Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру


Сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты



бет8/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты
Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар, ата- аналар! «Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Қазақстан Тәуелсіз ел екенбіз,
Жоғалмасын ешқашан берекеміз.
Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз,
Құтты болсын, бүлдіршін мерекеңіз!
Аға тәлімгер:Лагерь! Сап түзе! Тік тұр! «Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына орай лагерь Туы енгізілсін!

(Лагерьдің Әнұраны орындалады.)

Топ басшылары хабарлама беруге дайындалсын!

1 «Балдаурен» тобы

2. «Арай» тобы

3. «Бала би»тобы

( топтың аты, ұраны, әні таныстырылады.)

Рапорт беріледі.

Аға тәлімгер, «Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына «Балдаурен» тобы дайын. Рапорт беруші ——————————


Аға тәлімгер: Лагерь, сап түзе! Тік тұр!

Жүргізуші:Арманы бір, үні бір,

Аға ардақты, іні бір.

Бақыт туын көтерген,

Балалардың күні бұл.

Бала бағы бар елдің,

Гүлмен келсін келер күн.

Балалардың күлкісі-

Көркі,сәні әлемнің.


Жүргізуші: «Жас өркен» сауықтыру лагерін ашу рәсімі мектеп директоры Жиенгельдинов Айтбек Ережепұлына беріледі.


Жүргізуші:Бүгін қызық,бүгін той,
Біздер үшін біліп қой
Дөңгеленсін би билеп,
Жалғастырсын ойды ой.

Би: Өзбек биі. Орындайтын «Шуақ» тобы


Жүргізуші: Мереке бүгін, береке бүгін,
Қуанып, шалқып тасыған.
От боп жүр жастар,
Шоқ боп жүр жастар
Көңіл жоқ шешек атпаған, – дей келе,Томиристің орындауындағы «Балдаурен» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:Қымбатты «Жас өркен» лагерінде демалушы бүлдіршіндер! Сендерді лагерьдің қызметкерлерімен таныстыруға рұқсат етіңдер!
Жүргізуші: «Жас өркенге» асығыңдар, келіңдер.

Тәрбиеші апайларды көріңдер.


Жүргізуші: Сендердің тәрбиеші ұстаздардың:
Назерке мен Шынар-
Тәлімгердің серігі.
Алмагүл мен Айнұр-

«Жас өркеннің» көркі.


Жүргізуші: Іш ауырса, тіс ауырса,
Емдеп дәрі беретін.
Ақ халатты Айгүл-
Медбике апай ол біздің.
Жүргізуші: Спорт- көркі өмірдің,
Спорт- досың серігің.
Жаттықсаң шымыр боласың,
Шынығып,өсіп,толарсың.
Үнемі бізге айтатын,
Елдос ағай ол біздің.
Жүргізуші: «Жастар биі»


Жүргізуші: Ұстаз- ана ән айтып, би билеткен,


Ұстаз -ана, бар білімге үйреткен.,
Ұстаздарды екінші ана деп біліңдер,
Әркез сені жақсылыққа сүйреген,- дегендей ұстаздарға қошемет көрсетіп қояйық.
Жүргізуші: Салтанаттың орындауындағы «Достарым» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Ұлылардан ұлағат ап жаңаша,
Байқауларға ой қосамыз таласа.
Талабы зор балаларды танытып,
Таныстырған «Жас өркен» ол тамаша.
Жүргізуші: Біз бақытты баламыз,
Оттай лаулап жанамыз.
«Жас өркеннің» төрінде,
Шырқап әнге саламыз.
Жүргізуші: «Бақытты балалық шақ» әні.
Жүргізуші: Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт!
Жүргізуші: «Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына келгендеріңізге көп- көп рахмет, көк аспанда байрағымыз желбіреп, амандықта кездескенше сау болыңыздар!
«Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты
1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және де «Жас өркен» атты мектепішілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған концерттік

бағдарлама

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Жү ргізуші: Баршамызды бал тілмен баурайтын,


Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын.
Сүйкімділер, періште, сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
Ия, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де!-дей келе, «Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылуына арналған салтанатты жиынымызды тамашалауға қош келдіңіздер!

1-маусым 1950 жылдан бастап – Халықаралық балаларды қорғау күні болып атап өтіліп келеді. Бізде бүгін екі мереке, балалар күнімен қатар келген лагердің ашылу салтанаты құтты болсын! Құттықтау сөзі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дуанканова Гулнар Мәукенқызына беріледі.


Жүргізуші: 3 сыныптардың орындауындағы әдеби монтажға кезек берсек.

«Әрқашан күн сөнбесін»  әні шырқалады, балалар «Күн шуақтарымен» шығады.

1 шуақ: Келді міне тағы жаз,
Күн шуағымен жылытады.
Жылуын төгіп бізге,
Бәрімізді қуантады.
(қыздар лагерь эмблемасының бірінші дөңгелегін алып шығады: «Қуаныш»)

2 шуақ: Жазғы лагерьді ашамыз,


Баршаңызды шақырамыз!
Күлеміз,ойнаймыз,ән шырқаймыз,
Спортпенен шұғылданамыз!
(эмблемалық екінші дөңгелегі «Спорт»)

3 шуақ:  Бақыт үшін не керек? 


Әрине,достық қажет!
(эмблеманың үшінші дөңгелегі «Достық»)

4 шуақ: Мәселеде қиналма,


Досыңа тез көмек бер.
Енді,міне,бері қара,
Өзара көмекті ұмытпа!
( эмблеманың төртінші дөңгелегі «Өзара көмек»)

5 шуақ:  Лагерден шығып қалмау үшін тәртіпті сақта!


(эмблеманың бесінші дөңгелегі «Тәртіп»)

Жү ргізуші: Шаттан, күн, балақай!

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы таң!Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Жүргізуші: Ал енді,балалар, ойымызды сергітіп,жұмбақтар шешеміз. Тапқырлық танытқан балаға сыйымыз бар. 

Арасынан гүлдердің,

Ұшып жүрген гүл көрдім.


Қырға біткен гүлдердің

Шырын, сөлін жиып жүр.(көбелек)

Тәттісін әкеп қыр-белдің,
Ұясына құйып жүр.
Қалтасына баласын,

Салып алып қашады.


Секірсе, таң қаласың,

Алты қырдан асады.(кенгуру)

Суда жүзу, мұзда жүру-

Оған қиын іс емес.


Ол не болды сондағы
Балық емес, құс емес.(кеме)

Екі көзі шарадай,

Түнде жарық шашады.

Қараңғыда қапысыз


Тышқандарды көреді. (жарғанат)

Тақияға шанышқан

Жапырлаған көп ине,
Ұстайын деп асықсам,
Кілең көзі жоқ ине.(жұлдыз)

Үсті тас, асты тас,

Екі тастың арасы
Төрт аяқ пен жалғыз бас.( тасбақа)

Саз балшықтай көл дейтін

Жер түртуді жөн дейтін
Қорсылдаған бір хайуан
Он-он бестен төлдейтін. (доңыз)

Мұхиттарда жүзетін

Бір керемет бар тағы:

Арқасынан тыз етіп,

Атқылайды фонтаны. (Кит)
Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі.
Үйренген өнерін көрсетсін,
Бүлдіршін балалар белсенді.

Жүргізуші: 1 -сыныптардың орындауындағы «Қошақаным қайда екен?» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Көкжиектен күлімдеп,
Маусымның ақ таңы атты.
Тұра қойшы күнім – деп
Анаң сені оятты . «Ақ мамам» орындайтын Анар мен Камила
Жүргізуші: Ақтарып сап күйсандықты,
Ән шырқаймыз көңілді.
Ортада әнші ұлымыз,

Нұрсұлтанды қошеметтеп отырыңыз. «Әке-ана» әні.



Жүргізуші Барлық елдің бөбегі,


Бір-бірімен туысқан.
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағын күміс таң.
Бейбітшілік әніміз,
Бауырласпыз бәріміз.
Қазақстан жерінде
Жарасады әніміз, – демекші Арна мен Томиристің орындауында 
«Ақ көгершін» әні.
Жүргізуші: Ал, балалар тұрмайық, әндетейік жырлайық,

Келесі кезекті «Әнші балапан» әніне береміз.

Жүргізуші:

Мерекелік жиынымызды ойындармен жалғастырамыз.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет