Балалар нейропсихологы: - 5.Бала әріптерді жаттаудан қиналғанда баламен бірге әріпті пластилинмен құрастырып немесе түрлі бояумен үлкен етіп жазып көрсетіңіз, шығармашылықпен өзге де тәсілдерді қолданыңыз
Зерттеуші О.А.Токарева: - Оқу бұзылыстарын анализатордың (көру, есту, қозғалыс) бұзылыстарына байланысты жіктейді:
- - акустикалық;
- - оптикалық;
- -моторлық;
Зерттеуші М.Е. Хватцева: - Бұзылу механизміне байланысты былайша жіктейді:
- - фонематикалық;
- - оптикалық;
- - оптикалық-кеңістіктік;
- - семантикалық;
- - мнестикалық;
Зерттеуші Л.И.Лалаева: - Оқу кезіндегі операциялардың бұзылуын еске ала отыра, дислексияның келесі жіктеулерін ұсынады:
- - фонематикалық;
- - семантикалық;
- - аграмматикалық, мнестикалық, оптикалық, тактильді
Акустикалық: - Сөйлеу- есту анализаторының бұзылыстарына байланысты, баланың көріп қабылдауы,елестетуі тұрақсыз. Жеке әріптер қиын қабылданады, көру мен дыбысталу арасында байланыс жоқ. Бір әріп түрліше қабылданады, ұқсас әріптерді шатастыру байқалады.
Фонематикалық: - Синтездің, талдаудың және фонемді қабылдаудың бұзылысы, бала буындарды ауыстырады немесе кері оқиды, бастауыш сынып оқушыларында көп кездесетін бұзылыстың түрі
Семантикалық: - Бала жеке сөздерді түсінеді, мәтінді шатастырады, мағынасын түсінбейді, ол сөздік қордың кедейлігімен де, синтаксистік байланыстарды түсінбеуден де болады. Сөздерді буындап оқиды, бірақ суреттен көрсете алмайды, таныс сұрақтарға жауап бере алмайды.
Аграмматикалық: - Бала жалғау, жұрнақтарды дұрыс қолдана алмайды, яғни сөздерді грамматикалық реттілікте қолдана алмау, ол Броканың афазиясымен байланысты нерв жүйесінің бұзылыстарымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |