Жасушалық биология
1. 6 айлық баланы дене салмағының төмендігі, тәбетінің болмауы, енжарлық шағымдары бойынша ауруханаға жіберілді. Генетикалық талдау кезінде балада бесінші хромосоманың қысқа иығының бірінші ауданының үшінші сегментінің делециясы бар екенін анықталды.
Сұрақтары:
1Баланың кариотипін жазыңыз.
2. Кариотипті жазу кезінде сіз хромосомалардың қандай номенклатурасын қолдандыңыз? Хромосомалардың осы номенклатурасын сипаттаңыз.
46, ХХ , 5q del(1.3) каритотипінің 5 ші хромасомасының қысқа иығының делециясы .Мысық айқайы сииндромы
Париждік номенклатура қолдандым. Адамның хромосомаларының прометафазалық және метафазалық идиограммалары осыған негізделіп жасалды. Күрделі дифференциалды бояу әдісі арқылы әр хромосоманың ерекше күңгірт және ақ жолақтары (сегменттері) бойынша хромосома жиынтығындағы әр хромосоманы ажыратуға болады. Хромосоманың қысқа иығы-р, ал ұзын иығы – q әрпімен белгіленеді. Дифференциалды боялған әр хромосомада 1-ден 4-ке дейін аудандар бар. Боялу дәрежесіне қарай(ашық және күңгірт жолақтар) ауданның ішінен сегменттерді ажыратуға болады. Сегменттер де аудандар сияқты центромерадан теломерға қарай ретімен орналасады
Паразитология
2. Ауыл тұрғыны дәрігерге ішінің ауырсынуына, ас қорыту жүйесінің бұзылуына шағымданып келді. Оны сондай- ақ жүрек айну, бас айналу, жиі бас ауруы алаңдатады. Дәрігер науқасты сұрау барысында бақшадан көкеністер мен жидектерді жумай жегіндігі анықтады. Науқастың нәжісінен сопақша пішінді, ірі (30 - 40 мкм х 50-60 мкм), кедір-бұдырлы гельминт жұмыртқалары анықталды.
Сұрақтар:
1. Паразиттің түрін және аурудың атын анықтаңыз.
Берілген паразиттің тіршілік циклін сипаттаңыз
Аscaris lumbricoides (аскарида)- аскаридоз ауруының қоздырғышы
Тіршілік циклы (2 сурет). Аскариданың ұрықтанған жұмыртқасы иесiнiң нәжiсi мен бiрге сыртқа шығады. Сыртқы оптималдық температурада (24-25оС) және ылғал жеткiлiктi болған 2- 3 аптада инвазиялық дәрежеге жетедi. Бұл уақытта жұмыртқаның iшiнде қозғалмалы личинка дамып жетiлдi. Аскарида жұмыртқасы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына және химиялық заттарға төзiмдi, бiрақ жоғарғы температура әсерiнен жылдам жойылады. Адам ағзасына аскариданың инвазиялық жұмыртқасы жуылмаған көк өнiстермен түседi. Iшекте жұмыртқадан шыққан личинка iшек қабырғасын тесiп қанға өтедi, қан арқылы бауырға одан оң жақ құлақша және қарынша арқылы өкпеге барады. Өкпедегi личинкалар 10-15 күннен кейiн қайта жұтқыншаққа көтерiлiп, сiлекеймен бiрге қайта жұтылады. Адам iшегiне екiншi қайтара түскен аскарида личинкалары ересек дараға айналып, iшекте бiр жылдай өмiр сүредi.
2. Митоздың барлық кезеңдерін сипаттаңыз және хромосомалардың жиынтығы мен ДНҚ мөлшерін көрсетіңіз.
. Постмитоздық кезең (пресинтездік) кезең G1: - жасуша құрылымдарының қайта түзілуі, жасушаның өсуі және ДНҚ репликациясына дайындық; - митохондрияларда АТФ синтезделеді және жасушаға жинақталады; - цитоплазмада ДНҚ-полимераза ферменті және барлық төрт азоттық негіздер (аденин, гуанин, тимин, цитозин),синтезделіп кариоплазмаға өтеді; - РНҚ барлық түрлері мен ақуыздар синтезделеді және ядроға жинақталады, көлемі ұлғаяды; - екі центриольдер репликацияланады (екі диплосомалар түзіледі); - жасушада хромосомалар жиынтығы (2п) және ДНҚ мөлшері - диплоидты (2с).
2. Синтездік кезең S: - ядрода комплементарлы ұстаным бойынша ДНҚ (өздігінен еселену) редупликациясы жүреді; - ДНҚ еселенуімен қатар цитоплазмда параллельді түрде рибосомаларда ерекше гистонды ақуыздар синтезделеді де ядроға өтіп ДНҚ-мен байланысады; Кезеңнің соңына қарай хроматид саны мен ондағы ДНҚ мөлшері тетраплоидты болады (2п, 4с).
3. Постсинтездік кезең G2: - жасуша бөлінуге даярланады; - жасушаның митоздық бөліну үдерісіне қажетті құрылымдар қалыптасып, арнайы ақуыздар синтезделеді. Жасушаның генетикалық материалы, хромосомалардың қосарланған жиынтығындағы әрбір (гомологты) хромосомалар жұбында 4 ДНҚ молекуласы – (2n4с) болады. Постсинтездік кезеңі G2 аяқталысымен жасуша митозға түседі
Достарыңызбен бөлісу: |