Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру


Сауықтыру лагерінде өткізілетін іс-шаралар сценарийлерінің үлгілері



бет7/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Сауықтыру лагерінде өткізілетін іс-шаралар сценарийлерінің үлгілері


Сауықтыру алаңының ашылу салтанаты.

Горн ойналады,барабан соғылады.

Дене шынықтыру пәні жетекшісі: Лагерь!Түзулен!Тік тұр!

Топ жетекшілері,рапорт беруге әзірлен!


«Жас өркен»сауықтыру алаңының аға тәлімгері,демалушылар 1-маусымның ашылу салтанатына тұрғызылды. Рапорт беруші дене шынықтыру пәні жетекшісі Увалиев Елдос
*Аға тәлімгер: Рапорт қабылданды.
*Топ жетекшілері: Біздің топ: «----------------------»

Біздің ұран: «-----------------------------»

Біздің ән: «----------------------------------»

*Топ жетекшілері:Аға тәлімгер, «Жас өркен» сауықтыру алаңының «Жас қыран»тобы лагерьдің ашылу салтанатына әзір.Рапорт беруші:---------------

*Аға тәлімгер:Рапорт қабылданды!Еркін тұр!

Аға тәлімгер лагерь бастығына рапорт береді.


*Лагерь бастығы :Рапорт қабылданды. «Жас өркен»сауықтыру алаңының 1-маусымын ашық деп жариялаймын.
Лагерьдің әні орындалады,Туы көтеріледі.
1-ж:Жаз жайнатып,күн күлдіріп,

Лагерь жырын айтамыз.

Қуанышпен,самал желмен,

Желбірей бер,жалауым!


2-ж: Ал енді,балалар,жайлары жазда бізге ертегілер елінен келген қонақтар сендердің өнерлеріңді мен білімдеріңді көрсек дейді.Аянып қалмаңыздар! Біліміміз бен тапқырлығымызды танытып, «Алтын сандық»ойынына кезек берейік!
1-ж:Көз тартар күміс сандықта,

Жасырылған сұрақтар.

Ертегілерің оқыған

С ендерге терең ой тастар!


Ортаға топ командирлерін шақырамыз!
(Олар ортаға шығып,сандықтан сұрақтар суырады)
1. «Менде асыл тасты жүзік те,сәнді киім де,қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ.Тек еңбексүйгіш екі қолым,қайрат-жігерге толы жүрегім бар»

2. «Алдаған деген осы болады,қош бол!»

3. «Мен шөлдеп тұрмын.Су әкелсең,жапырақ беремін»
2-ж: Әр топтың командирлері ортаға келсін! Тамаша,күміс сандықтың сырын аштыңдар. Енді алтын сандықты байқап көрелік!
(алтын сандықтан сұрақтар суырады)
1.Қазақстан Республикасының Мемлкеттік Гимні туралы толық мағлұмат бер

2. Қазақстан Республикасының Мемлкеттік Елтаңбасына сипаттама бер

3.Қазақстан Республикасының Мемлкеттік Туы жайында айтып бер
Жеңімпаз алтын қақпаға келеді.Конвертке салынған сұраққа жауап береді.

Алтын қақпа сұрағы: Зайсан ауданының брендін ата!


(сұрақты шешіп,кілтпен есікті ашады)
2-ж: Күміс сандық та,алтын сандық та,алтын қақпа да ашылды.Білімді де зерделі балалар екенсіңдер.Біз осы ауысымда тек қана өнерімізбен,саналы тәрбиемізбен көзге түсеміз деген ойдамын.Солай ма,балалар?

Ендеше келесі бөлімде өнерімізді ортаға салайық!


1-ж: Әсем әуен жүректерге жетеді,

Сазыменен баурап көңіл серпеді.

Құдіретіңе таң қаламын сазды әуен,

Сеніменен келер көңіл көктемі.


-----------------------------------------------орындауындағы әнді қабыл алыңыздар!

2-ж: Би билеймін дөңгелеп әсем айдай,

Қос қанатын көбелек бір қаққандай.

Қане,қосыл,отырма,құрбы-құрдас,

Биле,биле достарым отырма жай!
-- ----------------------------------------------орындауындағы биді тамашалаңыздар!
3-ж: Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында.

Ортамызға «-----------------------»күйімен -----------------------шақырайық!

4-ж: «Жас өркен»сауықтыру лагерінің дем алушылары,әр күндеріңіз қуанышқа, қызыққа толы болсын. Көңілдеріңіз көтеріңкі болып, жақсы тынығуларыңызға тілектеспіз! Ашылу салтанаты кешке танымдық би кешімен жалғасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет