Паразитология
2Дәрігерге жүкті әйел өзінің дене қызуының жиі көтерілуіне, бас ауруына, ұйқының бұзылуынаашуланшақ болып кеткендігіне шағымданды. Дәрігер тексеру барысында лимфа түйіндерімен бауырдың ұлғайғанын байқайды.
Анамнезінен: жүкті әйелдің үйінде мысық болғандығы, сонымен қатар алғашқы жүктіліктің құрсақтағы балада дамудың көптік ақауларына байланысты, өздігінен түсік болғаны белгілі болды.
Сұрақтар:
1. Кандай паразиттік ауруға күмәндануға болады?
2Паразиттің даму циклын сипаттаңыз.
Токсоплазма (Toxcoplasma gondii) - токсоплазмоз ауруының қоздырғышы.
Паразит жасуша iшiнде эндозоид стадиясында кездеседi. Эндозоид жарты ай пiшiндес немесе апельсиннiң бөлiгiне ұқсас келедi. Көлемi 4-7 х2-4 мкм. Бiр ұшы үшкiр, ал екiншi ұшы- доғалдау. Сүтқоректiлердiң (аралық иесi) жасушаларында эндозоид жыныссыз жолмен көбейiп, псевдоциста түзедi (2сурет). Жасушаның мебранасы жарылғанда токсоплазма жаңа жасушаларға енедi. Токсоплазма жынысты жолмен негiзгi иесiнiң (мысықтардың) жасушаларында көбейедi. Мысықтың iшек эпителийiнiң жасушаларында эндозоидтың бiреулерi макрогаметаға, ал екiншiлерi микрогаметаға айналады, копуляция нәтижесiнде зигота түзiледi. Зигота ооциста деп аталады. Мысықтың нәжiсiмен бiрге ооциста сыртқа шығарылады
Жасушалық биология
1. Электронограммада панкреоцит цитоплазмасында бетінде көптеген түйіршікті құрылымдары бар, түтікшелі лобиринт тәрізді қуыс мембраналық түзілімдер көрінеді.
Сұрақтар:
1. Осы органоидты анықтап, құрылысын сипаттаңыз
2. Оның функциясын түсіндіріңіз
Эндоплазмалық ретикулум ,жасуша цитоплазмасының үлкен көлемін алып жатқан, торланып, тармақталған микроарнашықтар мен микроқуыстардан тұрады
Ол екі функционалдықұрылымға бөлінеді: тегісжәне кедір бұдырлыэндоплазмалық ретикулум. Бұдырлы эндоплазмалық ретикулуммен көптеген рибосомалар байланысқан, тек трансляция үдерісі кезінде. Бұл мембраналы торда белок пен майлардың синтезі жүзеге асырылады. Тегіс эдоплазмалық ретикулум – липидтердің биосинтезі, кальций жинақталатын, сонымен бірге детоксикациялықР450 ферменттері қалыптасатын басты жасушалық органелла.
Паразитология
2. 11 жастағы бала іштің, кіндіктің айналасындағы жиі ауырсыну, лоқсу және құсу, шаршау, ұйқысыздық, бас ауруы мазалайды, мазасыздананып жиі жылайды. Дуоденалды сұйықтықты микроскоптық зерттеу барысында трофозоиттар табылды.
Сұрақтар:
1. Суретте қандай паразиттің трофозоиттері көрсетілген? Осы кластың басқа да өкілдерін атаңыз.
2. Осы паразиттің тіршілік циклін, аурудың алдын- алу шараларын сипаттаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |