Жасушалық биология



бет2/17
Дата31.01.2024
өлшемі54.11 Kb.
#490280
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Сессия-1 (копия)

Жасушалық биология

1Ер адам 20 жаста.Жиі құрысуларға, бұлшықет әлсіздігіне және инсульт тәрізді белгілерге шағымданды. Молекулалық- генетикалық талдау нәтижесінде энергия алмасуының және жасушалық тыныс алудың бұзылуы анықталды.


Сұрақтар:


1Қандай органоид функциясының бұзылысы осы патологияға әкеледі? Осы органоидтың қызметін және құрылысын сипаттаңыз.


2Мембраналы емес органоидтарды атаңыз.


Митохондрия органоидының бұзылысы нәтижесінде осы патологияға алып келеді. Митохондрия- ішкі және сыртқы мембранадан(ішкі мембранасы крист тәрізді қатпарлардан тұрады), ішінде сұйықтығы-матрикс(яғни оның матриксінде кребс циклі жүреді). Қызметі- жасушаның тыныс алуына қатысады. Бұл органоид көбінесе терілерде яғни бұлшық еттерде,сосын ми да болады.

Мембранасыз органеллаларға рибосома, пластидтер мен микротүтікшелер жатады




Паразитология

2Анасы 5 жасар баласында дене қызуының көтерілуі, әлсіздік пен маужырау, іші ауыруымен қатар жағымсыз исті қанды ірің аралас нәжістің (дәретке тәулігіне 20 рет). болуы бойынша екінші тәуліктен кейін ғана педиатрға қаралған. Анамнезден белгілі болғаны баланың ата-анасы шошқа шаруашылығымен айналысатындығы белгілі болды.


Сұрақтар:


1. Қандай паразит туралы сөз болып тұр? Осы паразиттің морфологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.


2Жұғу жолдары мен диагностикалау әдістерін жазыңыз.


Диагноз-Ішек балантидийі
Балантидий ірі қарапайымдыларға жатады. Денесi жұмыртқа пiшiндес, алдыңғы жағы сәл қысыңқы, ұзындығы 30-200 мкм (орташа 75 мкм), енi - 30-65 мкм (50 мкм). Денесiнiң сыртындағы пелликула қабығы қысқа кiрпiкшелермен қапталған (5 сурет). Алдыңғы жағында ауыз тесiгi (цитостом) орналасқан, ол жiңiшке жұтқыншаққа (цитофаринкс) жалғасады. Артқы жағында аналь тесiгi (цитопиг) орналасады. Денесiнiң ортасында екi ядросы болады: макронуклеус және микронуклеус Цитоплазмада көптеген ас қорыту вакуольдерi және артқы бөлiгiнде жиырылғыш вакуоль орналасады. Балантидийдiң вегетативтiк формасы қолайсыз жағдайларда цистаға айналады. Цистаның кiрпiкшелерi болмайды, макро- және микронуклеустерi жақсы көрiнедi. Балантидий жыныссыз жолмен көлденең екіге бөліну арқылы, жынысты – конъюгация арқылы көбейеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет