікір білдіруге мүмкіндік беретін, елдегі тамақ өнімдерінің негізгі түрлерін. Астық, сүт, ет, қант, және т.б өндіру.
В. Азық-түлік емес тауарларды өндіру
Г. Ұзақ пайдаланатын тауарларды. Тоңазытқыш, телевизор, компьютер,, және т.б шығару немесе олардың қолда болуының көрсеткіштері.
Әлемдік шаруашылық бір- бірімен тауарлы-ақша қатынастарымен байланысқан, егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығы. Осы шаруашылыққа дамыған және дамушы елдер енеді. Бұл процесс 17 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында дейін жалғасып үш жүз жылдан астам уақытқа созылды.»[3]
«16 ғасырдың соңында пайда болған ұлттық мемлекеттер арасындағы тауар айырбасы 20 ғасырдың басында жалпы дүниежүзілік сипатқа ие болды. Нәтижесінде олардың арасында тұрақты экономикалық байланыстарды қалыптастырды. Бұған даму деңгейі әр дәрежедегі бір қатар дамушы елдер де жатады.
Статистиканың куаландыруына қарағанда «үлкен жетілік» елдердің көп экономикалық мүмкіншілігі барлығын байқатады.. Ондағы тұрғындар жалпы алғанда 650 млн. адам болып, әлем халқының 12 % -нан астам құрайды.
Осы «жетілік» үлесіне дүниежүзілік жалпы ұлттық өнім мен өнеркәсіп өндірісінің 50%- дан артығы, ауыл шаруашылығы өнімінің 25 %- дан астамы келеді.
Дүниежүзінде тұратын халықтың орташа тұрғынымен салыстырғанда, «жетілікке» енетін елдердің бір тұрғынына 4-4,5 еседен артық азық- түлік келеді. Бұл «жетілікке» енетін елдердің өндірістік қатынастары өте жақын болып, «жаңа индустриалды елдер» тобын құрайтындар жатады. Оларға: Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея, Гонконг жатады.
Бүгінгі әлемдік шаруашылық біркелкі емес. Оған әлеуметтік және саяси құрылымдары, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары әр қилы дамыған, сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынаста сипаты, көлемі әр түрлі елдер жатады. Оларды өнеркәсібі дамыған, жаңа индустриялды елдер деп шартты түрде бөлуге болады. Бұлардың қатарына АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдер, ал жаңа дамыған индустриялық елдерге Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея, Тайвань, т.б. жатады.
Әлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігіне айналу жолында Қазақстан Республикасы біршама табысқа жетті. Ол қазіргі кезде 60-тан астам әр түрлі халықаралық ұйымдарға мүше. Солардың арасында Дүние жүзілік кеден ұйымы, Еуропалық энергетикалық хартия, Дүние жүзілік сауда ұйымы, әр түрлі банктер, БҰҰ-ның комиссиялары бар. Әлемдік шаруашылықтағы орны мұнай-газ өнеркәсібінің, түсті және қара металлургияның, астық шаруашылығының, көлік инфрақұрылымының өркендеп дамуына тығыз байланысты.»
Достарыңызбен бөлісу: |