Ұлттық мемлекеттер мен мемлекет аралық бірлестіктер шеңберінде ашық экономиканың пайда болуы».[1] Бүкіл әлемдік шаруашылықтың құрылымы. «Қазіргі заманғы әлемдік экономиканың бірнеше кезеңге бөліп көрсетуге болады. 20 ғасырдың 20- 30 жылдарындағы кезеңі әлемдік шаруашылық дамуындағы дағдарыстық құбылыстармен сипатталды. Дүниежүзілік соғыс пен капитализмнің баламасы болып саналатын Ресейдегі төңкеріс оның басталғанын көрсетті.Экономикалық дағдарыс индустриалды- дамыған елдердегі өндірістің күрт төмендеуімен қабаттаса келіп 1927- 1932 жылдарда АҚШ- тың жалпы өнімі 28 , өнеркәсіп өндірісі 44,1 ал Францияда тиісінше 11 және 25,6-ға, Германияда 15,8және 40,8-ға қысқарды. Ауыл шаруашылығы өнымдері мен шикізаттық тауар өндірушілердің табыстары азайды, әлемдік экспорттың қарқыны төмендеді.
20 ғасырдың 40- 80 жылдарындағы кезеңі кәсіпкерлік капиталдың қарқынды өсуімен сипатталады. Интернационалдық өндірістік кешендерді құрушы , өнімдерді шығарушы, оны өткізуші, есептерді жүргізетін және несиелер беретін трансұлттық корпороциялар басты күшке айналды. 50-80 жылдары АҚШ пен басқа өнеркәсібі дамыған елдердің деңгейінің жақындасуы болды. Сыртқы экономикалық байланыстар кеңейіп және тереңдей түсті.
20 ғасырдың соңғы он жылдық кезеңі географиялық кеңістіктерді игерудің жоғары дәрежесімен, өндіруші халықаралық күштердің қалыптасуымен, экономикалық өзара іс- қимыл жасаудағы өзар тәуелділіктің күшеюімен сипатталады.
Қазіргі заманғы әлемдік шаруашылық біркелкі емес,. Оған, әлеуметтік құрылымы, саяси құрылысы, өнімділік деңгейі, сондай- ақ халықаралық экономикалық қатынастар ауқымымен ерекшеленетін мемлекеттер кіреді. Тұтастай алғанда, әлемде экономикалық даму деңгейі бойынша әртүрлі 200-ге жуық ел бар. Экономикалық дамуы мен олардың тәжірибесін терең зерттеп- үйрету үшін сол елдердің жіктелуін білудің айрықша маңызы зор. Халықаралық экономика шеңберінде тек мемлекет болып саналатын аумақты бірліктер ел болып саналады. Мысалы, Ұлыбритания, Франция,Нидерландия. Бірінші дүниежүзілік соғыс, одан кейін социалистік төңкеріс бүкіләлемдік шаруашылықтың құрылымын өзгертті.Тұтастай алғанда шаруашылық жүргізудің социалистік жүйесі екінші дүниежүзілік соғыстан соң 40 жылдардың аяғында қалыптасты. Осы кезеңдегі шаруашылықтың құрылымын.