Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру



бет9/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

«Жас өркен» сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты
Рапорт беру. (Әр топ лагерь командиріне рапорт береді)

Лагерь командирі лагерь бастығына рапорт береді.

Лагерь бастығы ашық деп жариялайды.

Лагерьдің Әнұраны орындалады.


Жүргізуші: Білім –теңіз, мектепті –кеме дейміз,

Ертеңіне елімнің елендейміз.

Ата-ана, ұстаздар, қонақтарға,

«Жас өркен» лагерінен сәлем дейміз.


Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі «Жас өркен» сауықтыру лагерінің жабылу салтанатына жиналған ұстаздар, ата-аналар, қонақтар мен балдырғандар. Бүгін, міне бойларыңа қуат, көңілдеріңе шабыт сыйлаған, туған жеріміздің сұлулығы, әсемдігін таныта түскен, Отанымыз - Қазақстанға деген патриоттық сезімімізді еселеген сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты. Осы салтанатты мерекемен құттықтау үшін Жиенгельдинов Айтбек Ережепұлына сөз береміз.
Жүргізуші: Келесі сөз кезегін ата-аналар атынан «Достық» тобының балдырғаны Томиристің анасына береміз.
Жүргізуші: Жайнатқан жанымызды,

Ұстаздар мен ата-ана жаны ізгі...

Келтірген сәнімізді,

Арнайық әнімізді, - деп әсем әнді сіздерге арнаймыз. Қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: Жақсыны кімде болса көрмек дейді,

Халқына бар өнерін бермек дейді.

Өнерлі өрге жүзіп әрқашанда,

Өмірін әсемдікпен өрнектейді ,– дегендей сауықтыру лагерінде сурет, мүсін, ән үйірмесі сендерге өнердің қыр-сырын үйретті. Оған қатысқан әр оқушы өз талаптарын шыңдай түскені анық. Ендеше үйірмеге жетекшілік еткен Ажыбаева Шынар Шаймарданқызына сөз берейік. (Марапаттау сәті)


Жүргізуші: Өнер өрге жеткізер,

Өнер болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы –

Жарқырап жатар жолында ,– деп әсем әнге кезек берейік.




Жүргізуші:Әуелгі байлық – денсаулық,

Екінші байлық – он саулық.

Үшінші байлық – ақ жаулық –деген ұлағатты сөз бар. Бар байлықтан көш ілгері тұратын – денсаулықты нығайта түсу үшін Бапаева Құралайдың ұйымдастыруымен өткен сауықтыру шаралары, көңілді эстафеталар өтті. Сол сайыстарды қорытындылап,жеңімпаздарды марапаттау үшін Құралай апайға сөз берейік.


Жүргізуші:Мың бұралған бишіміз аңдап басып,

Келеді,міне,ортаға толқып тасып.

Өнерліні сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алады, – деп Төлегенова Айғанымның биін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: Көтеріңкі көңілді,

Бар балаға сыйлаған.

Тәрбиеші, қабыл ал,

Марапатты сізге арнаған. Сауықтыру алаңындағы әр баланың уақытын қызықты өткізуге бар күш-жігерін аямай еңбек еткен тәрбиешілерді марапаттау үшін Бастаубаева Дәмеш Маметолдақызын шақырамыз. (лагерь бастығы номинация бойынша марапаттайды)


«Ең талапты бүлдіршіндер тобы» - «Жас ұлан» тобы

«Ең ұйымшыл балдырғандар тобы» - «Алтын қазық» тобы

«Ең белсенді қырандар тобы» - «Ақ бота» тобы
Жүргізуші: Келесі орындалар ән сіздерге арналады, құрметті тәрбиешілер, аспазшылар, қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен,

Биік тау, орман-тоғай, елімізді.

Біздің Отанымызда бейбітшілік, елімізде тыныштық болып, егемендігіміз ұзағынан болсын. Қазақстанның болашағы - сендерсіңдер!
Жүргізуші: Желбіреген байрағың бүгін күнде,

Биіктерің,мәртебең,елдігің де.

Таныта бер Қазақ атын бар әлемге,

Керегеңнің кеңдігін, теңдігін де. Аталар салған сара жолды жалғастырар бүгінгі жас өрендер ертеңгі күні ел сенімін ақтар азамат болыңдар деген тілекпен салтанатты жиынымызды аяқтаймыз.


Ла герь бастығы жабық деп жариялайды.

Сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты
Ұйымдастыру

Сапқа тұрғызу

Әр топтың рапорты

Лагерь туын енгізу

Лагерь Әнұраны орындалады
Құттықтау сөз

1.Мектеп директоры Жиенгельдинов Айтбек Ережепұлы

2. Лагерь бастығы Шакенова Гүлназ Сапиолдақызы
1-бөлім

Жүргізуші: Құрметті,балдырған балалар!Міне,жадыраған жасыл желек жаз келіп, көңіліміз көтеріліп,кеудеміз қуанышқа толып шаттанып жатырмыз. Бүгін «Жас өркен» сауықтыру лагері өз жұмысын бастады.Сауықтыру алаңының негізгі мақсаты:салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты сақтау, нығайту. Сондықтан,балалар,сендер осы сауықтыру алаңында алаңсыз демалып, күліп-ойнаңдар. Биыл лагерьде төрт топ бар. Әр топтың тәрбиешілері бар. Солармен таныстырып өтейін. (Тәрбиешілер музыка әуенімен билеп шығады)

1 -топ «Балауса» Копбаева Назерке, Амантаева Маржан

2- топ «Балапан» Қуанышева Шынар, Бапаева Құралай

3 -топ «Жас ұлан» Құдабаева Алмагүл, Алтыбаева Айжан

4 -топ «Бала би» Қыстаубаева Айнұр, Байғожина Салтанат


Жүргізуші: Спорттық ойында күш берер бойыңа,

Спорт та ем болар,жаттықсаң ем қонар.

Алаңға кір, лас баланы қуалап қол жуғыш шығады.
Бала: Не керек саған? Аулақ жүр!

Қол жуғыш: Кір қоймас ертелеп күнде сен жуынсаң,

Кетіп кір, ласың,тап-таза боп шығасың.Жуын-жуын!!!

Бала: Кет, жуынбаймын, ұйықтаймын, әбден шаршадым. (көрпесі қашады, шалбары қашады)

Бала: Ой, балалар, бұл неге қашады? Неге айтыңдаршы? Не істеуім керек?

Балалар жауаптарын айтады.

Бала: А, солай ма? Кірқоймаспен дос болуым керек пе? (Кірқоймасты шақырады, екеуі достасады)

Кірқоймас оны жуындырып, тазалап: Кір-кір болып жүр едің,

Аппақ болдың,балақай.

Енді екеуіміз білеміз,

Дос боламыз алақай!- деп құшақтайды.


Бала: Су пайдалы адамға,

Шынығамын күнде мен.

Балақайлар, бәрің де,

Дос болыңдар суменен!

Жүргізуші: Бектұрова Дананың орындауындағы әнді қабыл алыңдар, балақайлар!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет