Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру



бет6/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Топтармен жүргізілетін ойындар
 Төрт құбылыс. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса,ойыннан шығарылады.

       Көңілді шеңбер. Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда : -не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.

         Орныңды тап.Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығарылады.

       Ойыншықты сипатта.Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнеше болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

     Сөзді есіңде сақта. Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.

              көктем – жаңбыр

              жаз – күн шықты

              аспан – бұлт



              жер – шөп

Сиқырлы ғажайып орман. Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз: орман-тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарың серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз.

Хан асығы . Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық - «хан» асығы. Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тәйкі қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді. Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды келесі бала жалғастырады. Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.

Көтермек. Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. Белгі бойынша кім бірінші бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады.

О рамал тастамақ. Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді.Артына орамалды тастағанын сезген бала «менің артымда»- деп жауап береді.Артына орамалдың тасталғанын дәл таппаса,ол өлең,тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді.

 Ақсерек-көксерек. Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам. 1- ші топ ойынды бастайды. Ақсерек-ау, ақсерек, бізден сізге кім керек? 2-ші Ақсерек –ау, ақ серек, ------ (бала аты) керек. Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып,ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп кетсе, сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса,сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді.

Қыз қуу. Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса, ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады.Қай бала бұрын жетіп,қыз қолын ұстаса,сол бала жеңіске жетеді.

 Соқыр теке. Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзі байланып қойылады. Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ. Қайда кеткен құлыншақ? Соқыртеке бақ-бақ , Мені ізден тап-тап !-деп тақпақтайды. Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады.Ойын осылайын жалғаса береді.

 Сақина жасыру.Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып ,тізелерінің үстіне алақандарын жаяды.Бастаушы жұмулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды. Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен «Сақина кімде?»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе,сол баламен орнын ауыстырады.Ал білмесе,ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

 Тышқан мен мысық. Ойын мақсаты: балаларды шапшаң әрі шыдамды болуға,ұйымшылдықққа үйрету. Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады. Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқан мен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек. Дөңгелене тұрған балалар тышқанды мысықтан құтқару үшін қақпадан тышқанды шығарып жіберіп,мысықты шығармауға тырысады.Мысыққа тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді. Керек құралдар: мысық,тышқан бетперделері.

  Ұйқыдағы аю. Бұл ойынға топ балалары 2-ге бөлініп қатысады. Ойын шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізіп,орындыққа отырғызып қояды.Балалар орманда серуендеп келе жатып,ұйқыдағы аю көреді.Аю болса, балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп,балаларды қуа жөнеледі.Ұстап алған баланы өз мекеніне отырғызып қояды.Ойын қайта жалғаса береді. Керек құрал:аю бетпердесі.

 Хан талапай. Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған 4-5 үміткерден қатысады.Ойын үшін 10 асық таңдап алынады.11- асық ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт.Бір-бірден асық үйірудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап, өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады. Себебі, «хан» алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтардан «хан талапай» жасауы тиіс. «Хан» кімнің қолында кетсе,келесі үйіру кезегі соған беріледі. «Ханмен» бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады. «Хан» алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін,шігі мен шігін,алшысымен-алшысын, тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе немесе бөгде асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады. Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға,орнынан қозғап түзетуге болмайды.Ойынның соңына дейін «ханға» бірде- бір асық тимеуі керек.Себебі ол – «хан».

 Санамақ.Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай,қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе,ойыннан шығады.Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атауы керек.

 Бөрік жасырмақ.Ойынға қатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайға жасырынуы керек.Қалған ойыншылар тығылған затты іздеуге кіріседі.Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып алуға қам жасаса, онда иесі бермеуге тырысады.Бермеудің жолы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады.Ал көрген ойыншы ала алмай қалса,онда иесі қорып,бөрікке жібермеуге тырысады.Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп,күш жұмсауына болмайды.Қайткенде де алдап жүріп алып, оны жүргізушіге ертіп келулері керек.Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да,ойнаушының уақыттары жеткенше ойын жалғаса береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет